Инвестициялық қор дегеніміз не?

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Января 2012 в 13:33, реферат

Описание

Инвестициялық, өзара, қоғамдық немесе бірлескен қор (Mutual fund, Investment company, Unit trust) -бұл сіздің қаржыларыңызды құнды қағаздарға және басқа да қаржы инструменттерін инвестициялаумен айналысатын инвестициялық компания. Бұл компания сіздің қаржыларыңызды басқаруға жауапкершілік алып, өз ұйғарымы бойынша инвестициялар жасайды. Инвестициялық қорға инвестиция салу арқылы сіз басқа инвесторлармен бірге осы қордың үлкен портфолио (портфелінің) бір бөлігінің иесіне айналасыз.

Работа состоит из  1 файл

Aidana2.doc

— 44.50 Кб (Скачать документ)

Инвестициялық  қор дегеніміз не?

      Инвестициялық, өзара, қоғамдық немесе бірлескен қор (Mutual fund, Investment company, Unit trust)  -бұл сіздің қаржыларыңызды  құнды  қағаздарға  және   басқа да  қаржы инструменттерін   инвестициялаумен айналысатын  инвестициялық  компания. Бұл компания  сіздің  қаржыларыңызды  басқаруға  жауапкершілік  алып, өз ұйғарымы   бойынша  инвестициялар  жасайды.  Инвестициялық  қорға  инвестиция салу арқылы сіз   басқа  инвесторлармен  бірге  осы қордың  үлкен   портфолио (портфелінің) бір  бөлігінің  иесіне  айналасыз.

Ол қалайша  жүзеге асады?

     Өте  қарапайым.  Егер сіз  инвестициялық  қорға  инвестиция салуға  шешім қабылдасаңыз,  сіз осы  қордың  құнды  қағаздарын сатып  аласыз. Қордың акциясын  немесе  сертификатын сатып  алуға  жұмсалған  сіздің  ақшаңыз, осы  қордың  менеджері  арқылы , оның  пікірі  бойынша  қазіргі сәтте  нарықта  болашағы  зор деп саналатын  компаниялардың акцияларына немесе  бондыларына   инвестицияланады.  Қор менеджері  күн сайын  таза активтердің (Net asset value)   құнын есептеп,  қордың  құнды қағаздарының қаншасын  инвесторлар сатып алғанын анықтайды, содан кейін  қордың сол  күнгі бір акциясының  немесе  пайының құнын есептеп  шығарады. Егер сіз  қордың құнды  қағаздарын көбірек  сатып алғыңыз келсе, ақшаңызды  қорға  жібересіз, сіз үшін  сол сәттегі сатып алу  бағасы  бойынша жаңа  акциялар немесе  сертификаттар  шығарылады. Егер  қор менеджері  қабілетті  адам  болса, қордың құнды  қағаздарының  бағасы көтеріледі,  сәйкесінше,  сіздің  салымдарыңыздың   сомасы  да   жоғарылайды.

Қордың  құнды қағаздарының  бағасы қалайша көтерілуі  мүмкін?

     Қордың  ақша табуының  екі  негізгі  тәсілі  бар. Және олардың  сіз компаниялардың акциялары  мен  бондтарын өзіңіз  тікелей  сатып алған кезіңізде    пайдаланған  тәсілдерден ешқандай айырмашылығы  жоқ.:

1. Инвестициялық  қор  өзі акцияларына  ие компаниялардан дивиденттер ала алды,  сонымен  қатар, ақшаны  проценттік  үстемемен банкте  ұстайды немесе  өзі ие бондтардан  процент алады.  Сол  қаржыларды алған соң, қор оны   өз инвесторларына  бөледі.

2. Қор  менеджері  инвесторлар  қаржысын түрлі құнды  қағаздарға  инвестициялағаннан кейін, олардың  нарықтың  бағасы  өсуі  мүмкін. Бұл көптеген  қорлардың  негізгі  табысы  болып саналады.

     Өкінішке  орай,  қор әрқашан  ақша  таба  бермейді.  Егер  қор менеджерлері пайда әкелмеген  немесе , керісінше,  бағасы төмендеген   қандай да  бір  инвестиция жасаса, қор менеджері шығынға  ұшырауы  мүмкін. Бірде- бір  қор  пайда  табуға немесе  сіздің  құйған  қажыңызды сақтауға  кепілдік  бере алмайды. Ешкім  шығынға   ұшырағысы келмейді, инвестициялық  қорлар да  сондай. Егер  қордың  шығыны пайдасынан асып кетсе  және қор менеджерлерінің   ахуалды  түзей алмасына көзіңіз жетсе,   сол  қордағы  құнды  қағаздарыңызды сатып, өз қаржыңызды  бұдан гөрі  табыстырақ  қорға  салғаныңыз  жөн болар.

     Инвесторларға  өз қызметтерін  ұсынатын  көптеген   қорлар  бар. Олар  бір-бірінен  өздерінің  өлшемдерімен, табыс  деңгейімен, инвестициялау  саласымен, және  т.б. ерекшеленеді. Жалпы әлем бойынша олар мыңдап саналады. Ал Украинада  олардың саны жыл сайын  өсуде.  Келесі  бөлімдерде сіздер инвестициялық  қорлардың түрлерімен  танысатын  боласыздар, сонымен  қатар, инвесторлар   сол  қаржы  өнімдеріне инвестиция салмас  бұрын нені  білуі керектігінен хабардар   боласыздар. Қазіргі  кезде Интернетте қорлар  туралы  ақпараттар  жеткілікті, іздеу  және салыстыру  жүйелері  арқылы сіз өз ақшаңызға  лайықты  үміткерлерді  таңдай аласыз, сондай-ақ комиссиялық ақыдан  және салықтардан  үнемдейсіз.

Инвестициялық  қорлардың  артықшылықтары  мен кемшіліктері

Инвестициялық  қорлардың  негізгі  артықшылықтары мыналар:

Диверсификация

     Диверсификацияның   көмегімен  инвесторлар  өз салымдарының тәуекелдігін әжептеуір азайта  алады. Инвестициялық  қорға  инвестиция  құя  отырып,  сіз  өз қаржыңызды осы  қор  инвестициялаған әр түрлі компаниялардың акцияларына, сондай-ақ бондтар, депозиттер және  басқа да  құнды  қағаздар сияқты  түрлі  қаржы  инструменттеріне   бөліп орналастыра аласыз. Бір  инвестициялардың  құны  төмендегенде,  көбіне екіншілері   көтеріле  бастайды,  бір немесе екі  қаржы  инструментін инвестициялаудың айырмашылығы тәуекелді  біркелкі  орналастыруға мүмкіндік  береді.

Өтімділік

     Қорлардың  белгілі  бір типтері   өтімділікке  ие,  ол арқылы  сізге өз салымдарыңызды   тез әрі  аса көп  шығынсыз қолма-қол ақшаға  ауыстыруыңызға  мүмкіндік  береді. Инвестициялық  қордың акцияларын, кезкелген компанияның акцияларын  тәрізді (ең  болмағанда   теория жүзінде) оңай сата аласыз. Бірақ  жағымсыз тосын  сыйлықтардан аулақ  болу  үшін,  ивестициялық  қорлар  белгілеуі  мүмкін шарттар мен ережелерді   біліп алған    жөн.  

Таңдау

     Инвестициялық  қорлардың  түрлері  өте көп (ол туралы  - бұдан  ары) . Кейбір қорлар  нақты  секторға  инвестиция салады,  енді  бірі  белгілі  бір қаржы  инструменттеріне маманданған.  Сізге  өз инвестициялық мақсаттарыңызға   бәрінен артық  жауап  беретін қорларды  таңдау керек.

Қолжетімділік

     Көптеген  инвестицицялық қорлар  инветициялауды өзіңіз  шамаңыз келетін сомадан бастауға  мүмкіндік  береді. Бұл белгілі  бір  әрекет еркіндігін қамтамасыз етеді. Бір сөзбен айтқанда,  инвестициялық  қорға  инвестиция  салу үшін сіздің бақуатты  адам  болуыңыз міндетті емес.

Ыңғайлылық

     Сіз  қорға   инвестиция саларда   сол   қор инвестициялаған ондаған  түрлі компанияларды  немесе   қаржы  инструменттерін  зерттеу туралы   толғануыңыздың  қажеті  жоқ.  Сіздің  істейтін нәрсесіз  -  сол  қор қандай  нәтижелер  көрсететінін  қадағалау. Белгілі  бір қорлардың  құнды  қағаздарын сатып алу  немесе сату  да  қиын емес  және сіз  өз қорыңызды  өз инвесторларына көбірек  пайда әкелетін басқа  бір  қорға ауыстыра аласыз.

Кәсіпқойлық менеджмент

     Инвестициялық  қорларды  құрамына   бір  қор  менеджері  және  бірнеше  сарапшылар кіретін кәсіпқойлар командасы басқарады. Кәдімгі  инвесторға  қарағанда, сөз жоқ, кәсіпқойлардың  тәжірибесі, білімі  және  мәліметтері мол. Сату, сатып алу  туралы  шешім  қабылдауда бұл ,әрине, өте  маңызды. Сонымен  қатар,    инвестициялық  қорлардың бәрі  бірдей   үнемі қанағаттанарлық  нәтиже көрсете  қоймайтынын  есте сақтау керек. Көбіне  олар  нарық индексінің  нәтижелерімен бір деңгейде тұра алмайды. Демек   мұндай қорлардың   менеджерлері инвестментте   өз білімімен және  іскерлігімен мақтана алмайды  деген  сөз.  Басқаша айтқанда,  олардың кезкелген  жеке  инвестордан артықшылығы  шамалы.

Информация о работе Инвестициялық қор дегеніміз не?