Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 19:11, реферат
«Кәсіпкер» ұғымын алғаш рет 18 ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Какнтильон енгізді. Одан кейінгі кезеңдерде «кәсіпкерлік», «кәсіпкер» ұғымдарына өзіндік түсініктерін қалыптастыратын, кәсіпкерлік теориясын өңдеуде экономикалық теориядағы классикалық мектептің өкілдері А. Смит, Ж.Б. Сэй, В. Зомбард, Й. Шумпетер, тағы басқалары біршама үлес қосты. Сондай-ақ П. Друкер, Дж.М. Кейнс, Т. Питерс тәрізді бірқатар шетелдік экономистердің ғылыми еңбектерінде кәсіпкерліктің, шағын және орта бизнестің теориялық және әдістемелік негіздері талданып, зерттелген.
М. Қанатұлы, С.Н. Нұрланова
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті, Семей қ.
Ғылыми жетекші: Курманбекова Г.А.
«Қаржы»
кафедрасының аға оқытушысы
ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ОБЪЕКТІСІ
РЕТІНДЕГІ ШАҒЫН
ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК
«Кәсіпкер» ұғымын алғаш рет 18 ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Какнтильон енгізді. Одан кейінгі кезеңдерде «кәсіпкерлік», «кәсіпкер» ұғымдарына өзіндік түсініктерін қалыптастыратын, кәсіпкерлік теориясын өңдеуде экономикалық теориядағы классикалық мектептің өкілдері А. Смит, Ж.Б. Сэй, В. Зомбард, Й. Шумпетер, тағы басқалары біршама үлес қосты. Сондай-ақ П. Друкер, Дж.М. Кейнс, Т. Питерс тәрізді бірқатар шетелдік экономистердің ғылыми еңбектерінде кәсіпкерліктің, шағын және орта бизнестің теориялық және әдістемелік негіздері талданып, зерттелген.
Ғылыми әдебиеттерде кәсіпкерлікті 3 аспектіде қарастырады: Экономикалық теория ретінде; экономикалық ойлау типі ретінде; шаруашылық жүргізу тәсілі ретінде.
Экономикалық
категория ретінде
Кәсіпкерлік қызмет экономикалық мүдде мен шарт қатынастары бойынша өзара байланысты тұлғалар тобы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге, кәсіпкерлік субъектісі акционерлік қоғамдар, кооперативтер, жекелеген жағдайларда мемлекеттің сәйкес органдары да болуы мүмкін. Й. Шумпетердің пікірінше, экономикалық ресурстарды үйлестірудің барлық жаңаша тәсілдері кәсіпкердің басты жұмысы болып табылады. Кәсіпкер тұтынушыға беймәлім жаңа игіліктерді дайындау мақсатымен ресурстарды үйлестіреді; өткізу нарығының жаңасын игереді. Сонымен қатар нарықтағы жағдайға, сұраныс пен ұсыныс динамикасына, баға деңгейіне, жалпы тауар-ақша қатынастары жүйесіндегі қалыптасқан жағдайларға тәуелді болып келеді. Осы тұста кәсіпкерлік қызметтің тұрақты серігі – тәуекелділік, қауіп-қатер туралы айтпай кетуге болмайды. Өйткені тәуекелділік, қауіп-қатер беймәлімділікпен және жүргізілген болжаммен есептің өзі күтпеген жағдайдың алдын ала алмайды.
Экономикалық ойлаудың ерекше тппі ретінде кәсіпкерлік практикалық қызметте жүзеге асырылатын шешімдерді қабылдауға қажет көзқарастар мен пікірлердің жиынтығын сипаттайды.
Жекелеген
ғылыми әдебиеттерде кәсіпкерлікті
шаруашылық өнері, табыс табу барысында
тәуекелге бел буу, өндірісті
ұйымдастыру мен басқару
Экономикалық ғылымда өндірістің 4 факторы ұқарастырылған: еңбек, капитал, жер, кәсіпкерлік. Бұл жерде кәсіпкерлікті 4 фактор ретінде ғана емес, еңбек, капитал, жер тәрізді 3 негізгі өндіріс факторларын біріктіріп, жүзеге асырудың үздік әдістерін іздестіріп, жұмылдыру үрдісі ретінде де құарастыруға болады. Ал елімізде кәсіпкерлікке қазіргідей көңіл бөлініп отырған тұста, өз ісін ашуға бел буған әрбір азамат пайда табу жолын ғана емес, өндіріс факторларын үйлесімді жұмыс жасауына, оның ішінде кәсіпкерліктің өндіріс факторы ретіндегі маңыздылығына ерекше көңіл бөлгені жөн.
Жалпы нарық процесіндегі тұлғалар кәсіпкерлер десек, ол өз кезегінде қарамағындағы мүлікті заңды негізде пайдалану жөніндегі өзінің бастамасын барлық шешімдерді қабылдауға және кез келген әрекет жасауға құқықты заңды тұлға және жеке азамат. Бірақ ол шешімдер қолданылып жүрген заңнамалық құжаттарға қайшы келмеуге әрі белгіленген мүліктік немесе басқа да жауапкершілікпен қамтамасыз етуге тиісті.
Кәсіпкердің талабы мен ұмтылысы жемісті болуы үшін келесі жағдайлар сақталуы керек:
Кәсіпкер болу үшін оның қыры мен сырын танып білу керек екенін баршамыз білеміз. Сондықтан да ол үшін қойлатын талаптар мен шарттарды назарға ұсынуға болады.
Кәсіпкерлік қызметі белгілі бір сала ретінде қарастыруға болады. Мәселен, егер кәсіпкер болуға бел бусақ:
Біріншіден – кәсіпкер болу үшін әрине, ең алдымен табыс табу керек, пайда түсіру керек деген стратегия міндетті түрде болуы керек.
Екіншіден –айқындалған стратегияны орындау үшін және белгіленген мақсатқа жету жолында табыс табу амалдарын іздеуге ниет қою керек, яғни арнайы ықылас бөлу.
Үшіншіден – алынған ақшаны я болмаса шағын несиені қолдана отырып табыс көлемін ұлғайту үшін бизнестің бастамасы ретінде айқын бағыт-бағдар таңдау жөн. Яғни қаражатты қалайц және қайда жұмсайтыныңызды ескеру абзал. Сондай-ақ, бастағалы отырған істі экономикалық тұрғыдан жан-жақты сраптап, атқарылатын жұмыс көлемінің шығындары мен табысын есептеп қарастыру қажет. Мұның үстіне несие беруші ұйым бизнесті бағалау үшін сарапталған, есеп-қисабы келтірілген және құжат ретінде дайындалған жоспар талап етеді.
Төртіншіден – кәсіпкерліктің негізгі ерекшелігі - әр кәсіпкердің өз жеке ісінің болуы. Тауар өндіру немесе қызмет көрсету.
Бесіншіден - әр кәсіпкер өзінің атқарып жатқан істеріне өз мүлкімен жауапкер болатындығын ұмытпауы керек. Ойламаған жағдайлар мен күтпеген өзгерістер үлкен шығындар мен қатерлерге әкеліп соқтыруы мүмкін. Алынған несие мен басқа да қарыздар үшін кепілдікке берілген мүлік осы шығындардың өтелуіне жұмсалады. Сондықтан да кәсіпкер боламын деген тұлғаның жауапкершіліктің әлбетте барекендігін және келеңсіз жағдайлар туындаған кезде мүліктік жауапкершіліктің пайда болатындығын ұғынып, сезінуі шарт.
Кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін орталарды айта кетейік:
Экономикалық орта – сұраныс пен ұсыныстың болуы, жұмыс күшінің астам немесе жеткіліксіз болуы, қаражат айналымының шапшаңдығы, тұтыну нарығының шоғырлануы, т.б. жағдайлар кәсіпкерліктің дамуымен әсер етеді. Мысалы белгілі бір жерде жұмыс күшінің аз болуы кәсіпорынды жұмыс күшін жалдау қабілеттілігіне ықпалын тигізеді.
Құқықтық орта – үкіметпен қабылданып жатқан заңнамалар мен басқа да нормативті құқықтық актілер кәсіпкерліктің кеңінен тарауына әсер етеді. Мысалы мемлекет белгілі бір аймақта белгілі бір зат шығаруға тыйым салса, әлбетте ол затты өндіру қажет емес. Яғни саяси не болмаса құқықтық факторлар кәсіпкерлікке міндетті түрде ықпал етеді.
Технологиялық орта – ғылым мен техниканың даму деңгейі, жаңа технологиялардың пайда болуы мен өндірістің автоматтандырылуы технологиялық ортаны сипаттайды.
Физикалық немесе географиялық орта – климатпен табиғи орта кәсіпорындарының жағрафиялық орналасуына тікелей әсер етеді.
Ұйымдастырмалы – техникалық орта – бұлорта бизнестің инфрақұрылымын сипаттайды. Банктердің, құқықтық, бухгалтерлік фирмалардың, жарнама агенттіктері мен тасымалдау, сақтандыру ұйымдарының болуы кәсіпкерліктің дамуына екпін береді.
Нарықтық экономиканың субъектісі ретінде шағын бизнестің артықшылықтары менкемшіліктері бар. Шетелдік және отандық шағын бизнестің сипатын зертету келе, келесі артықшылықтарды атап өткен жөн:
Халықаралық еңбек бюросының байнадамасында шағын және от а кәсіпорындардың бірқатар бәсекелестік артықшылықтары аталған. Бір қызметкерге шаққандағы қажетті қор мөлшерінің аз болуы, шағын кәсіпорындар жергілікті еңбек және материалдық ресурстарды ірі кәсіпорындарға қарағанда кеңінен қолданады. Табысқа жету жолында жеке ынтаның басым болуы, кәсіпорын жұмысына да үлкен әсер етеді. Шағын бизнес субъектілері жергілікті нарықтағысұранысты өте жақсы біледі, кей кезде нақты тұтынушының тапсырмасы бойынша тауар шығарады, кәсіпқой мамандарды даярлайды. Кейбір мемлекеттерде тауар өндірісі, қызмет көрсету деңгейі бойынша шағын бизнес алдыңғы орында тұрады.
Шағын бизнес субъктілерінің бірқатар кемшіліктері де бар. Негізгі кемшіліктері:
Әрине, шағын бизнес субъектілерінің сәтсіздіктері ішкі және сыртқы факторларға байланысты болады.
Тәжірибе
көрсеткендей, шағын кәсіпорындардың
сәтсіздікке ұшырауы
Шағын және орта кәсіпорындар – бұл, болашақта – ең мықты болып саналатын экономиканың базасы.
Шағын және орта бизнестің дауы арқасында ғана нарықтық экономиканың тұрақты қызмет атқаруын құру мүмкін. Даусыз шындық болып, шағын және орта бизнс кәсіпкерліктің рухын және ортасын қалыптастырады, және де нарықтық экономика онсыз болмайды.
Информация о работе Экономикалык зерттеулердiн объектiсi ретiндегi шарын жене орта кесiпкерлiк