Мемлекеттік басқарудың түсінігі және оның бастаулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 08:26, реферат

Описание

Мемлекеттік басқару теориясының әдістемелік негізгін әдістеме түсінігін қарастырудан бастаған жөн. Себебі ол тек ғылыми танымның жиынтығын ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік-философиялық, саясаттану және басқа да жалпығылымдық қағидалардың және оларды негіздейтін теориялар жиынтығы. Әдістеме- бұл таным процесінің негізгі бастамасы және әлеуметтік процестерді ғылыми тану барысында нақты әдіс-тәсілдермен бірге іс-жүзінде қолданылатын жалпытеориялық талаптардың жүйесі.

Работа состоит из  1 файл

Басқару.doc

— 69.50 Кб (Скачать документ)

І.ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ МЕМЛЕКЕТТІК  УНИВЕРСИЕТІ 

    Мемлекеттік басқарудың түсінігі және оның бастаулары

    Сонымен мемлекеттің жалпы ұғымы мен белгілеріне келер болсақ. «Мемлекет басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік тыысын қамтамасыз етеін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар туғызуға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады» [1].

    Мемлекеттік басқару теориясының әдістемелік негізгін әдістеме түсінігін қарастырудан бастаған жөн. Себебі ол тек ғылыми танымның жиынтығын ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік-философиялық, саясаттану және басқа да жалпығылымдық қағидалардың және оларды негіздейтін теориялар жиынтығы. Әдістеме- бұл таным процесінің негізгі бастамасы және әлеуметтік процестерді ғылыми тану барысында нақты әдіс-тәсілдермен бірге іс-жүзінде қолданылатын жалпытеориялық талаптардың жүйесі.

    Басқару тұрпаты ұғымын пайдаланғанда ең жоғары мемлекеттің биліктің ұйымдастырылуы түсініледі. Әсіресе оның ең жоғарғы және орталық органдарының ұйымдастырылуы, олардың құрылымы, құзыреттері, құрылуының тәртіптік реті, өкілеттерінің мерзімі, былайғы халықпен қатынасу түрлері, бұл халықтардың оларды қалыптастырудағы қандай дәрежеде қатысатыны түсініледі. “Басқару тұрпаты мемлекет тұрпатының кең мағынада баяндалып түсіндірілуіндегі жетекші элемент болып саналады”.

    “Аристотель өз заманында басқару тұрпатын жоғарғы  үкіметтік биліктің жүзеге асырылуының  қалай орындалатынына қарай жіктеген болатын”.

    Басқару тұрпаттарының көрсетілген айырым белгілері осы қазіргі кезге шейін сақталды. Жоғарғы билікті жалғыз адам атқара ма? Әлде ол билік сайланбалы алғалы органға тиесілі мемлекетті? Міне осы жәйтке байланысты басқару тұрпаты ерекшеленіп ажыратылады. Енді осымен байланыстыра отырып басқарудың монархиялық және республикалық тұрпаттарын атап, біліп көрсетуге болады [2, 39].

    «Монархия - мемлекеттің егеменді жоғары билігі бір  адамның қолында өмір - бойы болады және атадан балаға мұра (мирас) ретінде беріледі (өтіп отырады). Монарх (патша, король, перғауын (фараон) қаһан, хан және тағы басқалар) ешкімнің алдында жауапты болмайды. Ол тек құдайдың алдында ғана жауапты».

    Монархияның гұлденген шағы жаңа заман шебінде  болды. Нақ осы кезеңде монархияның  республикалық басқару тұрпатынан қаншалықты айырмашылықтары бар  екендігі көрінді. Олардың ең маңызды деген әрқилы тұрлері: абсалютті - шек қойылған монархияны және бұкілхалық өкілдері арқылы (парламент) шек қойылған, конституциялық монархия дегендер жасалды [3]. 

    Әртүрлі болғанына қарамастан басқарудың монархиялық  тұрпатының жалпы сипаттары мынадай. «Мемлекеттің басында монарх болады, ол өзінің билігін мұрагерлік бойынша иеленді, жұзеге асырады. Мұнда әрқалай нұсқалардың болып қалуы ықтимал».

    «Монархияға қарағанда басқарудың республикалық  тұрпатында биліктің қайнар көздері  заң жөнімен алғанның өзінде де бұкіл халықтың басым көпшілігі болып табылады. Республика аталымының шығу тегінің өзі халықпен тығыз байланысты. Цицерон «Respublika est res populi» - «мемлекет бұкіл халықтың төл ісі» деп атап көрсеткен. Республикамызда билікті халықтың өзі белгілі бір мерзімге сайлаған өкілетті органдары атқарады».

    Республика  үшін басқару тұрпаты ретінде  мемлекеттегі жоғарғы билік заңымен  белгіленген мерзім ішінде қызмет ететін бір немесе бірнеше сайлау органдарының болуы шоғырлануы тән. Олар әдетте жоғары заң шығарушы орган (президент, төраға, кейде алқалы президиум) болып табылады. Республиканың, тұтастай алғанда мемлекеттің өзі сияқты, тарихи ұзақ, алайда ол мемлекеттік – ұйымдасқан қоғамның алғашқы кезеңдеріне кең тарала алады, басқарудың басқа нысаны – монархияға жол береді. Ежелгі Грецияда республикалық мемлекеттіліктің неғұрлым жарқын тәжірибесі Афина мен Спартада жинақталған.

    Афина республикасы демократиялық болады, оның кейбір институттары (мысалы, ареопаг  қызметі, пруссия соты) демократиялық дәстүрлерді жетілдіру үшін пайда болатын дамудың кейінгі кезеңдеріндеде қызығушылық тудырады. Оларда арестократиялық республика нығайды.

    Бағыты  бойынша құрылымы бойынша емес оған Рим арестократиялық республикасы жақын еді. Орта ғасыр қала – республикалар (Венеция, Флоренция, Новгород) сияқты мемлекеттік нысанын туғызды. Капитализмге өтуіне байланысты республиканың танымдылығы мен беделі тез өсті, ол монархияны ығыстыра бастайды, оның позицияларын бірінен кейін бірі ала бастайды. Біртіндеп алға жылжып, мемлекеттің ең көп тараған нысаны болып алды [4].

    Капитализм  оның теңдік буржуазиялық идеологиясы  мен, халықтық  егеменділігімен және билікті бөлісуімен, бастандығы мен, әділеттілігімен республика үшін неғұрлым қолайлы жағдай туғызды, жаңа өмірге талпындырған сияқты. Бүгінгі күні республика өмірді демократияландыру процестеріне мүмкіндік туғызатын құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның принциптерін жүзеге асыруда басты арена болып табылады. Көріп отырғанымыздай, дамудың ұзақ жолына өте отырып, республика  түрленді, өзгерді, жетілді. Ежелгі грек республикалары мен бүгінгі республиканың арасындағы айырмашылық жер мен көктей.

    Олардың дамуындағы кейбір сабақтастықтың болуы  қазіргі республикалар мен бұрынғы  республикаларға белгісіз жаңа белгілер мен сипаттарда жоққа шығармайды.

    Дамудың процесінде республикаға тән институттар  жиі – жиі демократияландыратын немесе либералдандырылатын, кейде  консервативті – мешеу және тіпті  реакциялық сипат алатын. Тарихи әлемнің  қажеті жоқ.

    Қазіргі заманда республикалар парламенттік және президенттік деп бөлінеді. Аталған республикаларда жоғары билік эшелондар арасындағы күштердің шынайы қатынастары мен құзіретті бөлісу, олардың өзара қарым – қатынасының ұйымдастыру құқықтық механизмі әртүрлі.

    Басқаруды таңдауға бірқатар факторлар ықпалын тигізеді. Алайда, мұндай саяси мәселелер бойынша әп – сәтте туындайтын қажеттіліктер мен күштердің орналасуындағы әрқилы арасалмақтар белең алмауы тиіс. Мемлекеттің тұрақты түрдегі орнықтылығының ұзақ мерзімді мүдделері алдыңғы қатардағы анықтаушы факторға айналуы жөн.

    Саяси -әлеуметтік өмірді обьективті тұрғыдан түсіндіруге ұмтылыс жасау берілген әдістемелік тұжырымдамаларды өзара  байланыста, кешенді түрде қарастыруға  мүмкіндік береді.

    Нақты-тарихи, материалистік көзқарастар қоғамда  таптық мүдделер тобы орын алып және олар басқарушылық шешеімдер қабылдауға өздерінің ықпалын тигізген жағдайда ғана таптық тұрғыдан талдауды ұсынады. Мемлекеттік саясатты талдау мен  мемлекеттік басқару стратегиясын әзірлеуде таптық көзқарасты жоққа шығару асығыстық.

    Қоғамның  әлеуметтік – таптық жікиерінің артуы  жағдайында оны таптық тұрғыдан қарастырмау  обьективтіліктен алшақтағандық болар  еді. Осы жағдайда әлеуметтік – саяси  талдауғы кез келген таптық көзқарас субьективизмді білдіретінін ескерген жөн. Алайда ол таптық мәселеге баса мән бермейтін мәселемен жоққа шығарылуы мүмкін. Аталған жалпыфилософиялық диалектикалық-материалистік әдістеме жүйелік талдау әдістемесімен нақтыланады.

    Қоғамдық  процестерді зерттеудің осы жүйелік әдісін К.Маркс өзінің белгілі «Капитал» еңбегінде алғаш рет қолданылған болатын. Бұл әдістеме қазіргі әлеуметтік- саяси ғылымдарда Т. Парсон (АҚШ, 1951) және Д. Истонның еңбектерінде теориялық негізін тапты. Д. Истонның жүйелік үлгісі «жалпы жүйелік теориясының саяси талдауда қолдануын» білдіреді. Саяси ғылымғы «саяси жүйе», «тұрақтылық», «тепе-теңдік», «функция», «кері байланыс» және т.б. тәрізді жүйелер теориясының негізгі түсініктері енгізілді. Мемлекеттік басқару теориясындағы жүйелік әдіс- бұл мемлекеттік басқаруда біртұтастықты құрайтын іштей өзара байланыс сипатының орын алуына негізделген талдау.

    Құрылымдық-функционалдық  әдіс те мемлекеттік басқаруды жүйе ретінде зерттейді. Құрылымдық-функционалдық  әдіс жүйенің өмір сүруі мен қызмет етуіне байланысты мәсеслелерді шешуге бағытталған.

    Қазіргі кездегі басқару теориясында  құрылымдық-функционалдық талдау Н. Мысиннің айтуынша екі аспектіден тұрады. Құрылымдық аспект: а) осы жүйені құрайтын компоненттерді анықтау; ә) осы компоненттердің  заңды байланыстарын анықтау. Функционалдық аспект – жүйе элементтері қызметінің ішкі механизмін, сонымен бірге жүйенің сыртқы қызметін – жүйенің сыртқы ортамен арақатынасын зерттеу [5].

    Әрбір қоғамдық жүйені сыртқы ортаның сыртқы әсерін қабылдап, оған қарсы жауап қайтаратын кибернетикалық модель ретінде қарастыруға болады. Айталық, саяси жүйеге қоғам мүшелерінің қоятын талаптары және белгілі бір қоғамдық күштердің қолдау көрсетуі – сыртқы ортадан туындаса, шешім қабылдау және іс-әрекет жасау – қойылған талап пен қолдау көрсетуге жауап қайтару болып табылады.

    Мемлекеттің басқарушылық қызметі қоғамдық ортақ  және жеке мүдделер арасындағы қоғамдық қайшылықтар мен шиеленістерді  шешуге және реттеуге бағытталған [6].

    Мемлекеттік – қоғамдық жүйелерге даму, дағдарыс, басқарушы және басқарылатын жүйе элементтерінің, интеграция және дезинтеграция субьектілерінің шиеленісті өзара қарым – қатынастары тән. Бұл өз кезегінде мемлекеттік басқару теориясында конфликтік ұстанымның қалыптасуына негіз болады. Мұндай ұстаным танымның және практикалық іс-әрекеттің диалектикалық әдіснамасына да тән.

    Бірақ конфликтологиялық ғылымда мұндай тұжырымдама көпшіліктің қолдауына  ие болып отырған. Саяси-әлеуметтік процесті қақтығыстар тізбегі ретінде  қарастыратын неміс саясаткері Р. Дарендорф көзқарасына қарсы Т. Парсонс тұжырымдамасы қақтығысты уақытша, заңсыз құбылыс деп анықтап, «әлеуметтік тәртіп», әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын зерттеуге бағытталған.

    Мемлекеттік басқару жүйесінде қағида заңдылықты, қатынастарды, элементтер арасындағы өзара байланысты білдіреді. Соларға сәйкес мемлекеттік басқару жүйесі құрылып, жұмыс істейді. Қандай да бір қағидадан «бас тарту» бүкіл жүйенің қалыпты қызметіне нұсқан келтіруі мүмкін. Сондықтан мемлекеттік басқару қағидаларын айқындау және негіздеу процесіне белгілі талаптар қойылады: а) мемлекеттік басқарудың кез келген емес, тек ең маңызды, басты, обьективті, қажетті заңдылықтарын, қатынастары мен өзара байланыстарын білдіру; ә) мемлекеттік басқарудағы тек тұрақты заңдылықтырды сипаттау; б)мемлекеттік басқарудың өзге басқару түрлерінен ерекшелігін білдіру.

    Мемлекеттік басқару қағидаларының ерекше белгілерін де атап өткен жөн: бұл олардың  диалектикалығы, жүйелілігі, басқарушы  субьектінің біліміне, қабілетіне байланыстылығы және қағидалардың өзара байланыстылығы.

    Отандық және шетелдік ғалымдар басқару қағидаларын  жүйелеу мен жіктеуге әр түрлі  көзқарастар білдіреді. Олар мемлекеттік  басқарудың ерекшелігін ескере отырып басқару қағидаларының жүйесін  үш топқа бөледі:

    1) жалпы ортақ қағидалар: жүйелілік,  обьективтілік, өзін-өзі реттеу, кері байланыс, оңтайлылық, ақпараттық жеткіліктілік, демократизм, жариялылық, құқықтық реттілік (заңға сәйкес келу);

    2) қоғамның түрлі салаларында (экономикалық, әлеуметтік-саяси, рухани) және әр  түрлі қоғамдық құбылыстарды, ұйымдарды, институттарды талдау барысында қолданылатын жекелеген қағидалар;

    3) мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық -технологиялық жақтарын қарастыратын  ұйымдастырушылық –технологиялық  қағидалар. Бұл «жіктеу» соңғы  емес.

    Ғылыми  әдебиеттерде мемлекеттік басқару қағидалары жүйесінің көптеген түрі келтірілген, олар шектеулі емес. Осыған байланысты мемлекеттік басқару ісінде барынша маңызды болып табылатын қағидаларға ған тоқталғанды жөн санаймыз [7].

    Қоғам күрделі жүйе болып табылатындықтан  басқарудың негізгі қағидасы ретінде жүйелілік қағидасын атауға болады. Қоршаған ортамен өзара әрекетінің сипатына қарай жүйелер жабық және ашық болады. Сол сияқты қоғам да жабық және ашық болуы мүмкін. Жабық қоғамда басқару обьектісі мен субьектісі арасында кері байланыс үлкен мәнге ие болмайды.  

    ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

    1Баянов Е.  Мемлекет және құқық негіздері. - А. «Жеті жарғы», 2001. - 15б.

    2 Ихданов Ж., Сансызбаев Ғ.Н., Есенжігітова  Р.Г. Мемлекеттік басқару теориясы: Оқу құралы. – А.: «Экономика», 2007.и  – 216 б.

    3 Ибраева А.С. Заң терминдерінің қазақша - орысша түсіндірме сөздігі. – А.: "Жеті жарғы" баспасы, 1994. – 45б.

    4 Аристотель Афинская полития. - М.: «Знание» 1937. - 80 б.

    5 В.Н. Храпанюк Теория государства и права. - М.: «Наука», 1996. – с.65

Информация о работе Мемлекеттік басқарудың түсінігі және оның бастаулары