Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 18:43, реферат

Описание

Қазақстан Республикасындағы екiншi деңгейдегi банктер қызметiнiң нормативтiк-құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылғы 26 желтоқсандағы N 237 қаулысымен бекiтiлген екiншi деңгейдегi банктерде Бухгалтерлiк есеп шоттарының жаңа жоспарын енгiзуге байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етедi:

Содержание

I Бөлiм Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң (1 - 59 баптар)
негiздемесi мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 11 баптар)
2-тарау. Банкiлердi құру (12 - 29 баптар)
3-тарау. Банк қызметiн жүзеге асыру (30 - 40 баптар)
4-тарау. Банкiлердiң қызметiн реттеу және (41 - 52 баптар)
депозиторлардың мүддесiн қорғау
5-тарау. Есеп және есеп беру (53 - 56 баптар)
6-тарау. Банктерге және олардың аффилиирлендірілген (57 - 59 баптар)
тұлғаларына аудит
II Бөлiм Банкiлердiң құқықтық мәртебесiн өзгерту (60 - 74-4 баптар)
және қызметiн тоқтату ерекшелiктерiнiң
шарттары
7-тарау. Банктердi ерiктi түрде қайта құру (60 - 61 баптар)
8-тарау. Банкiнi консервациялау (62 - 67 баптар)
9-тарау. Банктердi тарату және ерiксiз қайта құру (68 - 74-4 баптар)
III Бөлiм Қорытынды ережелер (74-5 - 78 баптар)
9-1-тарау. Банк қызметiне байланысты құқық бұзушылық (74-5 - 74-9 баптар)
үшiн жауапкершiлiк
10-тарау. Қорытынды ережелер (75 - 78 баптар) "Пруденциалдық нормативтер туралы ережелер" Ереже жөнiнде
Күшін жойған

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы.docx

— 22.38 Кб (Скачать документ)

"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы"

 

Қазақстан Республикасының 1995 ж. 31 тамыздағы N 2444

 

Заңы

 

(2003 ж. 16 мамырға берілген өзгерістерімен)

 

 

Осы редакция ҚР 2003 ж. 3 маусымдағы N 427-II Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

 

 

 

Бұрынғы редакцияларды қара

 

 

 

  I Бөлiм    Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң   (1 -  59 баптар)

             негiздемесi  мен шарттары

    1-тарау. Жалпы ережелер                               (1 -  11 баптар)

    2-тарау. Банкiлердi құру                              (12 - 29 баптар)

    3-тарау. Банк қызметiн жүзеге асыру                   (30 - 40 баптар)

    4-тарау. Банкiлердiң қызметiн реттеу және             (41 - 52 баптар)

             депозиторлардың мүддесiн қорғау

    5-тарау. Есеп және есеп беру                          (53 - 56 баптар)

    6-тарау. Банктерге және олардың аффилиирлендірілген   (57 - 59 баптар)

             тұлғаларына аудит 

  II Бөлiм   Банкiлердiң құқықтық мәртебесiн өзгерту      (60 - 74-4 баптар)

           және қызметiн тоқтату ерекшелiктерiнiң  

             шарттары

    7-тарау. Банктердi ерiктi түрде қайта құру            (60 - 61 баптар)

    8-тарау. Банкiнi консервациялау                       (62 - 67 баптар)

    9-тарау. Банктердi тарату және ерiксiз қайта құру     (68 - 74-4 баптар)

III Бөлiм   Қорытынды ережелер                           (74-5 - 78 баптар)

    9-1-тарау. Банк қызметiне байланысты құқық бұзушылық  (74-5 - 74-9 баптар)

               үшiн жауапкершiлiк

    10-тарау.  Қорытынды ережелер                         (75 - 78 баптар) "Пруденциалдық нормативтер туралы ережелер" Ереже жөнiнде

Күшін жойған

 

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасы 1997 жылғы 23 мамырдағы N 219. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 23 маусымда тіркелді. Тіркеу N 325. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 3 маусымдағы N 213 ~V021902 қаулысымен.

 Мәтін

 Қосымша ақпарат

 Өзгерістер тарихы

 Сілтемелер

 Екі тілде

 Көшіру

 Басып шығару

       Ескерту. Ереженің атауы өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі

                басқармасының 1998.08.28. N 157  V980600_  қаулысымен.

       Қазақстан Республикасындағы екiншi деңгейдегi банктер қызметiнiң нормативтiк-құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылғы 26 желтоқсандағы N 237 қаулысымен бекiтiлген екiншi деңгейдегi банктерде Бухгалтерлiк есеп шоттарының жаңа жоспарын енгiзуге байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етедi:

       1. "Пруденциалдық нормативтер туралы" Ереже бекiтiлсiн және ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.

       2. "Пруденциалдық нормативтер туралы" Ереже қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылғы 29 ақпандағы 53 қаулысымен бекiтiлген Пруденциалдық нормативтер туралы ереже Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылғы 31 шiлдедегi N 181, 1996 жылғы 8 қарашадағы N 260 және 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 293 қаулыларымен бекiтiлiп, енгiзiлген өзгертулерiмен және толықтыруларымен қоса күшiн жойды деп танылсын.

       3. Банктiк қадағалау департаментi (Абдуллина Н.Қ.):

       а) "Пруденциалдық нормативтер туралы" Ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркесiн;

       б)  осы Қаулы мен "Пруденциалдық нормативтер туралы" Ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық (Алматы аумақтық бас) басқармаларын және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.

       4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары А.Ғ. Сәйденовке жүктелсiн.

 Ұлттық Банк

 Төрағасы

 

 

 Қазақстан Республикасы

 

 

 

   Ұлттық Банкi Басқармасының

1997 жылғы 23 мамырдағы

N 219 қаулысымен

 Бекiтiлген

 

2.5 Банктік қызметті пруденциалдық реттеу ерекшеліктері

 

    Банктік қызметті пруденциалдық реттеу банктер және банктік холдингтер сақтауға (орындауға) міндетті қаржылық нормативтерді, кредиттік тәуекелдің белгілі бір мөлшерін, есептеме жасау және есептілік табыс ету жөніндегі талаптарды, сондай-ақ басқа да нормалар мен лимиттерді Қазақстандағы банктердің қаржылық орнықтылығын және олардың қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында белгілеуге байланысты Каржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген қызметіне жатады.Пруденциалдық нормативтер және сақталуға (орындалуға) міндетті өзге де нормалар мен лимиттер банктердің өтімділігін, сенімділігін, төлемдік қабілеттілігін, банктердің акционерлер мен клиенттерінің мүдделерін, банктік тәуекелдерді ұтымды баскаруды қамтамасыз ету мақсатында белгіленген экономикалық шектеу нормалары пруденциалдық нормалар ретінде банктік құқық нормалары қатарында көрініс табады.

 

    Банктердің  міндетті түрде сақтауларын көздей отырып қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау  жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігі белгілейтін пруденциалдық  нормативтер (экономикалык шектеулер) құрамы:

 

    1) банктің жарғылыө капиталының  ен төменгі мөлшерінен;

 

    2)  өз капиталының жеткіліктілігі  коэффициентінен;

 

    3) бір карыз алушығы қатысты  жасалатын тәуекелдін ең көп  мөлшерінен;

 

    4)  өтімділік коэффициентінен;

 

    5)    ашық валюталық позиция лимиттерінен тұрады.

 

    Банктер тобының міндетті түрде сақтаулары үшін уәкілетті    мемлекеттік  орган Қазақстан Республикасының  Агентгігі белгілейтін пруденциалдық  нормативтер:

 

    1)  жарғылық капиталдын ен аз  мөлшерінен;

 

    2)    өз капиталының жеткіліктілігі коэффициентінен;

 

    3) бір карыз алушыға қатысты  жасалатын тәуекелдін ең көп  мөлшерінен құрылады.

 

    Сонымен бірге Қазақстан Республикасының  Агенттігі халықаралық банктік  тәжірибеде пайдаланылатын пруденциалдық  нормативтерді және өзге де орындалуға міндетті нормалар мен лимиттерді белгілей алады.

 

    Пруденциалдық реттеу (экономикалық шектеу қою) барысында  Агенттігі есептеу әдістемелерін, белгілі бір банктік күн ішіндегі банк және банктік топ капиталының  мөлшерін, ашық.

 

    • валюталық позицияларды есептеу  тәртібін және олардың лимиттерін, оларды сақтау әдістері мен есептеу әдістемесін, есептілік түрлерін және оны табыс ету мерзімдерін белгілейді.

 

    ■ Қазақстан Республикасынын Агенттігі  пруденциалдық нормативтерді және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін банктерді немесе банктік холдингтерді не олардын лауазымды адамдарын тиісті банктік заңнамалық актіге сәйкес жауапқа тартады.

 

    Қазақстан Республикасының Агенттігі өзі  белгілеген пруденциалдық нормативтердің және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық құжаттары талаптарының бұзылғанын анықтаған жағдайда, банктін лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің банктің қаржылық қауіпсіздігі мен тұрақтылығына және оның депозиторларының клиенттері мен корреспонденттерінің мүдделеріне қауіп төндіретін заңсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтаған реттерде банкке мынадай шектеулі ықпал ету шараларынын бірін қолданады:

 

    а) міндеттеме жүктейді;

 

    ә) банкпен жазбаша келісім жасасады;

 

    б)    ескерту жасайды;

 

    в) атқарылуға міндетті жазбаша нұсқама  береді. Банктерге ықпал етудің осындай  шектеулі шараларын қолдану тәртібі  Қазақстан Республикасы Агенттігінің нормативтік құқықтық актілерімен  белгіленеді.

 

    Банктік қызмет процесінде орын алған кемшіліктер  мен келеңсіз жәйттер Қазақстан Республикасының Агенттігі белгілеген мерзім ішінде жойылмаған жағдайда, ол тиісті банкке оған заңға сәйкес санкция қолданылатыны жөнінде жазбаша ескерту жібереді.

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы