Мемлекеттік кірістер, оларды жүмылдыру әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 20:14, реферат

Описание

Мемлекет қаржысының іс-әрекеті кезінде өзара тығыз байланысты екі үдеріс пайда болады: мемлекеттік құрылымдардың қарамағына қаржылық ресурстарды жұмылдыру және қаражаттарды мемлекеттің әр түрлі қызметтеріне пайдалану. Бұл үдерістердің алғашқысы өзінің көрінісін мемлекеттің кірістері ұғымында, екіншісі мемлекеттің шығыстарында табады.

Работа состоит из  1 файл

Azat.docx

— 20.67 Кб (Скачать документ)

                Мемлекеттік кірістер, оларды жүмылдыру әдістері

 

Мемлекет  қаржысының іс-әрекеті кезінде өзара  тығыз байланысты екі үдеріс пайда  болады: мемлекеттік құрылымдардың  қарамағына қаржылық ресурстарды жұмылдыру және қаражаттарды мемлекеттің әр түрлі қызметтеріне пайдалану. Бұл үдерістердің алғашқысы өзінің көрінісін мемлекеттің кірістері ұғымында, екіншісі мемлекеттің шығыстарында табады.

Мемлекеттің кірістері - деп экономикалық қатынастардың жүйесін айтады, бұл қатынастардың үдерісінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы құрылады.

Жиынтық қоғамдық өнімді бөлудің нәтижесінде  мемлекеттің, жеке кәсіпорындардың, шаруашылық ұйымдардың және халықтың бастапқы табыстары жасалынады. Бұл үдерістердің нәтижесінде ақшалай қорлар, ең алдымен бюджеттік қор жасалынады.

Жалпымемлекеттік  қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қаржы арқылы халықтың табысының  бір бөлігі алынады, кәсіпорындардың  жалпы табысы (пайдасы) бөлініске  ұшырайды – оның бір бөлігі бюджетке түседі, басқа бөлігі кәсіпорындарда қалады және ішкі шаруашылықтық мұқтаждарға  пайдаланылады.

Сонымен бірге  халықтың бастапқы табыстары да қызметтің  өндірістік емес сферасының мекемелері көрсететін қызметтерді төлеу арқылы қайта бөлінеді. Бұл түсімдер қызметтер  көрсету сферасы кәсіпорындарының (мысалы, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және т.б.) табыстарын құрайды. Сөйтіп, табыстар қоғамдық өнімнің құнын  шаруашылық жүргізуші субъектілер  бойынша бөлуге байланысты қаржылық қатынастарды білдіретін дербес экономикалық категория ретінде болады.

Мемлекеттің кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың  қарамағына қаржылық ресурстарды қалыптастырумен  байланысты болатын қаржылық қатынастардың  бөлігі ретінде көрінеді. Сонымен  бірге жұмылдырылатын мемлекеттің  қаржылық ресурстары отралықтандырылған кірістер қатарына, мемлекеттік кәсіпорындардың  қарамағында қалғандары орталықтандырылмаған кірістерге жатады.

Орталықтандырылған қаржы кірістері негізінен салық түсімдері, сыртқы экономикалық қызметтен алынатын кірістер, халық төлемдері есебінен қалыптасады. Орталықтандырылмаған кірістер кәсіпорындардың өздерінің ақшалай табыстары мен қорланымдарынан  құрылады.

Мемлекеттің орталықтандырылған кірістерінің құрамында басты орынды бюджеттің  кірістері алады, оның есебінен қоғамды  дамытудың экономикалық және әлеуметтік міндеттерін шешу қамтамасыз етіледі.

Мемлекет  кірістерінің басым бөлігін түрлі  деңгейдегі бюджеттерге орталықтандыру біртұтас қаржылық саясатты жүргізуге, қаражаттарды ұлттық шаруашылықтың  басым салаларының пайдасына  қайта бөлуді қамтамасыз етуге, өндірістік емес сфера қажеттіліктерін қанағаттандырып  отыруға мүмкіндік береді. Бюджеттік қаражаттардан басқа мемлекеттің орталықтандырылған кірістеріне бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қор-лар жатады. Мемлекет кірістерінің экономикалық табиғаты және оларды ұйымдастыру шаруашылық жүргізудің жүйесіне, мемлекеттің саяси және экономикалық рөліне байланысты болып келеді. 

Жұмылдыру әдістері бойынша кірістер орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып жіктіледі.

Мемлекет  табыстарының қалыптасуы мемлекеттің  тікелей белсенді қатысуымен жүзеге асырылады: ол бюджетке орталықтандырылатын және шаруашылық жүргізуші субъектілерге қалдырылатын қоғамның таза табысының үлесін белгілейді, сондай-ақ халықтың жеке табыстарының бір бөлігін және қоғамның басқа қаражатарын шоғырландырады.

Мемлекет  өндіріс құралдырының және тиісінше, қосымша өнімнің иесі болып отырған  жағдайда мемлекет меншігінен алынатын табыстар мемлекет кірістерінің айтарлықтай көзі болып табылады. Мемлекет кірістерінің бір бөлігі жалпымемле-кеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекеттің салық жүйесі жұмылдыратын кәсіпкерлік сектордың және халықтың табысының бір бөлігі есебінен құралады. Табыстардың белгілі бір бөлігін мемлекет өзіне қарасты қаржылық активтерді, жылжымайтын мүлікті сатудан алуы мүмкін.

Мемлекеттік меншіктен алынатын табыстарға мыналар  жатады:

1) жалпы  табыс (пайда), қосылған құн салығы, акциздер, кеден табыстары түріндегі  мемлекеттік кәсіпорындар мен  ұйым-дардың  табысы;

2) мемлекеттік  мүліктен алынатын табыс (мемлекеттік  тұрғын үй қорынан, жерден, ормандардан,  жер-судан, басқа табиғи ресурстардан, мемлекеттік меншікті мемлекет  иелігінен алу мен жекешелендіруден  түсетін қаражаттар);

3) мемлекеттік  мекемелер мен ұйымдар көрсететін  ақылы қызметтерден алынатын  табыстар (тіркеу алымдары, өлшемдер  мен өлшеуіш приборларды тексеру,  таңбалау және сараптау, қымбат  металдан жасалынған бұймдарды  талдау және таңбалау үшін  төлем) мен шаруашылық емес  қызметтер үшін төлем (мемлекеттік  баж, жол полициясының алымы,  тауар белгілері үшін өтінімдік  алым);

4) үй-жай  үшін жалгерлік төлемді, қосалқы  шаруашылық табыстарын және басқаларды  кіріктіретін бюджеттік мекемелердің  арнаулы  қаражаттары. 

Мемлекет  кірістерінің жүйесінде орталық  орынды салықтар алады. Олар рыноктық тұрпаттағы дамыған экономикалық жүйеде әрекет ететін қаржының негізгі қасиеттерін білдіретін әмбебаптық және сонымен қатар басты категория болып табыла-ды. 

Салықтар  барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан мемлекет кірістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық тетігі. Фискалдық маңызы бойынша екінші әдіс мемлекеттік қарыздар болып табылады. Олар тек бюджет тапшылығын жабуға емес, сонымен бірге әр түрлі күрделі шығындарды қаржыландыруды қамтамасыз етуге пайдаланылады. Қаржы жүйесінің әр түрлі буындарының шиеленісуі күшейе түсіп отырған эко-номикалық дағдарыс кезінде қарыздардың маңызы айтарлықтай артады. Сонымен қатар қаржы рыногының жұмыс істеуі қарыз-дарды мемлекеттік кәсіпорындардың шығындарын жабу үшін де пайдалануға мүмкіндік береді. Мемлекет кірістерін жұмылдырудың үшінші әдісі эмиссия, оның үстіне тек қағаз-ақшалай эмиссия ғана емес, сонымен қатар кредиттік эмиссия болып табылады. Эмиссияны мемлекет салықтық және қарыз түсімдері мемлекеттің өсіп отырған шығындарын жабуды қамтамасыз ете алмағанда, оның үстіне қаржы рыногында жаңа қарыздарды шығаруға қолайсыз жағдайда ғана пайдаланады.

Қағаз-ақшалай  эмиссия да, кредиттік эмиссия  да егер олар ша-руашылық айналымның қажеттілігіне байланысты болмай бюджет тапшылығын жабу қажеттілігімен байланысты болса, эко-номикада инфляциялық үдерістердің күшеюіне әкеп соқтырады. Сондықтан дамыған рыноктық шаруашылық елдері әдетте кредиттік эмиссияға жүгірмей, оны қарызбен алмастырады.

Мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың жоғарыда аталған  әдістері мемлекеттік басқарудың әр түрлі деңгейіндегі бюджеттік қорларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                        Қолданылған әдебиеттер

  1. Құлпыбаев С.Қ., Ынтықбаева С.Ж.., Мельников В.Д. Қаржы  ЖОО-ға  арналған  оқулық  - Алматы. ТОО  «Издательство LEM», 2010

Информация о работе Мемлекеттік кірістер, оларды жүмылдыру әдістері