Венчурлық кәсіпорын

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 16:04, курсовая работа

Описание

Қарыз пайызы несиенің негізгі атрибуты ретінде несие бағасының иррационалды формасы болады. Қарыз пайызының абсолютті шамасы қарыз алушының несиені пайдаланғаны үшін төлейтін белгілі бір соманы білдіреді және пайыздық сома деп аталады. Форманың иррационалдығы, біріншіден, қарызға берілген құн ақшалай формада бола отырып, тағы да ақшалай формада екінші бағаны алғандай болады; екіншіден пайыз сомасы ретінде қарыз алушы төлейтін сома оған бастапқыда қарызға берілген құнның шамасына тең келмейді. Қарыз пайызы тауар өндірісі негізінде пайда болды.

Содержание

Кіріспе 3
1 Қазақстан Республикасында пайыздық саясаты туралы түсінік 4
1.1 Қазақстандағы пайыздық саясаттың мәні 4
1.2 Ақша – несие саясатының түрлері 6
1.3 Пайыздық саясатты жүргізудің шетелдік тәжірибиесі 8
2 Қазақстан Ұлттық Банкінің пайыздық саясаты 9
2.1 Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша – несие саясаты 9
2.2 Ақша – несие саясатының табыстау механизімі және оның салық-бюджет, валюта саясаттарымен байланысы 12
2.3 Қазақстандағы пайыздық саясатты талдау 14
3 Қазақстандағы пайыздық саясатты жетілдірудің іс-шаралары 16
3.1 Экономиканы ақша-несиелік реттеудің кейбір аспектілері 16
3.2 Қазақстандағы пайыздық саясатты жетілдіру жолдары 19
Қорытынды 23
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Динараа.doc

— 225.50 Кб (Скачать документ)
 

Мазмұны 
 

  Кіріспе 3
1 Қазақстан Республикасында  пайыздық саясаты туралы түсінік 4
1.1 Қазақстандағы пайыздық саясаттың мәні 4
1.2 Ақша – несие  саясатының түрлері 6
1.3 Пайыздық саясатты жүргізудің шетелдік тәжірибиесі 8
2 Қазақстан Ұлттық Банкінің пайыздық саясаты 9
2.1 Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша – несие саясаты 9
2.2 Ақша – несие  саясатының табыстау механизімі және оның салық-бюджет, валюта саясаттарымен  байланысы 12
2.3 Қазақстандағы пайыздық саясатты талдау 14
3 Қазақстандағы пайыздық саясатты жетілдірудің іс-шаралары 16
3.1 Экономиканы ақша-несиелік реттеудің кейбір аспектілері 16
3.2 Қазақстандағы пайыздық саясатты жетілдіру жолдары 19
  Қорытынды 23
  Қолданылған әдебиеттер тізімі 24
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

     Қарыз пайызы несиенің негізгі атрибуты ретінде несие бағасының иррационалды формасы болады. Қарыз пайызының абсолютті шамасы қарыз алушының несиені пайдаланғаны үшін төлейтін белгілі бір соманы білдіреді және пайыздық сома деп аталады. Форманың иррационалдығы, біріншіден, қарызға берілген құн ақшалай формада бола отырып, тағы да ақшалай формада екінші бағаны алғандай болады; екіншіден пайыз сомасы ретінде қарыз алушы төлейтін сома оған бастапқыда қарызға берілген құнның шамасына тең келмейді. Қарыз пайызы тауар өндірісі негізінде пайда болды.

     Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі пайыз саясатының басты мақсаты — айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.

     Бірінші бөлімде осы бөлімде мемлекеттің ақша – несие саясатында пайыздық саясатының қажеттілігінің мәні, мазмұны ашылды. Ақша-несие саясаты — бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Сонымен қатар, ақша – несие саясатының субъектілері анықталды.

     Екінші бөлімде, ҚҰБ-нің ақша – несие саясатының басты бағыттары, оны жүргізудің жолдары және реттеуі қарастырылды, сонымен қатар, ақша – несие саясатының табыстау механизімі және оның салық - бюджет, валюта саясаттарымен байланысына сипат берілді. Осы бөлімде Қазақстан Республикасының пайыздық саясатына талдау жасалып, негізгі көрсеткіштеріне баға берілді. Монетарлық саясаттың негізгі бағыттары анықталып, оларды жетілдіру жолдары қарастырылды.

     Осы бөлімде Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі «банктердің банкі», қызметінің маңыздылығы және екінші деңгейлі банктердің қызметін қабылдау, қадағалау және бақылау жүргізу  бағыттарына сипат берілді. Сонымен  қатар, Ұлттық банкінің екінші деңгейлі банктермен есеп айырысу операцияларын жүргізу қызметі қарастырылды. Және де Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің 2006 – 2009 жылдарға арналған ақша несие саясатына сипаттама берілді.

     Үшінші  бөлімде, Қазақстан Республикасының пайыздық саясатының қазіргі кездегі қиыншылықтары анықталды және одан шығудың жолдарына сипат берлді. 

     Курстық жұмыстың жазылу барысында және тақырыптың мазмұнын ашуда белгілі авторлардың  оқулықтары, монографиялар, сондай-ақ газет –журналдар беттеріндегі жарияланған мақалалар, маңызы деректер, статистикалық көрсеткіштер жан-жақты пайдаланылып отыр. 
 

     1 Қазақстан Республикасында  пайыздық саясаты  туралы түсінік 
 

     1.1 Қазақстандағы пайыздық  саясаттың мәні 

     Тауар айырбас жағдайында қоғам пайыздыпайдаланбаған кезең де болды және тек қоғамдық дамудың белгілі бір экономикалық жағдайы белгілі бір сатысында несие үшін төлем өндірістік қатынастардың ажырамас бөлігі болды. Қарыз пайызы, демек, қоғамда тұрақты ақша айналысы және ақша капиталының қызмет етуі бар болған кезде пайда болды. Қарыз пайызы үшін несиенің бар болуы қажет.

     Неиелік қатынастар пайыз дербес экономикалық категория ретінде тіркелетін тікелей  негіз болып табылады. Қарыз пайызының  мәнін оны қарыз капиталын  қайтарымдық принципімен пайдалану  негізінде пайда болатын экономикалық қатынастар ретінде түсіне керек. Бұл экономикалық қатынастардың субьектілері – қарыз пайызын тиісінше алушы және төлеуші ретінде болатын кредитор және қарыз алушы. Қарыз пайызына қатысты экономикалық қатынастар ерекше, оларды несиелік қатынастармен араластыруға болмайды.

     Олардың айырмашылықтары арқылы қарыз пайызының  экономикалық мәні ашылады, айырмашылықтары  төмендегілер болып келеді:

     - қарызға берілген құнның және  несиені пайдаланғаны үшін төленетін  пайыздық сома қозғалысының сипаты;

     - несие мен қарыз пайызы арасындағы  экономикалық-құқықтық айырмашылық;

     - қарызға берілген құн мен пайыз  төлеу сомасы қозғалысының әр  түрлі бастамасы;

     - несие және қарыз пайызының  ұдайы өндіріс процесінің әр  сатыларында пайда болуы.

     Егер  несие – бұл қайтарымдылық негізінде құнның қозғалысы болса, онда пайыздық соманың төленуі құнның белгілі бір бөлігінің эквивалент алмай берілуін сипаттайды. Несиені пайдаланғаны үшін төленген пайыз қайтарылмайды, оның сомасы толығымен субьектіге көшеді, яғни пайыздық соманы алушыға. Пайыздық соманы төлеуге байланысты қатынастарда оның меншік иесі өзгереді: алынған құнға иелік ету құқығы қарыз алушыдан кредиторға өтеді, ал несиелік қатынастар кезінде меншік құқық өзгермейді, құн қарыз алушыға тек уақытша пайдалануға беріледі және белгілі бір мерзім өткеннен кейін өзінің заңды бастапқы орнына қайтып келеді.

     Қазақстандағы инфляциямен күресудің бір маңызды факторы — шетел валютасына деген артық сұранысты төмендету болып табылады. Өткенге оралатын болсақ, теңгені енгізгеннен кейінгі жарты жылдай уақыт ішінде, валюталардың бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық табысқа қол жеткізу мүмкіндігінің салдарынан банктің қысқа мерзімді капиталдары несиелік нарықтан валюталық нарыққа ауысып кетті. Теңгенің айырбас бағамы анықталатын сыртқы көрінісі мен сыртқы құны арасыңдағы шекті қатынастың бұзылуы Ұлттық валютаның тұрақсыздығын одан сайын арттыра түсті.

     Қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің шамасы ақшалай қаражаттарға деген сұранысқа және инфляция деңгейіне байланысты келеді. Ұлттық банк мүдделендіру мөлшерін реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының шамасына әсер етеді және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе қысқартуға мүмкіндік жасайды. Ресми пайыз мөлшерлемесінің деңгейі екінші деңгейдегі банктер үшін, Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау шегіндегі негізгі бағыттарын сипаттайтын басты бір көрсеткішті білдіреді.

     Ұлттық  банктің ресми пайыздары, оның тікелей  бақылауына жатпайтын несиелік ресурстар  нарығының шартына сай банктер  дербес белгілейтін нарықтық пайыз  мөлшерлемесіне жанама түрде ықпал етеді. Соның негізінде сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгіленетін Ұлттық банктің қысқа мерзімді шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттік қысқа мерзімді несиелер бойынша пайыз мелшерлемелері жыл бойына Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесінің өзгеруіне  байланысты  темендеп  отырған.

     Пайыздың  нақты бейнелері, өз кезегінде инвестициялау үшін әлуметтік ресурс болып табылатын депозиттердің несиелік мекемелерге ағылуын арттыра түсті.

     Ақша-несие  - бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі — Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.

     Ақша-несие  саясатының түрлері

     Шаруашылық  жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:

     1) рекстрикциялық ақша-несие саясаты;

     2) экспанциялық ақша-несие саясаты.

     Рекстрикциялық ақша-несие саясаты — екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

     Экспанциялық ақша-несие саясаты - несие беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету. 
 

     1.2 Ақша – несие  саясатының түрлері 

     Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.

     ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: Ұлттың валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді. Ақша-несие саясаты — бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.

     Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.

     Шаруашылық конъюктурасының жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:

     1. Рестрикциялық ақша-несие саясаты;

     2. Экспанцондық ақша-несие саясаты.

     Рестрикциялық ақша-несие саясаты — екінші денгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатан шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің денгейін арттыруга бағытталатын шаралар жиынтығы.

     Экспанциондық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша массасынын өсуіне бақылаудың, әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінін төмендеуімен байланысты шаралар.

     Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты  көздеген бағыты: инфляцияны төмендету  және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетуде Ұлттық банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде. Заңға сәйкес Ұлттық банк мынадай ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:

     Сыйақы  мөлшерлемелерін белгілеу;

     - Ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу;

     - Мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сатуы бойынша ашық нарықтағы операцияларды жүргізу;

     - Банктерге және үкіметке несиелер беру;

     - Валюталық нарыққа интервенциялау;

     Кейбір  жағдайларда, несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен  көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу.

Информация о работе Венчурлық кәсіпорын