Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Августа 2011 в 17:14, научная работа
Осы жылдары шет елдерден 800 мыңнан астам отандасымыз келіп, халық саны бір жарым миллионға артты.
Біз Сарыарқаның сайын даласына сәулеті мен дәулеті келіскен Астана салдық.
Есілдің жағасына серпінді дамуымыздың символы болған еңселі Елорда қондырдық.
Халқы тату-тәтті, саясаты сарабдал елдің ғана қазынасы қыруар, болашағы баянды болады.
Қазақстанның халықаралық резерві бүгінде 60 миллиард долларға жуық қаржыны құрайды.
Ырыс – ынтымаққа жолығады, дәулет – бірлікпен толығады.
Қазақстан
Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына
Жолдауы. 28.01.2011ж. Қадірлі отандастар! Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері! Ханымдар мен мырзалар! Биыл – біз үшін ерекше қастерлі жыл. Біз ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам бастық. Бодан жұртты бүгінгідей бостан күнге жеткізген бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық. Естеріңізде болар, 1997 жылғы халыққа алғашқы Жолдауымда мен былай деген едім: «2030 жылы
біздің ұрпақтарымыз бұдан былай
әлемдік оқиғалардың Осы сөздерге кезінде күмән келтіргендер аз болған жоқ. Дегенмен, діттеген бұл межеге біз 33 жылда емес, бір мүшел жаста ғана жеттік! Күні кеше Астанада 56 елдің басшылары мен халықаралық ұйым өкілдерінің басын қосқан Саммит – соның айшықты айғағы. Жұлдызымызды жарқырата түскен бұл мерейлі белестен бұрын да біз біршама биіктерді бағындырдық. Біз талайлы заманда тарыдай шашылып кеткен қандастарын атамекенге жинаған әлемдегі үш елдің бірі болдық. Осы жылдары шет елдерден 800 мыңнан астам отандасымыз келіп, халық саны бір жарым миллионға артты. Біз Сарыарқаның сайын даласына сәулеті мен дәулеті келіскен Астана салдық. Есілдің жағасына серпінді дамуымыздың символы болған еңселі Елорда қондырдық. Халқы тату-тәтті, саясаты сарабдал елдің ғана қазынасы қыруар, болашағы баянды болады. Қазақстанның халықаралық резерві бүгінде 60 миллиард долларға жуық қаржыны құрайды. Ырыс – ынтымаққа жолығады, дәулет – бірлікпен толығады. Тәуелсіздік жылдарында ел экономикасына 120 миллиард доллардан астам шетелдік инвестиция тартылды. Сонымен қатар біз әлемнің 126 еліне 200-ден астам өнім түрін шығарамыз. Бүгінде ұлттық дәулетіміздің үштен бір бөлігі шағын және орта бизнестен құралады. Ауыл шаруашылығы саласы да дамып келеді. Жалпы ішкі өнім өсімі 2010 жылы 7 пайыз, өнеркәсіп өндірісі – 10 пайыз, өңдеу өнеркәсібі 19 пайыз мөлшерді құрады. Орташа айлық жалақы 2007 жылғы 53 мыңнан 2010 жылы 80 мың теңгеге дейін артты. Ұлттық
әл-ауқат деңгейі жөнінен әлем
мемлекеттерінің рейтингінде Біздегі орташа айлық жалақы 5 жарым есеге, зейнетақының орташа көлемі 4 есеге көбейді. Біз дүниені дүрбелеңге салған дағдарыстан демікпей шығып, дамудың даңғыл жолына батыл бет бұрдық. Алдымызға ұланғайыр мақсаттар қойдық және оларға қысқа мерзімде қол жеткіздік. Тәуелсіздік жылдарында 500-ге жуық жаңа денсаулық сақтау нысандары салынды. Медицина
мекемелерінің материалдық- Еліміз білім беру ісін дамытуда 129 елдің арасында көш бастаушылар қатарында келеді. Өткен онжылдықта білімге бөлінетін қаражат 10 есеге көбейді. Осы жылдары 750 жаңа мектеп салынды. Сонымен қатар, 5 302 мектепке дейінгі мекемелер, 1 117 балабақша мен 4 185 орталық ашылды. Астанада ғылым мен білім индустриясының жаңа ғасырдағы орталығы болатын университет ашылды. Біз осылайша аз жылда алапасы артқан айдынды елге, қуатты ұлтқа айналдық. Осының бәрі жұртымызды жаһандық ауқымда ойлауға баулу мақсатында жасалуда. |
Еліміздің қазба байлықтарын игеріп жатқан шетелдік компанияларда қазақстандық үлесті арттыру – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Осы арқылы республика экономикасы мен өндірісін өркендетуге өз үлестерін қосуы қажеттілігін шетелдік инвесторлармен кездесуі кезінде республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұдайы шегелеп тапсырып келеді.
Осы міндеттерден тұратын тағы бір жәйт, Қарашығанақ жобасында қазақстандық мазмұнды байыту мәселелері өткен шілде айында Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің Батыс Қазақстан облысына сапары кезінде де жан-жақты әңгіме болды. Шетелдік альянс жетекшілері де қатысқан осы кездесуде аталған мәселеге орай құнды ой-пікірлер мен ұтымды ұсыныстар айтылған еді. Осыған байланысты біз Батыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлер қауымдастығының төрайымы Зинатбану МУСИНАНЫ әңгімеге тартқан едік.
– Зинатбану Мұханқызы, Қарашығанақ жобасы Ақжайық өңірінің өрге басуына, оның әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жаңа бір деңгейге көтерілуіне айтарлықтай әсер етіп отырғаны анық. Бұл ақиқатты ешкім де жоққа шығара алмайды. Алайда медальдің екі жағы бар дегендей, мәселенің екінші бір жағынан қарағанда шетелдік альянс Орал өңірінде кәсіпкерлікті өрге сүйреудің қозғаушы күшіне, оның локомотивіне айнала алмағандай әсер билейді. Жасыратын несі бар, осыдан он екі жыл бұрын альянс алғаш құрылған кезде ол өңірде кәсіпкерліктің дамуына қуатты серпін береді деп күтілген еді. Бүгінгі күн биігінен қарастырғанда осы үміт пен сенім ақталды деп айта аласыз ба?
– Айта алмайтын шығармын. Дәлелмен сөйлеуге ұмтылып көрейін. Әлгінде өзіңіз айтқан кен орны игеріле бастаған 1998 жылдан бері өңір өндірісіндегі мұнай-газ секторының үлес салмағы 2,2 есеге өскенімен, осы уақыт аралығында жергілікті өңдеуші өнеркәсіптің үлес салмағы 2,3 есеге кеміп кеткен. Бұл фактор облыстағы мәшине жасау, металл бұйымдары, жөндеу зауыттары мен құрылыс индустриясы кәсіпорындарының өндірістік қуаты кеміп кетуіне әкеліп соқтырды. Осынау отандық өндіріс ошақтарының мүмкіндіктері еуропалық деңгейден кем түседі деуге аузым бармайды. Бұлардың бәріне халықаралық сапа сертификаттары енгізілген. Қай-қайсысы да әлемнің түрлі елдеріндегі алдыңғы қатарлы компаниялармен иық тірестіре қызмет атқарып келеді.
– Өткен жылы КПО б.в компаниясы мен облыстағы жетекші іргелі кәсіпорындар арасында 750 миллион теңгенің келісім-шартына қол қойылғаны ұмытыла қойған жоқ. Соның нәтижесі не болды? Естілмейді әйтеуір.
– Бұл бағытта да тілге тиек етерліктей мардымды іс біткен жоқ. Келісім-шарттардың тек төрттен бірі ғана орындалды. Оған қол қойған оралдық он компанияның төртеуіне тапсырыстар мүлдем түспеді. Ал компания биыл жергілікті кәсіпорындардың бір де бірімен келісім-шарт жасаспады. Бұл көріністің өзі қайткенде де бізге бәсекеге қабілеттілікті арттыру қажеттілігін ұқтырады. Ең бір өкініштісі дейміз бе, әттегенайы дейміз бе, қалай десек те шетелдік компанияға сырттан жеткізіліп жүрген тауарлар мен өнімдерді жергілікті өндіріс орындары да еш қиындықсыз шығара алады. Альянсқа қызмет көрсету тұрғысынан да осындай тұжырым жасауға болады. Бұған қосарым кеден органдарының сараптамасы КПО б.в-ның сырттан алып жүрген импортының көлемі жыл сайын өсіп келе жатқанын айғақтайды.
– Әрине, себепсіз салдар жоқ. Ендеше жергілікті бизнес құрылымдарының қазақстандық кенішті игеріп жатқан шетелдік компаниялар жобаларына қатысуының төмендігін немен түсіндірер едіңіз? Мұның түп-төркіні неде?
– Менің ойымша оның табаны күректей бес түрлі себебі бар. Біріншіден, шетелдіктер тарапынан қазақстандық бизнеске деген енжарлық – жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу кезінің өзінде-ақ бас көтереді. Жоба жұмыстарын қазақстандық өндірістен түсінігі төмен және жергілікті компанияларды жұмысқа тартуға мүлдем құлқы мен ниеті жоқ батыстық жобалау компаниялары атқарады. Екіншіден, шетелдік альянстың даму жоспарлары мен тендерлерінің мерзімі, олардың шарттары туралы ақпараттар жариялы түрде жүргізіле бермейді. Бұған көп жағдайларда “жабық есік” үрдісі тән болып келеді. Бұл пікірге тағы бір қосарым отандық кәсіпорындар тендерге түсе қалған күннің өзінде түрлі кедергілерге тап болады. Сондықтан да олар көп жағдайларда косалқы мердігерлікке келісім беруге мәжбүр. Оның өзінде де бірінші емес, қосалқы мердігерліктің екінші, үшінші сатылары. Айталық, оралдық белгілі бір компанияның сегіз жыл ішіндегі он бес келісім- шартының тек екеуі ғана альянспен тікелей жасалған. Мұндай жағдайда жаңа технологияны енгізу туралы сөз қозғаудың өзі артық. Осындай қосалқы мердігерлікті атқару еш уақытта да отандық кәсіпорындардың көсегесін көгерте алмайды. Ол тек күнделікті шығындарды жабуға ғана жарамды. Үшіншіден, шетелдік компаниялардың тендерлік шарттары адам түсініп болмастай шым-шытырақ, күрделі болып келеді. Айқындық, нақтылық, мөлдірлік жетіспейді. Төртіншіден, шетелдік компаниялар атқарылған жұмыстары үшін ақы, төлемақы төлеуді тек актілерге қол қойылғаннан кейін ғана жүргізеді. Тіпті кей жағдайларда одан да кешіктіріп төлейді. Бұл отандық бизнестің дамуына үлкен кедергі келтіреді. Осы арада өз мемлекетіміз өткізіп жүрген тендерлерге аванстық жүйе тән екенін айта кетуге болады. Яғни істі бастамай тұрып-ақ Үкімет төлемақының бір бөлігін алдын-ала төлеп қояды. Сөз жоқ, бұл өте қолайлы тәсіл. Ал отандық өндірісші Қарашығанақ жобасына қатысты тапсырыс ала алған күннің өзінде банктен жоғары пайызбен несие алуға мәжбүр. Ол өз кезегінде тауардың өзіндік құны қымбаттап кетуіне әкеліп соқтырады.
Бесіншіден, жергілікті жерде бизнеске қабілетті өндірісті өрге бастыратын кез келді. Жергілікті кәсіпорындарда техникалық жағынан қамту деңгейі мінсіз, төрт аяғынан тең басып тұр деп айта аламыз ба? Айта алмасақ керек. Кадрлардың біліктілігі мен бесаспаптығы, кәсіби шеберлігі ше? Менеджмент пен маркетингті де бес саусақтай игеріп кете алмай жүргеніміз жасырын емес. Мәселенің бұл жағы да ойландырады. Сондықтан осы олқылықтарды жолға қоймайынша шетелдіктерге қазақстандық өнімді ал деп талап қоя алмайтынымыз айтпаса да белгілі емес пе?
– Сонда не істеу керек? Осы тұрғыдағы ой-пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды ортаға сала кетсеңіз.
– Таяуда Батыс Қазақстан облыстық әкімдігі, “ҚазМұнайГаз” Ұ.К”, КПО б.в және біздің қауымдастық арасында төрт жақты меморандумге қол қойылды. Оның басты мақсаты – Қарашығанақ жобасындағы қазақстандық үлесті көбейту. Осы тұрғыда аймақтық бағдарлама жасақтайтын жұмыс тобы құрылды. Сөйтіп Қарашығанақ жобасын қазақстандық мазмұнмен байытуға ниет қойып отырмыз. Мұның сыртында шетелдік компанияларда жергілікті бизнестің үлесін үстеу жөнінде өзге де іс-шаралар бар.
Бұл бағытта мұндай бағдарлама Әзірбайжан мен Нигерияда әрі одан басқа да елдерде ойдағыдай іске асқанын айта кетуге болады. Ол тәп-тәуір нәтижелерге жетуге жол ашқан. Яғни осындай байыпты істің арқасында ондағы ірі мұнай компанияларына қызмет көрсететін жергілікті кәсіпорындардың қатары қырық пайызға дейін көтерілген.
Біз ұсынған аймақтық бағдарлама Қарашығанақ жобасына жаңа серпін береді деп санаймыз. Ол сонысымен де мәнді, сонысымен де маңызды болмақ. Біздің бастамамызға еліміздің өзге де мұнайлы өңірлеріндегі әріптестеріміз мүдделілік пен қызығушылық танытып жатса, оларға тәжірибелік тұрғыдан көмек беруге әзірміз. Қысқасы алдағы уақытта альянс өңір өндірісінің локомотивіне, оның қозғаушы күшіне айнала алатынына сеніміміз мол.
– Әңгімеңіз үшін рахмет.
Әңгімелескен Темір ҚҰСАЙЫН, Орал.
Ең үздік тауарлар бәсекесі
Жақында Өскеменде “Қазақстан-2010. Ең үздік тауар” деген атпен Шығыс Қазақстан облыстық байқау-көрмесі болып өтті. Оған өңірдің 60-тан астам өнеркәсіп және азық-түлік тауарларын шығаратын іргелі кәсіпорындары қатысты. Көрмені ашқан облыс әкімінің орынбасары Ермек Көшербаев оған қатысушыларды құттықтай келіп, бұл оқиғаның Кеден одағының өз жұмысын бастауымен тұспа-тұс келгеніне назар аударды. Бұдан былай көрші мемлекеттерге сапалы да жұрт назарын аударатын тауарларды шығаруға жақсы мүмкіндік туғанын атап көрсетті.
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Аманияз Ержанов Кенді Алтайда өнеркәсіп өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың бүкіл елге жақсы таныс екенін, бұл салада олардың үшінші орын алатынына тоқталды. Бұл бәсекеде үздік атанғандардың республикалық бәйгеде жүлдегер атануға мүмкіндіктері бар екенін атап көрсетті. Қазылар алқасы атшаптырым алаңдағы тауарларды асықпай қарап, ақыры нәтижесін шығарды.
Облыс әкімінің орынбасары Ермек Көшербаев “Ең үздік тауар” деген конвертті ашқан кезде “Бұқтырма цемент компаниясы” АҚ деген атау шыға келді. Шынында да Бұқтырманың цементі аса сапалы, ол қазір еліміздің 25 пайыз қажеттілігін өтеп отыр. Астана қаласының алып ғимараттарын салуда Бұқтырманың цементі көп қолданылуда. Биыл цемент өндірушілер 1300 мың тонна шығаруды көздеуде. Аталмыш номинация бойынша екінші орынға “Полиус” және “Өскемен Триплекс” ЖШС-лар ие болды. Бұл ұжымдар пластмасса қалдықтарын қайта өңдеуден өткізеді, ал екіншісі әлемдік рынокқа шыға бастады. “Семспецснаб және “Эгрей” ЖШС-лер үшінші орынды қанағат тұтты.
“Тұрғындарға арналған ең үздік тауар” номинациясын анықтау қызықты өтті. Қазақстандағы тұңғыш автокөлік шығаратын зауыт “Азия авто” бұл жолы да ешкімге дес бермеді. Аталмыш зауыт қазір көліктердің 20 түрін шығарып жатыр. Тіпті өткен жылғы көрмеден бері алып кәсіпорын жеңіл көліктердің жеті түрін шығаруды игерген. Олардың ішінде “КИА”, “Шевролет”, “Кадиллак” және “Хаммер” көліктерінің болуы ел өміріндегі ірі жаңалық. Көліктің соңғы екі түрі арнайы тапсырыс болғанда ғана құрастырылмақ.
Серебрянкадағы органикалық емес зауыт соңғы кезде ғана бес жүзге тарта адамға жұмыс орнын ашқан. Ресей, Өзбекстан, Украинамен сауда-саттықты ұйымдастырып, соның жемісін көруде. Аталмыш зауыт сапа менеджменті бойынша тауарлар шығаруды игеріп алған, енді соның нәтижесін көруде. Екінші орынды “Соло интерьер” серіктестігі иеленсе, үшінші орынға, Попов Ип-сы мен “Востокграция” серіктестігі табан тіреді. Бір қызығы В.Поповтың жеке меншік кәсіпорны бірнеше жылдан бері биогумус өндіріп жатыр. Ал биогумус саяжай үшін таптырмас тыңайтқыш. Қазір оның қарамағында отыз адам еңбек етуде, жалақылары да тамаша. Міне, “жоқтан бар жасау” деген осы емес пе. Шынында да, осындай “қалауын тауып, қар жаудырып жатқан” адамдардан айналып кетсек, артық емес шығар.
“Ең үздік азық-түлік тауарлары” номинациясын анықтау оңай болмады. Себебі өңірде нан пісіру, сүт өндіру, басқа да игілікті істер атқарылып жатыр. Ақыры Өскемен құс фабрикасы жеңімпаз атанды. Олар жылына 12 мың тонна тауық етін шығарады. Келер жылы ол 25 мың тоннаға жетпек. Ал екінші орынды Кенді Алтайдағы іскер азамат, “Құрмет” орденді, белгілі кәсіпкер Сейілжан Сайлаубаевтың “Шығыс-Сүт” ЖШС иеленді. Нарыққа алғашқылардың бірі болып көшкен С.Сайлаубаев жабылып қалған бес-алты зауытты сақтап қалды, қазір онда екі мыңнан астам адам еңбек етуде. Ұлан, Үлкен Нарын, Үржар, Зырян және Өскемендегі сүт зауыттары халықтың сұранысын өтеуде. Ал екі үшінші орынды “Зайсан сулары” және “Фархат” серіктестіктері иеленді. Қуат Әбжановтың “Зайсан сулары” өнімдерін қазір көрші мемлекеттер де тұтынып жатыр.
Информация о работе Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы