Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 10:57, доклад
Меншік - экономикалық санат ретінде. Меншіктің экономикалық саясатын ұғынудың негiзi тіптен ХIХ ғасырдағы ғылыми жұмыстарда кездеседi. Ондағы ой меншiк қоғамда, тек мемлекет ұйымдастырған қоғамда ғана болады дегенге тiреледi. Меншiк, бұл - зат та емес, мүлікте емес. “Бұл -белгiлi бiр экономикалық (нақты) қатынас”.
Меншік - экономикалық санат ретінде. Меншіктің экономикалық саясатын ұғынудың негiзi тіптен ХIХ ғасырдағы ғылыми жұмыстарда кездеседi. Ондағы ой меншiк қоғамда, тек мемлекет ұйымдастырған қоғамда ғана болады дегенге тiреледi. Меншiк, бұл - зат та емес, мүлікте емес. “Бұл -белгiлi бiр экономикалық (нақты) қатынас”.
Меншік дегенiмiз тарихи қалыптасқан, белгiлi бiр қоғамдық қатынас, ол адамдар арасында затқа байланысты туындайды.
Меншiк қатынастарның өзгеруi - қоғамның негiзгi қозғаушы күшi және барлық әлеуметтiк сiлкiнiстердің себебi. Ал, меншiк қатынастарының өзгеруi қоғамды прогреске де, регреске де әкелуi мүмкiн. Өзгерiстердiң тиiмдiлiгiн анықтау қиын емес, ол үшiн тиiстi кезеңдердегi мемлекет пен азаматтың экономикалық және әлеуметтiк дамуының статистикалық мәлiметтерiн салыстырса жеткiлiктi.
«Меншік» термині әртүрлі мағынада пайдаланылады. Күнделікті өмірде меншік, көбіне, мүлікпен немесе құқықпен теңдестіріледі. Бірінші жағдайда «мынау менің (оның) меншігім (меншігі)» деуге болады. Екінші жағдайда - »меншік иемдендім (бердім)» дейді. Құқық түрғысынан алғанда мұның екеуі де дәл емес. Меншікті меншік қүқығынан айыру қажет. Меншік - экономикалық, ал меншік құқығы - заңдық санат. Біз келтірген бұл ұғымдарда меншіктің заңдық мәнін азаматтар меншікгің экономикалық санаты арқылы дұрыс білдірмейді. Сонымен қатар меншік нысанмен (мысалы, орындықпен, мәшинемен) теңестірілуге тиіс емес. «Мына зат маған меншік қүқығы бойынша тиесілі» немесе «Ол сатып алу-сату шарты бойынша пәтерге меншік құқығын иемденді». Экономикалық және құқықтық санаттарды шатастырмау керек. Сонымен бірге меншік құқығы меншіктің экономикалық қатынастарының сипаты әрі көрінісі екенін білу керек. Сондықтан да меншік құқығын зерттеу меншіктің экономикалық санатымен танысудан басталады.
Меншіктің экономикалық қатынастарына қарағанда меншіктің құқықтық қатынастары адамның еркі бойынша қалыптасады, оған қатысушылардың санасынан және ырқынан пайда болады. Адамдар бұл қатынастарға құқықтар мен міндеттердің иесі ретінде кіреді, ол құқықпен реттеледі және қорғалады. Меншіктің құқықтық қатьшастары меншікің экономикалық қатынастарнның мәнін сипаттағанмен, олар қондырманың кез келген құбылысы ретінде өзішне дербес болады.
Меншік құқығы - негізгі заттық құқық. Заттық құқық құқықтың басқа да типтерімен тұрақты байланысты болады. Заттық құқық иесі, әдетте, міндеттемелік қатынастарға, оның ішінде өзінің меншік объектілерімен қатынасқа кіреді. Бұл жағдайда құқықтың екі түрі қатар жүреді, олар, негізінен, әртүрлі субъектілік байланыстармен анықталады. Мысалы, меншік иесі өзінің ғимаратын жалға берсе, онда оны жалдаушымен міндеттемелік қатынас байланыстырады. Ал, барлық қалған үшінші жаққа қатысты ол — тиісті қорғану тәсілі бар заттық құқық иесі. Сондықтан да әртүрлі құқықтарды немесе олардың бірлестігін аралас сипаттағы жаңа кешенді құқықпен араластыру жайында сөз болмауға тиіс. Біздің жағдайымызда әңгіме заттық және міндеттемелік құқықтардың араласып жатуында болып түр. Бірақ олар қанша тығыз және ауқымды араласқанмен, бұл жерде заттық құқықтан, міндеттемелік құқықтан сапа жағынан өзгеше, жаңа құқық туындамайды, туындауы да мүмкін емес.
Меншік құқығының міндеттемелік нышаңдарының бірі - оны заңмен белгілеу қажеттігі. Бұл нышан меншік құқығының АК-ның 188 бабында келтірілген «заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын» элементтер бойынша байқалады.
Меншік құқығы — неғұрлым толық құқық. Бұл меншік иесінен жоғары тек заң арқы мен оның қоғамдық міндеттерінің ғана болатындығынан туындайды. Меншік иесі иемдену, пайдалану және билік ету өкілеттігін тек өз қалауы бойынша жүзеге асырады. Сондықтан меншік құқығы ең «күшті» заттық құқық. Сонымен қатар, меншік иесі шарт бойынша өзінің меншіктік өкілеттігін өзі шектей алады. АК-ның 188-бабының 3-тармағы «өз қалауы бойынша» ерекеже жуықтау анықтама береді.
Әлеуметтiк-еңбек қатынастары
1. Қазақстан Республикасының Министрлер
Кабинетi, республикалық кәсiподақ бiрлестiктерi
мен жұмыс берушiлер арасында еңбек және
өзге де әлеуметтiк-экономикалық мәселелер
жөнiнде жыл сайын республика деңгейiнде
Бас келiсiм жасап отыру практикаға енгiзiлсiн.
Бұл келiсiмдегi басым бағыттар келiсушi
жақтардың халықты жұмыспен қамту, еңбекке
ақы төлеу мен азаматтарға басқа да әлеуметтiк
кепiлдiктер беру және халықтың халi неғұрлым
нашар топтарын әлеуметтiк жағынан қорғау,
экономикалық реформаларды жүргiзу мүддесi
үшiн татулық пен ұлттық келiсiмдi қамтамасыз
ету саласындағы мiндеттемелерi деп белгiленсiн.
Бас келiсiмнiң жобаларын әзiрлеудi, оның
iске асырылуына бақылау жасауды және
ұжымдық еңбек дауларын /жанжалдарын/
реттеудi келiсiмге қатысушы жақтар құратын
Республикалық үшжақты комиссия жүзеге
асырады.
2. Мемлекеттiк басқару органдары, кәсiподақтар
мен олардың бiрлестiктерi және меншiк иелерiнiң
/жұмыс берушiлердiң/ өкiлдерi арасында
осы тектес облыстық және салалық /тарифтiк/
келiсiмдер жасау тиiмдi деп танылсын және
тұрақты жұмыс iстейтiн облыстық, салалық
үшжақты комиссиялар құрылсын.
3. Қазақстан Республикасының Министрлер
Кабинетi:
Бас келiсiм, облыстық және
салалық /тарифтiк/