Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 18:18, реферат
Қазіргі таңда еліміз үшін мемлекеттік құрылысты жетілдіру, оның ішінде биліктің әр деңгейге бөлінуі, яғни мемлекеттік биліктің маңызды элементі болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізу өте маңызды мәселелер болып табылады. Мемлекетті экономикалық, әлеуметтік және саяси жағынан одан әрі демократияландыруда, жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіруде әкімшілік-экономикалық механизмдердің алатын орны ерекше. Мемлекеттің негізгі қызметі ұлттық егемендікті, меншік құқығын, заңды және қоғамдық тәртіпті сақтау, ақша айналысын және сыртқы сауданы реттеу т.с.с. болып келсе, жергілікті өзін-өзі басқару аясына жергілікті бюджетті бекіту, жергілікті түсімдерді белгілеу, халыққа білім беру мен денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек беру, ауылды көгалдандыру, өз аумақтарында тазалық жұмыстарын жүргізу сияқты қызметтер кіреді.