Бюджеттің кірістері, шығыстары және бюджеттік тапшылық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 10:14, реферат

Описание

Соңғы жылдардың ішінде Қазақстан Республикасының экономикалық стратегиясы макроэкономикалық жағдайдың тұрақтануына қол жеткізу болып табылды, бұл мемлекеттік бюджет тапшылығының азаюын және қатаң монетарлық және кредиттік саясатты іске асыруды білдірді. Бұл міндетті шешуде Республика елеулі табыстарға қол жеткізді: атап айтқанда, 2004 жылы Бюджет кодексі қабылданды, бағдарламалық-мақсатты және орта мерзімді бюджеттік жоспарлау әдістері белсенді түрде қолданыла бастады.

Содержание

Кіріспе 3
1. Бюджет және бюджет жүйесі ұғымы 4
2. Бюджеттің кірістері, шығыстары және бюджеттік тапшылық 7
3. Мемлекеттік борыш 13
ҚОРЫТЫНДЫ 15
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

бюджет кірістері мен шығыстары.doc

— 82.00 Кб (Скачать документ)

     2006 жылдан бастап шоғырландырылған  бюджеттің кірістері елеулі түрде  ұлғайды: 3 375,8 млрд теңгеден (ЖІӨ-нің 33,1%-ы) 4 789,3 млрд теңгеге дейін (ЖІӨ-нің 37,3%-ы).

     Егер  шоғырландырылған бюджеттің құрылымы туралы айтар болсақ, онда жергілікті бюджет рөлінің біршама күшейгенін (оның үлесі 2%-ға ұлғайды) және Ұлттық қор рөлінің елеулі түрде күшейгенін (оның үлесі 7%-ға ұлғайды) атап өту қажет.

     Бюджетке  түсетін қаражат түсімдеріне  қатысты мемлекеттік және республикалық  бюджеттер жөніндегі деректер неғұрлым көрнекі болып табылады. Жыл өткен сайын бюджет кірістерінің тұрақты өсімі байқалады. 2006 жылмен салыстырғанда мемлекеттік бюджеттің кірістері 2 338,0 млрд теңгеден 2 887,8 млрд теңгеге дейін өсті. Егер ЖІӨ-ге қатысты кірістерді қарастыратын болсақ, онда мынадай серпінді байқауға болады: 2004 жылдан бастап елеулі өсім болды – көрсеткіш 5,7%-ға өсті; 2005 жылдан бастап көрсеткіш төмендей бастайды, әйтсе де 2006 жыл мен 2007 жыл арасындағы өзгеріс елеулі емес және бар-жоғы  0,3% пайызды құрайды.

     Республикалық бюджетке келетін болсақ, оның түсімдерінің серпіні жалпы тұрғыдан алғанда, мемлекеттік бюджеттің серпінін қайталайды: кірістердің тұрақты өсуі байқалады, атап айтқанда, 2006 жылғы 1 847,2 млрд теңгеден 2007 жылы 2 221,5 млрд теңгеге дейін. ЖІӨ-дегі кірістердің үлесі де 2005 жылдан бастап төмендейді, бірақ 2006 жыл мен 2007 жыл арасындағы өзгеріс бар-жоғы 0,8%-ды құрайды.

     Түсімдердің көлемі (29%) бойынша екінші орынды тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын  ішкі салықтар алады. Оның ішінде барынша  көп кірісті қосылған құн салығы (629,3 млрд теңге), акциздер (58,8 млрд) және табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер (132,2 млрд теңге) алады. Қосылған құн салығы (ҚҚС) – бұл кәсіпорынның (фирманың) ол өндіретін тауардың немесе қызметтің нарықтық құндылығына қосқан үлесіне салынатын салық. Қазақстанда ҚҚС-тан түсетін кірістің ауқымды бөлігін республиканың аумағына импортталатын тауарлардан алынатын салық құрайды. Акциз – елдің ішінде негізінен жаппай тұтынатын заттарға (темекі, шарап және т.б.) белгіленетін жанама салық түрлерінің бірі. Олардың ішінде республика бюджетіне барынша көп кірісті алкоголдік ішімдіктерге, темекіге және бензинге қойылатын акциздер әкеледі.  Ресурстарды пайдаланғаны үшін алынатын түсімдердің ішінде барынша ауқымды үлесті қоршаған ортаға  эмиссия үшін төлем әкеледі.

     Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің шығындары 2008 жылы 2 716 млрд теңгені  құрады. Бұл 2007 жылмен салыстырғанда 31,3%-ға көп. Бюджеттің шығыстары ЖІӨ-ге қатысы бойынша 2008 жылы (19,3%) 2007 жылдың деңгейінде сақталды. Қазақстанның республикалық бюджеті шығыстарының жалпы көлемінің өсу серпіні 14-суретте ұсынылған.

     Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде республикалық бюджеттің шығыстары  үшін мынадай функционалдық топтар бойынша жіктеме көзделген:

     - жалпы сипаттағы мемлекеттік  қызметтер; 

     - қорғаныс;

     - қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі;

     - білім беру:

     - денсаулық сақтау;

     - әлеуметтік көмек және әлеуметтік  қамтамасыз ету;

     - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық;

     - мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық  кеңістік;

     - отын-энергетикалық кешен және  жер қойнауын пайдалану;

     - ауыл, су, орман, балық шаруашылығы,  ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған орта мен жануарлар  дүниесін қорғау, жер қатынастары;

     - өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі;

     - көлік және коммуникациялар;

     - өзгелері;

     - борышқа қызмет көрсету;

     - трансферттер.

     Қазақстан Республикасы шоғырландырылған бюджетінің шығындары жергілікті бюджеттердің, республикалық бюджеттің шығындарынан және Ұлттық қордың шығыстарынан тұрады. Көптеген функционалдық топтар бойынша шығыстар жергілікті және республикалық бюджеттен жүзеге асырылады, сол уақытта Ұлттық қордан республикалық бюджетке ҚР Президенті айқындайтын мақсаттарға нысаналы трансферттерді қаржыландыру жүзеге асырылады.

     Ал  Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру мен пайдаланудың орта мерзімді перспективаға  арналған тұжырымдамасына сәйкес үкіметтік  қарыз алу саясаты Ұлттық қор  активтерінің нарықтық құнына кепілдендірілген борышты ескере отырып, үкіметтік борышты 50-70-пайыздық қатынасқа қол жеткізуге бағдарланатын болады.

     Үкімет  ішкі қарыздарды ірі инфрақұрылымдық  және әлеуметтік маңызы бар жобаларды  іске асыру үшін тарту ниетінде.

     Сыртқы  үкіметтік қарыздарды өтеу халықаралық қаржы ұйымдары, шетелдік мемлекеттердің үкіметтері, шетелдік коммерциялық банктер мен фирмалар  берген қарыздар бойынша үкіметтік борышты өтеу кестесіне сәйкес жүзеге асырылатын болады.

     Орта  мерзімді кезеңдегі бюджетаралық қатынастар саясатының негізгі мақсаты мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерін оларға бекітілген мемлекеттік қызметтерді толыққанды ұсыну және оларға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін жеткілікті қаржы қаражатымен қамтамасыз ету болып табылады.

     Бюджет  кодексіне сәйкес бюджетаралық қатынастар трансферттер мен бюджеттік кредиттер арқылы, сондай-ақ облыстық және аудандық бюджеттердің арасында кірістерді бөлу нормативтерімен реттеледі.

     Қазіргі кезде «Жалпы сипаттағы трансферттердің 2008 – 2010 жылдарға арналған көлемдері  туралы» Заң әрекет етеді. 2011 жылдан бастап жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі есептеу әдістемесін жетілдірумен қайта есептелетін болады, сондай-ақ «Жалпы сипаттағы трансферттердің 2011 – 2013 жылдарға арналған көлемдері туралы» Заң қабылданатын болады. 

3. Мемлекеттік борыш 

     Мемлекеттік борыш анықтамасы Қазақстан Республикасының  Бюджет кодексінде берілген. Мемлекеттiк  борыш - Қазақстан Республикасының  заң актiлерiне сәйкес, өзара талаптарды есепке алмай, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң борышына немесе мәслихаттардың шешiмдерiмен жергiлiктi атқарушы органдардың борышына жатқызылған алынған (игерiлген) және өтелмеген мемлекеттiк қарыздардың, концессиялық міндеттемелердің белгiлi бiр күнге, сондай-ақ борыштық мiндеттемелердiң белгiлi бiр күнге сомасы. Осылайша, Қазақстанның мемлекеттік борышы Үкіметтің, Ұлттық банкінің және жергілікті атқарушы органдардың борыштарын қамтиды.

     Мемлекеттік борыштың пайда болуы бюджет тапшылығын қаржыландыру және қоғамдық мұқтажды қанағаттандыру үшін ақша ресурсын тартудың бір нысаны ретінде мемлекеттік қарызды пайдаланумен туындаған. Мемлекеттік борыштың болуы белсенді дамушы мемлекет үшін қалыпты жағдай болып табылады. Мемлекеттік борыш өз бетінше елдің экономикасы үшін оң немесе теріс фактор болып табылмайды. Егер оның экономикасы тұрақты болса, заң шығарушы база осы қарым-қатынас саласын нақты белгілейді және мемлекеттік борыштың болуы елдің халықаралық имиджіне теріс әсер етпейді. Мысалы, АҚШ экономиканың көптеген көрсеткіштері бойынша көшбасшы бола тұра, оның мемлекеттік борышы да бар.

     Мемлекеттік борыш, әдетте, ішкі және сыртқы болып  бөлінеді. Мемлекеттiк iшкi борыш - Қазақстан  Республикасы Yкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының резиденттерiнiң алдындағы мемлекеттiк iшкi қарыздары мен басқа да борыштық мiндеттемелерi бойынша мемлекеттiк борышының құрамдас бөлiгi. Мемлекеттiк сыртқы борыш - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасының қарыз берушілерінің-резидент еместерiнiң алдындағы мемлекеттiк сыртқы қарыздар мен басқа да борыштық мiндеттемелерi бойынша мемлекеттiк борышының құрамдас бөлiгi.

     Әлемдік тәжірибеде мемлекеттің қаржылық тұрақтылығының макроэкономикалық көрсеткішінің бірі ретінде борыш көлемінің ЖІӨ-ге қатынасы пайдаланылады. 2008 жылғы 1 қаңтарға Қазақстанның мемлекеттік борышы 917,99 млрд теңгені (7,63 млрд АҚШ долларын), немесе 7,2% ЖІӨ құрайды. 2001-2007 жылдары Қазақстанның мемлекеттік борышы елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер тудыратын шектен шыққан жоқ. ҚР Үкіметінің сыртқы борышының негізгі кредиторлары Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі, Еуразия Қайта Құру және Даму Банкі, Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Банкі, Ислам Даму Банкі, Азия Даму Банкі, шетел коммерциялық банктері болып табылады. Ұлттық банкінің сыртқы борышы 2000 жылғы мамырдан бастап жоқ, Халықаралық валюта қорының қарызын мерзімінен бұрын өтегеннен соң. Сыртқы борыштың болуы экономикадағы ерекшеліктен бұрын, қағида болып саналады. Экономикалық дамыған елдердің, әдетте, елеулі мемлекеттік борышы бар.  

ҚОРЫТЫНДЫ 

     Бюджет  – мемлекеттің міндеттері мен  функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз ету үшін арналған оның орталықтандырылған ақшалай қоры.

     Бюджеттің экономикалық тұрғыдан арналуы, оның қоғамдық ұдайы өндірудегі орны мен рөлі, сондай-ақ Конституцияда белгіленетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы Қазақстанның бюджеттік құрылысы үшін негіз құрайды.

     Бюджеттік құрылыс деп экономикалық та, сондай-ақ ұйымдастырушылық-құқықтық та тұрғыдан алғанда, мемлекеттік бюджетті ұйымдастыру ұғынылады. Бұған мемлекеттік бюджеттің ішкі бөлімшелерінің құрамы мен құрылымы, оларды пайдалану саласының функционалдық ара жігінің ажыратылуы, тең бағыныстылық, өзара іс-қимыл, сондай-ақ бюджетті ұйымдастырудың құқықтық және рәсімдік жағы енгізіледі. Басқа сөзбен айтқанда, бюджеттік құрылыс – бұл бюджет жүйесін ұйымдастыру, оны құру қағидаттары.

     Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі Қазақстан  Республикасы Бюджет кодексінің 4-бабында  айқындалған қағидаттарға негізделеді. Оларға бірлік, толықтық, шынайылық, транспаренттілік, сабақтастық, нәтижелілік, дәйектілік, негізділік, уақтылылық, кассалардың бірлігі, бюджеттердің дербестігі, тиімділік, жауапкершілік, бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты сияқты қағидаттар жатады. 
 
 
 
 

      ҚОЛДАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

  1. «Қазақстан - 2030» Даму стратегиясы
  2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Қазақстан халқына Жолдауы – Казахстанская правда, 2008
  3. «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 194 Заңы
  4. «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсанындағы № 96-IV Заңы
  5. Мемлекеттік бюджет туралы заңдарға қосымша 2006, 2007, 2008 жылдар //www.minfin.kz 
  6. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары. Астана, 2008 жыл.
  7. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары. Астана, 2008 жыл.
  8. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі. 2008 жылғы 25 шілдедегі экспресс-ақпарат № 4-3б/16. «Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына инвестициялар туралы».
  9. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің статистикалық бюллетені

Информация о работе Бюджеттің кірістері, шығыстары және бюджеттік тапшылық