Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 22:08, реферат

Описание

Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылық саласын басқару проблемалары (эссе жазу,оны қорғау
Көп салалы экономика қалыптастыру және нарықтық қатынастарды дамыту аграрлық өндірістің тиімділігін арттыруда, елімізді азық-түлікпен қамтамасыз етуде, халықтың тамақ азық-түлігіне деген қажеттілігін қамтамасыз етуде және ауылдың әлеуметтік проблемаларын шешуде маңызды.

Работа состоит из  1 файл

АОК 4 сож.docx

— 25.62 Кб (Скачать документ)

Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылық саласын  басқару проблемалары (эссе жазу,оны  қорғау

Көп салалы экономика қалыптастыру және нарықтық қатынастарды дамыту аграрлық өндірістің тиімділігін арттыруда, елімізді азық-түлікпен қамтамасыз етуде, халықтың тамақ азық-түлігіне деген  қажеттілігін қамтамасыз етуде және ауылдың әлеуметтік проблемаларын  шешуде маңызды.

Қазақстан агроөнеркәсіптік кешені ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өндіру бойынша оның экономикасын дамытуға басым бағыттардың бірі болып саналады.

Дегенмен, ауыл шаруашылықты жүргізудегі экономикалық механизмнің жетілдірмегенінен ең алдымен, ауыл шаруашылық құрылымдарының басқа да шаруашылық субъектерімен экономикалық өзара қарым-қатынастарының жолға қойылмағанынан агроөнеркәсіптік өндірістік әлеуеті жеткілікті деңгейде пайдаланылмай келеді.

Ауыл шаруашылығындағы кәсіпорындарды, қайта өңдеу және рыноктың басқа да шаруашылық жүргізу субъектерін қайта қалыптастыру бұрыннан келе жатқан агроөнеркәсіптік интеграция мен шаруашылық жүргізудің кооперативтік формаларын өзгертіп жіберді. Шағын жеке шаруашылыққа бағдарлану басқа тиімдірек ұйымдық құрылымдарды қалыптастыруды тоқтатып тастады.

Жекеменшік пен шаруашылық жүргізудің жаңа формаларының өсуі баға теңсіздігінің, мемлекеттің басқару атқарымдарынан өзінен-өзі кетіп қалғанының ауыл шаруашылығына әкелген теріс әсерлерін осы күнге дейін азайта алмай отыр. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне қазіргі қалыптасқан бағалар жұмсалған шығындарды қайтаруды және кеңейтілген ұдайы өндіріс үшін пайда алуды қамтамасыз етпейді.

Баға және несие-қаржы механизмін сәйкестендірмеу аграрлық саладағы капитал айналымын тежеп тастады және бүкіл агроөнеркәсіптік кешенінің қаржылық жағдайын нашарлатып жіберді, тауар өндірушілердің біршама бөлігін рыноктан ығыстырды, өнімдерді бөлу атқарымын делдалдарға өткізді және, ең бастысы өндіріс тиімділігін төмендетіп жіберді.

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АГРАРЛЫҚ СЕКТОРДЫ

ДАМЫТУДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

Аграрлық секторда республиканың тәуелсіздігі жарияланған сәттен бастап елдің

бүкіл экономикасында едәуір құрылымдық өзгерістер болды. Орталық жоспарлы

экономикадан бас тартқаннан кейін саланың түпкілікті қайта қалыптастыруға бағытталған

шаралар кешені жүзеге асырылды.

Жалпы қайта қалыптастырудағы саяси қорытындыда мемлекеттік меншік жеке

меншікке өзгертілді, сондай-ақ нарықтық экономиканың құқықтық негізі құрылды.

Экономикалық салдары өндірістік және жер қатынастарының өзгеруі, баға белгілеуді

кредит жүйесін ырықтандыру, бәсекелі нарықтық инфрақұрылым құру болып табылды.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің одан әрі дамуы аграрлық сектордың даму

стратегиясын тұжырымдамалық белгілеуді талап етті.

Осы бағытта бәсекеге қабілетті  салалық ауыл шаруашылығы өндірісінің

экономикалық өсуін қамтамасыз етуді және ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі

түрлерінің өндірістерін тұрақтандыруды ұйымдастыру жүйелі түрде іске асырылды.

Алайда, еліміздің аграрлық секторы әлі де болса, бірқатар кемшіліктер бар –

саланың құрылымды-технологиялық  жаңғырту қарқынының төмен болуы, нарықтық

инфрақұрылым дамуының қанағаттанғысыз  деңгейі, ауыл шаруашылығы өндірісінің ұсақ

тауарлығы, саланың қаржылық тұрақсыздығы, саланы дамытуға жеткіліксіз жеке

инвестициялардың кіруі, білікті кадрлардың тапшылығы және т.б.

Бұдан басқа, саланың инвестициялық қызметіне әсер еткен қаржы, ал одан кейін

азық-түлік дағдарысы қосымша проблемаларды тудырды. Сонымен қатар, Қазақстандағы

ауыл шаруашылығы экономиканың перспективалы секторларының бірі болып саналады.

Осыған орай үлкен және жауапты міндеттер алда тұр – экономиканың аграрлық

секторын сапалы жаңа даму деңгейіне көтеру, сол арқылы оның жоғары бәсекеге

қабілеттілігін қамтамасыз ету, бұл әсіресе Кедендік Одақ құру жағдайында, ал кейіннен

Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру кезінде өзекті болып табылады.

Қазақстан агроөнеркәсіп кешені салалары арасындағы шаруашылық

байланыстардың экономикалық механизмдерін басқару бойынша ұсыныстар әзірлеу, ішкі

және сыртқы нарықтарда дағдарыс жағдайында бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы

өнімдері өндірісінде анықтау болып табылады.

Осы мақсатты орындау үшін мына төмендегідей міндеттерді қарастырамыз:

- аграрлық секторды басқару стартегиясын негіздеу;

- агроөнеркәсіп кешені салаларының бәсекелестік қабілетін қалыптастыру;

- нарықтық қатынастар  жағдайында шаруашылық жүргізу  механизмінің

экономикалық тиімділік критерийлерін анықтау;

- өнім және азық-түлік өндіруде аграрлық саланы басқаруды болжау және

бәсекеге қабілетті экономика қалыптастыру;

- экономиканың дағдарыс  жағдайында аграрлық өндірісті мемлекеттік

басқарудың экономикалық әдістерін дайындау;

- дағдарыста бәсекелестік  қабілеті бар азық-түлік тауарларын өндіруде

қаржылық менеджменттің  стартегиясын негіздеу және ауыл шаруашылығы өнімдері мен

азық-түлік өндіруде кластерлік жүйе қалыптастырудың баға және сақтандыру әдістерін

жетілдіру.

Республиканың аграрлық секторы  бәсекелестiк күресте табысты пайдаланылуы

мүмкiн бiрқатар артықшылықтарға ие болып отыр. Пайдалы жерлердiң орасан зор

ауданының, бiлiктiлiгi жоғары кадрлардың болуы, өнiмнiң экологиялық тазалығы, шикiзат

өндiрiсi орындарында қайта өңдеу қуаттарын шоғырландыру өндiрiс көлемiн арттыруға

және салыстырмалы түрдегi өзiндiк құны төмен өнiм алу үшiн экстенсивтi факторларды

және климаттық жағдайларды  барынша молынан пайдалануға мүмкiндiк бередi.

Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудің бір көрінісі - аграрлық секторды басқару. Аграрлық секторды басқару дегеніміз - ауыл шаруашылығы тауар

өндірушілігінің және барлық ауыл тұрғындарының қолайлығына қол жеткізу үшін

мемлекеттің аграрлық саясатын жүзеге асыруға бағытталған және мемлекетпен

жүргізілетін шаралар кешені.

Мемлекеттік басқару мен мемлекеттік реттеудің арасында мақсатына байланысты

айтарлықтай айырмашылықтар жоқ. Нақты алғанда мемлекеттің экономикалық және

басқа процестерге әр түрлі қатысуы туралы айтылады. Орталықтандырылған мемлекеттік

басқару әміршілдік-әкімшілдік жүйедегі тотолитарлық мемлекетте болған.

Ауыл шаруашылығы өндірісін басқаруды ұйымдастыру мәселелері Қазақстан

Республикасының қазіргі  кездегі дамуы үшін өзекті болып отыр.

Елімізде соңғы жылдары аграрлық секторды дамытуда айтарлықтай нәтиежелерге

қол жеткізілді. Осыдан бес жыл бұрынғы көрсеткіштермен салыстырғанда, ауыл

шаруашылығының жалпы өнімі 2 есеге жуық өсті. Тиісінше инвестициялар көлемі де 3

еседен астамға ұлғайды. Жаңа техника мен технологияларды пайдаланудың арқасында

дәнді дақылдарды жинау анағұрлым өсті. Соңғы үш жылда қолға алынған егінді міндетті

сақтандырудың енгізілуі – құрғақшылық орын алған жылдарда да фермерлердің кепілді

табыс алуына мүмкіндік туғызып отыр. Ауыл шаруашылығындағы өткен жылғы

көрсеткіштер бұрынғы  жылмен салыстырғанда 8,4 пайызға ұлғайған.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын жоғарлату аграрлық сектордыбасқарудың

өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өнім сапасын арттыру - өндіруші кәсіпорын,

тұтынушы және жалпы ұлттық экономика үшін өте маңызды. Тағы бір мәселе - осы

саладағы тиімді басқару әдістеріне қолданыс таба алмауы. Бұл әсіресе, ауыл шаруашылық

өнімдерін өткізу, сату ісінің ақсап жатқандығынан айқын байқалады. Ауыл шаруашылығы

өнімдерін дайындау жүйесін ұйымдастыру, бір тұтас ақпараттық маркетингтік жүйені

жақсарту, оперативті ақпараттарды алып отыру үшін, бизнес, менеджмент, маркетинг

сұрақтары бойынша кадрларды дайындауға ерекше көңіл бөлу керек.

Қазақстанның жер,климаттық және кадрлар ресурстарын бағалай келе, бәсеке

қабілетті ауыл шаруашылығы мен нарығын құруға елімізде барлық қажетті ағымдардың

бар екенін айтуға болады. Қазақстан салыстырмалы дамыған агроөнеркәсіптік

потенциалды иемденеді, бұл оған ауыл шаруашылығы өндірісін қазіргі заманғы деңгейді

жүргізуге мүмкіндік береді.

Сондықтанда аграрлық сектордың  таяу жылдары тезірек шешуді қажет етіп тұрған

күрделіде маңызды мәселелердің бірі саланың материалдық-техникалық базасын

жаңғырту, қайтадан қалыптастыру, нығайту болып табылады.

Аграрлық өнеркәсіп өндірісін басқару барысында, болжамдар дайындау үшін

Қазақстан ауыл шаруашылығын дамытудағы аумақтық ерекшеліктерін ескеру керек.

Қазақстандағы 5 экономикалық өңірлердің аумақтық – шаруашылық бірлігін, физикалық –

географиялық және демографиялық  нышандарын, олардың күшті және нашар жақтарын

ойластыра отырып өндірісті басқаруды ұйымдастыру керек.

Дағдарыс жағдайында бәсекеге қабілеті бар аграрлық өндіріс қалыптастыру үшін

баға, ең жоғары пайда алуға және ең жақсы өткізу нарығын қалыптастыруға, жоғары

сапалы азық-түлік тауарларына қажеттілікті қанағаттандыруға бәсекелестік орта құру

керек. Бұл кәсіпорындардың және салалардың әр түрлі қызмет түрлерін оңтайлы

үйлестіруге жағдай туғызады, оның негізгі көрсеткіші әрбір пайдаланылған ресурс

бірлігіне алынған пайда болып табылады.

Аграрлық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі интенсивті технологиялар және жоғары

білікті еңбек негізінде өзіне өндіріс, жоғары сапалы өнімді қайта өңдеу сияқты

бағыттарды үйлестіруі керек.

Ресурстық әлеуеттерді, бәсекелестік өнімдер мен азық-түліктерді ұтымды пайдалану

үшін орта және ірі кәсіпорындар және олардың бірлестіктерін кооперация, интеграция

және мамандандыру негізінде құру ұсынылады.

Аграрлық секторды дамытудың негізгі бағыттары деп мыналарды санауға болады:

өнімдер мен азық-түліктердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, өндірісті оңтайландыру,

қызмет көрсету инфрақұрылымдарын  дамыту, өндірісті жүргізудің ғылыми-негізделген

жүйесін енгізу, олардың мамандануы мен шоғырлануын дамыту.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1 Назарбаев Н.Ә. Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа кезеңі //Егемен Қазақстан, 2005, 1 ақпан.

2 Козыбаев М.К. История и современность. — Алматы: Ғылым, 1991. –С.254; Тулепбаев Б.А. Социалистические аграрные преобразования в Средней Азии и Казахстане. -М: Наука: 1984. -269 с.; Дахшлейгер Г.Ф., Нурпеисов К. История крестьянства советского Казахстана. -Алма-Ата, 1985. -247 с.;

3 Омарбеков Т. Зобалаң. -Алматы: Санат, 1994. — 272 бет.

4 Берденова К.А., Иманбердиева С.И. Аграрная политика тоталитарного государства как фактор кризисного состояния сельского хозяйства Казахстана. -Алматы: Ғылым, 1994. -142 с.

5 Байтілен С.А. Кеңес мемлекетінің Қазақстандағы аграрлық саясаты: ауыл шаруашылығындағы экстенсивті бағдар және дағдарыс (1965-1990): т.ғ.д… авторефераты. –Алматы, 2000. -36 б.

6 Байсарина Қ.Қ. Қазақстанда ауыл шаруашылығының дамуы: тарихы және сабақтары: т.ғ.д. … автореф. – Алматы, 2006. -37 б.

7 Медеуов Т.Ж. Қазақстандағы колхоз құрылысының соңғы кезеңі: дағдарыстан шығу жолдарын іздестіру тәжірбиесі (1981-1991): т.ғ.к. … авторефераты. –Алматы, 1999. — 27 бет.

8 Мұқатова Д. Тоқырау  жылдарындағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік жағдайы. (1971-1991): т.ғ.к. … авторефераты. — Алматы, 2007. — 27 б.

9 Берлібаев Е.Т. Возникновение межколхозных производственных связей Казахстана ее огрехи в 70-е годы / Некоторые вопросы социально-экономического демографического развития Казахстана. Межвузовский сборник научных трудов. –Алматы: АГУ им. Абая. –1996. –С.18-25.

10 Баймұқанов Т., Шарақымбаев  А., Байдильдин Қ., Байтеков З. Қазақстан халықшаруашылығының және шаруашылық жүргізу формаларының дамуы. -Алматы: Ана-тілі, 1998. -112 б.

11 Кошанов А.К. Проблемы рыночных преобразований экономики Казахстана. -Алматы: Казинститут менеджмента, экономики, прогнозирования. 1993. – С. 43.

12 Оспанов М.Т, Аутов Р.Р., Ертазин Х.Е. Теория и практика агробизнеса. -Алматы: СП «Франклин» 1997.-356 с.

13 Сүлейменов М.К. Право  и предпринмательство в Республике Казахстан. -Алматы: Жеті Жарғы. 1997. -323 с.

14 Баймагамбетов С.З. Социально-культурное развитие Республики Казахстан (1980- 2000 г.г.) исторический анализ»: Автореф. … д.и.н. -Алматы: 2004. — 36 с.

15 Нурсеит А., Темирбекова Б. Теория рыночной экономики.- Алматы: ОФ-БИС, 2000. -156-157 с.

16 Кемел М. Тәуелсіздік жылдарындағы аграрлық реформа //Заң, 2002. — № 9. — 46-47-б.б.

17 Реформирование экономики  Казахстана: проблемы и их решение /Под ред. М.Б. Кенжегузина. — Алматы. 1997. –С. 54-55.

18 Галиев А.Б. Социально — демографические процессы в многонациональном Казахстане.(1917-1991): Автореф. … д.и.н. –Алматы, 1994. -36 с.

19 Қазақстан Адам туралы ұлттық есеп. –Алматы: «Pilot-ТС». — 226 б.

20 Тәнекеев С. Ауыл – ұлттың абыройы //Ақиқат, 2003. — № 6. — 30 б.


Информация о работе Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл