Балалар бақшаларын ашу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 15:35, практическая работа

Описание

Қазіргі уақытта балалар бақшасын ашудың болашағы бар, оның себептері мынадай:
біріншіден, жалпы оң үрдіс адамдардың мемлекеттік балалар бақшасы мекемелерінің тәрбиешілері бір топтағы балалар санының көптігі және бюджеттің шектеулі болуы сияқты объективті себептерге байланысты көрсете алмайтын тиісті назарды балаларына көрсетсе болды өз балаларының тәрбиесі мен бос уақыты үшін ата-аналардың мүмкіндіктерінің бар екенін және ақы төлей алатынын болжайды;
екіншіден, сапалы және стандарты емес (массаж кабинеті, тіс емдеу кабинеті, бассейн, хореография студиясы және т.б.) қызметтерді ұсынатын жеке меншік балалар бақшасының қазірдің өзінде барынша кең тараған құбылыс екенінің растығы;

Содержание

Кестелер тізімі 3
Суреттер тізімі 4
Резюме 5
Кіріспе 7
1. Жобаның тұжырымдамасы 8
2. Өнімнің (тауардың) сипаттамасы 9
3. Өндірістер бағдарламалары 10
4. Маркетингтік жоспар 11
4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы 11
4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер 13
4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағалары, күтілетін өзгерістер 15
4.4 Маркетинг стратегиясы 16
5. Техникалық жоспарлау 17
5.1 Технологиялық процесс 17
5.2 Ғимараттар мен құрылыстар 17
5.3 Жабдық және инвентарь 18
5.4 Коммуникациялық инфрақұрылым 19
6. Ұйымдастыру, басқару және құрам 20
7. Жобаны іске асыру 21
7.1 Іске асыру жоспары 21
7.2 Жобаны іске асыру шығындары 21
8. Пайдалану шығыстары 22
9. Жалпы және әкімшілік шығыстар 23
10. Қаржыландыру қажеттілігі 25
11. Жобаның тиімділігі 26
11.1 Cash-flow проекциясы 26
11.2 Пайда мен залалдар есебі 26
11.3 Баланс проекциясы 26
11.4 Қаржы индикаторлары 26
12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер 28
12.1 Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні 28
12.2 Қоршаған ортаға әсер 28

Работа состоит из  1 файл

BiznesZhosparBalalarBakshalarynAshu (1).docx

— 480.91 Кб (Скачать документ)





Бизнес-жоспар

Балалар бақшаларын ашу

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2011 жыл  

Мазмұны

Кестелер тізімі 3

Суреттер тізімі 4

Резюме 5

Кіріспе 7

1. Жобаның тұжырымдамасы 8

2. Өнімнің (тауардың) сипаттамасы 9

3. Өндірістер бағдарламалары 10

4. Маркетингтік жоспар 11

4.1 Өнімдер  (қызметтер) нарығының сипаттамасы 11

4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер 13

4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағалары, күтілетін өзгерістер 15

4.4 Маркетинг стратегиясы 16

5. Техникалық жоспарлау 17

5.1 Технологиялық процесс 17

5.2 Ғимараттар мен құрылыстар 17

5.3 Жабдық және инвентарь 18

5.4 Коммуникациялық  инфрақұрылым 19

6. Ұйымдастыру, басқару және құрам 20

7. Жобаны іске асыру 21

7.1 Іске асыру жоспары 21

7.2 Жобаны іске асыру шығындары 21

8. Пайдалану шығыстары 22

9. Жалпы және әкімшілік шығыстар 23

10. Қаржыландыру қажеттілігі 25

11. Жобаның тиімділігі 26

11.1 Cash-flow проекциясы 26

11.2 Пайда мен залалдар есебі 26

11.3 Баланс проекциясы 26

11.4 Қаржы индикаторлары 26

12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық  әсер 28

12.1 Жобаның  әлеуметтік-экономикалық мәні 28

12.2 Қоршаған ортаға әсер 28

Қосымшалар 29

 

Кестелер тізімі

1-кесте – Топтардың жоспарлы толықтырылуы және  жобаны жылдар бойынша сату бағдарламасы

2-кесте  – Астана қаласының  мектепке  дейінгі мекемелері  (жылдың соңына)

3-кесте  – Астана қаласындағы  негізгі  жеке меншік бақшалар

4-кесте  – Астана қаласының Абылайхан  даңғылы  ауданында орналасқан  мемлекеттік  балалар бақшаларының  саны

5-кесте   – Астана қаласындағы балалар  бақшалары бағасының салыстырмалы  талдауы

6-кесте  – Жабдық және инвентарь

7-кесте  – Жобаны іске асырудың күнтізбелік  жоспары

8-кесте  –2012  жылға арналған  инвестициялық  шығындар

9-кесте  – Бір айға ауыспалы шығыстар, мың теңге, ҚҚС-сыз

10-кесте  – 1 баланы ұстауға арналған  шығыстар

11-кесте  – Кәсіпорынның бір айдағы  жалпы және  әкімшілік шығыстары

12-кесте  – Еңбекақы шығыстарының есебі

13-кесте  – Жобаның инвестициялары,  мың  теңге

14-кесте  – 2012 жылға арналған  қаржыландыру  бағдарламасы, мың теңге

15-кесте  – Кредиттеу шарттары

16-кесте  – Кредит бойынша төлемдер, мың  теңге

17-кесте  – Рентабельділік көрсеткіштері

18-кесте  – Баланстық есептің коэффициенттері

19-кесте  – Жобаның қаржылық көрсеткіштері

20-кесте  – Жобаның залалсыздығын талдау

21-кесте  – Болжамдау кезеңіндегі салықтық  түсімдердің көлемі (7 жыл)

 

 

 

Суреттер тізімі

1-сурет  – Астана қаласында туған балалардың  саны, адам

2-сурет  – Ұйымдастыру құрылымы

 

  

Резюме

Жобаның тұжырымдамасы  балалар бақшасы қызметтерін  көрсету кәсіпорындарын құруды  қарастырады.

Кәсіпорын қызметінің мәні  болашақ ұрпақты тәрбиелеу саласында  сапалы және кәсіби қызмет көрсету  болып табылады. Жоспарланып отырған  кәсіпорынның нысаналы тобы  орташа табысы бар отбасылары болып табылады.

Балалар бақшасында балалардың жалпы саны 120-ға дейінгі 6 топ ұйымдастыру  жоспарлануда. Осындай балалар санын  ескере келе  балалар бақшасының түсімі  жылына  64 800  мың теңгені  құрайды (2014-2018 жж.).

Жоба бойынша жалпы  инвестициялық шығындар  мыналарды  қамтиды:

Шығыстар, мың теңге

2 012

Негізгі капиталға инвестициялар

12 711

Айналым капиталы

3 861

Барлығы

16 572


 

Жобаны қаржыландыруды  жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты  қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлдануда.

Қаржыландыру көзі, мың теңге

Сомасы

Кезең

Үлесі

Өз қаражаты

4 972

01-06.2012

30%

Қарыз қаражаты

11 601

01-06.2012

70%

Барлығы

16 572

 

100%


 

Кредиттеудің мынадай  шарттары қабылданды:

Кредит валютасы

теңге

Пайыздық ставка, жылдық

12%

Пайыздар мен негізгі борышты  төлеу

ай сайын

Пайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай

6

Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті  кезеңі, ай

6

Өтеу түрлері

тең үлестермен


 

Кәсіпорын қызметінің жобаның 5 жылына арналған тиімділік көрсеткіштері

Активтердің рентабельділігі

21%

Міндеттемелерді өз капиталымен жабу коэффициенті

5,2


 

13% дисконттау ставкасы  кезінде инвестицияланған капиталдың  таза дисконтталған кірісі  10 707 мың теңгені құрады.

Ішкі кірістілік нормасы (IRR)

39%

Ағымдағы таза құны (NPV), мың теңге

10 707

Жобаның өзін-өзі ақтауы (жай), жыл

2,8

Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл

3,4


 

 

Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:

  • жаңа жұмыс орындарын құру, бұл жұмысшылардың тұрақты пайда табуына мүмкіндік береді;
  • мектепке дейінгі білім беру саласында сапалы қызметтер көрсету;
  • Астана қаласының бюджетіне салықтар мен  басқа да аударымдардың түсуі.

Әлеуметтік әсерлердің арасында  мыналарды бөліп көрсетуге  болады:

  • халықтың мектепке дейінгі мекемелерде жас ұрпақты тәрбиелеу қызметтеріне деген  сұранысын қанағаттандыру.

 

 

 

 

Кіріспе

Қазіргі уақытта балалар  бақшасын ашудың болашағы бар, оның себептері  мынадай:

  • біріншіден, жалпы оң үрдіс адамдардың мемлекеттік балалар бақшасы мекемелерінің тәрбиешілері бір топтағы балалар санының көптігі және бюджеттің шектеулі болуы сияқты объективті себептерге байланысты көрсете алмайтын тиісті  назарды  балаларына көрсетсе болды өз балаларының тәрбиесі мен бос уақыты үшін ата-аналардың мүмкіндіктерінің бар екенін және ақы төлей алатынын болжайды;
  • екіншіден, сапалы және стандарты емес (массаж кабинеті, тіс емдеу кабинеті, бассейн,  хореография студиясы және т.б.) қызметтерді ұсынатын жеке меншік балалар бақшасының қазірдің өзінде барынша кең тараған құбылыс екенінің растығы;
  • үшіншіден, жаңа бақшаны ашу инновациялық қызметтерді пайдалануды қалайтындарды  көптеп тартатын болады;
  • төртіншіден,  балалар бақшасы қызметінің  бағдарламасына  тілдерді оқытудың инновациялық технологияларын қолданудың  енгізілгендігі..

Қалада  бизнестің осы түрін ашу үшін барлық мүмкіндіктер бар. Осы уақыт  кезеңінде мемлекеттік сияқты жеке де балалар бақшасының жетіспеушілігі қатты сезілуде, алайда  адамдар  өз балаларына барынша  қымбат  назарды  сатып алуға қазірдің өзінде дайын.  Орын босайды деп  күту өзекті болмай қалды, халық өз қаражатын өз балалары үшін «сүйіспеншілік пен  адалдыққа»  орынды жұмсауға әзір,  тек  өкінішке орай осындай өтініш білдіретін  орын жеткіліксіз  болып отыр. 

1. Жобаның тұжырымдамасы

Жобаның тұжырымдамасы  бала бақша қызметтерін көрсететін кәсіпорын құруды көздейді.  

Кәсіпорын қызметінің мақсаттары  болашақ ұрпақты тәрбиелеу саласында  сапалы және кәсіби қызметтер көрсету  болып табылады. Жоспарланған  кәсіпорынның нысаналы тобы  орташа табысы бар  отбасылары болып табылады.

Балалар бақшасында балалардың жалпы саны 120-ға дейінгі 6 топ ұйымдастыру  жоспарлануда. Осындай балалар санын  ескере келе  балалар бақшасының түсімі  жылына  72 000  мың теңгені құрайды (2014 жылдан бастап).

Кәсіпорын қызметтердің толық  кешенін көрсететін болады –  күту, тәрбиелеу,  білім беру. Ұсынылатын қызметтердің түрлері мен нысандары:

  • Икемді жұмыс кестесі бар  жыл бойғы режим;
  • Көптеген үйірмелер мен сабақтар: Оқыту — тілдер, математика, қисын, т.б..;
  • Эстетичкалық даму— ырғақ, музыка, би, живопись, ән айту;
  • Педиатр, массаж кабинеті, спорт залы;
  • Күніне  әр түрі режимді қолдану;
  • Балалар мерекелері мен таңертеңгіліктерін өткізу;
  • Қуыршақ театрына, драма театрына және балалар қойылымдарына саяхат ұйымдастыру;
  • Жануарлар мен құстар көрмелеріне саяхат ұйымдастыру.

Осы қызметтер аясы  балалардың ата-аналарына ұсынылатын болады және олар өз тілектері  бойынша балалары үшін қажеттісін таңдай алады.

Қызметтерді осы саладағы тәжірибесі мол, өз ісін жетік білетін білікті мамандар көрсететін болады.

Балалар бақшасы аумағы 240 м2 алаңдағы жалға алынған үй-жайда  орналасатын болады, ауласы бар, онда балалар алаңын, спорт кешенін  және басқа да жабдықтарды  орналастыру  жоспарлануда.

Идея сәтті іске асырылған  жағдайда қаланың басқа аудандарынан да осындай балалар бақшаларын  ашу жоспарлануда.

 

 

2. Өнімнің (тауардың) сипаттамасы

Балалар бақшасы қала тұрғындары балаларының бос уақыттарын өткізуді қамтамасыз етуге деген қажеттілікітерін қанағаттандыру үшін жасалады. Жаңадан  құрылған балалар бақшасының  икемді жұмыс кестесі,  білікті қызметкерлері, әрбір баламен жеке жұмыс жасау  мүмкіндігі болады. Топта 20 баладан  болған кезде әрбір балаға жеткілікті назар аударылатын болады.

Болашақ жас клиентерге компания  ауқымды қызметтер аясын  ұсынады. Бос уақытты өткізу қызметі  жұмыс басталған 8.00 сағаттан бастап «соңғы клиент» келгенге дейін  белгілі  стандарт бойынша жүргізіледі, оған сәбилерді 4 рет тамақтандыру, ойындар  мен сабақтар өткізу,  серуендеу, күндізгі ұйқы, балалардың бос уақытын  ұйымдастыру кіреді.

Тамақтандыру таңертеңгі асты, түскі асты, түстен кейінгі  тамақ және кешкі асты қамтиды. Барлық тамақ өнімі  жоғары сапалы,  белгілі  дәрумендер құрамы бар және  балалардың ерекшеліктері (аллергиялық әсер ету  және т.б.)  ескеріледі, ас мәзірі әр кезеңге арналып жасалады.

Балалардың күндізгі ұйқысы (15.00-ден 16.00-ге дейін) балалар бақшасының күнделікті міндетті шарты болып  табылады, ол балалардың мықты денсаулығы мен жақсы дамуын қамтамасыз етеді.

Олардың ой-өрісін дамытатын  ойындар, ұйірмелер, дене шынықтырулар (жаттығу, спорттық ойындар)  өткізу үшін арнайы әдістеме әзірленген. Жарыстар ұйымдастыру,  театрларға, жануаралар, құстар көрмелеріне  саяхаттар және т.б. қарастырылған. Балалар мерекелерін (Жаңа жыл, балалардың туған күндері  және т.б.)  мен  таңертеңгіліктер                           (ата-аналардың келісімімен) өткізіледі. Сондай-ақ ата-аналармен және олардың  балаларымен бірге  пикниктерге  шығуға болады (қалаулары бойынша).

Балалар бақшасының бірінші  оқу жылындағы мақсаты  ағылшын  тілін оқыту әдітемесін енгізу болып  тбылады.

Кіші топтар – балалардың қарым-қатынасы, әңгімелер, ертегілер  оқу.

Орта топтар – қарым-қатынас  тілін дамыту деңгейін көтеру, еңбекке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Дайындық тобы – мақсаты  – дене тәрбиесі және сана-сезімін  тәрбиелеу, қарым-қатынас тілін дамыту.

 

3. Өндірістер бағдарламалары

Балалар бақшасында балалардың жалпы саны 120-ға дейінгі 6 топ (әр топтан 2-ден: кіші, орта және дайындық) ұйымдастыру  жоспарлануда. Жұмыс уақыты – аптасына 6 күн, дүйсен, біден сенбіге днйін, 8-ден 20.00-ге дейін. Осындай балалар санын ескере келе  балалар бақшасының түсімі  жылына  64 800  мың теңгені құрайды (2014-2018 жж.).

Информация о работе Балалар бақшаларын ашу