Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 22:38, реферат
Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы еліміздің егемендігін алғаннан басталды. ҚР-да бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді негізінен 4 кезеңге жіктейміз. Бұл жіктеу бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік реттеуді жүргізетін және қадағалайтын органдарға байланысты.
Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы еліміздің егемендігін алғаннан басталды. ҚР-да бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді негізінен 4 кезеңге жіктейміз. Бұл жіктеу бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік реттеуді жүргізетін және қадағалайтын органдарға байланысты.
1-ші
суреттен көріп отырғанымыздай, қазіргі
уақытта ҚР бағалы қағаздар нарығын реттеудің
негізгі 4 мемлекеттік органдары бар. ҚР
Қаржы министрлігінің бағалы қағаздар
нарығындағы негізгі рөлі – бұл мемлекеттік
бағалы қағаздарды шығару және мемлекеттегі
қаржылық институттардың өтімділігін
ұстап тұру. ҚР Ұлттық банк ЕДБ-дің актив
бөлігіндегі өтімділікті сақтау арқылы
өзінің бағалы қағаздарын шығару қызметін
атқарады.
Сурет 1 – ҚР бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеудің қазіргі үлгісі
Ал, Қаржылық қадағалау және АӨҚО қызметін реттеу Агенттіктері жоғарыдағы мемлекеттік органдарға қарағанда кеш құрылуына қарамастан, қаржы нарығындағы, соның ішінде бағалы қағаздар нарығындағы беделі төмен емес. Олардың ҚР-да бағалы қағаздар нарығындағы негізгі қызметтері – бұл қатысушылардың қызметтерін лицензиялау мен олардың қызметтерін тәртіпке келтіру, қаржылық құралдардың шығаруын ынталандыру мен олардың талаптарға сай келуін сақтау және бағалы қағаздар нарығындағы қаржылық механизмнің арасындағы қатысушылардың қызметтерін үйлестіру.
Бағалы қағаздардың даму үдерісі, қатысушылар саны бірқалыпты жағдайда дамыды. Осыған байланысты, бағалы қағаздар нарығының қалыптасу мен даму кезеңдерін негізінен нарықта реттеу жүргізетін органдарға байланыстыруын ұсынамыз.
Мемлекеттік бағалы қағаздардың өсім қарқыны 71,76%-ын 2006 жылы, 165%-ға 2007 жылы жоғарлануын және 2008 жылы 41,02% төмендеуін байқаймыз. МБҚ төмендеу немесе жоғарлау жағдайы мемлекеттің қаржы саясатының мазмұнына, республикалық бюджеттің ағымдық жағдайы және институттардың өтімділігін сақтау үшін жүргізілген саясатқа тәуелді.
МБҚ құрылымында ең үлкен бөлігін ҚР Қаржы министрлігі шығарған бағалы қағаздар алады. 2005 жылы және 2007 жылы олардың үлесі 38,73% және 31,8%-ы құраса, қалған екі жылда МБҚ құрылымында қомақты бөлігін, яғни 2006 және есепті кезеңде 67,33%-ы және 73,37%-ы сипат алды.
ҚР
Ұлттық банктің ноттары мемлекеттің
ақша-несие саясатының құралы бола
отырып, ЕДБ-дің өтімді активтеріне
жатқызылады. Сонымен қатар, қор
биржа мәмілесінде пайда
Сурет 2 – 2005-2008 жылдар аралығындағы МБҚ құрылымы
Ескерту
– ҚҚА-нің есебі негізінде
жасалған
Мемлекеттік бағалы қағаздардың құрылымы жағынан талдау жүргізсек, ҚР Қаржы министрлігі және Ұлттық банк шығарған бағалы қағаздардың арасындағы құрылымдық өзгерісті байқауға болады. 2005 жылдың 1-ші қаңтарына және 2007 жылдың 1-ші қаңтарына көрсетілген мәліметтерге сүйенсек, осы мерзімді ҚР Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарына қарағанда ҚР Ұлттық банктің ноттарының шығару көлемі жоғары. Яғни, ҚР Ұлттық банкі мемлекетте қымбат-ақша несие саясатын жүргізу мақсатында, өзінің ноттарын шығару белсенді жүргізгенін куәландырады. Алайда, 2005 және 2007 жылдың қорытындысы бойынша, республикалық бюджет ресурстардың жеткіліксіздігі және жинақтаушы зейнетақы қорлардың өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Қаржы министрлігінің бағалы қағаздар көлемін жоғарлатқаны байқалады.
ҚР
бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік
бағалы қағаздар нарығы ғана емес,
сонымен қатар корпоративтік
бағалы қағаздар нарығы қалыптасты. Оның
көлемі мемлекеттік бағалы қағаздар
нарығы сияқты болмаса да, жыл сайын
біртіндеп дамуы байқалады. Ең алдымен,
бағалы қағаздар нарығының акция нарығына
тоқталайық.
Сурет 3 – Акция нарығының негізгі көрсеткіштері
Ескерту
– ҚҚА-нің есебі негізінде
жасалған
Суретте
акционерлік қоғамдар санының және
олардың акция шығарылымының
санының серпіні қарастырылған.
Мұнда, жыл сайын акционерлік
қоғамдардың жабылуы және олардың
санының қысқарылуы байқалады. Тек,
соңғы жылда акционерлік
Акция нарығынан басқа, корпоративтік бағалы қағаздарға облигациялар да жатады. ҚР-да акция нарығына қарағанда облигация шығарылымы аз көлемде шығарылады.
Сурет 4 – Акция және облигация шығарылымдарын салыстыру
Ескерту
– ҚҚА-нің есебі негізінде
жасалған
Акцияға қарағанда облигация шығарылымы 5 есе төмен. Облигацияны шығару эмитентке акцияны шығаруға қарағанда тиімсіз. Оның себептеріне – облигацияның өтелуін, міндетті түрде сыйақыны төлеуін жатқызамыз.
Сурет 5 – Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын салыстыру
Ескерту
– ҚҚА-нің есебі негізінде
жасалған
Бекітілген мерзімде эмиссиялық бағалы қағаздардың ішінен тек акция нарығы салыстырмалы түрде дамыған деп айтуға болады. Олардың даму үрдісі 7 есе сипат алады. Акцияларды шығару негізінен акционерлік қоғамдар тіркеу кезіндегі негізгі шарт екенін атап өтуге болады. Сонымен қатар, акция инвестицияның бір түрі – оның өтеуін қайтару немесе сыйақыны төлеу бойынша акционерлік қоғамда міндет туындамайды.
Сурет 6 – Қор биржаның ресми листингісіндегі шығарылымдар серпіні
Қор биржаның листинг «В» тобына қарағанда листинг «А» тобындағы шығарылымдар жоғары екінін байқауға болады. Ең алдымен, бұл эмитенттердің қаржылық тұрақтылығының жоғарлығын куәландырады. Сонымен қатар, эмитент қор биржаға айналысына бағалы қағаздарды енгізу кезінде листинг «А» секторына енгізуіне атсалысады. Себебі, бұл эмитенттің беделіне әсер етеді. Сонымен қатар, бағалы қағаздардың сенімділігінің, бағалы қағаздардың нарықтық бағасының өсуіне әкеледі.
6-шы суреттен байқағанымыздай, листинг «А» тобындағы шығарылымдар саны листинг «В» қарағанда 3 есе артық. Сондай-ақ, листинг «А» тобында бағалы қағаздардың шығарылымы қарқынды өсуі байқалса, листинг «В» тобында бағалы қағаздардың шығарылымының өсуі онша байқалмайды.
KASE
жалпы капиталдануы ЖІӨ-нің
Сурет 7 – KASE жалпы капиталдануында ЖІӨ-нің қатынасы
Ескерту
– ҚҚА-нің есебі негізінде
жасалған
Есепті жылдың мәліметіне сәйкес, «А» және «В» санаты бойынша ресми тізімге енгізілген мемлекеттік емес бағалы қағаздар бойынша нарықты капиталдандыру 8005664 млн. теңге және тиісінше 258732 млн. теңге болды. Сонымен қатар, облигациялар бойынша нарығын капиталдандыру 9,23 %-ға өсті, акциялар бойынша 9,93 %-ға кеміді.
Сурет 8 – Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын құрайтын қатысушылардың даму серпіні
Ескерту
– ҚҚА-нің есебі негізінде
жасалған
2005-2008
жылдар аралығындағы кәсіби
Қарастырылған
кезеңдерде бағалы қағаздарды ұстаушылар
тізімінің жүйесін жүргізу
Листингтік компания, яғни өз бағалы қағаздарын ұйымдастырылған нарыққа енгізетін ұйым, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы бірнеше қатысушылармен өзара байланысы болады. Мұнда, листингтік компанияның ерікті шешімі емес, ал мемлекет бекіткен міндетті талаптарға сай болуы негізге алынады.
9-шы
суреттен көріп отырғанымыздай, листингтік
компания кем дегенде төрт қатысушымен
өзара байланыста болуы шарт. Ал, әр қатысушыға
қызмет көрсеткіні үшін сыйақы, алым төлеуі
керек. Қорыта айтқанда, бағалы қағаздар
нарығының листингтік компаниялар ұйымдастырылған
нарықта төмен белсенділігінің негізгі
факторы ретінде – біз қатысушылар санына
байланысты қаржылық ресурстардың қымбаттығы,
яғни бағалы қағаздар бойынша шығындардың
жоғарлығын тұжырымдаймыз.
Сурет 9 – Листингтік компанияның ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында қызмет етуде қатысушылармен өзара байланысы
Ескерту
– Автормен құрастырылған
Осыған сәйкес, бағалы қағаздар эмитенттері, әсіресе листингтік компаниялардың өз бағалы қағаздарын ұйымдастырылған нарықтың айналысында тіркеу мәселесі бойынша ұсыныс қарастырамыз. Бастапқы кезеңде бағалы қағаздар ұстаушылар тізімін жүргізетін ұйымдардың пайда болуына мемлекет септігін тигізді. Себебі, 1997 жылдың заңнамасына сәйкес, акционерлер саны 500 ден жоғары акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздар ұстаушылар тізімін жүргізу тек тәуелсіз тіркеушімен жүргізілуі бекітілді. Кейіннен, 2001 жылы «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР заңына сәйкес, барлық акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздар ұстаушылар тізімін жүргізу уәкілетті органнан лицензиясы бар ұйым ғана қызмет атқаруға құқығын анықтады. Сөйтіп, акционерлік қоғамдарды эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару кезінде тіркеушімен өзара келісім-шарт жасасуға міндеттеді.
Осы бағытты жүзеге асыру мақсатында, листингтік компания үшін жеңілдік ретінде – бағалы қағаздар ұстау тізімін жүргізуді өздеріне беру құқығын анықтаймыз. Бұл фактор бағалы қағаздары ұйымдасқан нарықта айналысы жоқ эмитенттерге қарағанда бәсекелестік артықшылық береді. Аталған шартты жүзеге асыру үшін келесідей қадамдарды қарастырамыз.
Сурет 10 – Бағалы қағаздар ұстау тізімін жүргізу жүйесін жетілдірудің қадамдары
Ескерту
– автормен құрастырылған
ҚР қаржылық саясат бір-біріне байланысты 2 элементтен тұрады – бұл стратегия мен тактика. Осыған сәйкес, бағалы қағаздардың заңнамасында өзгертулер мен толықтырулар енгізген кезде, олардың бір-бірінен шығуы сипат алуы қажет.
Сондықтан да, бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік реттеуді жүргізу кезінде келесідей қағидаларға сүйенуін ұсынамыз.
- заңнаманы шығару мен оған толықтыру жүргізу кезінде құқықтық негіздің басыңқы дәрежесіне сүйенуі;
- заңнаманы шығару мен оған толықтыру жүргізу кезінде құқықтық негіздің бір-біріне үйлестіруі және бірігей бағыттарды ұстануы;
- бағалы қағаздар нарығындағы стратегия мен тактиканы анықтау кезінде нақты қажеттіліктерді және мүмкіндіктерді ескеруі;