Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2011 в 19:18, доклад
ШЫҰ негізгі қызметіне: ШЫҰ-на қатысушы мемлекеттер арасындағы өзара сенім мен достастық қарым-қатынасты нығайту; білім, ғылым және технология саласындағы интеграциялық үрдістерді дамыту; білім беру, ғылым және мәдениет саласындағы көпжақты әріптестік байланысты дамытып, оған тың серпін беру жатады; ұйымға мүше мемлекеттердің саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет саласындағы әріптестік байланысын тиімді дамыту жатады.
Шанхай
ынтымақтастық ұйымы
Шанхай қаласында алты мемлекет - Қазақстан
Республикасы, Қытай Халық Республикасы,
Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы,
Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан
Республикасы басшыларының келісуімен
құрылды.
ШЫҰ негізгі
қызметіне: ШЫҰ-на қатысушы мемлекеттер
арасындағы өзара сенім мен достастық
қарым-қатынасты нығайту; білім, ғылым
және технология саласындағы интеграциялық
үрдістерді дамыту; білім беру, ғылым және
мәдениет саласындағы көпжақты әріптестік
байланысты дамытып, оған тың серпін беру
жатады; ұйымға мүше мемлекеттердің саяси,
сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық
және мәдениет саласындағы әріптестік
байланысын тиімді дамыту жатады. ШЫҰ-да
шешім қабылдау үшін жоғары орган мүше
мемлекеттер басшыларының кеңесі (ҚМБ)
құрылды. ШЫҰ-ның бас хатшысы
-Мұратбек Иманалиев.
2011 жылғы 25-28 қаңтарда Қазақстан Республикасының төрағалығымен Пекинде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің (ҰҮК ШЫҰ) кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында Ұйымға мүше мемлекеттер (Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ШЫҰ құрылуының он жылдығына арналған мерейтойлық саммитін 2011 жылғы 15 маусымда Астанада өткізу туралы ұсынысын бірауыздан қолдады. Осылайша, Астана саммиті «Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылған күні» өткізілетін болды.
ШЫҰ – қызметі басқа мемлекеттерге немесе халықаралық ұйымдарға қарсы бағытталған әскери блок болып табылмайды. Сонымен қатар, ШЫҰ өз мүшелерінің арасында әртүрлі салаларда кең ынтымақтастықтың дамуын қарастырады.Қазақстанның ШЫҰ бойынша әріптес елдермен тең дәрежедегі диалогқа сындарлы және мақсатты қатысуы Қазақстанның өңірдегі ұстанымын күшейтеді, Ұйымның қағидаттарына толық сәйкес келетін мемлекеттер арасында өзара сенім мен түсіністіктің арта түсуіне көмектеседі. ШЫҰ-ның 2 жетекші ойыншысы – Ресей мен Қытайдың арасында орналасқан Қазақстан өңірлік ынтымақтастықтың жасампаз бастамалары мен жобаларын белсенді қолдайтын Ұйымның маңызды буыны болып табылады.1996 жылы Шанхай үдерісі басталғалы бері Қазақстан – ШЫҰ аясында жан-жақты өзара іс-қимылдың белсенді қатысушысы болып табылады. Қазақстан Ұйымның аясында өтетін лаңкестікке қарсы әскери жаттығуларға, ғылыми конференциялар мен форумдарға тұрақты қатысып отырады, ШЫҰ құқықтық базасының нығаюына үлкен үлес қосып келеді. 2006 жылы Қазақстан Бейжіңдегі Хатшылықтың жанындағы және Ташкенттегі Өңірлік лаңкестікке қарсы құрылымның Атқарушы комитетіндегі өзінің тұрақты өкілдігінің аппаратын алғашқы құрғандардың бірі болды.
2007 жылдан
бастап 2009 жылдың соңына дейін
ШЫҰ бас хатшысы болып Болат
Нұрғалиев (Қазақстанның өкілі)
Бүгінде ШЫҰ Орталық Азиядағы өңірлік
ынтымақтастықтың барынша табысты модельдерінің
бірі болып табылады. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың
айтуынша, « Қазақстанның ұсынысымен жүзеге
асырылған Еуразия идеясының 3 киті –
ЕурАзЭҚ, АӨІСШК және ШЫҰ».Ұйымға мүше
мемлекеттердің арасында қауіпсіздік
пен тұрақтылықты қамтамасыз ету саласында
өзара іс-қимылдың зор оң тәжірибесі жиналған,
мүше мемлекеттердің арнайы қызметтері
мен құқықтық органдары лаңкестік және
экстремистік күштермен күресу үшін тиімді
байланыстар орнатты.2006 жылы Қазақстан
Қытаймен бірлесіп, шекаралас аудандарда
«Тянь-Шань – 2006» лаңкестікке қарсы жаттығуларын,
сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің
қатысуымен «Шығыс-Лаңкестікке қарсы»
жаттығуларын өткізді. 2007 жылы жазда Ресейде
«Бейбітшілік миссиясы – 2007» ШЫҰ-ның кең
ауқымды әскери жаттығулары өтті.ШЫҰ жылдан
жылға ынтымақтастықтың жаңа салаларын
қамтып келеді. 2006 жылы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерінің
парламенттері, жоғарғы соттары басшыларының,
білім министрлерінің алғашқы кездесуі
өтті. Сыртқы экономикалық және сыртқы
сауда қызметіне, көлік пен мәдениетке
жауап беретін бас прокурорлардың, министрлердің
кездесулері тұрақты ұйымдастырылып отырады.
Отын-энергетика кешені саласында өзара
іс-қимыл нығаюда. 2007 жылы энергетика министрлерінің
алғашқы кездесуі өтті. Жоғарыда аталған
барлық фактілер Шанхай ынтымақтастық
ұйымы көп жақты өңірлік құрылымға бірте-бірте
ауысып келе жатқандығын айғақтайды.2007
жылғы тамыздың 16-сында Бішкекте өткен
саммитте мемлекеттер басшылары ШЫҰ-ға
мүше мемлекеттердің ұзақ мерзімге тату
көршілігі, достығы және ынтымақтастығы
жөніндегі шартқа қол қойды. Алты елдің
көшбасшылары сондай-ақ Бішкек декларациясына
қол қойып, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің
халықаралық ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі
Іс-қимылдар жоспарын бекітті.2001 жылғы
Шанхай Саммитінде терроризм, сепаратизм
және экстремизмге қарсы күрес туралы
келісімшарт негізінде ӨТҚҚ құрылды. ӨТҚҚ-ның
Атқарушы Комитеті 2004 жылдан бері Ташкентте
жұмыс істейді. 2002 жылғы 7 маусымда Санкт–Петербургте
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының
екінші кездесуінде үш маңызды құжат жасалды:
ШЫҰ-ның Хартиясы, ӨТҚҚ туралы келісім
және ШЫҰ-ның мүше мемлекеттері басшыларының
мәлімдемесі. 2003 жылғы 29 мамырда Мәскеу
қаласында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының
кездесуінде Ұйымның бюджетін қалыптастыру
және орындалуының тәртібі туралы келісімге
қол қойылды. 2003 жылы 23 қыркүйекте Пекинде
Үкімет басшылары Кеңесінде сауда–экономикалық,
көлік, энергетика салаларындағы қарым–қатынасты
одан әрі дамыту туралы мәселелер талқыланды.
Көп жақты сауда–экономикалық ынтымақтастықтың
Бағдарламасы, ШЫҰ-ның 2004 жылғы бюджеті
және тағы басқа қаржы құжаттары қабылданды.
2004 жылы 15 каңтардан бері Пекинде ШЫҰ-ның
Хатшылығы жұмыс істейді. 2004 жылы 17 маусымда
Ташкентте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының
кездесуі өтіп, Ташкент мәлімдемесін жасады
және көптеген құжаттарға қол қойылды.
Соның ішінде ШЫҰ ӨТҚҚ шеңберінде құпия
ақпаратты қорғау, есірткіге қарсы күрес
туралы келісімдерді атап өтуге болады.
2004 жылы қыркүйекте Бішкекте Ұйымның үкімет
басшылары ШЫҰ-ның көп жақты сауда–экономикалық
ынтымақтастығы Бағдарламасын жүзеге
асыратын шаралардың жоспарын қабылдады.
2005 жылы 5 шілдеде Астанада ШЫҰ-ға мүше
мемлекеттер басшыларының кезекті саммитінде
Астана мәлімдемесі жасалды. Антитеррорлық
сипаттағы маңызды құжаттар –(терроризм,
сепаратизм және экстремизмге қарсы күресуде
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ынтымақтастық
тұжырымдамасы, ШЫҰ ӨТҚҚ жанындағы ШЫҰ-ға
мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдіктері
туралы Ережесі және ШЫҰ ӨТҚҚ Кеңесінің
баяндамасы бекітілді. Сонымен қатар Пәкістан,
Иран және Үндістан мемлекеттеріне ШЫҰ-ның
жанындағы бақылаушы мәртебесін беру
туралы шешім қабылданды. 2005 жылы 26 қазанда
Мәскеуде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Үкімет
басшылары Кеңесінің мәжілісінде Банкаралық
әрекеттесу және Төтенше жағдайды жоюға
жәрдем етуде өзара іс-қимыл туралы келісімдер
қабылданды. 2006 жылғы 15 маусымда Шанхайдағы
мерейтойлық саммитінде Шанхай ынтымақтастық
ұйымына мүше мемлекеттердің аумақтарында
терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды
ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы,
Ұйымға мүше мемлекеттердің аумағына
террористік, сепаратистік және экстремистік
іс-әрекетке қатысы бар адамдардың кіру
арналарын анықтау және жолын кесу саласындағы
ынтымақтастық туралы және 2007–2009 жылдарға
арналған ШЫҰ-ның мүше мемлекеттердің
терроризм, сепаратизм және экстремизмге
қарсы күрестің бағдарламасы қабылданды.
Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылары және
бас прокурорлар жылына бір рет жүйелі
түрде кездеседі. Ү.ж. 30 мамырда Мәскеу
қаласында ШЫҰ-на мүше мемлекеттер парламенттері
төрағаларының кездесуі өтті, Жоғарғы
соттар төрағаларының кездесуі ү.ж. қыркүйек
айына жоспарланған. 2006 жылы ШЫҰ-да жаңа
іскерлік құрылымдар – Банкаралық Бірлестік
және Іскерлік Кеңес құрылды. 2006 жылдың
мамыр айынан ғылыми – саяси топтардың
Форумы өз жұмысын бастады. Соңғы кездерде
ШЫҰ-ның халықаралық қатынастары едәуір
нығайды. Мысалы, Солтүстік Корея, Непал,
ТМД және Еуроодақтың мемлекеттері, БҰҰ-ның
Даму Бағдарламасы, ҰҚШҰ, ЭЫҰ, басқа мемлекеттер
мен ұйымдар ШЫҰ-ның іс-әрекетіне зор ықылас
қойып отыр. 2004 жылы ШЫҰ БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында
бақылаушы ұйымы мәртебесін алды, ал 2005
жылдың көктемінде ОШАМҚ және ТМД хатшылықтарымен
өзара түсінісу туралы меморандумы қабылданды.
ШЫҰ шеңберінде гуманитарлық салаларда,
яғни білім, мәдениет, туризм және спорт
алаңдарында өзара ықпалдасу бойынша
жұмыстар жүргізілуде. 2007 жылдың қаңтарынан
бастап, ШЫҰ-ның Бас хатшысы – Қазақстанның
өкілі Б.Қ. Нұрғалиев, ӨТҚҚ Атқарушы Комитетінің
директоры – Қырғыз Республикасының өкілі
М.У. СубановҮндістанның, Пәкістанның,
Иран мен Моңғолияның ШЫҰ жанында бақылаушылар
мәртебесі бар. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер
басшыларының тапсырмаларын жүзеге асыру
мақсатында бақылаушы мемлекеттерді Ұйымның
сауда-экономикалық саласындағы жұмысына
барынша белсенді тарту жұмыстары жүргізілуде.
Тараптар 2008 жылға арналған ШЫҰ жанындағы
бақылаушы мемлекеттермен өзара іс-қимылды
дамыту жөніндегі шаралардың тізімін
мақұлдады. Қазақстан ШЫҰ мүшесі
болу бақылаушы, «диалог жөнінде әріптес»
ретінде Хартияда көрсетілген осындай
ынтымақтастықтың формасын пайдалануды
қарастыратын, кезең-кезеңмен өтіп, содан
кейін ғана ШЫҰ-ның толық қатысушы болуы
тиістігін негізге алады.28 тамызда Душанбеде
басталған Шанхай ынтымақтастық ұйымы
басшыларының саммитінде қауіпсіздік
саясаты мен халықаралық терроризмге
қарсы күресу, сауда-экономикалық мәселелері
талқыланып жатыр. Кейбір сарапшылар Шанхай
ұйымын “Шығыстың НАТО-сы” немесе тіпті
жаңа “Варшава одағы" деп те атайды.Ресей,
Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан
және Өзбекстан президенттерінің қатысуымен
өтіп жатқан Душанбедегі саммит жұмысы екі
күнге жалғасады. Сондай-ақ жиынға Ауғанстан,
Пәкістан, Үндістан, Иран, Моңғолия және
бірқатар елдердің делегациялары қатысады.
Шанхай ұйымына мүше
елдердің басшыларымен қатар, бақылаушы
мәртебесі бар бірқатар елдің президенттері
мен жоғары мәртебелі делегациялары қатысатын
саммиттің барысында екіжақты және көпжақты
қарым-қатынастың барлық саласы, оның
ішінде әскери ынтымақтастықты кеңейту
мәселелері сөз болады.
Қарулы күштерден хабары бар адамға Шанхай
ұйымы шеңберіндегі әскери ынтымақтастықтың
күш-қуаты орасан зор болып көрінуі мүмкін.
Ресми құжаттарда Шанхай ұйымының әскери
одағы да берік болып көрінеді. Ұйымға
мүше елдердің біріккен әскери әуе күштері,
әскери теңіз флоттары мен жаяу әскерлері
кез-келген жауға тойтарыс бере алады.
Оған қоса Қытай мен Ресейдің ядролық
қаруы бар. Алайда Шанхай ұйымындағы ынтымақтастықтың
беріктігі күмән туғызады. Ұйым сонау
баста құрылғанда оның әскери ынтымақтастыққа
ешқандай қатысы жоқ болатын.
1996 жылы ұйымның
Өзбекстаннан басқа қазіргі мүшелері
бұрынғы қытай-совет шекарасы бойындағы
ахуалды жақсарту үшін шекара бойынан
әскери күштері мен соғыс техникаларын
алып кету туралы алғашқы бірлескен құжатқа
қол қойды. Ұйымға Өзбекстан 2001 жылы қосылды.
Бұл келісім Ресей сынды елдерді қанағаттандырса,
Қазақстан мен Орта Азия елдерінің бюджет
қаржысын үнемдеуіне мүмкіндік берді.
Қытай да солтүстік пен батыс шекарасындағы
әскерлерін Тайванға қараған жағалауына
орналастыруды қалады. Ақыр аяғында бұл
келісім Шанхай ұйымына мүше елдердің
бір-біріне қарсы соғыспайтынын аңғартты.
Бұл келісімнің сәтті болғаны соншалықты,
Шанхай ұйымы экономикалық ынтымақтастықты
кеңейтуге ден қойды. Қауіпсіздік мәселесі
күн тәртібіне кейінірек шықты. 90-ыншы
жылдардың соңында Ресейде екінші шешен
соғысы жалғасқанда Қытайдың батысындағы
Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданында
ұйғыр сепаратистерінің проблемасы асқынды,
жаз айларында Орта Азияның бірқатар еліне
қарулы ислам экстремистері басып кіріп
жатты.
Ұйымға мүше елдердің әскери ынтымақтастық
туралы келісімдері терроризм мен сепаратизмге
қарсы бірлесіп күресу мәселесін негізге
алды.
Лондонда орналасқан Economist орталығының
Қытай бойынша сарапшысы Данкан Иннес-Кер
(Duncan Innes-Ker) Азаттық радиосына Шанхай ұйымы
басшыларының өткен жылғы саммиті кезінде
сұхбат берген болатын. Ол атап көрсеткендей,
терроризмге қарсы күрес – Шанхай ұйымының
ынтымақтастығындағы маңызды мәселе.
ИННЕС-КЕР: - Исламдық терроршыл топтарға
қарсы күрес - ұйымды шынында да іштей
байланыстыратын, біріктіретін санаулы
мәселенің бірі.
Өткен 5 жылда Шанхай ұйымының мүшелері
екіжақты әскери жаттығулар, оның ішінде
Қытай әскерінің қатысуымен Орта Азияда
және өткен жылғы саммиттің қарсаңында
Ресей мен Қытай жерінде көпжақты әскери
жаттығулар өткізді. Алайда жаттығуды
Ресей жерінде жалғастыру үшін Қытайдың
өз әскерін қазақ жерінен алып өтуіне
ресми Астана рұқсат бермеді. Өзбекстан
әскери жаттығуға өз әскерін жібермеді.
Шанхай ұйымы бірлескен әскери жаттығуларды
үзбей өткізіп тұруға міндеттенді. Бірақ
осы жылғы саммиттің алдында ешқандай
жаттығу болмады.
Данкан Иннес-Кердің атап көрсетуінше,
Шанхай ұйымы ішінде әлі де бір-біріне
деген толық сенім жоқ, әсіресе ұйымдағы
кішігірім елдердің Ресей мен Қытайдың
ниеттеріне толық сеніммен қарамайтындығы
– Шанхай ұйымының буынсыз жері, ең үлкен
кемшілігі.
Ондай сенімнің болмауына
Шанхай ұйымының келісімі басты себеп
болса керек. Келісімде соғыс қимылдарының
төнгенін бір-біріне дер кезінде хабарлау
міндеті қарастырылмаған. Егер Ресей өзінің
таяуда Кавказда жүргізген соғыс қимылдарына
дейін немесе оның барысында Шанхай ұйымының
өзге мүшелерімен шынымен де кеңескен
болса да, ол туралы жан-жақты хабар болмады.
Бірақ бұл – Ресей мен Қытайдың арасында
сенімнің жоқтығы, ондай сенімсіздік бір
кезде Шанхай ұйымын ыдыратуы да мүмкін.
Қытай мен ТМД елдерінің арасындағы шекараға
сенім орнату туралы келісімге қол қойылғанда
Ресей армиясы бытыраудың алдына тұрды.
Президент Владимир Путиннің тұсында
Ресейдің қарулы күштерін жетілдіріп,
қабілетін арттыруға ден қойылды. Оның
билік басындағы мұрагері одан да ілгері
басып, әскери күштердің орналасу тәртібін
қайта қарауға дайын сияқты. Ресейдің
қолында қуат көздерінің бүкіл әлемдегі
ең үлкен қоры болса, 1,3 миллиардтан астам
халқы бар Қытай - қуат көздерін әлемдегі
ең көп тұтынушыға айналып барады.
Шанхай ұйымының әскери
ынтымақтастығы үшін тағы бір қарама-қайшылық
– біріккен әскери күштердің құрамы.
НАТО мен Варшава
келісімі ұйымы – бірыңғай еуропалық
әскери блок болды. Әскерилер түрлі елдің
азаматтары болса да, олар, Канада мен
АҚШ-ты алмағанда, негізінен бір құрлықтан
шыққан - екі одақтың да тамыры еуропалық
өркениетке жатады. Оған қарағанда, Шанхай
ұйымының әскери одағы этникалық тұрғыдан
да, өркениет жағынан да әрқилы және сондықтан
да проблемаға толы болып көрінеді. Ресей
армиясы еуропалық христиандар, Орта Азияның
әскерлері, негізінен, түркі және парсы
тектес мұсылмандар.
Дегенмен де, Шанхай ұйымының кез-келген
бір мүшесіне соғыс ашатын ел табыла қоймас.
Ондай ел Шанхай ұйымының біріккен күшіне
қарсы тұруға мәжбүр болады. Демек, Шанхай
ұйымындағы әскери ынтымақтастық, ақиқатында
да, толық қауіпсіздік кепілдігін береді.
Бірақ, сонымен бірге, басқа бір елге шабуыл
жасау үшін Шанхай ұйымы өзінің қарулы
күштерін біріктіре алады деу де өте қиын.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы өзінің 2001
жылғы 15 маусымда құрылған күнінен бастап
институттандырудың, қалыптасу мен ынтымақтастық
тетіктерін құрудың маңызды да сәтті кезеңдерінен
өтті. ШЫҰ жауапкершілігінің орасан кең
аймағында ұзақ мерзімді қауіпсіздікті
қамтамасыз ету үшін Ұйымға мүше мемлекеттер
күш біріктіре отырып, саяси-дипломатиялық
өзара іс-қимылға, «шанхай рухына» сәйкес
көп қырлы және өзара тиімді ынтымақтастықты
дамытуға арналған тұғырнама құрды.Қазақстан
Республикасы Шанхай ұйымының маңызды
жетістігі - оның қазіргі заманғы халықаралық
қатынастардағы салмақты субьекті мәртебесін
алуы деп есептейді. ШЫҰ шеңберіндегі
қауіпсіздік пен тұрақтылықты, экономикалық
және гуманитарлық ынтымақтастықты қамтамасыз
ету мәселелері бойынша өңірлік интеграцияның
жоғары деңгейі Ұйымның сыртқы қыр көрсетулер
мен қауіп-қатерлерге тиімді қарсы тұруға,
қатысушы елдердің мүдделері негізінде
ағымдағы және стратегиялық мәселелерді
бірлесіп шешу жолдарын табуға қабілетті
екендігін көрсетеді.Үстіміздегі жылғы
11 маусымда Ташкентте өткен ШЫҰ-ға мүше
мемлекеттер басшыларының саммитінде
сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаев осы ықпалды
өңірлік ұйымдағы төрағалығы кезінде
Қазақстанның күш-жігері ШЫҰ-ның әлеуетін
барынша ашу және нығайтуға бағытталатынын
атап көрсетті. Сонымен қатар, Мемлекет
басшысы Ұйымның құрылғанына 10 жыл толу
қарсаңындағы ШЫҰ-ға төрағалық өңірдегі
саяси оқиғаларды ескерсек, Қазақстанға
айрықша жауапкершілік жүктейтінін де
атап өтті."Қазақстан Бүгін" - Қазақстан
президенті Шанхай ынтымақтастығы ұйымы
елдеріне заңсыз көші-қонмен күрестегі
ынтымақтастық туралы келісімге қол қою
жөнінде бастама көтерді. Бұл туралы Нұрсұлтан
Назарбаев Екатеринбург қаласында өткен
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер
басшылары кеңесінің отырысында мәлімдеді,
деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін"
агенттігі президенттің баспасөз қызметіне
сілтеме жасап. Баспасөз қызметінің ақпаратына
сәйкес, отырыста ШЫҰ кеңістігінде тұрақтылық
пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сауда-экономикалық
ынтымақтастықты дамыту мен мәдени-гуманитарлық
байланыстарды ынталандыруға қатысты
кең ауқымды мәселелер қаралды. Аймақтағы
бейбітшілікке, қауіпсіздік пен тұрақтылыққа
қауіп төндіретін ахуалдарға ШЫҰ-ның әрекет
ету тетіктері мен саяси-дипломатиялық
шаралары туралы ереженің бекітілуі саммиттің
маңызды оқиғасы болды. Бірінші кезекте,
бұл таяуда Солтүстік Кореяда өткізілген
ядролық сынаққа қатысты болып отыр. Саммитте
Ауғанстандағы ахуалға, ШЫҰ-ның осы елмен
өзара іс-қимылын жандандыру мәселесіне
ерекше көңіл бөлінді. Тараптар ШЫҰ-ның
лаңкестік пен есірткіге қарсы әлеуетін
барынша нығайту жөнінде уағдаласты. Ең
алдымен, бұл Орталық Азия аймақтық ақпараттық
үйлестіру орталығының мүмкіндіктерін
тиімді пайдалануды, оны өңірдегі есірткіге
қарсы күрес жөніндегі негізгі органға
айналдыруды көздейді. Көші-қон ағымына
бақылауды күшейту мақсатында Қазақстан
президенті заңсыз көші-қонмен күрестегі
ынтымақтастық туралы келісімге қол қою
жөнінде бастама көтерді. Сондай-ақ мемлекет
басшысы әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында
ШЫҰ-ға мүше елдердің экономикалық ынтымақтастығын
нығайту арқылы, оның келеңсіз салдарын
азайту міндеті айрықша өзектілікке ие
болып отырғанын атап өтті. "Шанхай
ынтымақтастық ұйымы қолдағы әлеуетті
тиімді пайдалану мен негізгі аймақтық
валютаның себетке тәуелді бірыңғай ортақ
есеп айырысу бірлігін енгізу үшін барлық
мүмкіндікке ие. Бұл бірлікті ШЫҰ елдері
арасында сауда-экономикалық есеп айырысуда
пайдалануға болар еді", - деді Н.Назарбаев.
Тұтастай алғанда, сарапшылардың бағалауынша,
саммитте қабылданған шешімдер ШЫҰ-ға
мүше елдер ғана емес, сондай-ақ бақылаушы-мемлекеттер
арасындағы саяси, экономикалық және гуманитарлық
салалардағы өзара іс-қимылды нақты кеңейтуге
бағытталған. Саммит қорытындысы
бойынша, лаңкестікпен, экстремизммен,
есірткі трафигімен, трансшекаралық ұйымдасқан
қылмыспен және басқа да қатерлермен күресте
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы өзара
іс-қимылды тереңдету жөніндегі бірқатар
құжаттарға қол қойылды. Сол күні президент
Нұрсұлтан Назарбаев Үндістанның премьер-министрі
Манмохан Сингхпен кездесті, онда Қазақстан
мен Үндістанның өзара тиімді ынтымақтастығын
одан әрі нығайту мен дамытудың өзекті
мәселелері талқыланды.
Қазақстан «шанхай үдерісінің» белсенді қатысушысы болып табылады және Ұйымның мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға, оның тиімділігін арттыру және ШЫҰ-ның қазіргі әлемдегі рөлі мен маңыздылығын нығайтуға барынша бейілді.Біз өз әріптестерімізге Шанхай ынтымақтастық ұйымының алғашқы мерейтойы - 10 жыл толуы қарсаңында оған басшылық етуге жоғары сенім көрсеткені үшін үлкен ризашылық білдіреміз.
Қазақстан Республикасының ШЫҰ-ға төрағалығының іс жүзіндегі алғашқы қадамдары алдыңғы төрағалықтардың Ұйым шеңберіндегі көп салалы ынтымақтастықты тереңдету бойынша күш-жігерлерінің сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталатынын атап көрсеткім келеді. Бақылаушы мемлекеттер мен диалог бойынша серіктестерді ШЫҰ іс-әрекеттеріне тартуға, сондай-ақ ШЫҰ-ны әлемдік геосаясаттың беделді субьектісі ретінде таныстыруға бағытталған оның халықаралық байланыстарын жандандыруға баса көңіл бөлінбекшіҚазақстан басқа да мүше мемлекеттермен бірлесе отырып, Ұйым шеңберіндегі көпсалалы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және 2011 жылдың маусым айында Астана қаласында ШЫҰ-ның 10 жылдығына арналған мерейтойлық саммитті табысты өткізуді қамтамасыз етуге күш - жігер жұмсауға әзір.