Кәсіпорынның қаржылық жағдайды талдаудың теориялық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 20:13, курсовая работа

Описание

Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Сондықтан да бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған байланысты ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері маңызды болып отыр. Кәсіпорындардың дербестігі өсіп, олардың экономикалық және заң алдындағы жауапкершіліктері артты. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы тұрақтылығының мәні жоғарлады.

Содержание

Мазмұны
Кіріспе ................................................................................................................... 3

1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайды талдаудың теориялық негізі….. 4
1.1 Кәсіпорындар қаржысы түсінігі.................................................................... 4
1.2 Қаржылық талдаудың мәні мен міндеттері................................................... 7
1.3 Қаржылық талдаудың ақпараттық базасы..................................................... 12

2 «АКА» ЖШС қаржылық жағдайын талдау............................................... 13
2.1 Кәсіпорынның сипаттамасы, басқару құрылымы......................................... 13
2.2 Кәсіпорын қаржысының құралу көздері және құрылымы........................... 17
2.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оған баға беру............. 24

3 «АКА» ЖШС-ның қаржыландыру қайнар көзін пайдалану тиімділігі мен жетілдіру жолдары....................................................................................... 28
3.1 Кәсіпорынның қаржыландыру көздерінің проблемалары........................... 28
3.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіру жолдары............................ 29
Қорытынды........................................................................................................... 32
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................

Работа состоит из  1 файл

менеджмент.docx

— 90.77 Кб (Скачать документ)

     Серіктестіктің  негізгі мақсаттары үстіде қарастырылған  қызметтерді жүзеге асыра отырып пайдаға жету, оны үнемі ұлғайту. Мақсат тек қана өндірістің жеткен деңгейде ұстап тұру емес, оны әрдайым  ұлғайту мен жана өндіріс орындарын  қалыптастыру болып табылады.       
 

    1. Кәсіпорын қаржысының құралу көздері  және құрылымы

     Кәсіпорын қаржысының құралу көздерінің құрылымының  негізгі бидай өндіру мен оны  өңдеуден түскен табыс. Серіктестік  еншісінде 7158 га жер бар. Мемлекеттің жерін пйдаланғаны үшін,  жыл сайын 76065 теңге төлеп отырады. Серіктестік льготы /патент/ негізінде салық төлейтін болғандықтан жылдық жалға беру сомасы 15213 теңгені құрайды.

     Кәсіпорын бидай шаруашылығында 2 түрлі бидай  сорттары өсіріледі -  “Астана”   “Светланка”.

      Бидай жинаудан бір гектарға деген орташа жылдық өнімділігі:
      2005 - 13,3 ц/га;
      2006 – 10,5 ц/га;
      2007 – 11 ц/га;
      2008 – 7,3 ц/га ;
      Жер көлемі. Егістікті гектармен санағанда  кезеңдік егістік алқабы:
      2005 - 5005 га
      2006 – 4950 га
      2007 – 5105 га
      2008 – 5025 га
      2009 – 5220 га
      Бидайдын  сорттары:
      2005 – Астана, Акмола-2(Светланка)
      2006 – Астана, Акмола-2(Светланка)
      2007 - Астана, Акмола-2(Светланка)
      2008 - Астана, Акмола-2(Светланка)
      2009 - Астана, Акмола-2(Светланка)
      Бидай өңдеуден өткізілді:
      2005 - 5350,3 т
      2006 - 5104,5 т
      2007 - 5168,2 т
      2008 - 2292,5 т
      Кәсіпорынның  биды өңдеп және өңдемей сатудағы қаржылық пайдасының айырмашылығы. Қазіргі  нарықтық бағамен есепегенде. Нарықтық баға бойынша бидайдың тоннасы 110 доллар.
     Кесте 6 - Бидайды сатудан түскен пайда.
 
      өндіріс жылы 

(жыл)

егістік алқабы  

(га)

орт. өнімд-ілігі (т/га) 1 т бид. өткізу  бағ. (KZT) өнім көлемі  

(т)

өңделген бидай  

(т)

өңделмеген  бидай түсімі   

(KZT)

өңделген 

бидай түсімі   

(KZT)

     1 2005 5005 1,33 16 950 6656,65 5350,30 22 142 632,50 135 977 874,50
     2 2006 4950 1,05 17 005 5197,50 5104,50 1 581 465,00 130 815 573,75
     3 2007 5105 1,10 17 350 5615,50 5168,20 7 760 655,00 137 741 574,35
     4 2008 5025 0,73 14 234 3668,25 2292,50 19 582 425,50 56 802 418,75
     5 Орташасы: 5021,25 1,0525 16 385 5284,475 4478,875 12 766 794,50 115 334 360,34
     6 Жиыны: - - - 21137,9 17915,5 51 067 178,00 461 337 441,35
 

     Соңғы 4 жылдыа бидайдың орташа өнімділігі 1,0525 т/га тең. Мақсат бидайды өңдемей  сатуға қарағанда оны өңдеп сатқаннан  пайданың қаншалықты ұлғайатына көз  жеткізу. Ол үшін  4 жылғы жалпы  түсімді салыытыру керек. Онан 5 жылғы  орташа мәліметтер пайдаланылады. Өнімді сатудан тускен табыс көлемінің қосындысы. Оның ішіне өңделген және өңдеуден өткізілмеген бидайды сатудан түскен табыс кіреді.

     -      Өңделмеген бидай саудасынан түскен табыс - 51 067 178,00тг.(3222,4т)

     -      Өңделген бидайдан түскен табыс - 461 337 441,35 тг. (17915,5т)

     Бидайды өткізу түріне байланысты табыстың өзгерісі. Бидайды өңдеп ұнға айналдырып сатудан  табыстың сомасы  үлкен болады. Оны  өнімнің орташа 4 жылдық бағасына қарап  білеміз.1т өңделмеген бид. 4жылдағы  орт. бағ. – 16385 тг, 1т өңделген бид. 4 жылдағы орт. бағ – 29837,5тг.

      4 жылдық жалпы өнімді тек қана  өңдемей сатудан түсетін табыс(тг)  = 4 жылдық жалпы өнім көлемі(т) *  1т өңделмеген бидайдың орташа  бағасы(тг).

     Кесте 7- Бидайды ұнға айналдырып сатудан табыстың ұлғаюы:
 
           Бидайдың  күйі      4 жыл алынған өнім (т)      1 т бид. орт. өткізу бағ.(тг)      4 жыл ЖӨ өңдемей, өңдеп сатудан  табыс(тг)
     1      өңделмеген      3222,4      16385      346344491,5
     2      өңделген (ұн)      17915,5      29837,5      630702091,3
     3      жалпы      21137,9      46222,5      -
     4      өңдеуден  түсетін табыс.(%)      -      -      182,10%
 

     Кестеде келтірілген мәліметтер өнімді сату алдындағы күйімен байланысты. Бидайды  өңдемей сату және өңдеп сату. Тиімді жақтарын қарастыру. Мақсат бидайды  өңдеуден түсетін табыстың өңдемей  сатудағы табысқа қарағанда қаншалықты артықшылығын табу болатын:

     4 жыл ЖӨ-і өңдемей сатудан табыс(тг) = 21137,9*16385 = 346344491,5тг

     4 жыл ЖӨ-і өңдеп сатудан табыс(тг) = 21137,9*29837,5 = 630702091,3тг

     Сандардың арасындағы айырмашылық, олардың процент  күйінде берілгенде анық байқалады:

     - өңдеуден  түсетін табыс(%) = 346344491,5 * 100/630702091,3 = 182,10%, яғни бидайды өндіріс  орындарынан өткізіп өңдеп сатудан  тусетін табыс, өны өңдемей  сатудан түсетін табысқа қарағанда  1,8 есеге, немесе 82,1%-ке артық .

     Кәсіпорын тауардға кеткен шығынды есепке алуға  көп көңіл бөледі. Шығындар жіктелуі: өндіріске жтатын шығындар тура шығындар болып есептеледі, көмекші өндірістердің  шығындары және жанама шығындар.  Оларды жүйеге келтіріп, үнемі бақылудға  алып отырады.

     Мемлекетке  салық төлеу кәсіпорынның мемлекетпен  экономикалық қатынасының маңызды  бөлігі. Мемлекетке салық салу кәсіпорынның өнімдерндегі өзіндік құнның ішінде орын алады.

     Содан кейін болашақ кезеңдегі шығындар есептеледі, сатуға жарамсыз тауарларды есептелінеді. Содан кейін өндірістік шығындар түрлеріне байланысты есептелінеді, өнім, қызмет түрлеріне байланысты, шығынның өндіріске қатысты емес түрнлеріне байланысты және жалпы кәсіпорын  бойынша есепке алынады.

     Дайын өнімге кеткен шығынды есептеу кезінде  калькуляция әдісін қолданады. Өнімнің  өзіндік құнын шығару шығындардың  алгебралық қосындысын табу арқылы жүзеге асырылады.

     Кәсіпорын заңды тұлға ретінде өзіне  тиесілі салық түрлерін төлуді жүзеге асырып отырады.

       Серіктестіктің 2007-2008 ж.ж қаржылық  жағдайы талданып жатқандықтан, сол кезеңдерде төленген салық  түрі :

  • корпоративті табыс салығы;
  • қосымша құн салығы;
  • жер салығы;
  • мүлік салығы;
  • көлік салығы;
  • әлеуметтік қатамасыз ету салығы;
  • жер учасклерін пайдаланғаны үшін салық;

     Төленген  салық түрлеріне байланысты, яғни оларды өткен кезеңмен салыстыра  отырып Серіктестік жұмысың даму қарқынына, яғни табыстылығының өзгерісіне баға береміз.

     Ол  үшін кем дегенде екі кезеңде  бюджетке төленген салық және басқа  да міндетті төлемдерінің ақша сомаларын  жинастыру қажет.

       Бұл жинақта серіктестіктің салық  және басқа да міндетті төлемдерінің  түрлері және олардың сомалары  жайлы толық ақпарат береді.

       Ал кестені жинаудың басты  мақсаты кәсіпорын табысының  өткен кезеңмен салыстырғандағы  өзгерісі.

     Кәсіпорын иелігіндегі мүлік оның бухгалтерлік балансының активінде орын алады. Мүліктің жалпы сомасы айналымнан тыс және айналымдағы қаражаттың немесе ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді активтердің  қосындысынан тұрады.

     Серіктестіктің  қысқа мерзімді активтері бухгалтерлік баланстың бірінші бөлімін құрайды. Оның құрамына ақша қаражаты, қысқа  мерзімді дебиторлық қарыздар, запастар, басқа қысқа мерзімді активтер кіреді.

     Ұзақ  мерзімді активтер бухгалтерлік баланстың  екінші бөлімін құрайды. Оның құрамына ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар, негізгі  қаражаттар, биологиблық активтер, басқа ұзақ мерзімді активтер құрайды.

     Сонымен қатар активтер монитарлы және монитарлы  емес деп ажыратылады.

     -Монитарлы  – ақша қаражаттары, қысқа  мерзімді қаржылық салымдары  жатады. Оларға қайта бағалау  жүргізілмейді. 

     -Монитарлы  емес – ақшалай күйде емес, бирақ ақшалай нақты құны бар  активтер жатады. Олардың нақты  құнын анықтау қайта бағалаудан  кейін ғана белгілі болады.Кәсіпорын  мүлкінің құрылымын және өзгерісін  талдау жүргізу үшін төмендегідей  аналитикалық кестелерді пайдалану  керек:

     Кестенің  негізгі мақсаты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мүлкінің активтерінің  құрылымын ашып көрсету. Акивтердің, мүліктердің жалпалп баланстағы үлесн көрсету, кезең басымен  салыстырғанда кезең соңында  активтердің өзгерісін  көрсету. Қанша теңгеге өскенін немесе кемігенін көрсету. Сонымен қатар  оны пайыз түрінде жазу. Кәсіпорын  активтерді типіне қарай екі топқа  бөліп жіктеп жазамыз. Олардың баланстағы лесінтабу.

     Кәсіпорын маңызды компоненттерінің бірі  ол кәсіпорынның мүлкі. Ол баланстың  Активінде орын алады.  Оларды типтеріне  қара жіктеп, кластарына байланысты  біріктіріп  жеке - жеке  ақша сомалары кестеде орын алады.

     Осы кесте кәсіпорынның  қаржылық төлем  қабілеттілігін анықтауға оны сараптауға, оның төлем қабілеттілігін анықтауға  мүмкіншілік береді. 

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайды талдаудың теориялық негізі