Казақстан республикасында фискалды саясатты дамытудың негізгі мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2012 в 18:28, доклад

Описание

Фискалды саясаттың мақсаты елдің экономикасының өнімділігі мен әртараптандыру көтеру мақсатында салық-бюджет саясатының механизмдерін жетілдіру болып табылады [1].
Фискалды саясаттың әлеуметтік – экономикалық дамудың басым тапсырмаларын, атап айтқанда Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық модернизациясын жеделдетуге бағытталған елдің экономикасының бәсекеге қабілеттілігін шешу үшін фискалды құралдарын тиімді пайдалану болып табылады.
Сондықтан да Қазақстан Республикасы 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалды саясатының негізгі мақсаты жеделдетуге мемлекеттік басқарудың институционалдық негізін нығайту және жаңғырту жолымен жеделдетуге жәрдемдесетін, шығыстардың деңгейін ұлғайтпай оның тиімділігін арттыру есебінен мемлекеттің қаржылай мүмкіндіктерін кеңейту болып табылады деп атап көрсетілген.
Осы жағдайды есепке ала отырып Қазақстан Республикасында фискалды саясатты дамытудың Үкімет қарастырған негізгі мәселелері одан әрі жетілдіруді қажет етеді.

Работа состоит из  1 файл

Капанова Ш.docx

— 22.97 Кб (Скачать документ)

Капанова Ш.А. магистрант, Садуакасова К.Ж. э.ғ.к., доцент

«Қаржы» академиясы, Астана қаласы 

 

Қазақстан Республикасында фискалды саясатты дамытудың негізгі мәселелері 

 

Фискалды саясаттың мақсаты  елдің экономикасының өнімділігі мен  әртараптандыру көтеру мақсатында салық-бюджет саясатының механизмдерін жетілдіру  болып табылады [1].

Фискалды саясаттың әлеуметтік – экономикалық дамудың басым  тапсырмаларын, атап айтқанда Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық модернизациясын  жеделдетуге бағытталған елдің  экономикасының бәсекеге қабілеттілігін шешу үшін фискалды құралдарын тиімді пайдалану болып табылады.

Сондықтан да Қазақстан Республикасы 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалды саясатының  негізгі мақсаты  жеделдетуге мемлекеттік басқарудың институционалдық негізін нығайту  және жаңғырту жолымен жеделдетуге  жәрдемдесетін, шығыстардың деңгейін ұлғайтпай оның тиімділігін арттыру  есебінен мемлекеттің қаржылай мүмкіндіктерін кеңейту болып табылады деп атап көрсетілген.

Осы жағдайды есепке ала отырып Қазақстан Республикасында фискалды саясатты дамытудың Үкімет қарастырған  негізгі мәселелері одан әрі жетілдіруді  қажет етеді.

Орта мерзімді фискалды саясат бюджеттік саясат, кіріс саясаты, шығын саясаты, бюджеттік несиелеу, бюджетаралық қатынас, мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген және жалпы сыртқы борышты басқаруды қамтитын болғандықтан, осы бөлімдердің қызметінің тиімділігін  көтеру бойынша біршама жетілдірулер ендіруге болады.

Мемлекеттің экономикалық қызметін реттеу құралы ретіндегі фискалды саясаттың  келесі тетіктерін жетілдіру жөнінде  келесі ұсыныстарды  жасаймыз.

1.    Бюджеттік саясатты жетілдіру. Мемлекеттік бюджеттің шығыстарының ұлғаюы, олардың нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды талдау бюджеттік үдерісті одан әрі жетілдіру қажеттілігін көрсетіп отыр.  Бұл жердегі басты шешілуі қажет басты мәселе ережелер, нормалар мен нормативтердің жеткілікті дәрежеде орындалмауында болып отыр. Бұл жағдай – бюджет қаражатын пайдаланудың нәтижелелігін төмендетеді. Сондықтан да осы мәселелерді бір жолға қоймай тұрып экономиканы тұрақтандыру және дамытудың мүмкін еместігін түсінуіміз қажет. Бюджетті қалыптастыру мен атқарудың ашықтығы және үкіметтің осы саладағы пайдаланып отырған ұстанымы бюджетті қалыптастыру және оны атқару барысында мемлекеттің саясатының мақсаттарына жету дәрежесін толық көлемде қадағалауға, бақылауға, талдауға мүмкіндік бермей отыр.

Бюджеттік үдерісті басқару  кезінде мемлекеттік органдардың  тұтастай елдің және қоғамның міндеттерін  шешуге емес, ішкі міндеттерін шешуге көп көңіл бөлетіндігін байқауға болады.

Осы жағдайды жою үшін біз  келесі шараларды жүзеге асыруды  ұсынып отырмыз:

- Бюджеттік ресурстарды  мемлекеттік басқарудың ережелері,  нормалары мен нормативтері формальды  түрде емес, нақты қызметтік түрде  болуы және қатаң түрде қадағалануы  қажет;

- Бюджеттен бөлінентін  қаржы ресурстарын бөлу кезінде  сәйкес әкімшіліктерден осы қаражаттардың  объективті қажеттілігі туралы  негіздемені жоғарғы деңгейде  жасауын және оны игеруді жүзеге  асыру барысында алынатын нәтиженің  тиімділігін бағалауды талап  ету;

- Осы нәтижеге жетуді  жеке дара мемлекеттік органға   жауапкершілікті жүктеуді күшейту;

- Бюджеттен бөлінген қаржы  ресурстарын игеру жөніндегі  есепті тиісті мемлекеттік органдарға  белгіленген уақыт аралығында  өткізулері және осының негізінде  талдау жасаудың әдістемесін  күшейту қажет;

- Халықтың әлеуметтік  ахуалымен байланыссыз барлық  шығындарды мүмкіншілігінше қысқартуды  жүзеге асыру;

- Мемлекеттік бюджетті  жоспарлауда шығындарды емес, осы  шығындарды жұмсау нәтижесін  жоспарлауға мүмкіндігінше көшу  қажет;

- Бюджеттен бөлінентін  қаржы ресурстарын дұрыс игермеген  мекмелерге мемлекет тарапынан  айппұл салу жүйесін енгізу  қажет деп ойлаймыз.

2. Кірістер саясатын жүзеге  асыруды жетілдірудің  басты себептеріне елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын, халықтың өмір сүру деңгейін көтеруді жатқызуды айтуға болады. 

Қазақстан Республикасының  фискалды саясатын реформалау  нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік  бюджеттің кіріс бөлігінің құрамын  біршама өзгерістерге әкелді. Ал мемлекеттік  бюджеттің кіріс бөлігі негізінен  салықтар есебінен түзеледі. Сондықтан  фискалды саясатты жүзеге асырудағы  басты мақсат салық жүйесі мен  салық салуды реформалау болып табылады. Бұл жердегі басты қиыншылық  Қазақстанның салық жүйесінің нарықтық экономикасы дамыған елдерге  тән қасиеттерге ие болмауында болып  отыр.

Кез келген мемлекет өзінің тәуелсіздігіне салық салу жүйесінің  нақтыланған механизмін құру арқылы қол жеткізеді. Ол  қоғамның жан  жақты дамуына қажетті тұрақтылықты, халықтың әлауқатын көтеруді, экономикалық жағдайды нығайтуды қамтамсыз етеді.

Салық жүйесі мемлекетте алынатын салықтар жиынтығын, оларды есептеу  мен алу тәсілдерін, сонымен қатар  салықтарды басқарудың деңгейлері арасында бөлу тәсілдерін сипаттайды.  Салықтардың  әрбір құрамдас бөлігі мемлекеттік  реттеудің құралы болып табылады. Салықтар экономикалық категория болып  табылады және  ұлттық кірісті мемлекет пайдасына қайта бөлудегі ерекше өндірістік қатынас жиынтығын сипаттайды. Салықтар мемлекетпен бірге өмір сүреді.

Салықтар негізгі үш қызметтерді  атқарады: фискалды, ынталандырушы  және бөлу.

Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік реттеу екі бағытта  жүргізіледі: тауар-ақша қатынасын  реттеу, яғни мемлекет нарықта әрекет ететін тұлғалар  арасында қатынасты  реттейтін  заңдар, нормативті актілер  шығарады - реттеудің  бұл бағыты салықтармен  байланысты емес;  мемлекеттің  адамдар мен кәсіпорындардың  мүдделері үшін олардың қызметін  керекті бағытта бағыттау үшін  қаржылық-экономикалық әсер етуі.

Осылайша нарықтық экономика  мен мемлекеттік бюджеттің толықтырылуы қаржылық-экономикалық тәсілдер  арқылы реттеліп отырады. Сондықтан да осы  тәсілдерде орталық орынды салықтар алады.

Салықтардың көптеген түрлері  және олардың әрқайсысының өзінің тағайындалуы бар. Салықтар арқылы іскерлік белсенділікті  ынталандыруға немесе керісінше  шектеуге болады. Салықтар мемлекеттік  және жергілікті бюджеттің негізгі  бөлігін құрайды және  экономикаға  шығыс бөлігі арқылы қаржылық әсер ету мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Біздің тәуелсіз мемлекетіміз фискалды саясатты қолдануға қадам  басуда. Мемлекеттің салық заңдылығының жеңісі салық жүйесінің қандай болуына  байланысты болады. Сондықтан да салық  жүйесі келесі талаптарға жауап беруі  керек: салық жүйесінің тұрақтылығы;  салық салу механизмінің тәртібі; өндіріс  факторларына емес, ақырғы өнімдерге  жеңілдіктер беру. Салық реформасының мәселесі өндірістік инвестицияларды  ынталандырумен тығыз байланысты; заң  алдында барлық салық төлеушілердің  теңдігі; салық саясатының біркелкілігі;  салық жүйесінің қарапайымдылығы.

Сондықтан да салық жүйесі келесі бес қағидасын негізгі  алуы керек:

- экономикалық тиімділік  - салық жүйесі ресурстарды тиімді  бөлуге қарсы тұрмауы керек;

- әкімшілік қарапайымдылығы-  әкімшілік жүйе қарапайым және  қолдануда қымбат болмауы керек;

- икемділігі - салық жүйесі  экономикалық өзгерістерге тез  бейімделу жағдайында болуы керек;

- саяси жауаптылығы - салық  жүйесі адамдарды төлем төлеуге   көндіре алатындай түзелуі керек;

- әділеттілік -  салық  жүйесі әртүрлі индивтер қатынасында  әділ болуы керек.

Осы қағидалар негізінде  әрекет еткен кезде ғана Қазақстан  Республикасының үкіметі бір  қалыпты, тиімді фискалды саясатты жүргізе  алады.

Салық салудың ынталандырушы  қызметін күшейту стратегиясы және  инвестицияның сандық ұлғаюы оларды бағарламалық қамтамасыз етуді қарастырады, бұл бағдарламаның құрамына мемлекеттік  басқару органдарының белгілі шаралары енуі қажет.

Бұл шаралар тізбегі төмендегідей болуы қажет;

- салық заңдылығының тұрақтылығын  қамтамасыз ету, салық тізбесінде  бір шаруашылық жылында қандай  да бір өзгеріс енгізуге жол  бермеу, салық ауырпашылығын күшейтетін  түзетулер енгізуге мораторий  жариялау қарастырылуы қажет;

- өзін-өзі ақтамаған салықтарда  бас тарту,  меншік нысандарына  байланысты салық төлеушілерді  жіктеудегі дискриминациядан бас  тарту;

- өндірушілерге төменгі  салықтарды белгілеу және несиені  арзандарту;

- салық жүйесінің мақсатты  бағыттылығын кұшейту. Өндірістің  құлдырау жағдайында өнім өндірісін  нақты ұлғайтатын  және оның  өсуіне инвестиция салатын кәсіпорындардың  артықшылығын ескеру қажет. Мүны  бәрнеше жолмен жасауға болады. Мысалы оларды салыстырмалы бағада  өткізілген ұлғайған көлемнен  түсетін пайдаға салынатын салықтан  босатуға болады. Сонымен қатар   өндірісті ұлғайтуға, ғылыми зерттеу  жұмыстарын жетілдіруге бағытталған  кәсіпорын пайдасын салықтан  босатуға болады және т.б;

- салық жеңілдіктеріне  әрекеттегі және нақты сипат  беру, өйткені қазіргі таңда олар  декларативті  сипатта болып отыр. Нәтижесінде олар ынталандырушылық  мәнінен айралады.

Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырандай  қазіргі замандағы  фискалды саясат (салық жүйесі) ғылыми - техникалық прогрессті ынталандыруға, ресурстар мен жұмыс күшінің  құрылымдық передислокациясын, жетіспеушілікке  ие болған өнімді өндіруге, кәсіпкерлікті  дамытуға бағытталуы қажет.  Сонымен  қатар ол монополизм, шығындардың  өсуі, алып салаарлық белсенділік, инфляция сияқты негативті тенденцияларының болуына жол бермеуі қажет [2].

Салық саясаты алдағы жылдарға арналған негізгі бағыттары әділ әрі сыннан өткен кұрал, экономиканың қажетті бағыттарының дамуын ынталандырушы  және мемлекеттік функцияларды толық  орындауды қамтамасыз етуші ретінде  әлеуметтік маңызы бар салықтарды нығайту  қажеттігін ескере отырып, фискалдық  саясаттың міндеттерін шешуге бағдарланған бұл мыналармен тұжырымдалуы қажет:

- елдің бәсекеге қабілеттілігін  күшейтуге мүмкіндік беретін  бәсекелі салық жүйесін жасау;

- экономиканы жаңғыртуға  және әртараптандыруға ықпал  етуі тиіс салық жүйесін Қазақстан  дамуының жаңа кезеңінің міндеттеріне  сәйкес келтіру;

- жеңілдіктерді оңтайландыру  және тиісінше экономиканың шикізат  емес секторына салық жүктемесін  төмендету, заңды тұлғаларға салық  салуды халықаралық стандарттарға  сәйкес келтіру;

- қосылған құн салығын  үздік әлемдік практикаға сәйкес  келуі;

- импортқа және ішкі  өндіріске акциздердің ставкаларын  біріздендіру;

- шағын және орта бизнес  талаптарына мейлінше сәйкес  келуі мақсатында арнайы салық  режимдерін реформалау;

- жер қойнауын пайдаланушыларға  салық салу жүйесін реформалау;

- әкімшілендіру рәсімдерін  оңайлату, салық қызметтерінің сапасы  мен салық рәсімдерінің ашықтығын  арттыру, салық есептілігінің  санын қысқарту, салықтық тексерулерді  ретке келтіру.

Жоғарыда көрсетілген  міндеттер әзірленетін жаңа Салық  кодексі шеңберінде шешілетін болады, бұл қолайлы инвестициялық ахуалды  жасауға, халықаралық бәсекелестіктің  күшеюі және елдер арасында капиталдың еркін ағылуы жағдайында экономиканың шикізат емес секторында бизнестің  дамуын ынталандыруға, бәсекелестіктің  дамуына, жалпы ішкі өнімнің, бюджеттің  кіріс бөлігінің ұлғаюына және халықтың экономикалық белсенділігінің өсуіне ықпал етуі тиіс.

Фискалдық саясат құрылымдық және ақша-кредит саясаты шараларымен  бірге экономиканы қалпына келтіруге  және оның әрі қарай өсуін ынталандыруға  жағдай жасауға бағытталады.

Экономиканы қалпына келтіру  және әртараптандыруға қолайлы жағдай жасау, оның «қызып кетпеуіне» жол бермеу мақсатында экономиканың өсу кезеңінде  мемлекет шығыстарын ұстап тұру және оның экономикалық құлдырау кезеңінде  ұлғаюын көздейтін антициклдық  фискалдық саясат жүргізіледі [3].

Экономиканың дамуын ынталандыру  макроэкономикалық тұрақтылыққа зиян келтірмеуді ескерумен жүзеге асырылады.

Фискалдық саясат шеңберіндегі қолдау бір жағынан жиынтық сұраныстың деңгейін, мемлекеттік инвестициялар  деңгейін, басқа жағынан – экономиканың өсуін қалпына келтіру есебінен инвестициялық белсенділіктің деңгейін қамтамасыз ететін мемлекеттік шығындардың  деңгейін қолдау көзделіп отыр.

Мұнайдан алынған кірістерді тәртіпті және тиімді басқару жүзеге асырылатын болады.

Информация о работе Казақстан республикасында фискалды саясатты дамытудың негізгі мәселелері