Фирманын маркетингт

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Января 2012 в 21:24, лекция

Описание

Отбасылық экономиканы басқару дегеніміз – бұл, шындап келгенде, отбасы өмірінің мәнін арттыру. Осы бір қызықты үдеріс негізінде оңай ғана қағида жатыр, ол: кіріс пен шығысқа бақылау жүргізу.

Егер сіз айлық жалақыға дейін біреуден қарыз сұрауға тура келетін жағдайларға жиі тап болсаңыз, онда ол – ақшаға деген сіздің көзқарасыңызды тез арада өзгерту қажеттілігінің алғашқы белгісі. Өз табысыңыз бен жұмсайтын шығыныңызды бағдарлауды үйреніңіз. Өзіңізге қаржы шынайылығын нақты бағалауға талап қойыңыз: қанша шығын жұмсайсыз және қанша табыс табасыз? Алғашқы қадам ретінде айлық жалақыңызды қарастыру да жеткілікті. Қазақстандықтардың басым көпшілігі айлықтан айлыққа дейін өмір сүреді, сондықтан ай сайынғы қаржыландыру бақылаудың тиімді үлгісі болып табылады. Бір айлық шығыс пен кіріс барынша болжамды.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word (2).doc

— 36.00 Кб (Скачать документ)

Өзіндік жұмыс 1 «Отбасылық экономиканы басқару  »

1.Бюджеттеу 

Отбасылық экономиканы  басқару дегеніміз – бұл, шындап келгенде, отбасы өмірінің мәнін арттыру. Осы бір қызықты үдеріс негізінде  оңай ғана қағида жатыр, ол: кіріс пен  шығысқа бақылау жүргізу. 

Егер сіз айлық жалақыға дейін біреуден қарыз сұрауға тура келетін жағдайларға жиі тап болсаңыз, онда ол – ақшаға деген сіздің көзқарасыңызды тез арада өзгерту қажеттілігінің алғашқы белгісі. Өз табысыңыз бен жұмсайтын шығыныңызды бағдарлауды үйреніңіз. Өзіңізге қаржы шынайылығын нақты бағалауға талап қойыңыз: қанша шығын жұмсайсыз және қанша табыс табасыз? Алғашқы қадам ретінде айлық жалақыңызды қарастыру да жеткілікті. Қазақстандықтардың басым көпшілігі айлықтан айлыққа дейін өмір сүреді, сондықтан ай сайынғы қаржыландыру бақылаудың тиімді үлгісі болып табылады. Бір айлық шығыс пен кіріс барынша болжамды. 

“Бюджет” сөзі тура аудармасында ақшалы қалта деген  ұғымды білдіреді. Тұрмыстық түсінікте  бұл отбасы қоржынына келіп түсетін  қордың көбеюі мен азаюының сәйкестігін шығаратын ақшалай кіріс пен шығыстың қарапайым жазбасы. Бюджет екіге бөлінеді – кіріс және шығыс. Кіріс бөлігіне белгілі бір уақыт аралығында алуға жоспарланатын барлық табыс түрі, ал шығыс бөлігіне соған сәйкес болжалды барлық шығындар жатады. Қаржылай жетістікке жету жолындағы ең басты алғашқы қиын қадам – нақты шығынның толық бейнесін жасай білу. Көптеген кеңесшілер жеке қаржыны басқару жөнінде жүргізген өз тренин- гтерінде ең алдымен тыңдармандардан барлық шығысты түсіріп отыру үшін бір парақ қағаз бен қалам дайындауларын өтінеді. Бұл толтырылған қағаз, әдетте, өз ақшаларын басқарумен айналысуға ниет қойған адамдардың қаржылай жетістігінің іргетасын қалаудағы алғашқы тасы болып табылады. 
 

Кіріс пен шығыстың есебін жүргізуге ниет қоймау көпшіліктің қажетсіз әрі тиімсіз шығындардың қақпанына жиі ұшырауына апарып соқтырады. Мұны болдырмау үшін отбасылық бюджетті қалыптастырып үйрену қажет – бұл алға қойған мақсатқа қол жеткізуге көмек беретін басты карта. 

Мамандар отбасылық  бюджеттеудің төмендегі артық- шылықтары мен мүмкіндіктерін бөліп көрсетеді, олар: 

1) жағдайға материалдық  тұрғыда тәуелді болудан аулақ  болу; 
 

2) өмір сапасын  жақсарту үшін өзінің басқарушылық  дағдыларын кемелдендіру; 
 

3) бүгінгіге  шектеу қоймай, болашаққа инвестициялау  үшін қаржы бөлу; 
 

4) байлыққа қарай  алғашқы қадам жасау; 

5) өз арманыңызды  жүзеге асыруға жақындай түсу. Отбасылық экономиканы басқарудың  соншалықты оң тұстары бола  тұра, оны неге қазақстандықтардың  аз мөлшері ғана өз тәжірибесінде қолданады деген орынды сұрақ ту- ындайды. Бұл сұрақтың жауабына берілетін түсініктеме он шақты беттің бірнешеуін толтырады. Қазақстандықтардың шығысқа бақылау жасауға ниет қоймау себебін бір жағынан кеңестік кезеңнен кейінгі идеологиямен, екінші жағынан тұтыну мәдениеті психологиясымен және қаржы ғылымының қиын болып көрінуімен түсіндіруге болады. Қандай болған жағдайда да, атаулы қиындықтардың барлығының шешімін табуға болады, ол үшін сіз жеке өзіңіздің және отбасыңыздың ақшасын басқару жауапкершілігін көтеруге дайын болуыңыз керек. 
 
 

Егер де сіз  өз отбасылық бюджетіңіздің түрін  анықтап алған болсаңыз, бюджеттеу  сатысына кірісу кезі келді. 

Бюджеттеу (budgeting, жоспарлау) – бұл алдағы кезеңнің қаржы қозғалысын жоспарлау ісі. Жоғарыда біз бюджетті бір айға бөлу жолдарын қарастырдық. Сіз бұғанға дейін бір айлық шығын мөлшерін анықтап қойдыңыз, енді шығынның барлық түрін жабу үшін сіз өз қолыңыздағы бар қаржыны соған сәйкес бөлуіңіз қажет. Ал қаржы мөлшері азырақ болып қалған жағдайда, шығын бөлігінің кейбір жерлері алынып тасталы- нады немесе оның құны қайта қарастырылады. Мысалға, са- уданы міндетті түрде супермаркеттен емес, дәрежесі бір саты төмен дүкендерден де жасауға, ұялы телефонмен сөйлесудің бір бөлігін SMS түріне ауыстыруға да болады. Шығындарды басқару жөнінде біз келесі тарауларда кеңінен тоқталамыз. 

Ал қазір бюджеттеу  жоспарын құрудың басты мәселелерінің  бірі – ақша қаражатын уақытқа  бөлу жайлы сөз қозғаймыз. Айлық  бюджетті барынша ұсақ бөлік –  апталарға, ал апталар- ды – күндерге бөлуге болады. Бір жолғы төленетін коммунал- ды шығыстар, ірі заттарды сатып алу және т.б. сияқты негізгі шығындар бар да, сондай-ақ апта сайын және күн сайын жұмсалатын ағымдағы шығындар бар. Міндетті шығыстардан құтылғаннан кейін сіздің қолыңызда мақсаттағы шығыс аясы- нан алыстамай-ақ басқаруға болатын, мысалы, оны апталарға бөлуге болатын сома қалады. Отбасының ағымдағы шығысына 15 мың теңге қалды делік. Оның белгілі бір бөлігі тамақ, көлік, балалардың күнделікті жұмсайтын шығыны сияқты ағымдағы қажеттіліктерге жұмсалатын болса, қалған бөлігі еркін қолданыста қалады. Сіз ол қаржыны орынды мақсатқа жұмсауыңызға, келесі аптаның қорына қосуыңызға немесе қаржы құралы ретінде қолдануыңызға болады.

Информация о работе Фирманын маркетингт