Казынашылыкты уйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 07:02, реферат

Описание

Қазынашылықтың қаржылық жүйесін дамытуда ерекше айтылатын жұмыстарының бірі – ол 1996 жылы маусым айындағы Ұлттық банкте Қазынашылық бірлестігі шотын ашу болып табылады. Оған мемлекеттік және жергілікті бюджеттің ақша қаржылары шоғырландырылды. Қазынашылық БҚШ (Біріккен қазынашылық шоты) арқылы төлеу механизімін, бағдарламалық қамтамасыз ету мүмкіндіктері жасады. Әр күн сайынғы БҚШ арқылы алынған ақпарат Қазақстан Республикасы Үкіметіне және басшылыққа жіберіледі. Сондықтан да, күн сайын бюджеттің жағдайы: кірістер, шығындар, республикалық және облыстық қаржы құрылымындағы қалдықтар бақыланып отырады.

Работа состоит из  1 файл

казынашылык.docx

— 20.53 Кб (Скачать документ)

Қазынашылықтың қаржылық жүйесін дамытуда ерекше айтылатын жұмыстарының бірі – ол 1996 жылы маусым айындағы Ұлттық банкте Қазынашылық бірлестігі шотын ашу болып табылады. Оған мемлекеттік және жергілікті бюджеттің ақша қаржылары шоғырландырылды.  Қазынашылық БҚШ (Біріккен қазынашылық шоты) арқылы төлеу механизімін, бағдарламалық қамтамасыз ету мүмкіндіктері жасады. Әр күн сайынғы БҚШ арқылы алынған ақпарат Қазақстан Республикасы Үкіметіне және басшылыққа жіберіледі.  Сондықтан да, күн сайын бюджеттің жағдайы: кірістер, шығындар, республикалық және облыстық қаржы құрылымындағы қалдықтар бақыланып отырады.   

17-тарау. Бюджеттің кассалық атқарылуына қызмет көрсету жөніндегі шоттар

 

      86-бап. Бірыңғай қазынашылық шот

 

      1. Бірыңғай қазынашылық шот аударым операцияларын орталықтандырып жүзеге асыру және олардың есебін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ұлттық валютамен ашылады.

      Бірыңғай қазынашылық шот бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген тәртіппен ашылады.

      2. Бірыңғай қазынашылық шот қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы ақша қалдықтарын қамтиды.

 

      87-бап. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның шетел валютасындағы шоттары

 

      Операцияларды шетел валютасымен жүзеге асыру және оларды есепке алуды жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген тәртіппен шетел валюталарының түрлері бойынша шоттар ашады.

 

      88-бап. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары

 

      1. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары мыналарға:

      1) республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдерді есепке алуға және республикалық және жергілікті бюджеттердің шығыстарын жүргізуге;

      2) мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатуынан түсетін ақшаны есепке алуға және олардың есебінен (ақылы қызметтер шоты) шығыстарды жүргізуге;

      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін түсімдерді есепке алуға және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотына аударуға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемелерге арналған демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін ақшаны есепке алуға және жұмсауға (демеушілік, қайырымдылық көмек шоты);

      5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемеге жеке және (немесе) заңды тұлғалар олардың қайтарымдылығы не белгілі бір талаптар басталған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға (ақшаны уақытша орналастыру шоты) аудару шартымен беретін ақшаны есепке алуға;

      6) бюджет ақшасын есепке алуға және оларды ерекше шығыстарды (нысаналы қаржыландыру шоты) жүргізуге пайдалануға байланысты операцияларды есепке алуға арналады.

      2. Тиісті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуінен түсетін ақшаның түсімдері және жүргізілген төлемдер мен аударымдар бойынша операциялар бірыңғай бюджеттік сыныптамаға және мемлекеттік мекемелердің кодтарына сәйкес ескеріледі.

      Демеушілік, қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшасының бақылау шоттары ақшаны уақытша орналастырудың, нысаналы қаржыландырудың және шетел валютасындағы шоттар бойынша түсімдер мен жүргізілген төлемдер бойынша операциялар мемлекеттік мекемелердің кодтарына сәйкес ескеріледі.

      3. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ашады.

      4. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

      89-бап. Мемлекеттік мекемелердің шоттары

 

      1. Мемлекеттік мекемелердің мынадай шоттары болуы мүмкін:

      1) мемлекеттік мекеменің шетел валютасымен операциялар жүргізуі үшін оған валюталардың түрлері бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ашатын шетел валютасындағы шот;

      2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шартта немесе байланысты грант туралы келісімде айтылған, екінші деңгейдегі банкте шетел валютасында ашылатын, үкіметтік сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың аванстық төлемдері арқылы жаңартылатын бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты;

      3) ұлттық (шетелдік) валютамен төлемдерді жүзеге асыру үшін екінші деңгейдегі банкте ашылатын бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотына арналған шот;

      4) үкіметтік сыртқы қарыздар есебінен берілген кредит бойынша негізгі борышты өтеу шотына қарыз алушылар қайтаратын ақшаны есепке алу және пайдалану үшін бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру кезеңінде екінші деңгейдегі банкте ашылатын бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылатын шоты.

      2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жүргізу және жабу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Екінші деңгейдегі банктерде немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жүргізу және жабу Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 


Информация о работе Казынашылыкты уйымдастыру