Ақша айналысы және ақша жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2011 в 22:33, реферат

Описание

Көптеген шетел басылымдарында ақша айналымы деген ұғым кездеспейді. 90 – жылдардың орта шеңіне дейін ТМД – мүше елдердің басылымдарында «ақша айналысы» деген ұғымдарға анықтама беріліп, ол бір – біріне дәл ажыратылады. Ақша айналымы деп қолма – қол ақша мен қолма – қол емес ақшаның қозғалысын білдіретін кең ұғым айтылды. Экономиканың әр үлгісі бар ұғымдардың мәні мен құрылымын өзгеғртпей кейбір ерекшеліктер еңгізді.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................3
І. Ақшаның қызметі...........................................................................................6
1.1 Ақша айналысын басқару.......................................................................10
1.2 Экономикасы дамыған елдердің ақша жүйесі......................................12
1.3 Металл ақша айналысы...........................................................................14
ІІ. Ақша жүйесі және оның даму кезеңдері...................................................17
Несие ақшалары және олардың түрлері.................................................22
Ақша айналысы заңы...............................................................................25
Банкноталар мен қағаз ақшалар айналымы жүйесі, оның
сипаттамасы..............................................................................................27
Қорытынды………………………………………………………………...29
Пайдаланған әдебиеттер…………………………………………………..31

Работа состоит из  1 файл

Ақша айналысы және ақша жүйесі.doc

— 172.50 Кб (Скачать документ)

- 22 -

     Сатып алушы кәсіпорының жабдықтаушы кәсіпорынға сатып алған тауар үшін ақшаны бірден төлемей оның орнына вексель жазып береді. Вексельдегі сома көрсетілген мерзімде, әдетте, 3 айдан аспай төленуі тиіс. Егер сатушыға көрсетілген мерзімнен бұрын ақша қажет болса, онда ол банкке төлем міндеттемесін қабылдауын және өзіне вексельде көрсетілген сомадан есептеу проценті шегерілгеннен қалған соманы төлеуін өтінеді. Банк вексельді қабылдаған жағдайда орнына қолма қол ақша төлейді. Сонда сатып алушы несие берушімен емес, банкпен есептеседі.

     Аударым векселін көптеген субъектілер  пайдалануы мүмкін: вексель беруші, вексель иемденуші және төлеуші.  Вексель беруші ол вексельді толтырушы және ұсынушы жақ. Вексель иемденуші ол векселде көрсетілген соманы алуға құқы бар вексель ұстаушы. Жай вексель бойынша төлеуші вексель берушінің өзі болса, ал аударым вексельі бойынша төлеуші үшінші жақ.

     Вексель бойынша төлем авальмен қамтамасыз етілуі мүмкін. Онда аваль бойынша есептелесін деген белгі вексельдің бет жағына, немесе авлонжеге жазылады. Авальберуші төлем төлеу жауапкершілігін өзіне алады.

     Несие ақшаларының келесі түрі – банкнота. Ол ХYІІ ғ. шегінде пайда болған. Коммерциялық вексельдің айналым шегі банкнота шыға румен ұзартылды. Банкнота әр мемлекеттің орталық банкі шығарған және оны иемденушінің талабы бойынша төленуге тиісті банк берген қарыз міндеттемесі.

     Банкнотаның негізгі коммерциялық  вексель болғанымен онда өзгешеліктері бар. Олар бір бірінен несие беруші, кепілдігі және мерзімі бойынша ажыратылады:

  • вексель бойынша несие беруші сатушы немесе кәсіпкер, ал банкнота бойынша Орталық банк;
  • вексельді айналысқа жеке кәсіпкер түсіретіндіктен вексельдің  жеке
 

    - 23 -

          кепілдігі бар, ал банкнотаны елдің орталық банкі шығаратындықтан,              ол қоғамның несие ақшасы ретінде айналыста жүреді.

    • Банкте сақталған бүкіл өнеркәсіп иелерінің қаржы қоры банкнотаның қоғамдық кепілдемесі болып саналады;
    • Вексель мерзімді төлем міндеттемесі, ал банкнота мерзімі шектелмеген міндеттеме.

     Несие ақшаларының келесі түрі  чек. Чек банкке ақша салу  және қолма қол ақшасыз есеп  айырысу барысында пайда болды.  Чек дегеніміз оған айырысу  барысында шотынан қолма қол ақшаны чек иеленушіге беру немесе басқа бір шотқа аудару туралы банкке берген жазбаша үкім. Чекпен есеп айырысу несие және банк қатынастары өрістеген кезде пайда болды. Алғашқы чек ж. Ұлыбританияда қолданылған.

     Чек, біріншіден, банктегі ағымдағы  шоттан қолма қол ақша алғанда; екіншіден, тауар сатып алғанда және қарызды кезеңде; үшіншіден, қолма қол ақшасыз есеп айырысқанда айналыс және төлем құралдары ретінде жүреді.

     Чектің белгілі бір формасы  болады, яғни ол кітапша түрінде  шығарылады. Чек қысқа мерзімге беріледі. Негізінен ақшалы және есеп айырысу чектері кездеседі. Ақшалы чек: иесі көрсетілген, кісі яғни атаулы чек және иесі оны ұсынушы кісі; яғни ұсынушы чегі болып екіге бөлінеді. Аұшалы чек пен банктен қолма – қол ақша алады. Есеп айырысу чегі ордерлі чек деп те аталады. Чек кітапшасынан жыртылып алынған чектің парақтары сатылып шыққан тауарлар үшін немесе көрсетілген қызмет үшін есеп айырысқанда қолма – қол ақшаның орнына қолданылады. Чектен есеп айырысу, әсіресе, бір банктің клиенті арасында аралайды. Әр түрлі банктердің клиенттері өзара есеп айырысқан жағдайда тек орталық банкке толтырылады. 
 
 
 

- 24 -

     2.2. Ақша айналысы заңы

     Ақша айналысы заңы – құн заңының айналыс аясындағы  көрінісі. Ол - тауар – ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы ақшаның саны К. Маркс ақшан ақша айналысы заңымен реттеледі. Тауар байланысына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері (А мөлш.) екі факторға біріншіден, бір кезеңде, болуға тиіс тауарлар бағасының қосындысына (Стб); екіншіден ақша айналымының жылдамдығына (А жылд.) байланысты өзгереді. Ақша айналысы заңы мына формуламен өрнектеледі:

                             

     Ақша айналысы заңының мәні – ақшаның айналыс құралы қызметін орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысы бір аттас ақша өлшемінің айналым санына бөлгенге теңесуі керек.

     Ақша тек айналыс құралы ғана  емес, сонымен бірге төлем құралы  қызметін де атқаратындықтан  айналысқа қажетті ақша мөлшері де несиеге сатқан тауарлар сомасына байланысты азаяды. Қарыз міндеттемелерінің бірсыпырасы қолма қол ақшасыз есеп айырысқанда өтеледі, яғни олар қарыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу жолымен де өтеледі. Сөйтіп несиенің даму дәрежесі ақша мөлшеріне кері әсерін тизігеді: тауардың неғұрлым көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа шығарылған әлдеқандай ақша мөлшері шаруашылықтың және халықтың тұрақты ақша қорын құрайды. Қорытындысында, айналыстағы ақша мөлшерін анықтаушы заң мынадай формуламен өрнектеледі:

    

     Онда:

    А мөлш. – айналыс құралы және төлем құралы қызметтеріне қажет ақша     мөлшері;

- 25 -

     Стб сатылуға тиіс тауарлар бағасының сомасы;

     Стбннесиеге сатылған тауарлар бағатының сомасы;

     Ст қарыз және басқа міндеттемелер бойынша төленетін сома;

     Сө - өзара өтелетін талаптар мен міндеттемелердің сомасы;

     Ақ ақша қоры;

     Ажылд. – айналыс құралы және төлем құралы қызметіндегі ақша айналымының орталық саны.

     Осы теңдіктегі ел экономикасында сатылған тауарлардың бағасынан айналыста әлдеқайда кем ақша массасының жүруінің себебі төлемеушілік проблемасының болуынан. Сол кезде Ст мөлшері теріс сан болады. Бірақ бұл Қазақстан және басқа да директивалы экономика үлгісінен нарықтық үлгіге өтуші мемлекеттерде кездесіп отырған кәсіпорындар арасындағы төлемеушілік проблемасы жай ақша массасын ұлғайтумен шешіледі дегенді көрсетпейді.

     Айналысқа қажетті ақша мөлшері  өндірістің даму жағдайларына  әсер ететін көп факторларға  байланысты өзгереді: айналыстағы тауарлар мөлшеріне, тауарлар мен қызмет бағасының деңгейіне және т.б. айналысқа қажетті ақша мөлшері ақша айналысының жылдамдығына кері пропроционалды өзгереді. Ал ақша айналысына әсер етеді.

     Ақша айналымының екі жағының  бірлігі, олардың бір формасының екіншісіне алмасуы қажет етеді. Себебі ақша массасы ақша айналымының сандық көрсеткіші. Белгілі бір мерзім арасында және белгілі бір күнге ақша айналымының сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша массасының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс – шаралар жүргізу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады. Ақша массасының нақты құрамы әр мемлекеттің өзіне тән ақша несие жүйесімен анықталады. 
 
 

- 26 -

     2.3 Банкноталар мен қағаз ақшалар айналыс жүйесі және оның

          сипаттамасы.

     Қазіргі жағдайда бұрын қалыптасқан  ақша жүйесінің мазмұны біраз  өзгерді. Себебі металл ақша  жүйесінде қолма – қол ақшасыз айналым ақша айналысының аз ғана бөлігін құраған. Ал 30 – жылдарда әлемдік алтынға айырбасталмайиын несие ақша жүйесі орнықты. Бұл кезде банкнотаны алтынға айырбастау және оны алтынмен қамтамасыз ету барлық капиталистік мемлекеттерде жойылды. Ақша эмиссиясы негізінен мемлекеттік бағалы қағаздармен қамтамасыз етеді. Ол ең алдымен қоғамдық еңбектің үнемдеу – жалпы экономикалық заңның әсеріне байланысты еді. Ақша жүйесінің дамуы ақша айналымының шығындары үнемі қысқартылған, сөйтіп қоғамдық еңбектің де шығындарын азайтатын; енді үнемді ақша жүйесінің пайда болуына жеткізеді.

     Қазіргі қағаз – несие ақшалары жүйесіне тән өзгерістер мыналар:

  • алтынның мемлекеттің ішкі және сыртқы ақша айналымынан шығып, оның қазына қорына құйылуы (қор негізінен, банктерде сақталады);
  • банктердің несиелік операцияларының негізін қолма қол ақша және қолма – қол емес ақша белгілерінің шығарылуы;
  • қолма – қол ақшасыз айналымның дамуының нәтижесінде қолма – қол ақша айналысының қысқаша (әлемдік экономикада бұл екі айналамның орта арақатынасы 1:3 қатынасына тең);
  • мемлекет тарпынан ақша – несиелік реттеу механизмін құру және дамыту.

     Қазақстан Республикасында қолма қол ақша шығарумен оны айналысқа түсірумен және айналыстан кері шығарумен тек Ұлттық банк шұғылданады. Ұлттық банк басқа банктерге баокнота және тиындарды қолма қол ақшасыз есептер арқылы олардың эквивалентін алумен сатады;

     Ақша айналымын ретттейтін мемлекеттік орган – орталық банк, яғни айналыстағы ақша массасын реттейтін орталық банктің ақша –несие саясаты.

- 27 -

Ақша  – несиелік реттеуге: реттеу тәсілдері; реттеуші органның құқығы және міндеттері; реттеудің мақсаты және объектісі кіреді. Мысалы, 70 жылдардан бастап өркендеген мемлекеттер айналымдағы ақша массасының және несиенің өсуін реттейтін мақсатты бағдарларды бекітуде. 1975 жылдан бастап АҚШ тың федералдық резерв жүйесі (ФРС) Конгресте алдағы 12 айда айналымдағы ақша массасының өсу немесе қысқара қарқынының жоспары туралы әлсін - әлі есеп береді. Бұл жүйе  мақсатты  бағдарды және ақша қаражатының өсу қарқынын жиі жиі ақпарат құралдарында хабарлап тұрады;

  • Валюта курсын белгілеу, немесе баға (котировка) тәртібі – ол бір мемлекеттің ақша өлшемінің екінші мемлекеттің  ақша өлшемімен көрсетілген бағасы. Қазіргі кезде ешбір мемлекеттің ақша өлшемін алтын құрамы белгіленбегендіктен, ұлттық валютаны сатып алу мүмкіндігінін  ауытқуын, сондай – ақ валюта нарығындағы айырбасқа түсетін валюталарға сұраныс пен ұсынысты есептейтін баға кесу әдісі қолданылады. Ең кең тараған баға кесу әдісі валюта “қоржынына” негізделген, онда әрбір ұлттың валюта “қоржынға” кіретін басқа ұлттық валюталардың біразымен салыстырылады.

     Жалпы айырбасталмайтын несие ақшаларына көшу эмиссиясының біржақты икемденуіне және ақша жүйесінің негізгі – ақша айналымының объективті қажеттілігінен туындайтын – ақша шығаруды шектеу принципінің бұзылуына әкеп соқтырды. Ақша жүйесі шаруашылық механизмінің құрамдас бөлігі ретінде қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі диспорцияны шұғыл сезінеді. 
 
 
 
 
 

      - 28 -

         Қорытынды

     Ақша айналымы дегеніміз – ақшаның бір заңды немесе жеке тұлғадан екіншісіне үздіксіз қозғалысы.

     Ақша айналымы төлем айналымының  бір белгісі болып табылады. Төлем айналымының құрамына ақша айналымынан басқа төлемінен құралдарының айналымы кіреді.

     Ақша айналымының құрылысы бірнеше  белгілермен сипатталады, оның  ішінде ең маңыздысы осы айналымның қызмет көрсететін қарым – қатынастарының  түрі. Осы белгі бойынша ақша айналымы 3 – ке бөлінеді.

  1. Ақшаның есеп айырысудағы айналымы – бұл айналым тауар немесе қызметтерді пайдалану кезінде есеп айырысуға көмектеседі.
  2. Ақшаның несиелік айналымы – бұл айналым несие беру және оны қайтару процесіне қызмет көрсетеді.
  3. Ақшаның қаржылық айналымы – бұл айналым шаруашылықтың қаржылық  қарым қатынастарына қызмет көрсетеді.

     Ұлттық банк 2006 жылы Қазақстанның төлем жүйелерін ғылыми және техникалық прогресс саласындағы соңғы жетістіктерге сәйкес онда әрі жетілдіру мен дамыту, төлемдер және ақша аударымдары саласындағы нормативтік – құқықтық актілерді жетілдіру жұмысын жалғастырды. Төлем жүйелерінің техникалық инфрақұрылымын жетілдіру, төлемдер мониторингі және тәуекелдерді басқару тетіктерін жетілдіру жұмысы үнемі жүргізіледі.

     Халықаралық қаржы ұйымдарымен  және шетелдік орталық банктермен  өзара іс - әрекет шеңберінде жылғы қыркүйекте Алматы қаласында Ұлттық банк орталық (ұлттық) банктер өкілдерінің төлем жүйелері жөнінде алтыншы кездесуін ұйымдастырып өткізді. Төлем жүйелері жөніндегі кездесуге ТМД, Чехия, Польша, Латвия, Түркия, Австрия, Германия, Италия, Жапония елдерінің орталық банктерінің, сондай – ақ Мемлекетаралық банктің және Халықаралық есеп айырысу Банкінің төлемдік және есеп айырысу жүйелері 

- 29 -

жөніндегі комитеттің өкілдері қатысты. Осындай кездесулер өткізудің мақсаты тәжірибе алмасу және төлем жүйелерінің тиімді жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету саласындағы өзекті проблемаларды және қазіргі заманғы үрдістерді, сондай – ақ орталық (ұлттық) банктер қызметінің басым бағыттарын бірлесіп талқылау болып табылады. Сондай – ақ Ұлттық банктің өкілдері Дүниежүзілік Банк (Австралия, Сидней қаласы) ұйымдастырған «ТМД елдерінің төлем жүйелері және бағалы қағаздарды есептеу жүйесі саласындағы бастама» деп аталған ІІІ формулаға қатысты.

Информация о работе Ақша айналысы және ақша жүйесі