«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2011 в 21:22, реферат

Описание

Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» акционерлік қоғамы « Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығына және « Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы » Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қ аулысы на сәйкес «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамын біріктіру жолымен құрылды.

Работа состоит из  1 файл

Самұрық.doc

— 100.50 Кб (Скачать документ)

«Самұрық-Қазына»  ұлттық әл-ауқат қоры туралы

«Самұрық-Қазына»  ұлттық әл ауқат қоры» акционерлік  қоғамы « Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығына және « Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы » Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қ аулысы на сәйкес «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамын біріктіру жолымен құрылды.

«Самұрық-Қазына»  ұлттық әл ауқат қоры ұ лттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру және әлемдік нарықтағы өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге ықтимал жайсыз әсер етуі факторларынан сақтандыру үшін құрылды.

Ұзақ  мерзімді құндылықтарын күшейту  және әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ұ лттық даму институттарының, ұлттық компаниялар мен басқа да заңды тұлғалардың өзіне меншік құқығында тиесілі акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару Қорды негізгі мақсаты болып табыла ды.

Қор қызметінің негізгі қағидаттары мыналар  болып табылады :

  1. Қордың жалғыз акционері ретінде мемлекеттің мүдделерін сақтау ;
  2. Қордың және оның компаниялары қызметінің ашықтығы, тиімділігі және икемділігі ;
  3. шешімдер қабылдауда және оларды іске асыруда кезінде жүйелілік және шұғылдық ;
  4. жауаптылық және есептілікте болу .

Қор қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып табылады :

  1. ұлттық экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға жәрдемдесу ;
  2. елдің экономикасын тұрақтандыруға жәрдемдесу ;
  3. компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру .

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларын, Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы н, «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасын, компаниялардың алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру шеңберінде жаңғырту мен әртараптандыру Қордың және компаниялар қызметінің негізгі бағыты болып табылады.

Қор экономиканың шынайы секторына инвестициялар  тарту, өңірлерде жұмыстарды жандандыру, салааралық және өңіраралық байланыстарды  нығайту жөніндегі мәселелерді  жылдам әрі шұғыл шеше отырып және бар басымдықтар мен мүмкіндіктерді барынша қолдана отырып Қазақстан Республикасының Үкіметіне барынша жәрдемдесу үшін танылған.

Ұлттық  экономиканы тиімді әртараптандыру және жаңғырту, әсіресе, мынадай экономиканың басым секторларында белсенді инвестициялық қызметті іске асыру арқылы жүзеге асырылады:

  • мұнай- газ сектор ы ;
  • электр энергетика сы ;
  • металлургия;
  • химия, мұнай- химия;
  • инфра құрылым .

Қордың  негізгі міндеттері мыналар болып  табылады :

  1. өңірлік, ұлттық және халықаралық ауқымдағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және оның іске асырылуын қамтамасыз ету ;
  2. Қордың компаниялары топтарының қолданыстағы активтерін қолдау және жаңғырту ;
  3. өңірлерді дамытуға және әлеуметтік жобаларды іске асыруға жәрдемдесу ;
  4. отандық тауар өндірушілерді, отандық тауарлар мен қызметтерді қолдау .

Қаралатын міндеттер шеңберінде Қор мынадай  функцияларды жүзеге асырады :

  1. өздігінен және (немесе) компаниялардың қатысуымен, сондай-ақ жарғылық капиталдарына қатысу және қарыздар беру арқылы стратегиялық және (немесе) отандық инвесторлармен бірлесіп, өңірлік, ұлттық және халықаралық ауқымдардағы, оның ішінде экономиканың шынайы секторындағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және (немесе) іске асыру, және (немесе) қаржыландыру ;
  2. «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша өзге бағдарламалар мен жоспарларды іске асыру жөніндегі оператордың функциясын орындау ;
  3. экономиканың жаңа секторларын игеру және елден және де шетелден экономикалық жағынан тартымды активтер сатып алу ;
  4. Қазақстан аумағында жобаларды асыру негізгі басымдығы болып табылатын инвестициялық және инновациялық жобаларды компаниялардың іске асыруы кезіндегі үйлестірілген және белсенді инвестициялық саясатты қамтамасыз ету ;
  5. отандық және шетелдік, мемлекеттік және жеке инвестицияларды тарту және экономиканың әртүрлі саласына инновациялар енгізу ;
  6. капиталдың дүниежүзілік және отандық нарығында капиталды теңгерімделген қарызға беруді жүзеге асыру ;
  7. шағын және орта бизнестің жобаларын қаржыландыру ;
  8. компаниялардың топтары шеңберінде қаржы-инвестициялық құралдарының тиімді кешенді жүйесін құру ;
  9. өңіраралық экономикалық байланыстарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында жобаларды іске асыру арқылы дамыту ;
  10. әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы өңірлерді серпінді дамытуды қамтамасыз ету .

Қор мынадай  функцияларды да орындайды :

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрақтандыру бағдарламаларына қатысу ;
  2. екінші деңгейлі банктерден жарияланған дауыс беруші акцияларды сатып алу ;
  3. әлеуметтік-экономкалық дамуды қолдау мақсатында екінші деңгейлі банктерде негіздемелі қаражатты орналастыру, оның ішінде құрылыс объектілерін аяқтау, шағын және орта бизнес субъектілерін және агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру ;
  4. ипотекалық кредит беру нарығын және тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы жүйесін дамытуға жәрдемдесу;
  5. Қордың және компаниялардың қазақстандық тауар өндірушілерден тауарлар мен қызметтерді сатып алуда отандық маңызды ұлғайту, компаниялар импорттық жабдықты ірі сатып алуды жүзеге асырған кезде өндірісті, жинау, жөндеу бойынша жұмыстар және оларға қызмет көрсетуді Қазақстанда оқшауландыру қамтамасыз ету бойынша тетіктерді көздейтін Қордың және компаниялардың сатып алуды жүзеге асыру тәртібін анықтау, бекіту және жүзеге асыру ;
  6. «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру .

«Самұрық-Қазына»  АҚ Басқарма Төрағасы 
Тимур Асқарұлы Құлыбаев

1966 жылдың 10 қыркүйегінде  Алматы қаласында дүниеге келген.  
Қазақ. 
Физика-математика мектебінің түлегі (1983 жыл). М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін халық шаруашылығын жоспарлау мамандығы бойынша тәмамдады, квалификациясы – экономист (1988 жыл). «Нарық шарттарында кәсіпорынды басқарудың ұйымдастыру-экономикалық механизмдерін жетілдіру (мұнай-газ өнеркәсібінің үлгісінде)» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғап шықты (1999 жыл). «Резервуарды жөндеуге арналған құрылғы» (2003 жыл) және «Құбырдың ішкі қуысына бөгет болатын құрылғыны» (2003 жыл) жасап шығарған өнертапқыштардың бірі. Бірнеше ғылыми еңбектің авторы. 
1988 – 1990 жылдары ҚазССР Мемлекеттік жоспарға қарасты Жоспарлау және нормативтер ғылыми-зерттеу экономикалық институтында (НИЭИПиН) түрлі қызметтерді атқарған. 
1990 жылы Қазақстанның мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық дамуы жөніндегі ғылыми-кеңестік орталықтың директоры болып тағайындалды. 
1992 жылдан «Алтын-Алма» концернін басқарды, Алматы сауда-қаржы банкінің бақылаушы кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.  
1997 жылдан Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеттің Жобаларды бағалау және келіссөз жүргізу дирекциясына басшылық етті (төраға орынбасары қызметінде). 
1997 жылдың мамыр айынан 1999 жылдың наурыз айына дейін «Казахойл» Ұлттық мұнай-газ компаниясы» ЖАҚ экономика және қаржы істері жөніндегі вице-президенті қызметін атқарды. 
1999 жылдың наурыз айында «КазТрансОйл» МТҰК» ЖАҚ президенті болып тағайындалды. 
2001 жылдың мамыр айынан 2002 жылдың ақпан айына дейін - «Мұнай және газ тасымалдау» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ Бас директоры. («КазТрансОйл» және «КазТрансГаз» компанияларының негізінде құрылған). 
2002 жылдың ақпан айынан 2005 жылдың қазан айына дейін - «Казахойл» ҰК» ЖАҚ мен «Мұнай және газ тасымалдау» ҰК» ЖАҚ бірігуінен пайда болған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бірінші вице-президенті. 
«ҚазМұнайГаз» компаниясынан кеткен соң, KAZENERGY Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығын құрып, оған басшылық етті. Бұл қауымдастық Қазақстанның энергетика кешенінде қызмет ететін ұлттық және шетелдік компанияларды біріктіреді. Қауымдастықты басқара тұрып, Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі луазымына ие болды.  
2005-2006 және 2007-2008 жылдары қоғамдық жұмыс пен жеке кәсібін басқаруды қатар алып жүрді.  
2006 жылдың сәуір айынан 2007 жылдың тамыз айына дейін - Қазақстанның мемлекеттік активтерін басқаратын «Самұрық» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, әрі «KEGOC» АҚ мен «ҚазМұнайГаз» ҰК директорлар кеңесінің төрағасы. 
2008 жылдың қазан айында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. «Қазатомпром» Ұлттық Атом Компаниясы» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазақстан энергетика желілерін басқару компаниясы» АҚ (KEGOC), «Самрұқ-Энерго» АҚ компанияларында Директорлар кеңесінің төрағасы.  
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі №409 қаулысымен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының Төрағасы болып тағайындалды. 
2008 жылдың маусым айынан бері Дүниежүзілік мұнай кеңесінің (World Petroleum Council) Қазақстан Ұлттық Комитетінің Төрағасы.  
2009 жылдың қаңтар айынан – Қазақстан бокс федерациясының төрағасы. 2010 жылдан – Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада Комитетінің атқарушы комитетіне мүше. 
2010 жылдың сәуір айында «Атамекен Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы Президиумының төрағасы болып сайланды. 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары: «Құрмет» ордені (2001 жыл); үшінші дәрежелі «Барыс» ордені (2009 жыл); «Қазақстан конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалі (2005 жыл); «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалі (2008 жыл). 
Ресей Федерациясының «Дружба» ордені (2007 жыл), Ресей мүфтийлер кеңесінің «әл-Фахр» орденімен (2010 жыл) және Орыс православты шіркеуінің Қасиетті князь Данила Московскийдің атындағы екінші дәрежелі орденімен (2010 жыл) марапатталған. 
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. 
Хоббиі – гольф, тау шаңғысы, футбол. 
Зайыбы - Құлыбаева Динара Нұрсұлтановна (19.08.1967 ж.т.). Балалары – ұлы Алтай (30.10.1999.ж.т.), қыздары Дениза (15.05.2004.ж.т.) және Алишия (22.04.2010.ж.т.). 
 
 

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары  
Айдан Табониязұлы Кәрибжанов

 
Алматы қаласында 1971 жылы 10 қазанда  туған.

1994 жылы РФ  СІМ Мәскеу Мемлекеттік Халықаралық  қатынастар институтын шетел  тілін меңгерген халықаралық экономикалық қатынастар жөніндегі мамандығы бойынша тәмамдағанү

Еңбек жолын 1992 жылы «Credit Commercial de France» Француз банкінің стражер консультанты, Қазақстан  Республикасында «Credit Commercial de France»  банкінің өкілі; жекешелендіру жөніндегі  РФ МЖК болып бастады.

1995 жылдан 1997 жылға  дейін – «Глобал Казкоммерц  Секьритиз» ЖАҚ Бас директорының  орынбасараы

1997 жылдан 2001 жылға  дейін - «Глобал Қазкоммерц» инвестициялық  банк» ЖАҚ Басқарма төрағасының  бірінші орынбасары;  ЗАО «Глобал Казкоммерц Секьюритиз» ЖАҚ Бас директорының орынбасары,

2001 жылдан 2004 жылға  дейін – «Visor Holding» ЖШС Басқарушы  директоры

2004 жылы «ҚазМұнайГаз»  ұлттық компаниясы» ЖАҚ басқарушы  директоры болып тағайындалды 

2005 жылдан 2007 жылға  дейін - «Visor Holding» ЖШС Президенті, Директорлар кеңесінің төрағасы

2008 жылдан бастап  – «Самрұрық Инвест» ЖШС бас  директорының міндетін атқарушы

2008 жылғы қарашада  «Самрұрық-Қазына» ҰӘҚ» Басқарушы  директоры лауазымына тағайындалды

2009 жылдан бастап  – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-тың  Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі.

Ағылшын, француз  тілдерін меңгерген.

Отбасылы, ұлы  мен екі қызын тәрбиелеп отыр.

  

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары 
Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы

1980 жылғы 11 сәуірде  Қызылорда қаласында туған. 
1999 жылы Қазақтың Мемлекеттік басқару академиясын «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша, 2001 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша – Дж. Вашингтон атындағы Университеттің жанындағы Менеджмент және Бизнес мектебін (АҚШ) бітірді. Оған Бизнес Басқару Магистрі дәрежесі берілді. 2002 жылы М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді. 
Еңбек қызметін 2001 жылы «Қазақстанның Даму банкі» АҚ бас менеджер болып бастады. 
2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Бюджет саясаты және жоспарлау департаменті функционалдық талдау бөлімінің бастығы, Стратегиялық жоспарлау және инвестициялық саясат департаментінің Инвестициялық жоспарлау және талдау басқармасы бастығының орынбасары лауазымдарын иеленді. 
2003 жылдан бастап мынадай акционерлік қоғамдарда басшы қызметтерде жұмыс істеді: «Ұлттық инновациялық қор», «Маркетингтік және талдамалық зерттеулер орталығы», «Ордабасы» корпорациясы». 
2005-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеді. 
2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі, ҚР Президентінің Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымдарында болды. 
2010 жылы Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі болып жұмыс істеді. 
 

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары 
Рахметов Нұрлан Құсайынұлы

1965 жылы 24 қыркүйекте  Батыс Қазақстан облысы Фёдоровка  кентінде туған. 
1990 жылы М.В. Ломоносоватындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде физика-математика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды.  
Еңбек жолын ҚазКСР Ғылым академиясының Математика және механика институтында кіші ғылыми қызметкер болып бастады, кейінірек Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде дәріс берді.  
1997 -1998 жылдары «Бутя» ЖШС мен ЖАҚ-та экономист, жоспарлау-қаржы бөлімінің бастығы, қаржы директоры лауазымдарын атқарды.  
1998 жылы «Қазақстан Темір Жолы» РМК Бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді.  
1998-2001 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Талдау және болжау департаментінің директоры, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс вице-министрі қызметін атқарды. 
2001-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі болып жұмыс істеді.  
2002-2004 жылдары «ҚазТрансГаз» ЖАҚ Бас директорының орынбасары және Бас директорының бірінші орынбасары болды.  
2004-2006 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры лауазымын атқарды.  
2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетін басқарды.  
2008 жылдан «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры.  

   

Информация о работе «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры туралы