Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 13:58, реферат
Өлшемді мақсат – алдыңызға қойған мақсатқа жету үшін нақты не істеу қажет екенін, сондай-ақ жоспарыңызға жетуге қаншалықты жақындағаныңызды түсіну қажет. «Ақшам көп болсын» деген сияқты мақсаттың жүзеге асуы екіталай. Мұндай тұманды тұжырымдар соншалық бұлыңғыр, тіпті сіздің өзіңіз оған жеткен жетпегеніңізді байқай алмай қаласыз. Мысалы: мотороллер 72000 теңге тұрады, ал сізде 36000 теңге бар, – демек, тағы да 36000 теңге жинау қажет.
Бюджет жоспарлау
«Өзіңе
сен, өзіңді алып шығар,
айтқандай отбасының
әл-ауқаты өзіміздің қабілетімізге,
еңбекқорлығымызға және барды ұқсата
алу икемділігімізге
Қаржылық мақсаттарды таңдау
Сіздің қаржылық мақсаттарыңыз нақты, өлшемді, қолжетерлік, мәнді, уақыт бойынша анықталған болуы қажет.
Нақты мақсат – дұрыс қойылған мақсаттар әрқашан нақты және келесі іс-әрекеттерді айқындайды. Мысалы: мотороллер сатып алуға жеткілікті ақша жинау (жай ғана ақша жинауды бастау емес).
Өлшемді мақсат – алдыңызға қойған мақсатқа жету үшін нақты не істеу қажет екенін, сондай-ақ жоспарыңызға жетуге қаншалықты жақындағаныңызды түсіну қажет. «Ақшам көп болсын» деген сияқты мақсаттың жүзеге асуы екіталай. Мұндай тұманды тұжырымдар соншалық бұлыңғыр, тіпті сіздің өзіңіз оған жеткен жетпегеніңізді байқай алмай қаласыз. Мысалы: мотороллер 72000 теңге тұрады, ал сізде 36000 теңге бар, – демек, тағы да 36000 теңге жинау қажет.
Қолжетімді мақсат – сіздің келесі әрекеттеріңіз нақты мүмкін болуы қажет. Мысалы: мен бұл мақсатқа жету үшін бір жыл қажет екенін білемін.
Мәнді мақсат – алға қойылған мақсаттар дұрыс мағынаға сай болуы қажет. Сіздің қажеттіліктеріңізге жауап бермейтін мақсатқа жету үшін күш салудың қажеті жоқ. Мысалы: сізге 20 футболка сатып алу үшін ақша жинау керек емес.
Уақыт бойынша айқын мақсат – белгілі бір күні көздеген мақсатқа жетуге тырысыңыз. Мы-салы: мото маусымының ашылуы сәуірде, демек мен мотороллерге алты ай ішінде ақша жинауым қажет.
Сурет мына жерден алынды