Кез
- келген кәсiпорын қызметiнiң экономикалық
негiзi – табыс алу. Табыс шаруашылық етудiң
нәтижесiн, тiрi және өткен еңбектiң өнiмдiлiгiн
бейнелейдi.
Кәсiпорынның табыстылығының
өсуiне шаруашылық субъектiсiнiң өзi де,
мемлекет те қызығулы, себебi табыс негiзiнен
екi функция атқарады:
1. Мемлекеттiк бюджет
кiрiсiнiң көзi.
2. Кәсiпорынның
өндiрiстiк және әлеуметтiк дамуының көзi.
Табыстылық көрсеткiштерiн
талдаудың мiндеттерi:
- қаржылық нәтиженің
қалыптасуын жүйелі түрде қадағалау;
- қаржылық нәтиженің
өзгерісіне объективті және субъективті
факторлардың әсерін анықтау;
- табысты тиiмдi
пайдалану бағыттарын ұсыну;
- табыстылықтың
түрлi коэффициенттерiн оқу, оларға факторлардың
әсерiн анықтау;
- табысты жоғарылату
резервтерiн анықтау және ол резервтерді
игеру шараларын дайындау.
Шаруашылық субъектілері
өз пайдаларының негізгі бөлігін өнім
мен қызмет сатудан алады. Сол себепті
талдау барысында кәсіпорын шығаратын
жеке өнім түрлерінің қаржылық нәтижесінің
өзгерісіне баға беруге болады.
Жеке өнім түрлерінің
табыстылығы өнім бірлігіне шаққандағы
пайда сомасымен немесе өнімнің рентабельділігімен
сипатталады. Өнімнің рентабельділігі
өндіріске жұмсалған шығынның 100 теңгесіне
неше теңге пайда алынғандығын сипаттайды,
яғни шығынның қайтарымын. Оның деңгейі
(Р) келесідей есептелінеді:
Р =
Мұндағы: p - өнім
бірлігінің бағасы; z - өнім бірлігінің
өзіндік құны.
Жеке өнім түрін
өткізудің қаржылық нәтижесі мен ол өнімнің
рентабельділігіне 3 фактордың өзгерісі
әсер етеді:
- өнім бағасының
(p) өзгерісі;
- өнімнің өзіндік
құнының (z) өзгерісі;
- сатудың физикалық
көлемінің (q) өзгерісі.
Жеке өнім бойынша
осы факторлардың қаржылық нәтиженің
өзгерісіне әсері 13.1 –кестеде келтірілген.
Кәсіпорында
есепті жылы А өнім түрін өткізуден алған
жалпы табыс сомасы 6000 мың теңгеге немесе
12,5 % -ға жоғарылаған. Мүндай нәтиже 3 фактордың
әсерінен қалыптасып отыр:
1. 1 т өнім
бағасының 4000 теңгеге немесе 22,2 %
ға жоғарылауынан жалпы табыс сомасы 36000
мың теңгеге өсіп отыр:
(p1 - p0) * q1 = (22000-18000)*
9000 = + 36000 мың теңге.
2. 1т өнімнің
өзіндік құнының 2000 теңгеге жоғарылауы
табыс сомасын 18000 мың теңгеге кемітті:
- (z1 - z0) * q1 = - (16000-14000)*
9000 = - 18000 мың теңге.
3. Өнімді сату
көлемінің 3000 тоннаға не 25 % - ға кемуі себебінен
жалпы табыс сомасы 12000 мың теңгеге кеміді:
(q1 - q0) * (p0 - z0) = (9000
-12000) * (18000-14000) = -12000 мың теңге.
Үш фактордың
әсері: 36000-18000-12000 = + 6000 мың тг.
Өзіндік құнның
өсу қарқынынан бағаның өсу
қарқыны алда болуына байланысты, сату
көлемінің кемуіне қарамастан өнім түрін
өткізуден алынған жалпы табыс өсіп отыр.
Кесте мәліметтері бойынша өткен жылмен
салыстырғанда өзіндік құн 14,3 % ға өскенде,
баға 22,2 %
жоғарылап отыр,
демек өзіндік құнның 1 пайызға артуына
бағаның 1,5 пайызға артуы тура келеді.
Сонымен бірге талдау тереңірек болуы
үшін нақты кәсіпорын деңгейінде өнімнің
өзіндік құны мен бағасы, сату көлемі не
себепті өзгергендігін анықтау қажет,
ол факторлардың ішінде ішкі және сыртқы,
объективті және субъективті факторлар
анықталып , тиісті шаралар жүзеге асырылуы
тиіс.
Табыс сомасының
абсолютті шамада өсуі тиімділіктің салыстырмалы
көрсеткіші - өнім рентабельділігінің
деңгейінің жоғарылауымен қатар жүруде.
Өткен жылмен салыстырғанда өнімнің рентабельділік
деңгейі 8,9 пайыздық пунктке жоғарылап,
есепті жылы 37,5 %-ды құрап отыр, яғни өнім
өндірісіне жұмсалған шығындардың әрбір
100 теңгесіне 37,5 теңге пайда алынған . Өнімнің
рентабельділігінің өзгерісіне де жоғарыдағы
3 фактордың әсерін табуға болады. Ол үшін
келесідей есептеулер жүргізіледі:
Табыс сомасы
6 млн. теңгеге жоғарылағанда өнімнің рентабельділігі
8,9 пунктке жоғарылады, яғни табыстың 1
млн. теңгеге өзгерісі рентабельділіктің
1,48 пайыздық пунктке өзгеруіне әкеледі:
8,9/6 = 1.48
Сонда, өнім бағасының
4000 теңгеге жоғарылауынан өнімнің рентабельділік
деңгейі 53,3 пайыздық пунктке жоғарылаған:
36 млн. тг * 1,48
= + 53,3 %
Өнім бірлігінің
өзіндік құнының 2000 теңгеге жоғарылауынан
рентабельділік деңгейі 26,7 пайыздық пунктке
төмендеген:
- 18 млн. тг * 1,48
= - 26,7 %
Сату көлемінің
3000 тоннаға кемуінен өнімнің рентабельділік
деңгейі 17,7 пайыздық пунктке кеміді:
- 12 млн. тг * 1,48
= - 17,7 %
Үш фактордың
қосындысы: 53,3 -26,7 – 17,7 = +8,9
Осындай есептеулерді
әрбір өнім түрі бойынша жүргізуге болады,
одан кейінгі кезекте сату көлемінің,
бағаның, өзіндік құнның өзгеру себептері
анықтау қажет.
Кәсiпорын қызметінің
қаржылық нәтижесіне жалпы баға беру үшін
табыстылықтың абсолюттi және салыстырмалы
көрсеткiштерін есептеу қажет. Табыстылықтың
абсолюттi көрсеткiштерi – табыстар не
пайда сомасы, ал салыстырмалы көрсеткiштер
табыс сомасын өндірісте пайдаланылған
не тұтынылған ресурстар көлемiне бөлу
арқылы анықталады. Олардың негізгілері
келесілер:
Табыстылықтың
абсолютті көрсеткіштері:
- өнім (жұмыс, қызмет
) өткізуден табыс: - кәсіпорынның өнім
сату , жұмыс, қызмет көрсетуден алған
ақшалай кірісі (түсім), оны есептегенде
қосылған құн салығы мен акциз есепке
алынбайды. Бұл көрсеткіш кәсіпорын қызметінің
тікелей табыстылығын емес, шаруашылықтың
ауқымын, көлемін бейнелейді.
- жалпы пайда (маржиналдық
табыс): өнім өткізуден түскен табыс (түсім)
- өткізілген өнімнің өзіндік құны. Бұл
көрсеткіш кәсіпорынның өндіріске жұмсалған
айнымалы шығындарды жабу деңгейін сипаттайды.
- кезең ішіндегі
жалғастырылатын қызметтен пайда : жалпы
пайда – кезең шығындары (жалпы және әкімшілік,
сату бойынша, проценттер төлеу бойынша
шығындар). Бұл көрсеткіш негізгі қызметтің
салық төлегенге дейінгі табыстылығын
сипаттайды.
- салық төлегенге
дейінгі пайда: жалғастырылатын қызметтен
пайда +- тоқтатылған қызмет нәтижесі.
- азшылықтың үлесі
шегерілгенге дейінгі қорытынды пайда:
салық төлегенге дейінгі пайда – корпорациялық
табыс салығы.
- жиынтық пайда
(таза табыс): азшылықтың үлесі шегерілгенге
дейінгі қорытынды пайда –азшылықтың
үлесі.
Табыстылықтың
салыстырмалы көрсеткіштері:
- өткізілген
өнімнің рентабельділігі - өнім өндірісіне
жұмсалған 100 теңге шығынға (айнымалы шығындар)
неше теңге жалпы пайда алынғанын сипаттайды
:
жалпы пайда / өткізілген
өнімнің өзіндік құны * 1 00
- өнімнің 1 теңгесіне
шығын - өткізілген өнімнің 1 теңгесіне
неше теңге шығын жұмсалған:
өткізілген өнімнің
өзіндік құны / өнім өткізуден табыс
(түсім)
- негізгі өндірістің
рентабельдігі – негізгі өндіріске жұмсалған
барлық шығындардың 100 теңгесіне неше
теңге табыс алынғанын сипаттайды:
жалғастырылатын
қызметтен пайда / (өнімнің өзіндік құны
+ кезең шығындары) 100
- сатудың рентабельділігі
– түсімнің 100 теңгесіне неше теңге пайда
алынғанын сипаттайды :
жалпы пайда / өнім
өткізуден табыс *100
- активтердің , меншікті
капиталдың, заемдық капиталдың, т.б. рентабельділігі –
активтердің, меншікті капиталдың, т.б.
100 теңгесіне неше теңге таза табыс алынғанын
сипаттайды:
таза табыс /
активтер, меншікті капитал т.б. орташа
жылдық құны * 100
- инвестициялардың
рентабельділігі - инвестицияланған қаражаттың
100 теңгесіне неше теңге таза табыс алынғанын
сипаттайды:
таза табыс /
меншікті кап. + ұзақ мерз. міндеттеме орт.
құны * 100
- өндірістік қорлардың
рентабельділігі - өндірістік қорлардың
100 теңгесіне неше теңге таза табыс алынғанын
сипаттайды:
таза табыс /
негізгі + айналым қорларының орт. жылдық
құны * 100
- негізгі қорлардың
рентабельділігі - өндірісте пайдаланылған
негізгі қорлардың 100 теңгесіне неше теңге
табыс алынғанын сипаттайды;
таза табыс /
негізгі өндірістік қорлардың орт. жылдық
құны * 100
Жоғарыда келтірілген
табыстылықтың көрсеткіштерінің барлығын
қаржылық есеп мәліметтері негізінде
(бухгалтерлік баланс пен табыстар мен
шығындар есебі) кез-келген қызығушы тарап
есептеп, тиісті шешімдер қабылдай алады.
Сонымен бірге, қаржы-шаруашылық қызметінің
нәтижесіне жалпы баға беру үшін ресурстардың
жеке түрлерін пайдалану тиімділігін
сипаттаушы келесідей көрсеткіштерді
есептеуге болады:
- еңбек өнімділігі
(сағаттық, тәуліктік, жылдық );
- өнімнің еңбек
сыйымдылығы;
- қор қайтарымы;
- қор сыйымдылығы;
- материал қайтарымы;
- материал сыйымдылығы
(отын, энергия сыйымдылығы) , т.б.
Талданып отырған
кәсiпорынның табыстылығының негiзгi абсолюттi
және салыстырмалы көрсеткiштерi .
Кәсiпорынның табыстылығының
көрсеткiштерi
Көрсеткiштер |
жоспар |
нақты |
Ауытқу(+;-) |
абс. |
% |
Көмекшi
мәлiметтер, мың тг. |
1. Активтердiң
орташа жылдық құны
2. Ұзақ мерзiмдi
активтердiң орташа жылдық құны.
3. Ағымдық активтердiң
орташа жылдық құны
4. Авансталған капитал
5. Меншiктi капитал
6. Заемдық капитал |
106812
56401
50411
106812
84612
22200
|
173362
63844
109518
173362
102322
71040
|
+66550
+7443
+59107
+66550
+17710
+48840
|
+62.3
+13.2
+117.2
+62.3
+20.9
2,2 есе
|
Табыстылықтың
абсолюттi көрсеткiштерi, мың тг. |
1. Өнiм
(жұмыс, қызмет) өткiзуден табыс
2. Жалпы пайда
3. Жалғастырылатын
қызметтен пайда
4. Таза пайда |
148541
46109
21500
10506 |
186515
78600
41406
21002 |
+37974
+32491
+19906
+10496 |
+25.6
+70.5
+92.6
+99.9 |
Табыстылықтың
(рентабельділік) салыстырмалы көрсеткiштерi,%. |
1. Өткізілген
өнімнің табыстылығы
2. Негізгі өндірістің
табыстылығы
3. Сатудың табыстылығы
4. Кәсiпорын активтерiнiң
табыстылығы
5. Ағымдық активтердiң
табыстылығы
6. Авансталған капиталдың
табыстылығы
7. Меншiктi капиталдың
табыстылығы
8. Заемдық капиталдың
табыстылығы |
45,0
16,9
31,0
9,8
20,8
9,8
12,4
47,3 |
72,8
28,5
42,1
12,1
19,2
12,1
20,5
29,6
|
+27,8
+11,6
+11,1
+2,3
-1,6
+2,3
+8,1
-17,7 |
х
х
х
х
х
х
х
х
|
Кесте мәлiметтерi
бойынша табыстылықтың абсолюттi көрсеткiштерi
жоғары қарқынмен өсiп отыр. Кәсiпорынның
жалпы табысы 32491 мың тг не 70.5 %-ға, таза
табыс 10496 мың тг не 99.9%-ға жоғарылаған.
Бiрақ табыстылықтың салыстырмалы көрсеткiштерi
мұндай қарқынмен өсiп отырған жоқ, активтердiң
табыстылығы 2.3 пунктке (яғни өткен жылы
активтердің 100 теңгесіне шаққанда 9,8 тг,
есепті жылы 12,1 тг таза табыс алынған),
меншiктi капиталдың табыстылығы 8.1 пунктке
өсiп отыр. Мұның себебi табыстың абсолюттi
сомада өсуi капитал сомасының да өсуiмен
қатар жүруiнде.
Жиынтық капитал
рентабельдiлiгi мен капитал айналымы арасындағы
байланысты келесiдей бейнелеуге болады:
таза табыс таза
табыс өнiм өткiзуден табыс
–––––––––––
═ ––––––––––– x –––––––––––
активтердiң өнiм
өткiзуден активтердiң орташа
жылдық құны
табыс жылдық құны
ROА Rайн. Kайн.
ROА- жиынтық капиталдың
(активтердiң ) табыстылығы
Rайн.- айналыстың
рентабельдiлiгi
Kайн.- капитал айналымдылығының
коэффициентi
жоспар: 9.8 %= 7.1 %
* 1.38
нақты : 12.1 %= 11.3 %
* 1.07
Жиынтық капиталдың
рентабельдiлiгiнiң өзгерiсiне факторлық
талдау кәсiпорынның күштi және әлсiз жақтарын
анықтауға мүмкiндiк бередi. Осы факторлардың
әсерiн абсолюттiк айырмашылықтар әдiсiмен
анықтасақ:
1. Айналыс рентабельдiлiгiнiң
әсерi:
(11.3- 7.1)*1.07=+4.5%
2. Капитал айналымдылығының
әсерi:
(1.07- 1.38)*7.1=-2.2%
Яғни, жиынтық
капиталдың рентабельдiлiгi айналыс
рентабельдiлiгiнiң
4.2 пунктке өсуiнен 4.5% -дық пунктке өскен,
ал капитал айналымдылығының 0.31 ретке
кемуiнен жиынтық капиталдың рентабельдiлiгi
2.2 пунктке кемiп отыр.
Демек, кәсiпорынның
капитал айналымдылығын жоғарылату арқылы
жалпы рентабельдiлiктi арттыру мүмкiншiлiгi
бар. Сол себептi капитал айналымдылығына
талдау жасағанда оны жоғарылату мүмкіншіліктеріне
назар аудару керек.
Капитал айналымдылығы
– кәсiпорынның қаражаттарын пайдалану
интенсивтiлiгiн және оның iскерлiк белсендiлiгiн
сипаттаушы негiзгi көрсеткiш болып саналады.
Кәсіпорынның іскерлік белсендігі оның
қаражат айналымының жылдамдауымен көрінеді.
Іскерлік белсенділікті талдау кәсіпорынның
өз қаржысын пайдалану тиімділігін анықтауға
мүмкіндік беретін түрлі қаржылық айналымдылық
коэффициенттерін есептеу мен талдауға
негізделеді. Сол себептi талдау процесiнде
капитал айналымдылығының көрсеткiштерiне
терең талдау жүргiзу қажет және айналымның
қай сатысында қаражаттардың қозғалысы
баяулағанын не жылдамдағанын анықтау
қажет.
Әрбір мүлік
түрлері әр түрлі айналым жылдамдығына
ие. Қаражаттың айналымда болу ұзақтығы
ішкі және сыртқы сипаттағы бірқатар факторлардың
жиынтығымен анықталады. Қаражат айналымдығына
әсер етуші ішкі факторлар:
- кәсіпорынның
салалық ерекшелігі (экономиканың түрлі
салаларында қаражат айналымдығы түрліше,
мысалы, ауыл шаруашылығы, тау-кен өндірісінде
төмен, ал сауда, жеңіл өнеркәсіп салаларында
жоғары);
- кәсіпорынның
ауқымы (шағын кәсіпорындарда қаражат
айналымы ірі кәсіпорындарға қарағанда
едәуір жоғары болып келуі – шағын бизнестің
артықшылықтарының бірі );
- кәсіпорынның
баға саясаты, тауар саясаты, маркетингтік
стратегиясы, басқару тиімділігі мен басқару
аппаратының біліктілігі, т.б.
Ал қаражат
айналымына әсер етуші сыртқы факторлар
ретінде елдегі экономикалық жағдайды
(инфляциялық процестер, экономикалық
даму ) , шаруашылық қатынастарының құқықтық
реттелуін , басқа кәсіпорындардың экономикалық
жағдайын (олардың міндеттемелер бойынша
уақытында есеп айырысуы, банкроттылық),
төлем қабілетті сұранысты жатқызуға
болады.
Айналымдылық
коэффициенттері өнім өткізуден түскен
табыс (түсім) сомасын қажетті ресурстардың
(жиынтық капитал, айналыс капиталы, тауарлы-материалдық
қорлар, дайын өнім, дебиторлық берешек,
ақша қаражаттары, т.б.) сол кезеңдегі орташа
құнына бөлу арқылы есептеледі және олар
тиісті қаражат айналыс пен өндірістің
толық циклына неше рет толық қатысқандығын
немесе қаражаттың бірлігі түсімнің неше
бірлігін әкелгендігін сипаттайды.
Капитал айналымдылығының
негізі көрсеткіштері 10.3 –кестеде келтірілген.
Кесте мәлiметтерi
бойынша өткен жылмен салыстырғанда жиынтық
капиталдың айналымдылығы 0.33 ретке кемiген
не 1 айналымның ұзақтығы 79 күнге ұзарған.
Сонымен бiрге есептi жылы айналыс капиталының
айналымдылығының ұзақтығы 90 күнге өскен,
оның себебi нормативтен тыс материалдық
құндылықтардың болуы мен дебиторлық
берешектiң өсуiнде.
. Кәсiпорынның iскерлiк
белсендiлiгiнiң көрсеткiштерi
Көрсеткiштер |
жоспар |
нақты |
өзгерiс
(+,-) |
Көмекшi
мәлiметтер, мың тг |
1.Өнiм
өткiзуден түскен табыс ( түсiм) |
148541 |
186515 |
+37974 |
2.Жиынтық
капиталдың орташа жылдық құны |
106812 |
173362 |
+66550 |
3.Айналыс
капиталының орташа жылдық құны:
- тауарлы-материалдық
запастар
- дебиторлық берешек
- ақша қаражаттары |
50411
18612
24987
6812 |
109518
45645
55972
7901 |
+59107
+27033
+30985
+1089 |
Айналымдылық
коэффициенттерi, рет |
- жиынтық
капитал
- айналыс капиталы
- тауарлы-материалдық
қорлар
- дебиторлық берешек
- ақша қаражаттары |
1.40
2.95
7.98
5.94
21.81 |
1.07
1.70
4.09
3.33
23.61 |
-0.33
-1.25
-3.89
-2.61
+1.80 |
1
айналымның ұзақтығы, күн |
- жиынтық
капитал
- айналыс капиталы,
оның ішінде:
а.запастарда
б.дебиторлық берешекте
в.ақша қаражатында |
257
122
45
61
16 |
336
212
88
109
15 |
+79
+90
+43
+48
-1 |
Айналыс капиаталының
айналымдылығының жылдамдауы әсерінен
қаражаттың босауы(-Э) не баяулауынан болған
қосымша қаражат тарту (+Э) сомасы келесiдей
есептеледi:
Есепті жылғы
түсім
* (+-)айналым ұзақтығы¾¾¾¾¾¾¾¾¾
=+- Э
Кезең күндері
Талданып отырған
кәсiпорында:
+-Э= 186515/360 * (212-122)
=+46629 мың тг
Яғни, айналыс капиталының
1 айналымының ұзақтығының 90 күнге баяулауынан
айналысқа қосымша 46629 мың тг қаражат тартылған.
Егер капитал есептi жылы 212 күнде емес
, өткен жылғыдай 122 күнде 1 рет айналғанда,
онда 186515 мың тг түсiмдi қамтамасыз ету
үшiн 109518 мың тг емес , 62889 мың тг қаражат
жеткiлiктi болушы еді (109518-46629).
Табыс сомасының
өзгерiсiне айналымдылықтың әсерiн есептеу
үшiн келесiдей үлгiнi қолдануға болады:
ROА=Т/А Т=ROА*А ROА=Кайн.*Rайн.
Яғни, Т=А* Кайн.*Rайн.
Мұндағы:
Т- таза табыс; А-
капиталдың орташа жылдық құны; ROА- жиынтық
капиталдың табыстылығы; Кайн- капиталдың
айналымдылығының коэффициентi; Rайн.-
айналыстың рентабельдiлiгi.
Таза табыс сомасының
өзгерiсiне факторлардың әсерiн есептеу
мәлiметтер
Көрсеткiштер |
жоспар |
нақты |
Ауытқу
(+,-) |
1.Активтердiң
орташа жылдық құны,мың тг |
106812 |
173362 |
+66550 |
2.Жиынтық
капиталдың айналымдылығы, рет |
1.38 |
1.07 |
-0.31 |
3.Айналыстың
рентабельдiлiгi, коэф. |
0.071 |
0.113 |
+0.042 |
4.Таза
табыс, мың тг |
10506 |
21002 |
+10496 |
Табыстың
абсолюттi сомасының өзгерiсiне 3 фактордың
әсерiн тiзбектi алмастыру әдiсiмен анықтасақ:
1. 106812*1.38*0.071 =10506
мың тг
2. 173362*1.38*0.071=16986
мың тг
3. 173362*1.07*0.071=13170
мың тг
4. 173362*1.07*0.113=21002
мың тг
Есептi жылы кәсiпорынның
таза табыс сомасы өткен жылмен салыстырғанда
10496 мың тг өскен, оның iшiнде активтер құнының
66550 мың тг өсуiнен таза табыс сомасы 6480
мың тг өскен (16986-10506); капиталдың айналымдылығының
0.31 ретке не 75 күнге баяулауынан таза табыс
сомасы 3816 мың тг кемiген (13170-16986); айналыстың
рентабельдiлiгiнiң 4.2 проценттiк пунктке
өсуiнен табыс сомасы 7832 мың тг өскен.
Кәсiпорын капиталдың
айналымдылығының баяулауынан 3816 мың
тг табысты жоғалтып отыр. Сол себептi
айналыс капиталының айналымдылығын жылдамдату
бойынша келесiдей бағыттар ұстану қажет:
- өндiрiстi интенсивтендiру
негiзiнде өндiрiстiк циклдың ұзақтығын
қысқарту:
- тауарлы-материалдық
қорлардың көлемiн оңтайландыру;
- өнiмдi жөнелту,
құжаттау процесiн жеделдету;
- қаражаттың дебиторлық
қарызда болу уақытын қысқартуға тырысу.
Қолданылған әдбиеттер
тізімі:
1. Баканов М.И.,
Шеремет А.Д. Теория экономического анализа:
Учебник. - М.: Финансы и статистика, 2001-416с.
2. Басовский Л.Е.
Теория экономического анализа: Учеб.
пособие. – М.: Инфра-М, 2001-222с.
3. Савицкая Г.В.
Анализ хозяйственной деятельности
предприятия: Учебник:М.: ИНФРА-М, 2002.
– 336с.
4. Дүйсембаев
К.Ш. Анализ финансовый отчетности: Учебник.
– Алматы: Экономика, 2009, 366с.
5. Дүйсембаев К.Ш. Аудит
и анализ в системе управления финансами:
теория и методология. – Алматы: Экономика,
2000.-294с.
6. Дүйсембаев К.Ш. Анализ
финансового положения предприятия: Учебное
пособие. – Алматы: Экономика, 2005.- 128с.
7. Любушин Н.П.,
Лещева В.Б., Дьякова В.Г., Анализ
финансово-экономической деятельности
предприятия: Учеб. Пособие для
вузов/Под ред. проф. Н.П. Любушина. – М.:
ЮНИТА-ДАНА, 2001. -471с.
8. Шеремет А.Д., Сайфулин
Р.С., Негашев Е.В. Методика финансового
анализа. – М.: Инфра – М, 2002.-208с.
9. Журавлев В.В.,
Савруков Н.Т. Анализ хозяйственно – финансовой
деятельности предприятия. Конспект лекций.
– СПб.: Политехника, 2001.-127с.
10. Методика анализа
показателей эффективности производства:
Уч.пос., изд. 2-ое доп. и перераб./ Под ред.
проф. Э.А. Маркарьяна. – Ростов н/д: Издательский
центр «МарТ», 2001. -208с.
11. Любушин Н.П.,
Лещева А.Б., Сучков Е.А. Теория
экономического анализа: Учебно-
методический комплекс. – М.: Экономист,
2004.-480с.
12. Герасименко
Г.П. и др. Управленческий, финансовый
и инвестиционный анализ: Практикум.
– Ростов н/Д: Издательский центр
«МарТ», 2002.160с.
13. Бачаров В.В. Финансовый
анализ. – СПб: Питер, 2005.-240с.
14. Дроздова Н.В.,
Дроздов В.В. Экономический анализ.
Практикум. – СПб: Питер, 2006. -240с.
15. Анализ финансово-хозяйственной
деятельности: Учебно- методическое пособие/
под.ред. И.А. Налетова, М.: ИНФРА-М, 2006.-124с.
16. Анализ и
диагностика финансово-хозяйственной
деятельности предприятия/Под ред.
Т.Б. Бердникова М.: ИНФРА-М, 2007. – 212с.
17. Финансовый
анализ: Учебное пособие/ Под |