Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 13:18, реферат
Комерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы
Комерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы. Банк жүйесін ұйымдастыру белгілеріне қарай филиалсыз банктерге, бөлімшелері бар банктерге және банктік топтарға бөлуге болады.
Комерциялық
банктің ұйымдастыру құрылымы. Банк
жүйесін ұйымдастыру белгілеріне қарай
филиалсыз банктерге, бөлімшелері бар
банктерге және банктік топтарға бөлуге
болады.
Көптеген елдерде банк жүйесінің бір типі
берілген, ал Қазақстанда дамымаған түрдегі
банктік ұйымдардың барлық түрлері бар.
Ұлтгық банктің рұқсатымен банктер Қазақстан
Республикасы аумағында және одан тысқары
жерлерде банктерін аша алады, ал өздерінің
өкілеттілігін – Ұлттық банкінің келесі
бір хабарлауымен ашады.
Банк филиалы – бұл бас банктің берген
құқықтары шегінде банктік операцияларды
жүзеге асыратын банктік мекеме. Банк
филиалы занды тұлға болып саналмайды,
дербес балансы болмайды және өзінің бас
банкі берген қаражаттар мен өкілеттіліктер
шегінде қызмет етеді.
Банк өкілдігі – депозит тартудан басқа
белгілі бір банктік операцияларды орындайтын
және өз атынан, банктің тапсырмасымен
жұмыс жасайтын заңды тұлға болып табылмайтын,
құрылымдық бөлімше.
Еншілес банк – жарғылық қордың 50%-нан
астамы бас банкіге тиеселі, заңды тұлға
болып табылатын банктік мекеме.
Қазақстан бұрынғы КСРО-ның монополиялық
банктік жүйесін қабылдады. Бұрынғы мамандандырылған
банктері (Тұранбанк, Кредсоцбанк, Агроөнеркәсіпбанкі,
Әлембанк, Халық банкі) республиканың
барлық аумағында өздерінің бөлімшелерін
иеленіп, жаңадан құрылған коммерциялық
банктер де сондай өз филиалдарын құрды
(мысалға, Қазкоммерцбанк, Центркредитбанк,
Темірбанк және т.б.)
Әлемдік банктік тәжірибеге қарағанда,
бөлімшелері бар банктердің артықшылығы
– олар бас банктің толық бақылауында
және оның балансында болады.
Бірақ жоғарыда аталған мамандандырылған
банктердің күрделі иерархиялық құрылымы
болды. Олардың бас кеңсесі Алматыда орналасқан,
оған облыстық басқармалар бағынса, ал
соңғысына аудандағы бөлімшелер бағынышты
болып келді.
Шетелде банкі филиалдары заңды тұлға
болуға және дербес мекеме ретінде тіркелуге
құқылы. Көптеген банктердің филиалдары
тұтыну несиесі, лизинг, факторинг, жылжымайтын
мүлікті мерзімін ұзартып сатуға және
т.б. маманданды.
Қазақстандағы соңғы уақыттарда құрылған
барлық ком-мерциялық банктер филиалсыз,
яғни шоғырланған болып келеді.
Батыс еуропа банктік жүйесінде ірі банктердің
азғана топтары елдің барлығында өз бөлімшелерінің
торабын ашу үшін аумақтық шек қою деген
жоқ.
1988 жылы Германияда 6 ірі коммерциялық
банктердің 3108 бөлімшесі, ал барлық банктік
институттардың (жинақ банктері мен несиелік
кооперативтерді қосқанда) филиал саны
39,7 мыңға теңесті. Франция, Канада, Италия,
Жапония және т.б. елдердің банктерінің
бөлімшелері мен филиалдары да көптеп
саналады.
АҚШ-тағы банкі жүйесі біршама өзгеше
құрылған. Штаттардың заңында жекелеген
банктерді ашуға шек қойылады. Сондықтан,
кейбір штаггар қала шегінде, егер оның
бас кеңсесі сол қалада болса ғана, банктерге
филиалдар
ашуға рұқсат береді, өзгелері – штаттың
аумағында ғана ашуға, ал үшіншілері бөлімшелердің
ашылуына мүлде тыйым салады. Бірде-бір
банкі өз штатынан тысқары жерде өзінің
филиалын аша алмайды. Осыған сәйкес бұл
елде жалпы ұлттық филиалдар торабы жоқтың
қасы.
Банкі бөлімшелерін ашуға қойылатын шектеулер
штаттағы сепаратизм дәстүрінен және
ірі банктердің монополиялық қорқынышынан
келіп туындайды. Дегенмен де, бірқатар
жағдайларға байланысты (өндірісті орталықсыздандыру,
автомобиль жолдарының дамуы, қаладан
тыс жерлерде сауда орталығыңың ашылуы,
халықтың қала төңірегіне жаппай қоныс
аударуы және т.б.) банк филиалдарының
торабы тез арада өсуде: 1970 жылы 22,9 мыңнан
1988 жылы 50,4 мыңға дейін1.
Бөлімшелер мен филиал тораптарының кеңірек
таралуы банкке: бас банктің толық бақылауында
болуға, операциялар шеңберінің кеңеюі
және депозиттер тарту үшін көптеген аумақты
жаулап алуға және осындай факторлар есебінен
пайданы ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Теріс жағы ретінде мұнда бас кеңсе тарапынан
бақылаудың қиындығы және монополиялық
процестердің күшеюін айтуға болады.
Банкті ұйымдастырудың осындай және өзге
де формасын тандау көптеген факторлармен
анықталады: банктің стратегиялық міндеттерімен,
оның бөлшек сауда нарығына қатынасымен,
сол мекемеде қабылданған басқарудың
жалпы философиясымен. Қазіргі тәжірибеде
банк торабын орталықсыздандырған түрде
басқару қолданылады, себебі ол барлық
сұрақтарды дербес түрде шешуге мүмкіндік
береді.
Банктің ұйымдастырылу құрылымы және
соған сәйкес операциялары орталықсыздандыру
дәрежесі, бірінші кезекте жалпылама түрде
анықталады. Сондықтан да банктің бір-екі
бөлімшесі болатын болса, онда орталықтан
басқаруды жүзеге асыру тиімді. Кез келген
жағдайда да барлық жүйені тиімді жедел
басқарудың болғаны міндетгі, өйткені
шешім қабылдау барысында
кешігу, бас кеңсе мен бөлімше арасында
ақпараттық үзіліс болмауға тиіе.
Банктің ұйымдастырылу құрылымы басты
екі әдіспен анықталады банктің басқарылу
құрылымы және оның функционалдық бөлімшелері
мен қызметтерінің құрылымы.
Басқару органын тағайындаудың мақсаты
– банктің негізгі қызметін іске асыру
мақсатында, банктің коммерциялық қызметіне
тиімді, үнемді және жедел жетекшілік
етуді қамтамасыз ету.
Банктің ұйымдастырылуына, ондағы жетекші
мен бағы-ныштыларының қарым-қатынасына
оның барлық қызметі тәуелді.
Банкті басқарудың құрылымын анықтау,
басқару органдарын бөліп қарауды, олардың
банк операцияларын жүзеге асырудағы
құзіретін, жауапкершілігін және өзара
байланысын бекітуді алдын ала қарастырады.
Баністі басқарудың жалпы тәсілдері мен
құрылымы банктік зандар арқылы белгіленеді,
бірақ, басқару құрылымына қатысты көптеген
сұрақтарды коммерциялық банктің дербес
түрде шешуге құқыгы бар.
Коммерциялық банктің басқару құрылымына
оның жарғылық қорының қалай құрылуы (біртұтас,
пайлық және акционерлік) немесе оның
торабының (филиалды немесе филиалсыз)
даму дәрежесі тікелей ықпал етеді.
Қазіргі уақытта коммерциялық банктер
көбіне акционерлік қоғам формасында
құрылатындықтан да, оларды басқаруға
акционерлері қатысады. Ондай формадағы
банктің ең жоғары басқару органы банк
акционерлерінің жалпы жиналысы болып
табылады. Ол жарғыны, баланс пен есепті
бекітеді, банктік саясаттың бағыты мен
мақсатын анықтайды, басқарма мүшелері
мен төрағасын сайлайды, банктің ревизиялық
комиссия мүшелерін сайлайды және т.б.,
яғни банктің стратегиялық міндеттерін
шешеді. Акционерлер жиналысы жылына бір
рет, жылдық есепті, жылдағы балансты құрғаннан
кейін бір айдан кешікпей шақырылады.
Банк жұмысына жалпы жетекшілік ету үшін,
сондай-ақ атқарушы және бақылаушы органдардың.
жұмысын қадағалау және бақылау жасау
үшін акционерлер жиналысы басқарманы
немесе банк кеңесін сайлайды.
Басқарма (банк кеңесі) – банк иелерінің,
оның акционерлерінің өкілетті органы
және олардың мүддесін қорғайды.
Басқарманың (банк кеңесінің) ең басты
міндеті жұмсалған капиталға қажетті
пайда деңгейімен қамтамасыз ету. Сонымен
қатар, кеңес кяиенттерінің мүддесін қорғау
туралы да жұмыс жасауға тиіс.
Басқарманың (банк кеңесінің) негізгі
қызметтері:
1. Банктің стратегиялық мақсатын анықтау
және оның саясатын жасау. Ірі банкте мекеменің
мақсаты мен міндеттері және оған жетудегі
нақты іс-әрекеттер бағдарламасы, басқарма
(кеңес) мен басқару жетекшілері бірлескен
түрде дайындалған
арнайы меморандумда көрсетіледі. Ол мынадай
жағдайларды қамтиды:
- банк ресурстары бірінші кезекте қызмет
көрсететін клиенттер категорияларына
бағытталады;
• алдағы кезеңде дамуға мүмкіндік беретін
операцияларды;
- банктің филиалдары мен өкілеттігін
ашу туралы
сұрақтар;
- маркетинг әдістері және жаңа банктік
несие
мен қызметтерді тұтынушыларға ұсыныс;
- өтімділікті қамтамасыз етудің озық
әдістері;
- нарықта банктің бәсекелестік ұстанымын
нығайту шаралары.
• пайыз мөлшерлемелерін және банк қызметіне
қойылатын тарифтерді белгілеу саясаты;
• банктің қызметкерлерінің мөлшері мен
құрамы,
олардың біліктілігін және т.б. арттыру
бағдарламалары.
Ұсақ банктерде саясаттың мақсаты туралы
жазбаша меморандум жасалмайды. Филиалсыз
банктер үшін саясаттың принципін құру,
филиалы бар ірі банктерге қарағанда оңай
болып келеді, себебі соңғыларында клиенттер
үшін жергілікті жағдайларды ескеру ерекшеліктері
орын алады.
1. Жетекші орынға адам таңдау. Осы заманғы
банк – күрделі және біршама тәуекел кәсіпорын
болғандықтан да, оны білгір,
Коммерциялық банктер 285
білікті мамандар мен жауапкершілігі
бар адамдар
басқаруы тиіс.
3. Комитет құру. Ірі банктерде шешім қабылдау
үшін мынадай комитеттер құрылады: әкімшілік
(ағымдағы сұрақтарды), есеп-қарыздық (несие
беру
инвестициялау), ревизиялық (қаржылық
жағдайын
тексеруге).
2. Қарыздық және инвестициялық операциаларға
бақылау жасау. Басқарма (кеңес) заңды
түрде несие мен
бағалы қағаздар портфелінің құрылымына
банк
саясатының бекіткен мақсаттарына сәйкес
бақылау
жасайды.
3. Банк қызметін мерзімді тексеру. Басқарма
(кеңес)
мүшелері банктің операцияларына жалпы
бақылауды
жүзеге асырады. Өз мәжілістерінде басқарма,
бөлім
жетекшілерінің есептерін тындайды және
банк ісін
талқылайды. Басқарма (кеңес) мүшелері
өздерінің
шешімдері, зияндары, қателіктері, банктер
туралы заңға
бағынбағандары үшін жауапты.
Сонымен, кеңес (басқарма) коммерциялық
банктегі акционерлер жиналысының нұсқауына
сәйкес тәжірибелік қызметті жүргізетін
ең жоғары басқару органы болып табылады.
Кеңес (басқарма) тәжірибелік операцияларға
жетекшілік жасау және жүзеге асыру үшін
банкті басқаратын құрылым құрады. Операцияларды
басқару ресурстарды жинақтау қызметтеріне
және оларды пайдалану тәсілдеріне бөлінуге
негізделген.
Бұл басқарылу құрылымы келесідей болып
келеді: президент – қарыздық операциялар
бойынша аға вице-президент немесе депозиттік
операциялар бойынша аға вице-президент
-бөлімдер бойынша вице-президент. Көрсетілгеннен
басқада банкті құрудың варианттары болуы
мүмкін.
Аймақтың және жалпы ұлттық нарықтардағы
банк қызметінің кеңею шамасына қарай
күрделене түседі және оның оперативті
буындарының мамандандырылуы мамандардың,
сарапшылардың сырттан келуін, жаңа технологияларды
пайдалануды және т.б. талап етеді. Мұндай
жағдайларда банктің ішінде клиенттерге
белгілі бір қызмет түрлерін және қаржылық
операцияларды көрсететін арнайы кәсіби
орталықтар жүйесін құру пайдалы. Олардың
өзінің қызметтері, басқару аппараттары,
өзінің сметасы мен алыңған пайдасы болады.
Мысалы, бұл траст бөлімі өзінің қызметіне
байланысты ерекшеленеді. Оның жұмысының
шығындары мен нәтижелерін нақты бағалауға
болады. Бұл құрылым мынадай болып келеді:
президент – операциялар түрі бойынша
вице-президент – кәсіби орталықтар –
аймақтар (Техас).
Сондай-ақ маманданудың көптеген дәрежесі
банктік холдинг-компаниясына дейін жетеді.
Мұндай сызбада оған қаржы, ипотекалық,
лизингтік компаниялар, трасталық және
инвестициялық фирмалар, жол чектері мен
несиелік карто-чектерді шығарушы компаниялар,
аудиторлық фирмалар және басқалары кіреді.
Банктік холдинг олардың қызметін бақылайды.
Мұндағы еншілес бөлімшелер мен филиалдардың
заңды дербестігі болады. Ортасында –
холдинг-компаниясы, жанжағында – банктер,
қаржы, траста, лизинг және ипотекалық
компаниялары болады.
Сонымен, холдинг сызбасы еншілес компаниялар
мен филиалдардың жоғары дәрежеде дербес
болуын қалайды.
Акционерлер жиналысы кеңес (басқарма)
құрамынан банктің қызметіне шұғыл жетекшілік
ету үшін банк басқармасының (кеңесінің)
төрағасын сайлайды. Ол акционерлердің
жиналысының шешімін орындайды, банктің
еңбек ұжымын ұйымдастырады және оларға
жетекшілік етеді, банктің іскер иелерімен
және басқа да ұйымдармен байланыс орнатады.
Банкке жетекшілікті алдынғы қатардағы
басқармалар мен бөлімшелердің жұмысын
жүргізетін, өзінің орынбасарларының
көмегімен банк председателі атқарады
Ірі банктер, әдетте, функционалдық белгісі
бойынша кұрылатын бөлімше мен басқармадан
тұрады. Олардың жетекшілері бұл бөлімшелердің
дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Басқарма бастықтары және олардың орынбасарлары
бөлім мен қызмет көрсету жұмыстарың координациялады,
олардың бағдарламалары мен нақты мақсаттарын
айқындайды. Сонымен қатар, жұмыстарын
бағалайды және кеңес береді. Олар басты
назарын негізінен соңғы нәтижелеріне
аударады.
Коммерциялық банктер 287
Бөлімдер мен клиентке қызмет көрсету
жұмыстары банк операцияларының қандай
да бір бөлігіне шағын ғана маманданған
жұмыспен айналысатын кәсіби мамандардан
тұрады
АҚШ-тың коммерциялық банкінің басқару
құрылымы жоғары қызығушылық туғызады.
Банкті басқарудың басты органы акционерлердің
жалпы жиңалысы болып табылады. Ол стратегиялық
шещімдерді қабылдайды. Акционерлер жиналысында
диреқторлар кеңесі сайланады (ірі банктерде
президент), ол банктің қызметіңің барлық
негізгі сұрақтарын шешеді. Директорлар
кеңесінің негізгі қызметтері мынадай:
банктің стратегиялық мақсатын анықтау
жәңе банк саясатын құру, жетекшілік
288 Ақша, несие, банктер
органдарға адамдар іріктеу, комитеттерді
құру; қарыздық және инвестициялық операцияларды
бақылау, кеңес беру; банк қызметтерін
кезеңдік тексеру және т.б. қызметгер.
Директорлар кеңесі іс-тәжірибелік операцияларды
жүзеге асыру және басшылық ету үшін банкінің
басқару құрылымын құрады. Өкілеттік көлемі
мен өз бетіндік дарежесі бойынша басқару
құрылымы 3 деңгейден тұрады
1) жоғары менеджерлер;
2) администраторлар;
3) қадағалау және ревизиялық функциялар
берілген тұлғалар.
Жоғары менеджерлер – бөлімдер мен службалардың
қызметтерін шоғырландырады, олардың
бағдарламаларымен нақты мақсатын айқындайды,
кеңес және олардың жұмыстарына бағасын
береді. Олар өздерінің басты назарын
банк жұмысының нәтижесіне аударады.
Администраторлар – бөлімше жетекшілері.
Олардың басты мақсаты – өздерінің бөлімшелерінің
дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ету.
Үшінші деңгейдегі қызметкерлерге – қадағалаушылар
жатады. Бұл қатардағы жұмысшыларға көмек
көрсететін, күрделі және даулы сұрақтарды
шешетін, нақты жағдайлар бойынша кеңес
беретін, персоналды оқытумен айналысатын
шағын маманданған топтар немесе бөлімшелерге
басшылық ету тапсырылған, неғұрлым мамандандырылған
кәсіпқой мамандар.
Банктің күнделікті қызметіне басшылық
ететін, банкінің жоғары лауазымды тұлғасының
қатарына: директор кеңесінің төрағасы,
президент, қазынашы, бақылаушы, ревизор
жатады.
Директорлар кеңесінің төрағасы – жедел
іспен айналыспайды, бірақ директорлар
кеңесін шақырады және жүргізеді, әр түрлі
форумдарға банк атынан қатысады. Кейбір
банктерде бұл орынды президент орнымен
бірлестіреді.
Президент – бұл банктің барлық іскерлік
өмірінің басқарушысы. Ол жедел шешімдер
қабылдайды, барлық бөлімдердің қызметтерін
басқарады, билік және басқада ұйымдармен
байланысын реттейді. Ірі банктерге президент
вице- президентттер арқылы банк қызметінің
күнделікті жұмысына басшылық етеді.
Американ банктерінде казынашы қызметі
өте маңызды болып табылады. Ол банкінің
басты бөлімдерінің арасын жалғаушы буын
бола отырып, барлық қызметтердің жедел
жүзеге асырылуына тікелей жауап береді.
Ол вексельдерді есепке алуға, траттаны
акцептеуге, қарыз беруге, депозит қабылдауға,
бағалы қағаздарды сатып алуға рұқсат
береді. Кассалық операцияларды бақылайды,
банктің берген есебінің және құжаттарының
дұрыстығына байланысты жауапкершілікті
мойнына алады. Директорлар кеңесінің
міндетті мүшесі және оның тұрақты секторы
болып табылады. Президент пен қазынашы
қызметінің басты айырмашылығы мынада:
президент жалпы басшылықты, бақылауды
және қадағалауды жүргізеді, ал қазынашы
іс жүзінде операциялардың орындалуын
басқарады. Қазынашының өкілеттілігі
банк жарғысында қатаң бекітілген.
Бақылаушы – бухгалтерлік және статистикалық
бөлімнің жұмысын басқарады, жұмыстың
жаңа тәсілдерін және есептің автоматтандырылуымен
айналысады.
Ревизор банктің жұмысын, оның кейбір
бөлімшелерінің қызметтерін тексереді.