Мемлекеттік бюджет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2011 в 04:46, реферат

Описание

Мемлекеттік бюджет — мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне, көбінесе бір жылға арналған кірістері мен шығыстарының қаржы жоспары. Онда мемлекеттік кірістердің түсетін көздері және қаражаттың жұмсалу бағыттары мен арналары көрсетіледі. Мемлекеттік бюджетті үкімет әзірлейді, жоғары заң шығарушы органдар қабылдап, бекітеді. Бюджеттің атқарылуы барысында оның ішінара қайта қаралуы мүмкін. Барлық демократиялық мемлекеттерде Мемлекеттік бюджетті қабылдау парламенттің аса маңызды өкілеттіктерінің бірі болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Мемлекеттік бюджет.docx

— 76.75 Кб (Скачать документ)

Бюджетаралық қатынастар және бюджеттік реттеу механизмі

Уикипедияден

Рыноктық экономика  жағдайларында бюджеттік үдерісте жоғарғы және төменгі бюджеттер арасындағы қатынастар, сонымен бірге кірістер мен шығыстарды бюджеттер деңгейлері арасында бөлу аса маңызды проблемалардың біріне айналып отыр. Бюджеттік үдерісте республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы және республикалық бюджет пен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады. Қазақстандық практикада Бұл қатынастар шеңберінде бюджеттік федарализмге ұксастығы жағынан бюджет жүйесінің деңгейі бойынша бюджеттік бөлініс іске асырылатын қатынастар болып келеді. Бюджеттік кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, Үкімет пен орталық мемлекеттік орғандардың, облыстардың жергілікті атқарушы орғандарының, тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар каланың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттік үдеріске араласуына жол берілмейді. 
Бюджеттік кодекстен басқа өзге заңнамалық актілерде есебінен шығыстар қаржыландырылуға тиіс және түсімдер есептелуге тиіс болатын бюджет деңгейін белгілеуге жол берілмейді. Шығыстарды немесе түсімдердің жекелеген түрлерін бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне беру Бюджеттік кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылуы кезеңінде шығыстардың ұлғаюына және (немесе) кірістердің азаюына әкеп соғатын жоғары орғандардың нормативтік құқықтық актілерді кабылдауынан туындайтын, төмен бюджеттердің шығындарын өтеу міндетті түрде жоғарғы бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу арқылы жүргізіледі. Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылуы кезеңінде мемлекеттік орғандардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төменгі деңгейінен жоғарғы деңгейіне беруге байланысты шығыстардың ұлғауына әкеп соғатын заңнамалық актілер қабылдауынан туындайтын шығындарын өтеу міндетті түрде төменгі бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу арқылы жүргізіледі. 
Бюджетаралық қатынастар мынадай кағидаттарға негізделеді:

  1. облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің республикалық бюджетпен, аудандар (облыстық маңызы бар калалар) бюджеттерінің жоғарғы облыстық бюджетпен өзара қатынастарда теңдігі;
  2. ара жігін ажыратудың мынадай өлшемдерінің бір мезгілде сакталуын ескеретін түсімдерді тиімді бөлу: тұрақты сипаттағы, сыртқы факторлардың әсеріне тэуелсіз салықтық және салықтық емес түсімдер төменгі бюджеттерге бекітіледі; мемлекеттік мекемелер көрсеткен қызметтер ақысы болып табылатын салықтық және салықтық емес түсімдер аталған көрсетілетін қызметтер қаржыландырылатын бюджет кірісіне түседі;қайта бөліну сипатындағы, сондай-ак салық базасы әркелкі орналастырылған салықтар бюджет жүйесінің неғұрлым жоғарғы бюджеттер деңгейлеріне бекітіледі; салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді бюджетке бекіткен кезде оларды жинаудың неғұрлым жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін бюджет деңгейіне артықшылық беріледі; нақты аумақтық байланыстылығы бар салық базасынан алынатын салықтар жергілікті бюджеттерге бекітіледі;
  3. Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық бірлік-терінің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейлерін теңестіру;
  4. жергілікті атқарушы орғандардың мемлекеттік қызметтердің бірдей деңгей үсынуын қамтамасыз ету;
  5. мемлекеттік қызметтерді ұсынудың тиімділігі мен нәтижелілігі мемлекеттік қызметтерді неғұрлым тиімді әрі нәтижелі қамтамасыз ете алатын мемлекеттік басқару деңгейіне мемлекеттік қызметтерді бекітіп беру;
  6. мемлекеттік қызметтерді үсыну деңгейін оны алушыларға барынша жақындату - қызметтерді алушылардың қажеттіліктерін барынша дәл есепке алу және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қызметтердің атқарылуын бюджет жүйесінің мүмкіндігінше төмен деңгейіне беру.

Бюджетаралық қатынастар:

  1. республикалық және облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар кала, астана бюджеттерінің арасында: трансферттерменбюджеттік кредиттермен;
  2. облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер арасында:

трансферттермен; бюджеттік кредиттермен; кірістерді бөлу нормативтерімен реттеледі. 
Трансферттер (нормативтік үлестік жәрдемқаржы) - бұл қайтарусыз және өтеусіз негізде нақтылы мақсаты көрсетілмей бюджеттік реттеу ретінде бір деңгейдің бюджеттерінен (жоғарғы) басқа деңгейдің бюджеттеріне (төменгі) бөлінетін қаражаттар. Бюджеттер деңгейлері арасындағы трансферттер жалпы сипаттағы трансферттерге, ағымдағы нысаналы трансферттерге, дамудың нысаналы трансферттеріне бөлінеді. Бюджеттік реттеудің отандық практикасында реттеу механизміне бюджеттік субвенциялармен бюджеттік алынымдар жатады және олар жалпы сипаттағы трансферттер болып табылады. Бюджеттік субвенциялар - жоғарғы бюджеттерден төменгі бюджеттерге республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар шегінде берілетін трансферттер. Бюджеттік алынымдар республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар шегінде төменгі бюджеттерден жоғарғы бюджеттерге берілетін трансферттері болып табылады. 
Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі 
абсолюттік мәнімен жылдар бойынша бөліне отырып, үш жылдық кезеңге: республикалық бюджет пен облыстық, республикалық маңызы бар кала, астана бюджеттерінің арасында қазақстан Республикасы заңымен; облыстықбюджетпенаудандар(облыстықмаңызыбар калалар)бюджеттерінің арасында- облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленеді. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері әрбір үш жыл сайын өзгертілуге жатады. 
Жалпы сипаттағы трансферттер бюджеттің әрбір деңгейі үшін Салықтық кодексте бекітілген шығыстардың бағыттарына сәйкес 
мемлекет кепілдендірген қызметтерді ұсыну үшін өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін теңестіруге және тең фискалдық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған. Жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау кезінде өңірдің салықтық әулеті, өңірдегі мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар саны, мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары және сол немесе өзге өңірдің өзіндік ерекшелігіне қарай мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша шығыстарға әсер ететін факторлар ескеріледі. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі тиісті жергілікті бюджеттің кірістері (трансферттерді шегергенде) мен шығындарының болжамды көлемдері арасындағы айырма ретінде айқындалады. Жалпы сипаттағы трансферттерді аудару тәртібі мен кезеңділігін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде ескерілмейтін ағымдағы жекелеген бюджеттік бағдарламаларды немесе бюджеттік даму бағдарламаларын жүзеге асыру үшін республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар шегінде жоғарғы бюджеттердің төменгі бюджеттерге берілетін трансферттері, сонымен бірге жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылуы кезеңінде мемлекеттік орғандар функцияларының мемлекеттік басқарудың төменгі деңгейінен жоғарғы деңгейіне берілуіне байланысты шығыстардың ұлғаюына ұрындыратын заңнамалық актілерді қабылдаудан туындайтын, жоғарғы бюджеттердің шығындарын өтеуге бөлінетін трансферттер нысаналы трансферттер болып табылады. Ағымдағы нысаналы трансферттер - жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисабы кезінде ескерілмейтін, ағымдағы жекелеген бюджеттік бағдарламаларды іске асыру үшін республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген сомалар шегінде жоғарғы бюджеттердің төменгі бюджеттерге берілетін трансферттері
Дамуга арналған нысаналы трансферттер жоғарғы бюджеттерден Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық 
құжаттары негізінде жергілікті атқарушы орғандар ұсынатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға және стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың жоғарғы мемлекеттік басқару орғандарының құзырына жататын, экономикалық пайда алуға немесе әлеуметтік-экономикалық тиімділікке кол жеткізуге бағытталған іс шараларын төменгі мемлекеттік басқару орғандарының орындауына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген сомалар шегінде төменгі бюджеттерге берілетін трансферттер болып табылады. 
Республикалық бюджеттен және облыстық бюджеттерден бюджеттік кредиттер тиісінше облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар кала, астана бюджеттеріне және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне каржы жылы ішінде бюджеттік 
инвестициялық жобаларды іске асыруға және қолма-қол ақшаның болжамды тапшылығы жағдайында берілуі мүмкін. 
Бюджетаралық қатынастарда түрлі деңгейлер бюджеттерінің қаржы өкілеттіктерінін келісілмегендік және олардың өкілеттіктері мен кірістерін қамтамасыз ету проблемалары бар: аумақтық бюджеттердің нашар салық базасы; қайта бөлу саясатындағы тұрлаусыздық. Бюджет аралық қатынастар жоғарғы бюджеттердің төменгі деңгейдің бюджетгерін орталықтандырып нығайту кегізінде құрылады. Мұндай саясат аумақтарды шығыстардың негұрлым жоғары нормативтерін каққылауға багдарлайды. Жоғарғы орғандар«тағдырды шешушіге» айналады, Бұл жемқорлықка негіз калайды. Бұл жағдаятта биліктің жергілікті орғандарының құқықтарын кеңейту қажет,ол үшін олардың үш топтағы өздерінің салықтары болуы керек:

  1. негізгі рөлді ойнайтын салықтар: а) тура салықтар: мүлік, жер,көлік құралдары салықтары; ә) жанама салықтар: сатып алуға сапынатын салық, көпшілік түтынатын тауарларға салынатын акциздер;
  2. жергілікті орғандардың аумақтарында жиналатын мемлекеттік салықтарға биліктің орталық орғандары белгілі бір пайызбен белгілейтін салықтар;
  3. басқадай жергілікті салықтар, алымдар және төлемдер, салықтық емес кірістер (жерді жалға беру және сату; орман массивтерін жалга беру; басқадай түсімдер).

Бюджеттік кодексте бюджеттер  деңгейлері арасында түсімдер мен шығыстарды нақтылы бөлудің сызбасы анықталған. 
Республикалық бюджетке түсетін түсімдер. Салықтық түсімдерден республикалық бюджетке бағытталатындары: мұнайлық сектор ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда,
қорпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге және оның аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығы, Қазақстан аумағына импортталатын тауарларға акциздер, құмар ойын бизнесі салығы, мұнайлық сектор ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, үстеме пайда салығы, бонустар, пайдалы қазындыларды өндіру салығы, тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемақы, Қазақстан Республикасының жасалған келісімшарттар бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі, экелінетін және экетілетін тауарларға кеден баждарыконсулдық алым,мемлекеттік баждар, алымдар мен төлемақылар. 
Республикалық бюджетке түсетін Салықтық емес түсімдерге республикалық меншіктен түсетін кірістер (республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен Ұлттық банктің таза табысы бөлігінің түсімдері, республикалық меншіктегі 
акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер, республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер, екінші деңгей банктерінің шоттарында мемлекеттік сыртқы қарыздар қаражаттарының орналастырылғаны үшін және Ұлттық банктегі Үкіметтің депозиттері бойынша сыйақылар, республикалық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар, кару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетін кірістер, республикалық меншіктен түсетін басқа кірістер) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердін тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдері, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуларды өткізуден түсетін ақшалай түсімдері, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Ұлттық банктің бюджетінде (шығыстарды қаржыландырудың жеке жоспарында) тұратын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерсалатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар, республикалық бюджетке түсетін салықтық емес басқа түсімдер жатады. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақшалар болып табылады. 
Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар кала, астана бюджеттерінен түсетін трансферттер, Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін трансферттер республикалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері болып табылады. Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, республикалық меншіктегі мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан, үкіметтік қарыздарды сатудан түсетін түсімдер республикалық бюджет есебіне жазылады. 
Облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қапаның, астстаның бюджетіне, ауданның (облыстық маңызы бар қапаның) бюджетіне түсетін түсімдерді осы оқулықтың 15 тарауының «Жергілікті бюджеттердің мәні, кірістері мен шығыстары» параграфын қараңыз. Бюджеттің шығыстарын бөлу мемлекеттік басқарудың деңгейлеріне сай келеді. 
Республикалық деңгейде - бұл: 
мемлекеттік билік пен басқарудың жоғары орандарының жұмыс істеуін, қорғанысты қамтамасыз ету, мемлекеттің сыртқы саясаттық қызметі, кеден қызметі, іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу; 
коғамдық тәртіпті, қауіпсіздіқті қамтамасыз ету, 
құқықсотқылмыстық- атқару қызметі, төтенше жағдаяттар саласында қызметті ұйымдастыру, өртке карсы служба, азаматтық қорғаныс; 
білім беру және денсаулық сактау жөніндегі шаралардың бір бөлігі, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру (зейнетақылық төлемақылар, жәрдемақылардың негізгі түрлері, әр түрлі әлеуметтік төлемақылар, соның ішінде әскери қызметшілер отбасыларына, құқық сақтау орғандарының жұмыскерлеріне), 
мәдениетспорттуризм және ақпараттық кеңістік саласындағы шаралардың бір бөлігі; 
экономикалық қызмет (ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп , жер койнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, көлік және коммуникация), экономикалық қызметті реттеу; 
басқа бағыттар: облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар калалардың, астананың бюджеттеріне берілетін трансферттер; Үкіметтік борышқа қызмет көрсету және оны өтеу; мемлекеттік кепілдер, концессиялық келісімдер бойынша міндеттемелерді орындау. Басқарудың басқа деңгейлері функциялық топтар тұрғысындағы шығыстарды, бірак жалпы көлемдегі олардың әр түрлі арасалмағымен алып жүреді.
[1]

Бюджеттен тыс қорлардың мәні

Уикипедиядан алынған  мәлімет, ашық энциклопедия

Жалпы мемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржылық ресурстарды  ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып  табылады. 
Бірақ рыноктық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджеттік қаражаттар жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджеттік қормен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады. 
Бюджеттен тыс қорлар мемлекет қаржысы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің катаң белгілі бір максаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақшалай ресурстардың жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекеттарапынан қаржылық ресурстарды қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады. 1991 жылдан бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы әлеуметтік-экономикалық дамудың қажеттіліктерінен туындады: қатаң функциялық мақсаттарға жұмсалатын мемлекеттің қаржылық ресурстардың бір бөлігін окшауландыру, мемлекеттік бюджеттерді оған тән емес шығыстардан жеңілдету, бір жағынан бюджет тапшылығын төмендету қажет болды. Белгілі бір дәрежеде Бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен тікелей байланысты емес шығыстардың ауыртпалығын шаруашылық орғандарына аударуды қажет етті; бұл максатқа 
Экономиканы тұрактандыру қоры (кейін Экономиканы жаңғырту қоры) сай болды. Басқа жағдайларда, рынокқа өту кезінде халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі жағдайында оны неғұрлым сенімді жәнетиімді қорғау мақсатымен әлеуметтік мүктаждарга жұмсалатын кейбір шығыстарды бөлу және оларды жабудың көздерін межелеу қажет болды. Бұл міндеттерді Зейнетақы қорының, Әлеуметтік сактандыру қорының, Халықты әлеуметтік қорғаудың бірыңғай одақтық-республикалық қорының, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорының шешуін қажет етті. Бірқатар қорлардың - Жол қорының, Әскери өндірісті конверсиялау қорының, түрлі арналымның инновациялық қорларының және басқаларының өте-мөте тар максатты арналымы болды. 
Бірқатар қорлар, мәселен, 
Экономиканы тұрактандыру қоры, Халықты әлеуметтік қолдаудың бірыңғай одактық-республикалық қоры уақытша қызмет етті - бұл экономиканың дағдарысты жағдайында мұндай қорлардың қаражаттарын қалыптастырудың белгілі бір иесізденуімен, бөлу кезінде ресурстарды қайтарусыз пайдаланудағы қорды қалыптастыру субъектілерінін мүдделіксіздігімен түсіндіріледі. 
Қорларды қалыптастыру кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілерге қайтарусыз тәртіппен ақшалай қаражатгардың бір бөлігін салудың қосымша міндеттілігі жүктеледі. Егер мұндай бөлік қосымша өнім (пайда, табыс) күнының есебінен салынса, онда тікелей кәсіпорындардың экономикалық 
мүдделерін шалады - олардың ұдайы өндіріс пен түтынудағы мүмкіндіктерін тежейді (мысалы, 1995 жылға дейін жұмыс істеген Кәсіпкерлік пен бәсекені дамытуды қолдау қорында). Қорларга аударылған аударымдарды өнімнің өзіндік құнына жатқызған жағдайда, құнның бір бөлігі баға арқылы тұтынушыға аудара салынады және Бұл күшсалмақты жалпы қоғам көтереді. Сөйтіп, Бұл қорды қалыптастыру және пайдалану кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір бөлігі үшін белгілі бір уақыт межелдемесінде баламасыз болып табылатын қайта бөлгіштік үдерістер өрбиді, яғни олардың экономикалық мүдцелеріне қысым жасалады. Сонымен бірге бүкіл коғам ауқымында бюджеттен тыс қорлардың көмегімен әлеуметтік-экономикалық теңгерімділік пен тұрақтылық қолдап отырылады, өйткені халықтың жекелеген топтарын әлеуметтік қолдау жөніндегі жергілікті және жалпы мемлекеттік ауқымның мәселелерін, бүкіл экономиканың немесе өңірдің мүддесі үшін белгілі бір максатты бағдарламаларды орындауды, әлеуметтік-экономикалық дамуды теңестіруді шешу мүмкін болабастайды. Сөйтіп, бюджеттентыс қорлардың жұмыс істеуінде топтық және қоғамдық мүдделердің қарама-қайшылығы көрінеді. Жалпы бюджеттентыс қорлардыңжұмыс істеуі сайып келгенде, бүкіл қоғам мүддесі үшін жүзеге асырылады, оны нығайтуға бағытталған және қаржылық қатынастардың Бұл нысанының әлеуметтік-экономикалық мәні осында. 
Бюджеттен тыс арнаулы қорлардың мемлекеттік бюджетпен бірге қосарлана қызмет етуі қаржылық қатынастарды саралауға, олардың бір бөлігін тармаландандырылған сфераларға бағыттауға, қаржылық қызметтің әр түрлі бағыттарында бұл қатынастардың өзіндік эртараптандыруына жетуге мүмкіндік береді. 
Бюджеттен тыс қорлар мынадай белгілері бойынша сыныпталады: мақсатты белгісі бойынша бюджеттен тыс қорлар экономикалық және әлеуметтік, ғылыми-зерттеу, табиғат қорғау (экологиялық), көші-кон, құқықтық тәртіпке жәрдемдесу, мәдени арналым және басқа қорлар; басқару деңгейіне қарай мемлекетаралық, мемлекеттік және өңірлік (жергілікті) болып бөлінеді. 
Экономикалық қорлар - экономикалық дамудың, ал әлеуметтік қорлар коғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге арналған қорлар болып табылады. Мемлекеттік қорлар - бұл мемлекеттік деңгейде, ал өңірлік қорлар өңірлік деңгейде қалыптасатын қорлар. 
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен мемлекеттік емес қорларды ажырата білген жөн; соңғылары бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға, мысалы, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, әр түрлі ізгіліктік, соның ішінде халықаралық қорларға ұксас болғанымен өзінің мақсатты арналымы бойынша өте сан алуан болып келеді. Сондай-ак бюджеттен тыс қорлар және мақсатты қаржыландыру қоры болып ажыратылады, бұл қорлар 1996 жылға дейін (оны қоса) мемлекеттік бюджеттің құрамында болып келді: жер қойнауын қорғау және минералдық-республикалық қоры. Мұнда қаралған басқа да қорлар мезгіл-мезгіл, 1992-1996 жылдар ішінде мемлекеттік бюджетке еңгізіліп, одан шығарылды. Бұл қаржы жүйесінің қалыптасу үдерісін, оның құрылымының оңтайлы нұсқасын іздестіруді бейнелеп көрсетеді. 
Барлық бюджеттен тыс және басқа қорлар, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорлары (жарғылық капитал, резервтік 
капиталамортизаңиялық валюта, жөндеу, қорлану, тұтыну және басқа қорлар) үшін қабылдауға болатын «арнаулы қорлар» термині қолданылуы мүмкін, мұның өзі олардың максатты арналымын баса көрсетеді. 
Ұйымдық жағынан қорлар арнаулы аппараттың немесе министрліктің қарауында болады, бұл қаржылық ресурстардың оқшауланған бөлігін басқару, оларды ұтымды, максатты пайдалануға бақылау жасау икемділігіне жәрдемдеседі. Бюджеттен тыс қорлардың болуы олардың қарауында шоғырландырылған мақсатты қаражаттарды жедел басқарып, ұйымдастыруға мүмкіндік береді: әлемдік практикада қорлар дербес - биліктің өкілетті орғандарының араласуынсыз басқарылады, бұл қорларды басқарудың мемлекеттік орғандарына максатты қаржыландыру мэселелерін тез шешуге, дер кезінде жағдаяттың өзгерісіне дер кезінде құлақ асуға мүмкіндік береді. 
Бюджеттен тыс қорлар арқылы қаржылық ресурстардың едәуір көлемі қайта бөлінеді: Қазақстан Республикасында қайта бөлудің ауқымы 2005 жылдың басында елдің ішкі жалпы өнімінің 16%-ына, 2009 жылдың басында 18%-ына жетті (Ұлттық қор мен дамудың мемлекеттік институттарын есепке ала отырып). 
Өтпелі кезеңдегі бюджеттен тыс қорлардың жалпы проблемасы төлеушілердің қаржылық жайсыз жағдайынан жобаланған көлемдегі олардың қаржысын қалыптастырудың қиындықтары: олардың көбісінің залалдығы, өзара берешектер, төлем қабілетсіздігі болып табылады. Нәтижесінде қордың бюджеттері теңгерімсіз болды және шұғыл әлеуметтік-экономикалық мұқтаждарды максатты қаржыландыру жөніндегі көптеген шаралар қамтамасыз етілмеді. Қазақстанда бюджеттен тыс қорлардың жүйёсі реформалауға жиі ұшырады: біраз уақыт олар өзін өзі биледі, мемлекеттік бюджеттің құрамында «Мақсатты қаржыландыру қоры» бөлімінде бөлек бөліп көрсетілді. 
Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 1998 жылдан бастап мемлекеттін қаржылық ресурстарын орталықтандыру саясатын жүргізуге байланысты максатқа сәйкес емес деп танылды: қорлардың қаражаттары Республикалық бюджетке шоғырландырылды. Алайда әлемдік практика қоғам тарапынан қаражаттардың жұмсалуына бақылауды қамтамасыз еткенде мемлекеттің қаржылық ресурстарын оперативті басқару мақсатымен оларды дербес қалыптастыруды орталықсыздандырудың және пайдаланудың тиімділігін растайды. Сондықтан болып жатқан әлеуметтік-экономикалық үдерістерге: зейнетақы жүйесін реформалауға (Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, 1998 жыл), Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын орындауға (Қазақстандық инвестициялық қор, Ұлттық инновациялық қор, 2003 жыл), мұнайлық табыстарды қордалау қажеттігіне (Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, 2001 жыл), әлеуметтік сактандыру жүйесін ендіруге (Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры, 2005 жыл), шағын бизнесті дамытуға (Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры, 1997 жыл) байланысты бюджеттен тыс қорлар қайтадан бірте-бірте калпына келе бастады

Информация о работе Мемлекеттік бюджет