Автор работы: I*******@mail.ru, 28 Ноября 2011 в 18:48, курсовая работа
Нарықтық қатынастар жағдайларында кәсіпорынның қоршаған ортадағы өзгерістер, сондай-ақ, осы өзгерістерден туындайтын қосымша мүмкіндіктер мен тәуекелдер де тұрақты өсіп отырады. Сондықтан кәсіпорынды басқару стратегиясы осы өзгерістерден мүмкіндіктерді алу мүмкіндіктерін, шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді және тәуекелдерді қамтитындай болуы керек.
Бәсекелестік ортада кәсіпорынның қаржы менеджменті оның нарықтық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқару қызметінің басты буыны болып табылады. Осы жағдайға байланысты қаржы менеджменті кәсіпорынның өндірістік барысы қаржы ресурстарымен қажетті көлемде қамтамасыз етілуін, тартылған қаржы ресурстарын өндіріске тиімді орналастырылуын, өндірілген өнімнің шығындарын барынша азайтуды, нәтижесінде кәсіпкерлік қызметтен табыс алуды қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді атқарады.
Кіріспе
3
1. Кәсіпорын табысының ұғымы және маңызы
1.1. Кәсіпорын табысының экономикалық мәні 5
1.2. Табыстың кәсіпорын қызметіндегі
ролі және функциялары
7
1.3. Кәсіпорын табысының қалыптасуы
және орналастырылуы
9
2. Кәсіпорын табысын талдау және жоспарлау
2.1. Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдау 12
2.2. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері 15
2.3. Кәсіпорын табысын жоспарлау әдістемесі 20
3. Кәсіпорын табыстылығын арттырудың негізгі мәселелері 23
Қорытынды
29
Қолданылған әдебиеттер тізімі 31
Залалсыздық
нүктесі бұл жағдайда тұрақты
шығындардың өткізілім
100 : 50% · 100% = 200 мың теңге.
Өндірістік левередж әсері маржиналды табыстың табысқа қатынасы ретінде есептеледі. Біздің мысалымызда өндірістік левередждің әсер ету күші мынаған тең болады:
250 : 150 = 1,67.
Басқаша
айтсақ, өткізілім көлемінің кез-келген
өзгерісі табыстың 1:1,67 қатынасындағы
өзгерісіне алып келеді. Айталық, кәсіпорын
өнімді өткізуден түсетін соманы
10%-ға арттыруға мүмкіндік алды. Онда
табыс 16,7%-ға өседі:
Өнімді өткізуден алған сома | 500 · 1,1 = 550 мың теңге |
Айнымалы шығындар | 250 · 1,1 = 275 мың теңге |
Маржиналдық табыс | 550 – 275 = 275 мың теңге |
Өнімді сатудан алған табыс | 275 – 100 = 175 мың теңге |
Табыс 25 мың теңгеге, немесе 16,7%-ға өсті. |
Өткізілетін өнімнің көлемі кеміген жағдайда өндірістік левередждің әсер ету күші арта түседі, сәйкесінше, табыс мөлшері де айтарлықтай азаяды. Біздің мысалымызда өнімді өткізу көлемін 5%-ға төмендеуі табыстың 8,35%-ға (5·1,67) азаюына алып келеді.
Қазіргі
таңда өндірістік левередждің әсер
ету әдісі табысты жоспарлауда кеңінен
қолданылады. Тұрақты дамып келе жатқан
экономика жағдайларында бұл әдіс кәсіпорын
табысын ұзақ мерзімге (3 жылдан 5 жылға
дейін) жоспарлауға мүмкіндік береді
3.
Кәсіпорын табыстылығын
арттырудың негізгі
мәселелері
Кәсіпорын табысын қамтамасыз ету барысында оның қандай факторлардың есебінен артатынын немесе азаятынын анықтау қажет8. Жоғарыда біз табыстың өткізілген өнімнің көлемінен тәуелді екенін қарастырған болатынбыз. Өнімнің өзіндік құнында тұрақты шығындардың үлесі басым болса, өнімді өткізу көлемінің артуы табыстың өсуіне алып келеді. Сонымен қатар, табыс тауардың бағасы мен өзіндік құнының айырмасы ретінде анықталатындықтан, табыс көлеміне бағалардың өсуі мен өзіндік құнның төмендеуі де әсер етеді.
Инфляцияның жоғары қарқыны жағдайларында табыстың өсуі баға факторының есебінен қамтамасыз етіледі. Алайда, елімізде инфляция деңгейінің төмендеуі, отандық нарықтың тауарлармен толуы, кәсіпорындар арасындағы бәсекелестіктің артуы тауар өндірушілердің бағаны өсіру арқылы табыс табу мүмкіндіктеріне тосқауыл бола білді. Кәсіпорындардың қазіргі таңдағы табысты арттырудың бірден-бір әдісі - өндірістік шығындарды төмендету болып табылады.
Кәсіпкерлік қызмет тәжірибесінде өзіндік құнды төмендетудің алуан түрлі тәсілдері қолданылады. Әрине, кәсіпорындар отын-энергетикалық ресурстарды, материал және еңбек шығындарын үнемдеу, амортизациялық аударымдар үлесін азайту, әкімшілік шығындарды қысқарту секілді тәсілдердікеңінен қолданады. Алайда, айта кету керек, өзіндік құнды азайтудың да шегі бар. Өндірістік шығындарды осы шектен төмен азайту тауардың басты қаисиетінің, яғни сапасының, төмендеуіне алып келеді. Осы айтылғандар әкімшілік және коммерциялық шығындарға да байланысты, өйткені оларсыз кәсіпорын қажетті деңгейде қызмет ете алмайды және тауарды өткізу мүлдем мүмкін болмай қалады.
Бүгінгі нарықтық шаруашылықта кәсіпорындар шығындарды басқару әдістеріне көп көңіл бөлуде. Осындай әдістердің әлемдік және отандық тәжірибеде кеңінен қолданылатыны – басқарушылық есеп. Оның көмегімен кәсіпорын шығындарын бақылау жүзеге асырылады. Әсіресе жауапкершілік орталықтары бойынша есеп әдісі өте тиімді болып келеді. Шығындарды басқарудың бұл нысаны шығындар құрылымын оңтайландыруға, шығындардың жоспардан ауытқуына жылдам бейімделуге және шешімдер қабылдау бойынша міндеттердің бір бөлігін құрылымдық басқарушыларға беруге мүмкіндік береді. Олар жоспарда белгіленген шығындардың мөлшерлеріне жауапкершілік тартады және жоспарланған көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.
Жауапкершілік орталықтары бойынша есеп бюджеттеу принципіне сәйкес жүргізіледі. Жан-жақты (толық) бюджет – бұл өндірістік және қаржылық жоспарлардың жиынтығы9. Жақсы ұйымдастырылған басқару жүйесінде бюджеттер жоспарлау, орындалуын бағалау, бейімделу және коммуникациялар орнату үшін қолданылады. Негізгі бюджет өндірісті, өнімді өткізуді, үлестіруді және қаржыландыруды қамтиды. Мұнда кәсіпорынның болашақ табысы және ақша ағындары қарастырылады. 3.1-суретте негізгі бюджетті құрудың жалпылама үлгісі берілген.
3.1-сурет.Табыстың
негізгі жоспарының үлгісі
Бюджет
барысын әдістемелік қамтамасыз
ету кәсіпорынның саясатын, ұйымдық
құрылымын, жауапкершілік пен билікті
бөлу секілді жағдайларды қажет
етеді. Бұлар бюджеттік
Табысты
арттырудың тағы да бір маңызды факторы
– өндірілетін өнімнің
Нарықтық экономика жағдайларында табыс – өндірістік қорларды, сондай-ақ өндірілетін өнімді жаңаландыруды ынталандырушы күші болып табылады. Бұл заңдылық «тауардың өмірлік циклы» концепциясына сай келеді. Баршаға мәлім, кез-келген тауар өзінің өмірлік циклының кезеңдерін бастан кешіреді: тауарды жобалауды, игеруді, өндіріске енгізуді, өндіруді және нарыққа шығаруды. Нәтижесінде нарық осы тауарға әбден толады. Сонда тауар моральдық тұрғыдан ескіреді немесе бәсекелестік күреске жарамай қалады, сондықтан табыстылықтың төмендеуінің салдарынан оның өндірісі қысқартылуы немесе мүлдем тоқтатылуы тиіс.
Кәсіпорында табыс деңгейін сақтап қалу үшін жаңа өнімді жобалаудың және өндіріске енгізудің мерзімдерін анықтап алу маңызды. Өнімді жобалау және игеру кезеңі барысы белгілі бір уақыт шығындарын қажет етеді, осы уақыт ішінде кәсіпорын тек шығындар тартумен сипатталады. Содан кейін өнімді өндіріске енгізгеннен бастап шығындар азая береді және біршама мерзімнен кейін залалсыздық нүктесіне де жетеді. Сатылым көлемі ұлғайған сайын тұрақты шығындар үлесінің азаюы есебінен табыс көлемі де ұлғая береді. Сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігі орнаған жағдайда табыс мөлшері бірқалыпты деңгейге жетеді және белгілі бір мерзім бойында өзгеріссіз болып тұрады. Мұндай жағдай бәсекелестер тарапынан ешқандай қауіп-қатер жоқ болған кезде өте ұзақ мерзімге созылуы мүмкін. Алайда, қазіргі таңдағы еліміздегі бәсекелестіктік дамуы кәсіпорындар үшін мұндай қолайлы жағдайлардың орын алуына ырық бермейді. Сол себепті, бәсекелестер жеткілікті жағдайда кәсіпорындар сатылымның қолайлы шамасын ұстап тұру кәсіпорынның рентабельділігін төмендету арқылы ғана мүмкін бола алады. Демек, кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігі төмендейді.
Бәсекелстік
күрестің күшеюі кезінде бағаны төмендету
арқылы сатылым көлемін арттыруға
кәсіпорындардың қабілеттері
Мұндай
стратегия кәсіпорындардың қол
жеткізген табыстылық деңгейін сақтап
қалуға және қолайлы нарықтық жағдайларда
бұл көрсеткішті барынша
Жоғарыда
біз кәсіпорындардың
Табыс
ақшалай салымдар бойынша тәуекел
деңгейімен тығыз байланысты. Кімде-кім
өзінің қолындағы капиталымен
Кәсіпкерлік тәуекелдің жөні бір бөлек. Бұл, ең алдымен, болашақ жағдайларды бағалауды қажет ететін инвестициялармен байланысты жұмыс. Қаражаттарды ұтымды пайдалану, сонымен қатар энтузиазмдықты, екпінділікті, нарық жағдайларына икемділікті барынша көрсете білу – осылардың бәрі жиналып, қажетті табыс алып келуі және жұмыс барысына оң әсерін тигізуі мүмкін.
Тәуекел деңгейі тұрақты шама болып табылмайды, бәрі шаруашылық әрекеттер барысына байланысты. Кәсіпкер немесе қаржы менеджері – бұлар тәуекел деңгейін төмендетіп, кәсіпорынға қажетті табыс мөлшерін қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар.
Іскерлік тәуекелді төмендетудің мейлінше тиімді және қолайлы әдісі – жауапкершілігі шектеулі серіктесіктер немесе акционерлік қоғамдар құру. Бұлардың санатына шағын бизнеспен шұғылданатын кішігірім кәсіпорындарды да жатқызуға болады.
Белгілі бір іске салынған қаражаттар табыс алып келеді – бұл кәсіпкерліктің басты шарты. Алынған табыстың бір бөлігі акционерлер арасында үлестіріледі, ал қалған бөлігі жарғылық капиталды ұлғайту арқылы кәсіпорынның әрі қарай дамуына жұмсалады. Акционерлер кәсіпорынның иелері болып саналады, табыс олардың табысын арттырады, ал зиян – табысты кемітеді.
Акцианерлер, өз қаражаттарын өндірісті дамытуға сала отырып, барынша үлкен табыстар алуға ұмтылады, яғни ірі тәуекелдерге баруға бел байлайды. Егер кәсіпорынның қызметі сәтті жүріп кетсе, акционерлер де үлкен олжаға ие болады. Ал егер керісінше жағдай бола қалса, онда кәсіпорын қызметкерлері мен жұмысшылары өздеріне тиесілі игіліктерді түгелдей өндіріп алады, ал акционерлер құр қол қалады, немесе солардан қалған қаражаттарға ие болады. Әрине, тәкекел қауібін біле тұрып, инвестор мұндай қадамға келешекте табыс табу мақсатында барады.
Әдетте, ешқандай кәсіпорын меншікті қаражаттарымен шектеліп қана қоймайды. Көптеген кәсіпорындар өз капиталын ұзақ мерзімді қарыз қаражаттар тарту арқылы ұлғайтады және осы үшін ұзақ мерзім бойына пайыздар төлеп отырады. Қарыз капиталды тиімді бағамен тарта білу кәсіпорынның табыстылығына әсер етеді.
Несие
беруші, әдетте, үлкен пайыздық табыстарды
талап етпейді, ол үшін қарызға берілген
қаражаттардың сенімділігі
Кәсіпорын қалыптасқаннан кейін оның иелері «көлеңкеде қалып қояды» десе де болады. Әрі қарай кәсіпорынның капиталы, негізінен алғанда, қарыз қаражаттардың есебінен ұлғайып отырады. Бұл қаражаттар табыс табу үшін қолданылатын кәсіпорынның негізгі және айналым активтеріне инвестицияланады. Қарыздар бойынша кәсіпорын пайыздар төлеп отырады: төленетін пайыздардың сомасы кәсіпорынның қарыз капиталының «құнын» анықтайды.
Қарыз
қаражаттардың және меншікті капиталдың
құны кәсіпорынға қаражаттар салушылар
салып отырған тұлғалардың табысының
өлшемі болып табылады. Олардың мойныны
түсетін тәуекелдер ауыртпалығын өлшеу
әлдеқайда қиын. Дегенмен де, тәуекелдің
ең шегіне жеткен деңгейінде де, яғни кәсіпорын
толық сәтсіздікке ұшырағанда да, тәуекел
мөлшерін инвестицияланған капиалдың
мөлшерімен шектеуге болады.
Табыстың экономикалық мәні бүгінгі экономикалық теорияның ең бір күрделі және әрқилы ұғымдарының бірі болып табылады. Экономикалық көзқарас бойынша табыс дегеніміз – бұл ақша шығыстары мен кірісерінің айырмасы болып табылады. Шаруашылық тұрғыдан қарастыратын болсақ, табыс – бұл кәсіпорынның есепті кезеңнің басындағы және соңындағы мүліктік жағдайының айырмасы болып табылады. Бұл жерде табыс ұғымы кәсіпорынның өзінің қаржылық-шаруашылық қызметінен алатын алуан түрлі табыстарының шығындар көлемінен басым болатын жағдайын білдіреді.
Информация о работе Кәсіпорын табысын жоғарылату мүмкіндіктерін талдау