Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 14:23, реферат
Адам Смит (1723-1790жж.) – классикалық саяси экономияның басты тұлғасы және 18 ғасырдың екінші жартысының ұлы ағылшын ғалым экономисті. М. Блаугтің пікірі бойынша Адам Смит – экономика ғылымынының жалпы негіздерін сипаттаған алғашқы еңбектің авторы.
СӨЖ
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Әл-Фараби
атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Факультет: Экономика және бизнес
жоғарғы мектебі
Кафедра:
Есеп және аудит
Тақырыбы: экономикалық
адам және адамдардың экономикалық мүддесі.
Алматы 2011
Жоспар
Адам
Смит – классикалық саяси экономияның
басты тұлғасы
Адам Смит (1723-1790жж.) – классикалық саяси экономияның басты тұлғасы және 18 ғасырдың екінші жартысының ұлы ағылшын ғалым экономисті. М. Блаугтің пікірі бойынша Адам Смит – экономика ғылымынының жалпы негіздерін сипаттаған алғашқы еңбектің авторы.
Адам Смиттің басты еңбегі «Халықтар байлықтарының табиғаты және себебі (1776ж.), оның атын мәңгілілікке тарихта қалдырды. Көзі тірі кезінде бұл туындысы төрт рет баспадан шығарылды. Адам Смит экономикалық ғылымның зерттеу пәні және басты мәселесі ретінде қоғамның экономикалық дамуы және әл-ауқатының өсуі деп қабылдаған.
А. Смит халық байлығы ақшада емес, оның бір жылдық табыстарының, яғни материалдық ресурстарында екендігін дәлелдеген. Әрбір халықтың бір жылдық еңбегі дегеніміз бұл тұрмысқа қажетті және өмірдегі қолайлылықтарды қамтамасыз ететін бастапқы қор.
Бұл ойды Адам Смит қоғамдық еңбек бөлінісінің концепциясының өсуімен дамытады. Бұл концепция техникалық прогресстің доктринасы болып кабылданды.
Адам
Смиттің зерттеу әдістерінің
ерекшеліктері, «экономикалық адам» түсінігі
Адам Смиттің ғалым ретінде өзгешелігі оның экономикалық болжам және теория-әдістемелік тұжырымында.Бұл тұжырымдар көптеген мемлекеттердің саяси-экономикалық және ғылыми экономикалық пікірдің жүз жылдық бағытын белгілеп кеткен.
Адам Смиттің зерттеу әдістерінің ішінде негізгі орынды экономикалық либерализм,яғни мемлекеттің кәсіпкерлікке араласпау саясаты алады. Бұл концепцияның негізінде нарықтық экономикалық қатынастар қойылған. Жеке мүдде қоғамдық мүддеден жоғары орын алғанда ғана нарықтық заңдар экономикаға ең тиімді әсерін тигізеді. Бұл жағдайда жалпы қоғамның мүддесі оның құрамындағы тұлғалардың мүдделерінің сомасы ретінде қабылданады. Осы ойдың дамуында Адам Смит «экономикалық адам» түсінігін енгізген.
Адам Смиттің «экономикалық адамы»-сапалы өнім өндіру және қызмет көрсету арқылы жеке табысын көбейтуге ұмтылған адам. «Экономикалық адам» келесі сипаттамаларға ие:
1. Экономикалық жүріс тұрысында жеке мүддесін ойлауымен;
2. Экономикалық субъектінің өз жумысында жоғары дәрежедегі біліктілік пен хабардарлылық;
3. Талдаудағы нақтылық яғни, субъектілердің жүріс тұрысындағы таптық айырмашылықтарын есепке алу ;
Адамның бұл моделінің мағынасы экономикалық ойдын тарихында саяси экономиканың моральдық философиядан ғылым ретінде бөлініп шығуында.
Адамдардың
экономикалық мүддесі
Қоғамда әртүрлі көптеген мүдделер өмір сүреді. Өндіруші қызметтің қозғаушы факторы экономикалық мүддесі ғана тек экономикалық теорияда қарастырылады. Экономикалық мүдделер – бұл адамдардың шаруалышылық қызметін қозғаушы күштер, олардың қабілетінің байқалуы.
Мүдделер экономикалық процесстің қуатты күші болып табылады. Олар қоғамның экономикалық механизмін, қоғамдық өндірісті қозғалысқа келтіретін серіппе тәрізді. Мүдделерді адамдардың саналылық пен экономикалық қажеттіліктерді қарастыру ретінде ұғынып, олардың өндірістік қызметінің себебі ретінде болады және сол қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталады. Мүдделер өзімен өзі өмір сүре алмайды. Экономикалық мүдделердің пайда болуы үшін – адамдар, адамдар тобы қажет, яғни қанағаттандырылу үшін өзінің қажеттіліктерімен бірге экономикалық субъекілер керек. Осы қажеттіліктерді өткеру үшін адамдар бірлескен өндірістік қызмет етеді және белгілі экономикалық қатынастарға ат салысады. Экономикалық қатынастарсыз, сондай – ақ субъектісіз экономикалық мүдделердің пайда болуы, олардың өткерілуі мүмкін емес. Экономикалық қатынастар – мүдделердің әлеуметтік – экономикалық базасы ретінде жүзеге асады. «Экономикалық қатынастар, – деп жазды Ф.Энгельс, – ең алдыменен мүдделер ретінде байқалады».
Нарықтық қатынастар субъектілерінің көп болуы, әртүрлі экономикалық мүдделер түрінің көп болуын тудырады. Олардың ғылыми жүктеленуі осы мүдделерді нақты жеткізушілерінің негізінде анықтайды. Мүдделер қоғамдық және жеке мүдделер болып бөлінеді. Мемлекеттің ұлттық шеңберінің аумағындағы мүдделерді – ұлттық, аймақтық, мекемелік, корпоративтік, топтық, отбасылық мүдделер деп бөлуге болады. Әрбір мүдделер тобының артында оларды жеткізушілер бар және олар ағымдағы және келешектегі мүдделерді көздейді. Мұнда оларды бөліп тұратын басты өлшем – уақыт болып табылады. Экономикалық мүдделер объектісіне байланысты экономикалық қызметтің нарық процесінде мүліктік, қаржылық, еңбектік, моральдік –әдептілік мүдделер калыптасады.
Эконмикалық мүдделер өзгертілу сипаты бойынша жалған мүдделер ұғымынан бөлшектенеді яғни, жеке мүдде – эгоисттік, ұжымдық мүдде – тар топтық; аймақтық – жергіліктік; мемлекеттік –мемлекеттік бюрократты мүддеге ауыстырылады. Бір мүддеден басқа бір түріне өзгеруі, экономикалық мүдденің басқа түріне кесір келтірілуі арқыла немесе оның есебінен жүзеге асуы мүмкін.
Әрбір қоғамда (нарықтық немесе нарықтық емес)барлық мүдделер адамдарда шоғырландырылады және олар тұлғалар арқылы жүзеге асырылады.
К.Маркстің
пайымдауынша, олар экономикалық, саяси,
ұлттық, идеологиялық, әдептілік барлық
қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып
табылады. Адам жұмыс күшінің иесі ретінде
барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығын
және жеке сапасын бойына сіңіреді. Олар
болса адамның қажеттіліктеріне, мүдделеріне,
іс –әрекеттеріне, еңбек қатынастарына
және өндірістегі нәтижелердің жауапкершілігіне
кәдімгідей әсер етеді.
Қорытынды
Экономика ғылымы XVI ғасырдың
аяғы мен-XVII ғасырдың басында дамыған.
Экономика ғылымының дамуына көптеген
ғалым, философтар еңбек сіңірген.
Экономика ғылымының атасы-Адам Смит
болып табылады. Экономика ғылымында “экономикалық
адам” түсінігінің орны ерекше. Осы түсінікті
зерттей отырып көптеген ғалымдар, адамның
экономикалық субъект ретінде мүдделеріне
ерекше мән берді. Бұл мүдделерге қысқаша
тоқталып кететін болсақ, олар қоғамдық
және жеке мүдделер болып екіге бөлінеді.
Кез келген адам өзінің жеке мүддесін
ойлауымен және жеке табысын көбейтуге
ұмтылысымен ерекшеленеді. Ал, осы жеке
мүдделердің жиынтығы қоғам мүддесін
қалыптастырады.
Қолданылған
әдебиеттер