Төлем карточкалары бойынша статистика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 18:06, реферат

Описание

«Ақша, несие, банктер» курсының мәні, оның басқа оқу пәндерінің арасында алатын орны. Курстың негізгі мақсаттары мен міндеттері. Осы пәннің объектілері мен зерттеу әдістерін сипаттау. Қарастырылатын тақырыптарға қысқаша тоқталу. Пәндердің өзара байланысы. Оку әдістері мен жүргізілетін сабақтардың түрлері. Студенттердің білімін, олардың өзіндік және зерттеу жұмыстарын бағалау, қадағалау формалары. Қажетгі әдебиеттер тізімін ұсыну.

Содержание

бөлім. Ақша, несие, банктер туралы негізгі түсініктер
1.1. тақырып Ақшаның мәні және оның атқаратын қызметтері.
1.2. тақырып Ақша айналымы, ақша айналысы және ақша жүйесі.
1.3. тақырьш Ақша реформалары және валютаны тұрақтандыру әдістері.
2 бөлім. Несие және несие жүйесі
2.1. тақырып Қарыз капиталы, пайыз және несие.
2.2. тақырып Несие жүйесі. Несиелік мекемелердің түрлері.
2.3. тақырып Банктік емес несиелік мекемелердің мәні және түрлері.
3 бөлім. Банктер және банк жүйесі.
3.1. тақырып Мемлекеттің Орталық банкі, оның құрылуы және дамуы.
3.2. тақырып Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің атқаратын қызметтері мен жүргізетін операциялары.
3.3. тақырьш Коммерциялық банктер, атқаратын қызметтері және олардың қызметін ұйымдастыру.
3.4. тақырып Коммерциялық банктердің активті, пассивті және комиссиондық-делдалдық операциялары.
4 бөлім. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары, құрылымы мен құралдары
4.1. тақырып Бағалы қағаздар нарығы.
4.2. тақырып Қор биржалары.
5 бөлім. Халықаралық валюталық-несиелік қатынастар.
5.1. тақырып Валюта жүйесі және валюталық қатынастар.
5.2. тақырып Халықаралық валюталық-несиелік институттар.
5.3. тақырып ҚР-дағы халықаралық қаржылық институттардың қызметі.

Работа состоит из  1 файл

Типовая программа Акша несие банк 2009ж Едилбаев !!.doc

— 135.00 Кб (Скачать документ)

ANB 2211 АҚША, НЕСИЕ, БАНКТЕР

 

3 кредит

1. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті ӘЗІРЛЕГЕН ЖӘНЕ ҰСЫНҒАН.

 

2. ПІКІР ЖАЗҒАНДАР: э.ғ.д., доцент Мақыш С.Б. - Қ. Сатпаев атындағы Қазак ұлттық техникалық университеті; э.ғ.д., профессор Д. Абленов - Қазақ қатынас жолдары университеті.

 

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 30 желтоқсан 2009 жылғы № 611 бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ.

 

4. Типтік оқу бағдарламасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес «050509 - Қаржы» мамандығы бойынша ӘЗІРЛЕНГЕН.

 

5. Ресиубликалық Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында ҚАРАЛДЫ 2009 жыл 25 маусым № 1 хаттама

 

Бұл типтік бағдарламаны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің рұқсатынсыз көбейтуге және таратуға болмайды

 

ТҮСІНІКТЕМЕ ЖАЗБАХАТ

 

Жоғары кәсіптік білім  берудің мемлекеттік жалпыға  міндетті стандартының жаңа талаптары  оқу бағдарламасының жаңа кұрылымы мен оның мазмұнын сипаттайды.

«Ақша, несие, банктер» курсы - кең профильді маман ретінде банкирлер дайындауға негіз бола алатын теориялық курс, Бұл курс экономикалық теория, макро және микро деңгейдегі экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит, менеджмент және тағы да басқа оқу пәндерімен қосыла отырып, ақша-несиелік қатынастар, банктік қызмет теориясы және оны ұйымдастыру негіздерінің мәні туралы білімді қалыптастыра отырып, олардың экономикадағы маңызы мен қолдану механизмін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

«Ақша, несие, банктер» оқу  пәні келесідей мақсаттарды көздейді:

- студенттерге ақшаның, несиенің және банктердің теориялық аспектілері бойынша, ақша және несие жүйелерінің қызмет істеу негіздері бойынша, халықаралық несиелік есеп айырысу және валюталық қатынастар, бағалы қағаздар нарығының негіздері бойынша біртүтас білім жүйесін қалыптастыру;

- пәннің мәні мен мазмұнын сипаттайтын терминологиялық-ұғымдық аппарат беру;

- барлық ұғымдардың өзара байланысы мен олардың ішкі логикасын ашу.

«Ақша, несие, банктер» оқу пәнінің міндеттері:

- студенттерге ақша, несие, банктердің теориясы бойынша қажетті теориялық білімнің белгілі-бір минимумын беру;

- оларға банк сферасында қызмет істеу үшін қажетті практикалық машықтарды дарыту;

- банк қызметінің болашақ профессионалдарына алдағы уақытта болуы мүмкін, ықтимал банктік жаңашьш қызметтер, интернет-технологиялар және тағы басқа өзгерістерге бағыт беріп қою.

«Ақша, несие, банктер» курсының бағдарламасы мемлекеттік стандарттарға және мазмұндау логикасына сәйкес бес дербес бөлімге, сонымен бірге, оқу пәнінің негіздік проблемаларын қарастыратын өзара байланысты бірсыпыра бөлімшелерге бөлінген.

«Ақша, несие, банктер» курсының сызбасы меңгеру процессін белгілі-бір  дәрежеде оңайлатуға, ал керек кезде, осы курсты оқитын мамандықтар бойынша  бөлінетін сагаттарды есептегенде, кейбір бөлімдерді немесе тақырыптарды калдырып кетуге мүмкіндік беретін құрылымдық түрде берілген.

 

ПӘНШҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

 

1 бөлім. Ақша, несие, банктер туралы негізгі түсініктер

  1. тақырып Ақшаның мәні және оның атқаратын қызметтері.
  2. тақырып Ақша айналымы, ақша айналысы және ақша жүйесі.
  3. тақырьш Ақша реформалары және валютаны тұрақтандыру әдістері.

 

2 бөлім. Несие және несие жүйесі

  1. тақырып Қарыз капиталы, пайыз және несие.
  2. тақырып Несие жүйесі. Несиелік мекемелердің түрлері.
  3. тақырып Банктік емес несиелік мекемелердің мәні және түрлері.

 

3 бөлім. Банктер және банк жүйесі.

  1. тақырып Мемлекеттің Орталық банкі, оның құрылуы және дамуы.
  2. тақырып Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің атқаратын қызметтері мен жүргізетін операциялары.
  3. тақырьш Коммерциялық банктер, атқаратын қызметтері және олардың қызметін ұйымдастыру.
  4. тақырып Коммерциялық банктердің активті, пассивті және комиссиондық-делдалдық операциялары.

 

4 бөлім. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары, құрылымы мен құралдары

  1. тақырып Бағалы қағаздар нарығы.
  2. тақырып Қор биржалары.

 

5 бөлім. Халықаралық валюталық-несиелік қатынастар.

5.1. тақырып Валюта жүйесі және валюталық қатынастар.

  1. тақырып Халықаралық валюталық-несиелік институттар.
  2. тақырып ҚР-дағы халықаралық қаржылық институттардың қызметі.

 

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе

«Ақша, несие, банктер» курсының мәні, оның басқа оқу пәндерінің арасында алатын орны. Курстың негізгі мақсаттары мен міндеттері. Осы пәннің объектілері мен зерттеу әдістерін сипаттау. Қарастырылатын тақырыптарға қысқаша тоқталу. Пәндердің өзара байланысы. Оку әдістері мен жүргізілетін сабақтардың түрлері. Студенттердің білімін, олардың өзіндік және зерттеу жұмыстарын бағалау, қадағалау формалары. Қажетгі әдебиеттер тізімін ұсыну.

 

Негізгі бөлім

 

1 бөлім. Ақша, несие, банктер туралы негізгі  түсініктер

 

1.1. тақырып.  Ақшаның мәні және оның атқаратын қызметтері

Ақша түсінігі және оның пайда болуының қажетгілігі. Ақша жалпылама құн эквиваленті ретінде. Ақша формалары. Ақшаның атқаратын қызметгері және олардың ерекшеліктері. Ақша құн өлшемі ретінде және баға масштабы. Баға - құнның ақшалай көрінісі. Құн заңы және оның жүзеге асуы.

Акша айналыс құралы ретінде. Ақша айналыс заңы. Шаруашылык айналымының ақшаға деген қажеттілігін бағалау Төлемдер айналымы және оны ұйымдастырудың негізгі заңдылықтары. Ақша қор жинау және қазына жасау құралы ретінде. Қоғамдағы қор және қазына жасаудың негізгі формалары және олардың перспективалары.

Ақшаның дүниежүзілік қызметі. Әлемдік ақшаның құрылымдық формаларының эволюциясы.

Әлемдік ақшаның құн  өлшемі, айырбас құралы және жалпы байлықтың қоғамдық заттануы ретіндегі атқаратын қызметтері. Ұлттық валютаны және халықаралық есептесу бірліктерін әлемдік ақшалар ретінде қолдану. Алтынның демонетизациялану процесі. Қазіргі тандагы алтынның ролі.

 

1.2. тақырып. Ақша айналымы, ақша айналысы және ақша жүйесі

Ақша айналымы және ақша айналысы туралы түсінік. Қызмет етуші акшаның формалары: толық құнды, толық құнсыз - қағаз және несиелік ақшалар. Қолма-қол және қолма-қолсыз ақша айналысы. Акшалай және төлем құралдарының түрлері. Ақша айналысының эволюциясы. Металл ақшалар айналысы. Несиелік айналыс құралдары. Қағаз ақшалар айналысы. Электронды төлем күралдары. Ақша базасы, акша массасы және ақша агрегаттары. Ақша айналысы заңы. Ақша жүйесі, оның элементтері мен негізгі типтері. Қолма-қолсыз есеп айырысу формалары. Инфляция. Инфляцияның түрлері және оның пайда болу себептері. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалык салдарлары және мемлекет тарапынан оған қарсы күресу әдістері.

 

1.3. тақырып. Ақша реформалары және валютаны тұрақтандыру әдістері

Ақшалай дағдарыстар. Ақша реформаларының тарихи маңызы. КСРО-дағы 1922-1924 жылдардағы ақша реформасы және оның кезендері. КСРО-дағы 1947 жылғы ақша реформасы және оның экономиканы дамытудағы маңызы. 1961 жылы КСРО-да баға масштабының өзгеруі. Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы акша реформасы, оның қажеттілігі мен жүргізілу ерекшеліктері.

 

2 бөлім. Несие және несие жүйесі

2.1. тақырып.  Қарыз капиталы, пайыз және несие

Несиелік қатынастардың  пайда болуы және дамуы. Тауар  өндірісі және қоғамдык ұдайы өндіріс - несиелік қатынастардың даму негізі. Несиеге деген қажеттілікті тудыратын негізгі және айналым қорларының (капиталдың) айналу зандылықгары, Несиелік капиталдың құрылу көздері. Біздің елімізде несие қорларын күрудағы ерекшелікгер. Несиенің мәні және оның өзіндік экономикалық категория ретіндегі сипаттамасы.

Несиелік капитал мен  несие корларынын (несиелік ресурстардың) сипаттамалары, олардың арасындағы айырмашылықтар мен ерекшеліктер. Несиелік капитал мен несиелік ресурстар  нарығы.

Несиелік проценттің экономикалық мәні. Тауар өндірісі мен несиелік қатынастар - несиелік проценттің даму негізі. Несиелік процент бойынша қарым-қатынастар субъектілері. Процент мөлшерін анықтаушы факторлар. Проценттік қойылымдар, түрлері және олардың ерекшелікгері. Қарыз алушылар мен қарыз берушілеріне байланысты проценттөлеу көздері.

Несиенің атқаратын  қызметтері. Несиенің қайта бөлу қызметі. Уақытша бос ақша құралдарын қайта болу механизмі. Нағыз ақшаларды несиелік ақшалар және операциялармен алмастыру, айналыс шығындарын үнемдеу қызметі.

Несиелік капиталды  орталықтандыру және шоғырландыруды жылдамдатудағы қызметі.

Несие формалары. Банкгік  несие - несиенің неғұрлым кеңірек дамыған  формасы. Банктік несиенің түрлері, оның біздің еліміз-дегі және шетелдегі  даму ерекшеліктері. Коммерциялық несие  және оның ерекшеліктері. Тұтыну несиесі, оның түрлері және оның әртүрлі елдердегі даму ерекшеліктері. Мемлекеттік несие. Халықаралық несие.

 

2.2. тақырып. Несие жүйесі. Несиелік мекемелердің түрлері

Несие жүйесі туралы үғым, оның қызмет ету шарттары, негізгі құрылымдық элементгері. Несиелік мекемелердің түрлері: банктік және банктік емес қаржылық-несиелік институттар.

Банктік мекемелердің түрлері. Эмиссиялық банктер және оларды ұйымдастырудың құқықгық формалары. Эмиссиялық емес банктер: әмбебап банктер және операциялардың кейбір түрлеріне маманданған банктер.

Банк жүйесі экономиканың дербес саласы ретінде, оньщ құрамдас элементтері, экономикадағы рөлі және оның атқаратын қызметері. Банк жүйесінің түрлері.

Екі деңгейлі банк жүйесінің құрылымы мен қызмет ету механизмі. Бірінші және екінші деңгейдегі банктердің қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері. Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесін құру және даму ерекшеліктері.

Экономикасы дамыған  елдердің банк жүйесі және қызмет ету  ерекшеліктері.

 

2.3. тақырып. Банктік емес несиелік мекемелердің мәні және түрлері

Маманданған несиелік-қаржылық институттар, олардың типтері мен  қызмет ету спецификасы. Зейнетақы  қорлары, сақтандыру компаниялары, факторингтік, лизингтік, пошталық-жинақтау компаниялары, ломбардтар, клирингтік палаталар және т.б. Олардың ұйымдастырылу және қызмет ету ерекшеліктері. Экономикасы дамыған елдердегі арнайы несиелік-қаржылық мекемелердің түрлері.

 

3 белім. Банктер  және банк жүйесі

3.1. тақырып.  Мемлекеттің Орталық банкі, оның құрылуы және дамуы

Орталық эмиссиялық банктердің пайда болуы, түрлері және мемлекет экономикасындағы оның рөлі.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 ж. 30 наурыздағы Заңы.

Қазақстан Республикасының  Орталық банкі - Ұлттық банк. ҚР Ұлттық Банкі, оның құрылымы, занды статусы және есеп беруі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің негізгі мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан Республикасында баға тұрақгылығын қамтамасыз ету. Мемлекеттік ақша-несие саясатын жасау және оны жүргізу. Валюталық ретгеу және валюталық бақылауды жүзеге асыру. Қаржы жүйесінің тұрақгылығын қамтамасыз етуге ықпал жасау.

Ұлттық банктің капиталы, резервтері мен табысы. Ұлттық банкпен басқаруды ұйымдастыру. Ұлттық банктің жоғары басқару органдарын құру тәртібі және олардың өкілеттілігі.

 

3.2. тақырып. Қазақстан Республикасы ¥лттық Банкінің атқаратын қызметтері мен жүргізетін операциялары

Ақша-несие саясатының түрлері: рестрикциялық, экспансиондық, дефляциялық және селективтік. Ақша айналысын басқару. Ресми қайта  қаржыландыру мөлшерлемесін бекіту. Ақша-несие саясатының жүзеге асыратын операцияларының түрлері. Минималды резервтік талаптардың нормативтерін белгілеу.

Бағалы қағаздарды сату және сатып алу. Ақша-несие саясаты-ның негізгі операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу. Сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу.

Банктердің алған қарыздарының жалпы көлемін реттеу. Валюталық интервенциялар жүргізу. Депозиттік саясат. Ұлттық банк - «банктердің банкі». Ұлттық банк - Үкіметтің басты банкирі, қаржылық кеңесшісі және агенті.

 

3.3. тақырып. Коммерциялық банктер, атқаратын қызметтері және олардың қызметін ұйымдастыру

Коммерциялық банктердің құқықтық статусы. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» 1995 ж. 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы. Банктердің негізгі атқаратын қызметтері. Банк қызметін ұйымдастыру принциптері. Банк қызметін құру, қайта ұйымдастыру және оньг тоқгату тәртібі. Банктік лицензия түсінігі.

 

3.4. тақырып.  Коммерциялық банктердің активті,  пассивті және комиссиондық-делдалдық  операциялары

Банктердің активті  және пассивті операцияларынын сипаттамасы. Пассивті операциялар. Банктердің өз қаражатын құру әдістері. Банктердің меншікті капиталы мен тартылған қаражаттарының құрылымы. Депозиттер, түсінігі және оның түрлері.

Информация о работе Төлем карточкалары бойынша статистика