Кәсіпорын табысының ұғымы және маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 16:53, реферат

Описание

Табыс кәсіпорын қызметіндегі атқаратын ролі үлкен, ол кәсіпорынның мүлкінің ұлғаюының, қарыз құжаттар тартудың, жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шарты болып табылады.Табыс таппай кәсіпорын кредиторлар мен инвесторлар тарапынан қосымша қаражаттар тарту мүмкіндігіне үміт арта алмайды.Сонымен қатар,табыс кәсіпорынның ішкі қаржылық мұқтаждықтарының негізгі көзі болып қоюмен шектеліп қана қоймайды,ал қоғам өмірінде,мемлекеттік бюджет ресурстарының, бюджеттен тыс қорлардың және қайырымдылық қорларының қаражаттарының қалыптасуында да үлкен роль атқарады.

Содержание

Кіріспе 3
Кәсіпорын табысының ұғымы және маңызы 4
Кәсіпорын табысының қалдыптасуы және орналастырылуы 6
Негізгі қызметтен түскен табыс 7
Қорытынды 10
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Реферат. Негізгі қызметтен табыс.docx

— 31.01 Кб (Скачать документ)
y">Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.

Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің бірі – негізгі қызметтен алынған (түскен) табыс. Ол сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары арасындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады:

ДнЖК.

Мұндағы: Дн  - негізгі қызметтен алынған табыс; Дж - жалпы табыс;

Рк - кезең шығындары.

Жалпы табыс көлемі қаншалықты көп  және өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнына кірмейтін тұрақты шығындарды білдіретін кезең шығындары қаншалықты аз болса, негізгі қызметтен алынатын табыс соншалықты жоғары болады. Сондықтан да негізгі қызметтен алынатын табысқа жүргізілетін талдауды жоғарыда аталған көрсеткіштермен, сондай-ақ маржи-налды табыспен үздіксіз байланыста жүргізу қажет.

Өндірістік өзіндік құнның калькуляция  баптары бойынша мәліметтері коммерциялық құпия болып саналатындықтан және де сыртқы пайдаланушылар шығындарды түрақты және айнымалы шығындарға дәл бөле алмайтынына байланысты, жалпы табыс көлемін маржиналды табыс көлемімен теңестіруге және оны талдаудың прогрессивті әдісін қолдануға болады.

Кәсіпорынның негізгі қызметінен алынған табыс өнімді өткізуден (жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден) түскен табыстарды, сыйақыны, дивидендті, роялтиді, жалгерлік ақыдан түскен табыстарды, т.б. қамтиды. 

Мысал келтіретін болсақ, байланыс кәсіпорындарының негізгі  қызмет табыстарына халықтан, кәсіпорындар мен ұйымдардан есептік периодта көрсетілген қызметтер үшін түскен қаражаттар жатады. Халыққа байланыс қызметінен түскен табыстар көлеміне тек азаматтарға өз қаражаттары есебінен көрсетілген қызметтерден түскен пайда жатады.

Акционерлік қоғамның негізгі  қызмет түрлері бойынша сауда-саттық табысына (жұмыс, қызмет) оң және теріс әсер ететін факторлар. Оң факторлар:

  1. Мемлекет экономикасын тұрақтандыру. Қолайлы экономикалық жағдайлар Отандық компаниялардың жағдайының жақсаруына, бағалы қағаздар бойынша сыйақы төлеуге және одан әрі дамуға қосымша қаражаттар тартуға мүмкіншілік береді. Жұмыссыздар санының азаюы, нақты еңбек ақының орташа айлық мөлшерінің өсуі сияқты және халықтың нақты ақшалай табыстарының өсуі салдары ретінде көрсеткіштер бойынша әлеуметтік салада жағдайдың жақсаруы зейнетақы жинақтарының көлемінің өсуіне көмектеседі. 
  2. Заңдылық. Ағымдағы жылдағы бағалы қағаздар нарығында жинақталған қатынастарды реттейтін заңнамаға енгізілген өзгерістер республикадағы қаржылық нарықтың тұрақтандырылғандығын дәлелдейді.
  3. Банк жүйесін дамыту. Екінші деңгейдегі банктердің қауырт дамуы бүкіл қаржы жүйесінің, оның ішінде нарық қорының даму серпінін анықтайды. ЕДБ-гі салымдарға зейнетақы активтерін орналастыру  қауіпсіз және сенімді қаржылық құралдардың бірі болып табылады.
  4. Ұлттық валютаны нығайту. Теңгені айырбастау бағамының өзгеруі қор нарығының жағдайына қарама-қарсы әсер етеді. Бір жағынан, зейнетақы активтерінің жартысы долларда көрсетілген бағалы қағаздарға инвестицияланғандықтан америкалық валютаның құнының төмендеуі инвестициялық табыстың көлеміне кері әсер етті, екінші жағынан, валютаны айырбастау бағамының тербелісіне тап болмағандықтан, теңгеде көрсетілген қаржылық құралдар саны өсуде (бірақ, олардың көбісі төмен табыстылықпен).

Теріс факторлар:

  1. Қаржылық қорлардың арзандауы. Инвестициялық табыс көлеміне кері әсерін тигізетін зейнетақы активтерінің белсенді өсуі аясында жоғары табыстылықты қаржылық құралдардың жетіспеушілігінің өсуі негізгі жағымсыз факторлар болып табылады.
  2. Құнсыздану. Құнсызданудың жоғары деңгейде болуы және бұл деңгейден төмен мемлекеттік бағалы қағаздар шығару зейнетақылық және меншік активтер бойынша кері табыстылыққа әкеледі.

 

Қорытынды

Экономикалық  қөзқарас  бойынша  табыс  дегеніміз – бұл  ақша  шығыстары мен  кірістерінің айырмасы  болып  табылады.

Біз  білетіндей, кәсіпорын  табыстары  оларды  алудың  және  қолданудың  сипаттамасы  мен  шарттарына  байланысты  негізгі  екі  түрге  бөлінеді;

  • негізгі  қызметтен  алынған  табыс;
  • өзге  де  табыстар.

Негізі  қызметтен  алынған  табыс  өнімді  өткізумен, қызметтер  көрсетумен  және  жұмыстар  орындаумен  байланысты  қаражат  кірістерін  қамтиды.

Өзге  табыстарға  өткізілімнен  тыс  операциялардан, мүлікті  сатудан  түскен  қаражаттар, сондай-ақ, төтенше  жағдайлардан  алынған  табыс  жатады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің бірі – негізгі қызметтен алынған (түскен) табыс.

Жалпы табыс көлемі қаншалықты көп  және өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнына кірмейтін тұрақты шығындарды білдіретін кезең шығындары қаншалықты аз болса, негізгі қызметтен алынатын табыс соншалықты жоғары болады. Сондықтан да негізгі қызметтен алынатын табысқа жүргізілетін талдауды жоғарыда аталған көрсеткіштермен, сондай-ақ маржи-налды табыспен үздіксіз байланыста жүргізу қажет

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Дүйсенбаев К.Ш., «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау», Алматы-2001  
  2. Мейірбеков Л.Қ., «Кәсіпорын экономикасы», Алматы-2003
  3. О.В.Грищенко. Управленческий учет. Конспект лекций. Таганрог: ТТИ ЮФУ, 2007.

 


Информация о работе Кәсіпорын табысының ұғымы және маңызы