Тақырыбы: Қаржылық талдаудың ақпараттық базасы, бухгалтерлік баланстың шарттылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2012 в 19:02, реферат

Описание

1. Қысқа мерзiмдi активтер
2. Ұзақ мерзімді активтер
3. Қысқа мерзімді міндеттемелер
4. Ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер
5. Капитал мен резервтер

Содержание

1. Бухгалтерлiк баланс
2. Кіріс және шығыс туралы есеп
3. Ақша қаражаттары қозғалысының есебi
4. Капиталдағы өзгерістер туралы есеп

Работа состоит из  1 файл

Реферат.doc

— 109.50 Кб (Скачать документ)

Реферат

Тақырыбы: Қаржылық талдаудың ақпараттық базасы, бухгалтерлік баланстың шарттылығы           

 Қаржылық  талдаудың нәтижелiлiгi негiзiнен  оның ақпараттық базасының жағдайы  мен ұйымдастырылуынан тәуелдi. Қаржылық  талдаудың негiзгi ақпарат көзi  – кәсiпорынның қаржылық есебi. Кәсiпорынның қаржылық есебi келесi есеп беру  формаларын қамтиды:

1.     Бухгалтерлiк баланс

2.     Кіріс  және  шығыс туралы есеп

3.     Ақша қаражаттары қозғалысының есебi

4.     Капиталдағы өзгерістер туралы есеп

Бұл есеп формаларымен бірге қаржылық есепке түсіндірме хат тіркеледі.  Сонымен бiрге, iшкi қаржылық талдау өндiрiстiң техникалық, технологиялық ақпараттарын; бастапқы және аналитикалық бухгалтерлiк есеп мәлiметтерiн пайдалана алады.

Қаржылық есеп берудiң мақсаты – ақпаратты пайдаланушыларды заңды тұлғаның қаржылық жағдайы, оның қызмет нәтижесi мен есептi кезең аралығында қаржылық жағдайында болған өзгерiстер туралы пайдалы, мәндi, әрi шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету.

Қаржылық есеп ақпаратты пайдаланушыларды инвестициялық  және  несие беру шешiмдерiн қабылдауға қажеттi ақпаратпен қамтамасыз еткенiмен, экономикалық шешiмдер қабылдау үшiн қажеттi барлық ақпаратпен қамтамасыз ете алмайды. Себебi коммерциялық құпиялылықты сақтау туралы заң сыртқы пайдаланушылар алуы тиiс  қаржылық ақпарат көлемiн шектейдi. Осыған орай ақпаратты пайдаланушылар қаржылық есептi негiзгi ақпарат көзi ретiнде қабылдауы тиiс. Ендi осы есеп түрлерiне тоқталсақ:

Бухгалтерлiк  баланс кәсiпорынның қаржылық жағдайын жыл басы мен жыл соңына бейнелейдi. Ол субъектiнiң мүлiктiк жағдайын көрсетедi, оның мәлiметтерiн iшкi және сыртқы ақпаратты пайдаланушылар қолданады. 

Баланс мәлiметтерi негiзiнде сыртқы пайдаланушылар осы  кәсiпорынмен серiктес болу не болмауды негiздейдi, өз салымдарының тәуекелiн  анықтайды, субъектiнiң құнды қағаздарын сатып алу не алмау туралы шешiмдер қабылдайды, т.б.  Осы себептi кейде қаржылық талдауды балансты талдау деп те атайды.

Вертикальды жасалынған баланс 5 бөлiмнен тұрады ( актив баптары  өтiмдiлiк дәрежесi бойынша өтiмдiлiгi жоғарысынан  өтiмдiлiгi төмен  баптарға қарай, ал пассив баптары өтелу мерзiмi жедел  төлемдерден өтелуі кейінгілеріне қарай қарай орналасады):

1.     Қысқа мерзiмдi активтер

2.     Ұзақ мерзімді активтер

3.     Қысқа мерзімді міндеттемелер

4.     Ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер

5.     Капитал мен резервтер

Сонымен, бухгалтерлiк  баланс қаржылық есептiң 3  элементін: активтер, меншiктi капитал мен мiндеттемелердi қамтиды. Қалған 2 элемент табыстар мен шығындар - қаржылық есептiң №2 формасында  бейнеленедi.         

 Дегенмен, кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайына бухгалтерлік баланс көмегімен баға беру кезінде бухгалтерлік баланстың өзінде белгілі бір дәрежеде шарттылықтар, қарама-қайшылықтар бар екендігін ескеру қажет.

Бухгалтерлік  баланстың шарттылығы:        

 Бухгалтерлік баланс белгілі бір мерзімге жасалынады. Осының нәтижесінде бухгалтерлік баланс екі мерзімдегі «фотосурет» секілді , біз одан активтердің, меншікті және заемдық капиталдың қозғалысын емес, тек өзгерісін ғана байқай аламыз, яғни динамика емес статика көрінеді. Егер шоттар бойынша қалдықтар салыстырмалы түрде өзгермесе, ол баптар бойынша ешқандай қозғалыс болмаған секілді болып көрінеді. Бірақ ол олай емес, мұндай жағдай  тек дебеттік және кредиттік айналымдар сомасы бірдей болғанын көрсетеді, ал бұл айналыстар маңызды ақпарат көзі болуы мүмкін. Мысалы, талдау сәтінде ақша қаражаттарының  қалдығының сомасы өте аз болсын делік, сонда тәжірибесі аз талдаушы міндетті түрде кәсіпорынның төлем қабілеттілігі төмен деген қорытынды жасайды, себебі кәсіпорын өз міндеттемелерін ақша қаражаттарымен өтей алмайды. Ал егер баланста ақша қаражаттарының айналысы көрініс тапса (әдетте, бұл айналыстар сомасы үлкен болады), қорытынды басқаша болар еді – кәсіпорынның төлем қабілеттілігі осы сәтте төмендеген, ал қалған күндері ақша қаражаттарының келіп түсуіне байланысты төлем қабілеттілік жоғарылауы мүмкіндігін анықтауға болушы еді. Сол себепті  қаржылық талдау барысында мүмкіндігінше жуық уақыт ішіндегі бірнеше деңгейлерге  сүйену қажет.

Бухгалтерлік  баланстың шектеулілігі :        

 Бухгалтерлік  баланс субъектінің қаржылық-экономикалық  жағдайын есепті кезеңде жалпы  бейнелеуге бейімделіп құрастырылған.  Ал біз  баланста берілген мәліметтер негізінде кәсіпорынның мүлкінің құрамына оның қай бөлігі  меншікті көздерден , қай бөлігі  заемдық қаражаттар есебінен қаржыландырылғанын көре алмаймыз. 

Мысалы, баланс активінде жылжымалы және жылжымайтын  мүліктердің тізімі келтірілген, ал ол мүліктің қайсы көзден қаржыландырылғанын көре алмаймыз.   

«ХХХ» кәсіпорнының 31.12.2009 жылғы балансы, мың тг

Активтер Кезең басына Кезең соңына
Ι. Қысқа  мерзімді активтер    
Ақша  қаражаттары мен оның баламалары 8441 7362
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар    
Қысқа мерзімді дебиторлық берешек 35372 76571
Қорлар 20510 70780
Ағымдық салықтық активтер    
Сатуға  арналған ұзақ мерзімді активтер    
Басқа да қысқа мерзімді активтер    
Қысқа мерзімді активтердің жиынтығы: 64323 154713
ΙΙ . Ұзақ мерзімді активтер    
Ұзақ  мерзімді қаржылық салымдар    
Ұзақ  мерзімді дебиторлық берешек    
Жылжымайтын мүлікке инвестициялар    
Негізгі құралдар 65722 61966
Биологиялық активтер    
Барлау  мен бағалау активтері    
Материалдық емес активтер    
Кейінге қалдырылған салықтық активтер    
Өзге  де ұзақ мерзімді активтер    
Ұзақ  мерзімді активтердің жиынтығы: 65722 61966
Баланс 130045 216679
Пассивтер    
ΙΙΙ. Қысқа  мерзімді міндеттемелер    
Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер 6788 20638
Салықтар  бойынша міндеттемелер    
Басқа да міндетті төлемдер бойынша міндеттемелер    
Қысқа мерзімді кредиторлық қарыз 21997 92656
Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері    
Басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер    
Қысқа мерзімді міндеттемелер жиынтығы: 28785 113294
ΙV. Ұзақ  мерзімді міндеттемелер    
Ұзақ  мерзімді қаржылық міндеттемелер    
Ұзақ  мерзімді кредиторлық қарыз    
Ұзақ  мерзімді бағалау міндеттемелері    
Кейінге қалдырылған салық міндеттемелері    
Басқа да ұзақ мерзімді міндеттемелер    
Ұзақ  мерзімді міндеттемелер жиынтығы:    
V. Капитал  мен резервтер    
Жарғылық  капитал 7171 7171
Төленбеген  капитал    
Сатып алынған меншікті үлестік құралдар    
Эмиссиялық  кіріс    
Резервтер 5222 9022
Бөлінбеген  пайда (жабылмаған зиян) 88867 87192
Азшылықтың  үлесі    
Капитал мен резервтер жиынтығы: 101260 103385
Баланс 130045 216679
 

 

Кіріс және шығыс  туралы есепте есепте кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижесi жинақталып, жалпы табыс , негiзгi қызметтен табыс, негiзгi емес қызметтен табыс, таза табыс түрiнде бейнеленедi.

Пайда мен зиян туралы есеп, 2009 жыл , мың тг  

Көрсеткіштер  атауы жол

коды

есепті кезең
Өнім (жұмыс, қызмет) өткізуден табыс(6010-6020-6030) 010 186515
Өткізілген  өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құны (7000) 020 - 107915
Жалпы пайда (010 - 020 жол) 030 78600
Қаржыландырудан табыс (6100) 040 -
Басқа да табыстар (6200) 050 -
Өнімді  сатумен байланысты шығындар (7100) 060 - 11969
Әкімшілік шығындар (7200) 070 - 16712
Қаржыландыру  шығындары (7300) 080 - 8513
Басқа да шығындар (7400) 090 -
Үлестік қатысу әдісімен анықталған пайда/зиян (7600) 100 -
Кезең ішіндегі жалғастырылатын қызметтен  пайда/зиян (030+040+050-060-070-080-090+-100 жол) 110 41406
Тоқтатылған қызметтен пайда/зиян (6300-7500) 120 - 11403
Салық салғанға дей   

Информация о работе Тақырыбы: Қаржылық талдаудың ақпараттық базасы, бухгалтерлік баланстың шарттылығы