Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 14:31, реферат
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық қозғалысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет әдістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің кірістерін және бюджеттін әдістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Кіріспе
I Қазақстан Республикасының салық жүйесі
1.1 Салық мәні,мазмұны және элементтері
1.2 Жалпы мемлекеттік салықтар
1.3 Ғалымдар мен тәжірибешілердің пікірлеріндегі салық жүйесі туралы көзқарастар
II Жанама және тікелей салыққа сипаттама
2.1 Тікелей салықтар және жанама салықтар
не басқа кезек
күттірмейтін шығыстарды арттыру қажеттілігінен
көбейеді. Сондықтан салық ауыртпалығын
көп тұтынатындарға ауыстырудың
қажеттігі пайда болады. Бөлгіштік
процестегі белгілі бір теңестіруге
жанама салықтардың өзіндік әлеуметтік
бағыттылығы осында көрінеді. Дүниежүзілік
тәжірибе мұндай практиканы қолдап отырады.
Жанама салықтардың ішіндегі ең маңыздысы
1992 жылы еңгізілген қосылған құнға салынатын
салық – ҚҚС болып табылады. Салық төлеуші
мемлекетке оны төлеу нәтижесінде шеккен
шығысының орнын бағаны көтеру жолымен
толықтырады және салықты төлеуді сатып
алушыға аударады. Салық салу объектісі
материялдық шығындарсыз өндірілген өнім
(амортизациясы бар таза өнім) болып саналатын
қосылған құн болып табылады: қосылған
өнімге кешенді шығыстар, мысалы, жарнамаға
жұмсалатын және басқа бірқатар шығындар
қамтылуы мүмкін.
Демек, бұл салықтың ерекшелігі – оның
салық салынатын объектісі сатудан (өткізуден)
түскен бүкіл түсім – ақша емес, тек салық
салынатын айналым мен салық салынатын
импортты қамтитын қосылған құн болып
табылатындығында. ҚҚС дүние жүзінің 40-тан
астам елдерінде, соның ішінде Еуропа
экономикалық одағының 17 елінде пайдаланылады.
Бұл салықтың артықшылығы мынада: ол жаңа
құн жасалынған орын бойынша салық төлеушілдердің
үлкен тобынан алынады; екіншіден, төлеушілер
үшін де есептеудің салыстырмалы қарапайымдылығымен
ерекшеленеді және үшіншіден, бағалардың
өзгеруіне, төлеушінің қаржылық ахуалына,
инфляция деңгейіне қарамастан мемлекет
бюджетінің кірістерін қалыптастырудың
сенімді және тұрақты базасын қамтамасыз
етеді.ҚҚС қазіргі кезде Қазақстан Республикасының
бюджет кірістерінің аса маңызды көздерінің
бірі болып саналады. 2001 жылы мемлекеттік
бюджет кірістерінің жалпы сомасында
бұл төлемнің үлес салмағы 21,8 % құрайды.
Салық және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының
кодексі (Салық кодексі) бойынша қосылған
құнға салынатын салық деп тауарларды
(жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өндіру
және олардың айналысы процесінде қосылған,
оларды өткізу бойынша салық салынатын
айналым құнының бір бөлігін бюджетке
аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
аумағында тауарлар импорты кезіндегі
аударымды айтады. Салық салынатын айналым
бойынша бюджетке төлеуге тиісті ҚҚС сатылған
тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету)
үшін есептелген ҚҚС сомасы арасындағы
айырма ретінде анықталады. Соңғыда салық
бойынша есепке алу механизмі көрінісін
табады. Заңнамаға сәйкес салық салынатын
айналым және салық салынатын импорт ҚҚС-тың
салық салу объектілері болып есептеледі.
ҚҚС-тың төлеушінің тауарларды (жұмыстар,
қызметтер көрсетуді) өткізу бойынша жасаған
айналымы салық салынатын айналым болып
табылады, оған Салық кодексіне сәйкес
қосылған құн салығынан босатылған және
өткізу орны Қазақстан Республикасы болып
табылмайтын айналым қосылмайды. Салық
салынатын айналым мөлшері, оған қосылған
құн салығын қоспай, мәміле жасаған тараптар
қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге
ала отырып, өткізілетін тауарлар (жұмыстар,
қызметтер көрсету) құны негізінде анықталады.
Өткізілген тауарлардың (жұмыстар, қызметтер
көрсетудің) құны қандай бір өзгеріске
түскен жағдайда, салық салынатын айналым
мөлшері тиісті түрде түзетіледі.Қазақстан
Республикасының кеден заңнамасына сәйкес
мағлұмдамалануға тиісті,Қазақстан аумағына
әкелінетін немесе әкелінген тауарлар
қосылған құн салығынан босатылғандарын
қоспағанда салық салынатын импорт болып
табылады.Салық салынатын импорт мөлшеріне
кеден заңнамасына сәйкес белгіленетін
импортталатын...
тауардың кедендік
құны, сондай- ақ қосылған құнға салынатын
салықты қоспағанда, Қазақстан Республикасына
тауарлар импорты кезіндегі салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер соммалары қосылады.
Жанама салықтар арасындағы фискалдық
маңызы жағынан екіншісі кеден төлемдері
- әкелем, әкеттілім, сондай – ақ транзит
тауарларынан, заттары мен қызметтер көрсетуден,
өндіріліп алынатын баждар мен алымдар
болып табылады.
Акциздер – бағаға қосылатын және сатып
алушы төлейтін тауарларға салынатын
салық. Акциздерді өзінің айрықшалықты
ерекшеліктеріне қарай монополды түрде
жоғары бағалары мен тұрақты сұранымы
болатын тауарларды өндірушілер төлейді.
Акциздер көрсетілетін қызметтерге де
салынуы мүмкін, бұл орайда салық сомасы
тарифке кіріктіріледі.
Қорытынды
Осы жазылған курстық жұмысымды қорытындылай
келе , мынадай мәселелерге көңіл бөлінгенін
айтуға болады .
Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі
әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен,
жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Ұйымдық-құқықтық жағынан алғанда салықтар
– бұл заңмен алдын-ала анықталған, белгілі
бір көлемде және белгіленген мерзімде
қажет қорына түсетін міндетті төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні мемлекеттің
заңды және жеке тұлғалармен қалыптасатын
ақша қарым- қатынастарымен анықталады,
сондықтан салықтар экономикалық категория
ретінде қаралуы мүмкін.Салықтарда мемлекеттің
экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді,
ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық
мәні , олардың түрлері мен рөлі қоғамның
экономикалық құрылысымен , мемлекеттің
табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарды
төлеу әрбір азаматтың қасиетті борышы
деген еді.
Осы жоғарыда келтірілген мәселелер курстық
жұмыстың толықтай мазмұнын ашады және
ол болашақ білікті мамандар үшін өз пайдасын
тигізеді . Бірақ та бұл жұмыста келтірілген
деректер салық жүйесін бастағысы келген
адамға аз болады ,салықтың әлі де мазмұнын
ашатын мәселелері толықтай қарастыруға
болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мелников В.Д., Ильясов К.К. «Финансы».-
Алматы 2001.
2. Мелников В.Д., Ильясов К.К. «Финансы».-
Алматы 2001: Қаржы-қаражат,1997.
3. Құлпыбаев С.К., Баязитова Ш. «Қаржы теориясы»Оқу
құралы-Алматы: Мерей,2001
4. Есенғалиев В.А.,Хайруллина.Орал 2002
5.Салық және бюджетке түсетін басқа да
міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)Қазақстан
6. Егемен Қазақстан 1999-18 мамыр
7. Қ.Р. Парламентінің жаршысы 1999 # 20
8. Қ.Р. Парламентінің жаршысы 1999 # 23
9. Қ.Р. Парламентінің жаршысы 1999 # 24
10. Қ.Р. Парламентінің жаршысы 1999 # 14
11. Бухгалтерлік бюллетені – 2000 # 3-4
12. Бухгалтерлік бюллетені – 2000 # 17
13. Бухгалтерлік бюллетені – 2000 # 9
14. Бухгалтерлік бюллетені – 2000 # 11
15. Бухгалтерлік бюллетені – 2000 # 49
16. Салық кодексі. Юрист,2001-2002