Бюджеттік жүйенің қызмет ету принциптері. Біртұтас және федералды мемлекеттердегі бюджеттік жүйенің ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 21:12, реферат

Описание

Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі ынтымақтық, толығу, бірізділік, басымдылық, шынайылық, жайдарылық, дербестік, жауаптылық, тиімділік және нәтижелілік принциптерге негізделеді. Бұл принциптер арасында басты болып ынтымақтастық және дербестік принциптері саналады, олар бюджеттік процесті ұйымдастырудың да негізгі принциптері болып саналады. Бюджеттік кодексте жоғарыда айтылған принциптердің әр біреуіне түсініктеме берілген.

Работа состоит из  1 файл

Бюджеттік жүйенің қызмет ету принциптері.docx

— 31.90 Кб (Скачать документ)

    Бюджетаралық  қатынастар белгілі бір принциптерге  негізделеді. Қазақстан Республикасының  Бюджеттік кодексінде келесі  бюджетаралық принциптер мазмұндалған:

  • төмен тұрған бюджеттердің жоғары тұрған бюджеттермен арақатынасындағы тепе-теңдік;
  • түсімдердің келесі шектеу критерийлерін есепке ала отырып, оларды тиімді бөлу:

      а) төмен  тұрған бюджеттер маңында тиянақты  сипаты бар, сыртқы факторлардың  әсеріне тәуелсіз салықтық және  салықтық емес түсімдер бекітіледі;

     ә) мемлекеттік  мекемелер көрсеткен қызметтерге  төленген төлемдер салықтық және  салықтық емес түсімдер ретінде  сол қызметтерді қаржыландыратын  бюджеттің кірісі болып түседі;

    б) қайта бөліс  сипатты және салықтық базасының  жайғастыруы бір қалыпты емес  салықтар бюджеттік жүйенің неғұрлым  деңгейіне бекітіледі;

    в) салықтар  мен бюджеттің басқа міндетті  түсімдері неғұрлым оларды жоғары дәрежеде жинайтын бюджет деңгейіне бекітіледі;

   г) тиянақты аумақтық  салықтық база бойынша жинайтын  салықтар жергілікті бюджеттер  маңына бекітіледі.

  • әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша бюджеттік деңгейлерді қамтамасыз етуді теңестіру;
  • жергілікті атқарушы органдардың мөлшерлес деңгейде мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік қызметті максималды тиімді және нәтижелі көрсету, яғни мемлекеттік қызмет көрсетуді неғұрлым соларды тиімділік және нәтижелік түрде өңдіретін және көрсететін мемлекеттік органдар маңына бекіту;
  • мемлекеттік қызмет көрсетуді деңгейді оларды алушыларға максималды жақындату, яғни мемлекеттік қызмет сапасын жоғарлату мен оларды алушылардың сұраныстарын жақсы білу үшін қызмет атьқаруды бюджеттік жүйенің неғұрлым төменгі деңгейіне беру;
  • алынған ресми трансферттер мен несиелерді тиімді және бекіткен мақсатта пайдалану маңындағы әрбір бюджет деңгейінің жауапкершілігі.

      Тәжірибеде  бюджетаралық қатынастарды реттеудің  әр түрлі формалары бар. Олар  бюджет деңгейінің әр біреуінің  салықтық потенциалы, аймақтардың  мұқтаждықтарын объективті бағалау  нәтижесі мен бекітілген натуралды  нормалардың есебі арқылы анықталады. Республиканың Бюджеттік кодексі  бойынша бюджетаралық қатынастар  реттеудің формалары ортамерзімді  фискалдық саясатқа сәйкес тағайындалады.

     Республикалық  және облыстық, республикалық маңызы  бар қалалар мен астана бюджеттері  арасындағы бюджетаралық қатынастарды  реттеу формалары жөнінде ресми  трансферттер мен бюджеттік несиелер қолданылады. Ал облыстық және аудандық, облыстық мағынадағы қала бюджеттері арасындағы бюджетаралық қатынастар ресми трансферттер, бюджеттік несиелер және кіріс бөлу нормативтер арқылы реттеледі.

     Трансферттер механизмі бюджеттік реттеуді біріккен әдістемемен қамтамасыз ету мен бюджетаралық қатынастар қалыптасуының субъективтік түрде болмауы үшін қолданылады. Трансферттер нормативті-бөлшекті әдіс негізінде есептеледі, сондықтан ол аумақтардың бюджеттік кірістерін көлбеулі теңестіру мен оларға қаржылық жәрдемді бәріне бірдей тәртіппен көрсетуге мүмкіншілік береді.

     Жаңа Бюджеттік  кодекске сәйкес республика бюджеті  жаңа құрылымда қалыптасады. Құрылымға  келесі бөлімдер кіреді:

    1. Кірістер:
    • салықтық түсімдер;
    • салықтық емес түсімдер;
    • негізгі капитал сатудың түсімдері;
    • ресми трансферттер түсімдері.
    1. Шығындар;
    1. Операциялық қалдық;
    2. Таза бюджеттік несиелеу-бюджеттік несиелер, бюджеттік несиелерді өтеу;
    3. Қаржы активтер операциялары бойынша қалдық-қаржы активтерді сатып алу, мемлекеттің қаржы активтерді сатудың түсімдері;
    4. Бюджет тапшылығы (профициті);
    5. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)-займдар түсу, займдарды өтеу, бюджет құралдары қалдығының қозғалысы.                

         Жоғарыда келтірілген құрылым  бойынша бюджеттің бекітуі мен  оны атқару жөніндегі есеп  беру құрастырылуы іске асады.  Бұл арада бюджет кірістері  маңында салықтық және басқа  да міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, ресми трансферттер, бюджетке ақысыз берілетін ақшалар келтіріледі. Және де ресми трансферттерден басқа кірістерде мақсатты арнаулары болмайды.

       Бюджет  шығындары маңында қайтарылмайтын  негізде бөлінетін бюджеттік құралдар алынады. Олар мемлекеттік мекемелерінің іс-әрекетін қамтамасыз ету, мемлекеттік саясатты іске асыруға қажетті тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алу, жеке тұлғаларға ақшалы төлемдер мен заңды тұлғаларға субсидиялар беруге пайдаланады. Бюджет шығындарына ресми трансферттер де жатады, себебі олар бір бюджеттен басқа деңгейдегі бюджет пен Ұлттық қорға төлейтін төлемдер.

      Бюджет  кірістері мен шығындары арасындағы  айырмасы операциялық қалдық (сальдо) деп аталады. Бұл арада, егер  де бюджет шығындары кірістерінен  асып түссе, онда теріс операциялық  қалдық болады,ал кері болса-онда  оң операциялық қалдық болады. Теріс операциялық қалдық жіберіледі, егер де бюджет шығындарына  даму бюджеттік бағдарламалар  болса, бірақ оның шекті көлемі  мемлекеттің ортамерзімді фискальды  саясатпен анықталады.

      Қазіргі уақытта ақысыз бюджеттік қаржыландырумен қоса бюджеттік несие беру арқылы бюджеттік несиелендіру де пайдаланды. Мұндай несиелер қайтару және өтелу шарттары негізінде беріледі, бірақ олар бойынша пайыздар немесе жалпы алынбайды, не болмаса банк несиелері пайыздарының деңгейінен төмен алынады. Сондықтан, бюджет несиелері банк несиелері мен бюджеттік қаржы беру арасынан орын алады. Осыған байланысты бюджет құрылымында бюджет несиелері мен оларды өтеу арасындағы айырмасы арқылы есептелетін таза бюджеттік несиелендіру деген түсінік бар.

     Мемлекеттің қаржы активтермен мүліктенуге жұмсалған шығындар мен оларды өткізуден түскен түсімдер арасындағы айырмасы қаржы активтер операциялары бойынша қалдық (сальдо) деп аталады. Қаржы активтермен мүліктену маңында заңды тұлғалар мен халықаралық ұйымдардан мемлекеттік меншікке қатысу үлесі мен құнды қағаздар сатып алуға жұмсалған шығындар табылады. Ал қаржы активтерді өткізуден алынған түсімдер болып мемлекеттік меншіктегі, мемлекеттік кәсіпорындардың оперативтік немесе шарушылық басқарудағы заңды тұлғалар мен халықаралық ұйымдардың қатысу үлесі мен құнды қағаздарын сатудан түскен бюджет кірістері табылады.

     Бюджеттік  тапшылық (дефицит) маңында бюджет  шығындарының оның кірістерінен  артықшылығы қарастырылады, ал  егер де бюджет кірістері оның  шығындарынан асып түссе, онда  бюджеттік профицит деген түсінік  болады. Бюджет тапшылығының (профициттің)  мөлшері операциялық қалдықтан  таза бюджеттік несиелеу мен  қаржы активтер операциялар бойынша  қалдықты минустағанға тең.

    Бюджеттік тапшылықты  өтеу үшін мемлекет әр түрлі әдістерді пайдаланады, мысалы, ақша эмиссиясы, ішкі және сыртқы шеттен алып пайдалану. Республиканың Бюджеттік кодексінде бюджеттік тапшылықты қаржыландыру шеттен алып пайдалану мен бюджет құралдарының бос қалдықтары есебінен қарастырылған. Бюджет тапшылығын қаржыландыру мөлшері тапшылық мөлшеріне сәйкес және ол алынған займдар мен бюджеттік құралдар қалдықтары сомасының займдар бойынша негізгі берешекті өтеу сомасының артықшылығы арқылы анықталады.

     Бюджет профицитін  пайдалану деген бюджет профицитін, займдар құралын, бюджет құралдарының  бос қалдықтарын займдар бойынша  негізгі берешекті жұмсау. Оның  көлемі займдар бойынша негізгі  берешекті өтеу сомасының алынған  займдар мен бюджет құралдар  қалдығының қозғалысы сомаларынан  артықшылығы арқылы анықталады.

 

                     Бюджеттік жүйенің қызмет етуін құқықтық қамтамасыз ету

    Бюджет жүйесінің қызмет етуі заңнамалық нормалармен реттеледі. Бюджет жүйесінің құрылуы мен әрекетін және билік пен басқарудың мемлекеттік органдарының бюджеттерді жасау, қарастыру, бекіту, атқару жөніндегі құзыретін анықтайтын барлық заңнамалық нормалар өз алдына бюджеттік құқықты көрсетеді. Республикалық және жергілікті бюджеттерді жасау, қарастыру, бекіту мен атқаруы Бюджеттік кодекс және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жөнінде» атты заңмен анықталады.

    Бюджеттік кодексте  барлық бюджет түрлері бойынша  анықтама берілген, кірістер мен  шығындардың атаулары жазылған, бюджет атқару жөнінде есеп беруді құрастырудың тәртібі, оларды бекіту мен бақылау сауалдары қарастырылған. Мұнда тиісті бюджет кірісі болып толығымен және норматив бойынша бөлініп түсетін салықтар мен түсімдер анықталған. Ұлттық қордың қалыптасу тәртібі, қайнар көздері мен мен пайдалануы және оны басқаратын Кеңестің функциялары Бюджеттік кодексте анықталған.

    Бюджеттік қатынастарды  реттеу аумағындағы мемлекеттік  органдар құрылымына ҚР Президенті, ҚР Парламенті, Республикалық бюджетті  атқаруын бақылау жөніндегі Есеп  комитеті, ҚР Үкіметі, бюджетті  жоспарлау, атқару жөніндегі орталық  өкілетті органдар, жергілікті өкілдік  және атқарушы органдар кіреді. Бюджеттік кодекс бойынша Қазақста Республикасы Президентінің бюджеттік қатынастарды реттеу аумағындағы уәкілдігі республикалық бюджетті жасау мен оны атқару жөнінде есеп берудің тәртібін анықтау, Республикалық бюджет комиссиясы жөніндегі Ережені, оның құрамын анықтау, бекіту, елдің бюджеттік саясатының негізгі бағыттарын анықтау болып табылады.

     Бюджеттік  кодекске сәйкес елдің заңнамалық  органы –Парламенті бюджеттік қатынастарды реттеу аумағында республикалық бюджеті мен оған енгізілген өзгерістер мен қосымшаларды бекіту, Үкімет пен Есеп комитетінің республикалық бюджетті атқару жөніндегі есептерін қарастыру мен бекіту және басқа да қажетті уәкілдіктерді басқарады.

      Республикалық  бюджетті атқарылуын бақылау  жөніндегі Есеп комитетінің бюджеттік қатынастар аумағындағы уәкілдігіне сыртқы бақылау жүргізуінің тәртібін тағайындау мен оны іске асыру,мемлекеттік қаржы бақылау стандарттарын жасау, қабылданған шешімдерді атқаруына мониторинг жүргізу және заңнамалы-нормативтік актілерге сәйкес басқа да қызметтер кіреді.

     Бюджеттік  кодекске сәйкес ҚР Үкіметінің  бюджеттік қатынастар аумағындағы  құзыретіне келесі қызметтер  кіреді:

    • әр түрлі көрсеткіштер есептеу әдістерін анықтау;
    • бюджеттерді жасау мен атқару тәртібін қамтамасыз ететін әр түрлі процедуралар тағайындау мен бекіту;
    • республикалық бюджет пен оны атқару жөніндегі есепте ҚР Парламентіне ұсынылу;
    • ҚР Ұлттық банкімен бірге ҚР Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану жөнінде жылдық есеп беру;

     Бюджеттік кодексте бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару, ішкі бақылау жөніндегі орталық өкілетті органдар және облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана мен аудандардың құқықтары бекітілген.

«Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару  жөнінде» атты Заң жергілікті мемлекеттік  басқару аумағындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және жергілікті өкілдік пен  атқарушы органдардың уәкілдігі, ұйымдастыруы мен іс-әрекет тәртібін анықтайды. Осы Заңға сәйкес жергілікті мемлекеттік басқаруы – ол тиісті аумақтың ахуалынажауапты және сол аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу мақсатында өз іс-әрекетін іске асыратын жергілікті өкілдік және атқарушы органдардан құрайды.

  Жергілікті өкілдік  орган-ол жергілікті тұрғындармен  сайланушы, олардың жігерлерін  әлпеттейтін және оны іске  асыфру мен бақылау үшін заңнамалар негізінде шаралар анықтап, қолданатын сайламалы орган-Мәслихат. Мәслихаттың уәкілдігіне тиісті аумақтардың жоспарлары, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламалары, шығындар жоспарларын бекіту жатады. Мәслихат жергілікті бюджеттерді атқару бойынша сыртқы бақылау жүргізу мен сол жөніндегі есеп беруді қарастыру жасайтын өзінің ревизиялық комиссиясын сайлайды.

   Жергілікті атқарушы органдар – әкімгершіліктер заңнамаларға сәйкес тиісті аумақтар бойынша жоспарлар, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын, бюджеттер жасап, маслихаттарға бекітуге ұсынады және олардың атқаруын қамтамасыз етіп, сол жөнінде есеп беруді қалыптастырады. Жергілікті мемлекеттік басқарудың экономикалық және қаржылық негізін келесілер құрады:

    • жергілікті бюджет;
    • заңды тұлғалар және маңында бекітілген коммуналдық мүлік;
    • заңнамаларға сәйкес бекітілген басқа да коммуналдық мүлік.

    «ҚР жергілікті  мемлекеттік басқару жөнінде» атты ҚР заңында бюджеттің кірістері мен шығындарын қалыптастыру және реттеу жөніндегі арнайы ережелері де анықталады. Мемлекет және оның аумақтық бөлімдерінің бюджетті-құқықтық мәртебесі негізі-ол осы құқықты іске асыруға пайдаланатын кең таралған бюджеттік уәкіліктікті құрайтын дербестік бюджет жөніндегі құқық, Биліктің әр деңгейіндегі уәкіліктікте өз ерекшеліктері бар, бірақ бюджетті қалыптастыру, оны атқару және бөлінген бюджеттік ақша беруді пайдалануын бақылау процестері биліктің атқарушы органдарының уәкіліктігінде болады.

Информация о работе Бюджеттік жүйенің қызмет ету принциптері. Біртұтас және федералды мемлекеттердегі бюджеттік жүйенің ерекшеліктері