Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 08:00, курсовая работа
Бизнес- жоба ойға алынған негізгі ойды, пайда әкелетін кәсіпкерлік операциясын іске асырудың ортақ идеясын білдіреді. Жобада белгіленген операцияның мазмұны мен бағыттылығы суреттеліп, негізделеді, күтілуші нәтиже есептеледі. әдетте, кәсіпкерлік жобалар ірі, ұзақ мерзімді операциялар үшін қажет, өйткені көптеген аз ауқымды мәмілелер үшін ойластыру мен бағалау есептерін іске асырудың өзі де жеткілікті.
Бизнес жоспарын құру жолдары
Еркін кәспкерлік пен бизнес жоспарлаудан құралады. Ешкім де бизнесменді өзінің бизнес операциялары үшін жоба немесе жоспар жасауға мәжбүр етпейді. Мұны өмірдің өзі тәжірибе, тәуекел қорқынышы, алдын ала келіп білмеген салдарлар мәжбүрлейді.
Бизнес- жоба ойға алынған
негізгі ойды, пайда әкелетін
кәсіпкерлік операциясын іске
асырудың ортақ идеясын
Жобалар негізнде іс-әрекет
бағдарламасы немесе
Бірқатар жағдайларда
бизнес-жоспарда іс-әрекеттер
Ең алдымен, жоспар
кәсіпкерлік операцияның
Бизнес-жоспар міндетті
түрде кәсіпкерлік өнім
Бизнес-жоспарды құру
кезінде есептеу жүргізіледі,
соның қорытындысы бойынша
Бизнес-жоспарды жасағанда,
кәсіпкерлік жобаның іске
2.3.Агробизнестегі
Қазіргі жағдайларда
экономиканы мемлекеттік
Индикативті жоспарлау.
Индикативті реттеу
– бұл мемлекеттің
Индикативті жоспарды
қалыптастыру үрдісі қайырмалы
байланыс ұстанымында өтеді.
Индикативті жоспарлау
сол жоспарланып отырған
Индикативті жоспарлаудың
мақсаттары. Индикативті жоспарлаудың
негізгі мақсаты ұлттық
Әлеуметтік-экономикалық
дамудың тұтастығы мен
-республика экономикасына мемлекеттік реттеу құралдарын пайдалану тиімділігі;
-нарықтық механизмдер әрекетінің негізінде экономиканың өзі реттелуінің жоғары деңгейін шаруашылық субъектілерінің экономикалық ынта көрсетуіне мол мүмкіндікті қамтамасыз ету;
-дамудың талдау мен болжаудың жалпы әлемдік тәжірибеде қабылданған әдістерін пайдалану;
-тиімді аймақтық саясатпен қамтамасыз ету.
Индикативті жоспарлау жүйесі. Индикативтік жоспарлау жүйесі әлеуметтік-экономикалық міндеттердің шешілу ұзақтығына байланысты стратегиялық, орта мерзімді және жылдық жоспарлардан тұрады. Шешілуге тиісті міндеттердің маңыздылығына қарай индикативті жоспарлар ең жоғары деңгейде, аймақтық және салалық деңгейлерде жете ойластырылады.
Стратегиялық жоспар 10-15 жылға жасалады және ұлттық экономиканы дамытудың ұзақ мерзімді, болашағы мол мақсаттарын міндеттері мен басымдылықтарын, оларды орындау кезеңдерін және мемлекеттік әлеуметтік –экономикалық саясаттың жалпы бағыттарын айқындайды.
Аса ірі, кешенді түрде қарастыру мен көбінесе ресурстардың шоғырландырылуын талап ететін, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми техникалық маңызды мәселелер бойынша стратегиялық жоспардың құрамында мемлекеттік бағдарламалар жасалады. Олар бұл мәселелердің, өндірістік-ресурстық әлеуметтің өзгеруін болжап бағалауды ескере отырып, кезең-кезең шешілуін ойластырады, мәселелерді шешу мақсатымен әлеуметтік-экономикалық үрдістерге мемлекеттік ықпал етудің өзара үйлестірілген кешенді шаралары мен әдістерін қамтиды. Мемлекеттік бағдарламалар оларды алға қойылған мақсаттарға жету үшін қажетті кезеңге жасалады.
Орта мерзімді жоспар (3-5 жылға арналған) мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатты және әлеуметтік-экономикалық дамудың ұзақ мерзімді мақсаттары мен міндеттерін орындауға бағытталған экономикалық реттеушілер жүйесін айқындайды; стратегиялық жоспарда, мемлекеттік бағдарламаларда көрсетілген көлемдерді (индикаторларды) нақтылаудықамтамасыз етеді және жоспарланып отырған кезеңдегі экономика мен әлеуметтік өзгерістегі бүкіл кешенді шараларды көрсетеді.
Жылдық (ағымдағы) жоспар ағымдағы маро-экономикалық тепе-теңдік мәселесін шешуге, қажет болған жағдайда, орта мерзімді жоспарда айқындалған экономикалық реттеушілер мен басқа шараларды, қалыптаса бастаған әлеуметтік-экономикалық жағдайларды ескере отырып түзетуге бағытталған. Әлеуметтік-экономикалық дамудың ең маңызды индикаторларын болжау тоқсан сайын жасалынады.
Шаруашылық дамуының айрықща, тосын жағдайлары (әлеуметтік-экономикалық дағдарыстар, ірі табиғи және технологиялық апаттар) кезеңдерінде дәл осы кезеңдердің ерекшелігімен және шешілуге тиісті әлеуметтік-экономикалық мәселелермен айқындалатын мерзімге арнайы бағдарламалар мен жоспарлар жасалынуы мүмкін.
Облыстардың әлеуметтік-
Салалардың әлеуметтік-
Кәсіпорындар мен ұйымдар даму жоспарларын қазіргі заңдарға сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатты, эканомикалық реттеушілерді мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, ішкі және сыртқы рыноктардағы сұраныстарды, мемлекеттің өнімдерді, жұмыстарды (қызметтерді) сатып алу жөніндегі келісім шарттарын ескере отырып, дербес жасайды және орындайды.
Экономикалық реттеушілер жүйесі натуралды құндылықты және нормативті көрсеткіштерден тұрады, индикативті жоспарда айқындалған мақсаттарға жету мүддесінде мемлекет осылар арқылы экономикаға ықпал етеді.
Экономикалық реттеушілер жүйесіне мыналар жатады:
-іс-әрекеттің жекелеген түрлерін лицензиялау, өнімнің жекелеген түрлерін сыртқа шығару мен әкелуге лицензиялар беру;
- меншіктің барлық түрлеріндегі
кәсіпорындарда байқау және
- жекелеген салаларды, аймақтарды, кәсіпорындарды, ғылыми-техникалық прогретің басым бағыттарын қолдауға қажетті роталықтандырылған қаржы-қаражат, сондай-ақ мемлекетік бағдарламаларды орындау;
- орталықтандырылған
- салық ставкаларының, амортизацияны есептеудің нормалары мен тәртібінің, несие үшін пайыздардың, кеден (баж) салықтарының, алымдардың және тағы басқалардың өзгеуі;
- мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыс істеу және экономикалық реформалардың жүзеге асырылу жағдайларын айқындайтын көрсеткіштер;
- тұрғындарды әлеуметтік
жағынан қорғауға және
Мемлекеттік бағдарламалар ұзақ мерзімді индикативті жоспарлардың құрамында аса маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу үшін жасалады. Орта мерзімді және жылдық жоспарларда жұмыстардың мазмұны мен қаржыландыру көлемі нақтылы қаржыландыру жағдайларына байланысты түзетіліп отырылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың
жоспарларының құрамын,
Экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде жасалған жоспарлардың құрамында қорғанысқа жұмылдырылған (мобилизациялық) қуаттарды құру, дамыту және сақтау, қорғанысқа жұмылдырылған резервтердің материялдық құндылықтарын жаңартып отыру алдын ала ойластырылуға тиіс.
Аграрлық жоспарлау макро және микро экономикалық көлемдерді реттеуді, мынандай стратегиялық және тактикалық міндеттердің оңтайлы ара қатынасын айқындауды талап етеді:
- аграрлық реформа жүргізудің мемлекеттік саясаты негізінде бәсекеге қабілетті тауар өндірушіні қалыптастыру;
- баға деңгейін қадағалап отыру негізінде бағаны реттеу;
- қаржы тәртібін жетілдіру негізінде өндірістің құлдырауын болдырмау;
- өнім өткізу рыногын дамыту мен тауар өндірушілерге қызмет жөнінде құрылымдық және мекен-мекемелік (институттық) өзгертулер жүргізу;
- еңбек дәйектілігіне лайықты жүйе құру, еңбек ресурстары рыногын дамыту және келісім-шарттар жүйесін меңгеру жолымен кадрлардың жауапкершілігін нығайту.
Ауыл шаруашылығында бәсекеге қабілетті тауар өндірушіні қалыптастыру кеңшарларды мемлекет билігінен алу және ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін көбейту жолымен жүргізілмек болатын.
Жекешелендіру іс жүзінде қалай болса, солай, саңыржақ жүргізілді; ірі кәсіпорындарды кішігірім дербес агро-құрылымдарға бөлшектеу және олардың шаруашылық жүргізуіне тиісінше жағдай жасамау бүтіндей үйлесімді өндірістік үрдістердің бұзылуына, ішкі және сыртқы байланыстардың үзілуіне әкеліп соқты. Ең бастысы, жекешелендіру бағдарламасы біріңғай аграрлық саясатпен және экономиканы тұрақтандыру шараларымен қуатталмады. Республиканың аграрлық өнімге деген сұранысы мен ауыл шаруашылық туар өндірушілерін мемлекеттік қолдау дәрежесі және жекешелендіру жұмыстарының жағымсыз салдарын болдырмау маралары анықталмады, тауар өндірушілердің қызмет көрсетуші және қосалқы кәсіпорындармен өзара қарым-қатынас механизмі жұмыс істемеді.