Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2011 в 11:27, реферат
Ұстаз – өмірдегі ерекше тұлға. Ол баланың психологиялық ерекшеліктерін жетік меңгере отырып, білім береді. Адам болуға, саналы азамат болуға тәрбиелейді. Тарыдай болып кірген баланы таудай етіп шығарады.
Ұстаз қадірі хақында
23-Маусым. 2010
Пікірлерді көру
Ұстаз – өмірдегі ерекше тұлға. Ол баланың психологиялық ерекшеліктерін жетік меңгере отырып, білім береді. Адам болуға, саналы азамат болуға тәрбиелейді. Тарыдай болып кірген баланы таудай етіп шығарады.
Сол себепті
де ұстаз еңбегін мәнділігі
Ұстаздардың қолдарында билік дегеніңіз жоқтың қасы. Би болайын деп жүрген олар да жоқ. Керісінше, қоқаңдағандардан құтылар күн бар ма деген ниетте жүр. Өйткені мұғалімдердің нағыз ұстаз екенін сезініп, кеудесін көтеріп, еркін жүретін күні жоқ. Ең кем дегенде ата-ана тарапынан ескерту алып қалады. Тәрбиенің басым көпшілігі үйде берілетінін естен шығарған ата-аналар ұстазды айыптауға бейім болып алды. Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпыз, бірақ та ұстаздың артынан айтылған алып-қашпа әңгіменің өзі түймедейді түйедей етіп көрсетеді. Өйткені ұстаз қоғамның айнасы емес пе? Жақында сондай бір әңгіменің куәсі болдық. Мектеп бітіруші түлек мектеп әкімшілігінің шешімімен ҰБТ-ға жіберілмейді. Себебі ол бала барлық сұрақтың жолы болды дегеннің өзінде бес-алтауына жауап бере алмайтын жағдайда болады. Бастауыш сыныптан нашар оқыған оқушы ата-анасы тарапынан еш қадағалау көрмеген екен. Әке-шешесінің баланы қараусыз қалдырғаны сондай, ең аяғы мектептегі ата-аналар жиналысына қатысып тұруға да мән бермеген. ҰБТ тапсыруға аз уақыт қалғанда: «Баламды тест тапсыруға қайтсеңдер де жібересіңдер» деп араға адам салып, мектеп директорының мазасын алады. Баласының нашар оқитынын біле тұра ата-анасы сондай қадамға барады. Онысымен қоймай ұстаздар сыртынан алып-қашпа әңгіме таратады. Мұнысын да ар көрмей, соңғы сөзі ретінде сынып жетекшісіне: «Осыдан қара да тұр, баламды ешкімнен кем қылмаймын. Менің балам жұмыссыз қалмайды. Дым таппағанда мұғалім болады», – дейді. Ұстазға мұнан артық айтылған сорақы сөз бар ма? Бұрындары сабақ білмеген немересін қорғаған адамдар: «Баламызды қинай бермеңдер, әкесі құсап қойшы болар. Барлық бала Үкімет болғанда қой бағатын да бала керек шығар», – деуші еді. Бірақ ол аталарымыздың біреуді қорлайын дегендей еш ниеті болмаушы еді ғой, шіркін! Керісінше, сол кісілер мұғалімді көрсе, шенді адамға «честь» бергендей қалбалақтаушы еді-ау! Ал мынау ата-ананікі мұғалімдік мамандықты қорлау болып тұр ғой. Сонда ұстаз деген жай бір жүрген біреу болғаны ма? Адамзатты тәрбиелеуші тұлғаны аузы-басы қисаймай кемсітуі ол кісінің ойлау қабілетінің төмендігі ме, әлде қоғамда жалпы адамдардың көзқарасы осыншалық төмен дәрежеге жетіп қалды ма? Керек десеңіз, әлгі оқушы мектепте тапсыратын бірінші күнгі емтиханға да келмеген. Директордың есігін әкесінің көзінше тарс жауып, боқтап кетіп қалған. Ал енді таразылап көріңіз. Бұл айтылған тек бір ауыл ішінде болған оқиға. Мұнымен үндес жайттардың республика көлемінде даурығып жүргенінде есеп жоқ. Ұстазын үш қыздың жабылып сабағаны туралы да естігенде естен тана жаздадық.
Сонымен қатар, оқушыларды былай қойғанда, ұстаздың өзі түсіне бермейтін, кейінгі кездері шығып жатқан дүниелер аз емес. Мектеп бағдарламасы жылдан-жылға ауырлап барады. Тағы айтпасқа амал жоқ. Аудан тарапынан жыл соңында озат мұғалімдерге мақтау қағазы беріліп жүр. Бір жапырақ қағаз болса да, онысына ішің жылиды екен. Бірақ сол тиын-тебен тұратын мақтау қағазының өзін аяулы ұстаздарға сатып алдыртатынын қалай түсінуге болады? Бұл жердегі әңгіме мұғалімнің шығындануы емес, шын құрметтің болмағанында.
Бұрынырақта ұзақтау
жерден ұстазын көргенде шәкірттері
қысылып, ыңғайсызданып, артық қимыл
көрсетіп қалмауға тырысатын. Ал қазіргі
шәкірттерден ондай пиғыл некен-саяқ
байқалады. Керісінше, ұстазының көзінше
темекі тартып, сыралатып жүргендері басымырақ
болып барады. Жаман қылықтың бәрін оңашада
ұстаздарына әбден көрсетіп қалуға тырысатын
секілді. Өйткені «әй дейтін әже, қой дейтін
қожа» жоқ.
Ерте заманда жас жеткіншектер қарияларымыздың қолына су құйғанда алғысын білдіріп үлкендер «молда бол, балам» деп бата береді екен. Өйткені сол дәуірдің ең сауатты адамы молда болған. Ал енді бергі заман ХХ ғасырдың бас кезінің ең сауатты адамдары оқытушылар, яғни ұстаздар саналды. «Ұстаз» деген ұлы сөзге ерекше құрметпен қарады. Ақынды да, дананы да ұстаз тәрбиелейтінін ескерген халқымыз баласын елдің ықыласына бөленген өнегелі ұстазға тапсырды. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» деген қанатты сөзді басты қағида етіп ұстады. Алыстан ат арбалатып келгенде бірінші ұстазына сәлем беріп келуге жіберді. Бұның бәрін ата-бабамыз ұрпағының болашағы жарқын болу үшін жасады. Барлық ісімен тағылым болған бабалардың осынау тәрбиесін біздер неге үзіп алдық? Бұл – біздің басты ойланатын мәселеміз. Ұстаздың биік мәртебесін қалай сақтап қалуымызға болады? Ол үшін баршамыз бала тәрбиесін тек ұстаздарға ғана жүктеп қоймай, әрбіріміз өз міндетіміз деп білуіміз керек.