Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 13:47, реферат
ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ҚОҒАМ ӨМІРІНЕ ТӘН ҚҰБЫЛЫС дейміз. Бірақ сол «қоғамның қалыпты құбылысының» қармағына іліккен әйел – аналар қазір жұмыссыздар қатарын толықтырып жүр. «Жан-жақты жарасымды жетілген әйел — жан-жақты жетілген еркекке қарағанда, әлдеқайда жоғары деңгейдегі адам», — деп Ф.Ницше айтқандай, әйел – қоғамның қозғаушы күші. Тағы да қайталап айтайық, қазақтың қыз-келіншектері табысқа қол жеткізуге, еліне пайдасын тигізуге, жақсы өмір сүруге қа-білетті. Қазақ әйелінің табиғатында әлеуметтік жауапкершілік басым. Бұл – дәлелденген шындық. Оны бүгінгі өмір қатынастарынан көріп жүрміз. Сөзіме дәлел ретінде айта кетейін, билік құрылымдарындағы әйелдер 30-40 пайызды құрайтын жерлерде әлеуметтік бағдар да тұрақты дамиды екен. Ендеше, неліктен қазіргі кезде жұмыссыздардың әр облысқа шаққандағы үле-сінің жартысынан астамы - әйелдер? Әйел мүддесіне мүлги қарағаннан ұтылмасақ, ұтпаймыз.
ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ҚОҒАМ ӨМІРІНЕ ТӘН ҚҰБЫЛЫС дейміз. Бірақ сол «қоғамның қалыпты құбылысының» қармағына іліккен әйел – аналар қазір жұмыссыздар қатарын толықтырып жүр. «Жан-жақты жарасымды жетілген әйел — жан-жақты жетілген еркекке қарағанда, әлдеқайда жоғары деңгейдегі адам», — деп Ф.Ницше айтқандай, әйел – қоғамның қозғаушы күші. Тағы да қайталап айтайық, қазақтың қыз-келіншектері табысқа қол жеткізуге, еліне пайдасын тигізуге, жақсы өмір сүруге қа-білетті. Қазақ әйелінің табиғатында әлеуметтік жауапкершілік басым. Бұл – дәлелденген шындық. Оны бүгінгі өмір қатынастарынан көріп жүрміз. Сөзіме дәлел ретінде айта кетейін, билік құрылымдарындағы әйелдер 30-40 пайызды құрайтын жерлерде әлеуметтік бағдар да тұрақты дамиды екен. Ендеше, неліктен қазіргі кезде жұмыссыздардың әр облысқа шаққандағы үле-сінің жартысынан астамы - әйелдер? Әйел мүддесіне мүлги қарағаннан ұтылмасақ, ұтпаймыз.
Әйел қауымы нарыққа қалай бейімделіп жатыр? Жұмыс пен әйел арасындағы «қатынас» қалай өрбуде деген сұрақтарға Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ, жұмыспен қамту секторының меңгерушісі Нұрия Мұ-нашқызына жолыққан болатынбыз:
Қазір тіркеуде 567 жұмыссыз адам тіркеліп тұр. Оның 424-і әйел адамдар. Былтырғы жылмен салыстырғанда бұл сан, әрине, аз. Өйткені өткен жылы тіркеуде 900 адам тұрған болатын. Қазіргі уақытта тіркеуде тұрған 425 әйел адамдардың 252-сі қоғамдық жұмыстарға қамтылған. Жұмыс беру-шілер көбіне олардың жас ерекшеліктеріне, кәсіби мамандықтарына қарай, тәжірибесі барларды ғана іріктейді. Бірақ, жұмыс берушілер әйел адамдарға қарағанда ер адамдарды жұмысқа алғысы келеді. Өйткені әйелдердің баламен отыратын уақыттары көп, отбасына көңіл бөлуге көп сұранатын болғандықтан, нәзік жандыларға жұмыс берушілердің көп «бүйректері бұра бермейді». Қазір бізде тіркеуде тұрған әйелдердің 10-ы жалғызбасты ана санатына жатады. Олардың жұмыс жасауға ынтасы мен қабілеті бар, бірақ сәбилерін қалдыратын жерлері болмай қиналады. Бұл жерде балабақша мәселесі де «қыстырылып» тұр. Және бір айта кететіні, тіркеуде тұрған әйелдердің дені 35 жастан асып кеткендер. Бала күтімімен, басқа да себептермен уақытылы жұмыс-қа ілігіп кете алмаған қыз-келіншектер қазір жұмыссыздар қатарын толтырады. Бірақ түрлі компаниялар мен мекемелерге оларды уақытша қоғамдық жұмыстарға орналастырып жатырмыз. Көбінесе олар құжат саласына тартылады. Жұмыссыз әйелдердің ішінде жасы 30-ға дейінгілері де кездеседі.
Қазіргі
қиын- қыстау заманда шиеттей бала- шағаның
бар жүгін өзі арқалап, өзгелерден көшін
қалдырғысы келмейтін қайсар аналардың
кезінде бала тәрбиесімен үйде отырып,
енді жұмыс таба алмай сенделген сәтін
көріп қынжыласың. Және қазір қаламызда
жұмыссыздардың жартысынан көбі әйелдер
екені еске түссе, еріксіз бас шайқайсың.
Ала дорба арқалап, қиын- қыстау кезеңде
отбасын ойрандамаған аяулы аналар қазір
де базарда сауда жасап тұр. Сенбесеңіз
базарға барыңыз. Дені - әйелдер. Сонда
базар - әйелдердің басты қызметі ме деп
таң қаласың.
Нұрсұлу, қала тұрғыны:
- Жасым 45-те. 4 балам бар. Кіші қызымды мектепке дейін өсіріп алғанша үйде отырдым. Енді мамандығым бойынша жұмыс табылып тұр, бірақ кезінде үйде отырып қалғандықтан, тәжірибе жоқтығынан жұмысқа алмай отыр. Оның үстіне жасым да біразға келді ғой. Сосын қол қусырып қарап отырғанша нәпақа табайын деген ниетпен базарға келдім. Жазда көкөніс, қыста жеміс-жидек сатамын. Тапқаным тамағымнан артылмайды, дегенмен ештеңе жоқтан жақсы ғой. Бұл жерде тұрғандардың барлығы да жұмыс таба алмағандықтан жүрген жоқ. Бірақ базардағы әйелдердің елу пайызынан астамы жұмыссыздықтың немесе қысқартудың қамытын кигендер.
Рима, сатушы:
- Жасым 38-де. Базарда тұрғаныма 2 жылдай болды. Негізгі мамандығым қазақ тілі мен әдебие-тінің мұғалімі. Ауылда келін болып түскеннен кейін, мектепте сабақ бердім. Артынан қалаға көшіп келгесін, жұмыстың реті болмай, базарға сауда жасауға шығып кеттім. Басында қиын болды, әрине. Дегенмен, етім үйренгесін, ақшаны қалай қолдану керектігін де меңгере бастадым. Құдайға шүкір дейміз ғой. Әйтеуір көштен қалып жатқаным жоқ. Жалғызбасты анамын. Үш балам бар. Жолдасыммен дәм- тұзымыз жараспағасын, ажырасып кеткенбіз. Әйтеуір шамам келсе, біреуге алақан жайып отыр-ғым келмейді. Бұл жерге келгенім де сол.
Анар, тігінші:
- Мен де базардағы ательеге тігінші болғым келгендіктен жұмысқа тұр-ған жоқпын. Негізгі мамандығым – зауыттағы оператор. Бірақ ол жерге әйел болғандықтан алмады. Оның үстіне жасым да келмейді екен. Сондықтан, қолымнан келетін іспен шұғылданайын деп шештім. Қазір осы ательеде тігіншімін. Жастайымыздан қолымызға ине-жіп ұстап өскен қыздармыз ғой, тез бейімделіп кеттім. Әрине, өз мамандығыңмен жұмыс жасаған жақсы ғой, дегенмен босқа отырғанша, кез келген жұмыспен айналыса берейін деп ойладым. Оның үстіне «әйел қырық шырақты» деген бар ғой. Төзімдіміз.
Шариғат бойынша жанұяның тізгіні еркекке тапсырылған. Бұған дау жоқ. Түптеп келгенде еркектер – әйелдерге пана, қамқоршы, басқарушы. Бірақ біздің, өзге елдің емес, қазақтың жігіттері сол басқарушылықты дөрекілікке, қамқорлықты жалқаулыққа айналдырып алмаса екен дейсің. Себеп біреу, елімізде әйел адамның бәрі бірдей өз құқын біліп, қорғай алмайды. Қазақ әйелінің зорлық-зомбылықтың құрбаны болатыны да содан. Бұл арада бір мысал келтіре кетейін. Бірде әйгілі балерина Алисия Алонсодан «Әйелдің орны қайда?» деп сұрайды. Сонда ол: «Әйелдің орны күйеуінің жанында», – деп жауап береді. Яғни, біздер, әйелдер үшін жұмыстан да маңызды дүние бар екенін ұмытпауымыз керек. Бірақ, сол «маңызды» дегендеріміз мөлдіретіп тастап кетсе, амалсыздан өмірмен арпалысуға тура келеді-ау осы...
Елорданың іскери әлемінің нәзік сыңары қоғамның әлеуметтік және экономикалық өмірін нығайтады.
Әйел-ана, әйел- басшы, әйел- кәсіпкер өзінің отбасы мен елінің игілігі үшін өмірдің бар саласына өз үлесін қосады. Өзінің мүмкіндіктерін іске асыру үшін әйел қауымы ойы бір одақтарға бірлесе бастады.
«Томирис» клубына, жас елорда сияқты, биылғы жылы 12 жасқа толады. Клуб құрамында 24 адам: саясаткерлер, дәрігерлер, педагогтар, журналистер, кәсіпкерлер. 12 жыл бұрын Астана мінезі-де әртүрлі, айналысатын қызметі-де әртүрлі, Қазақстанның әр қалаларынан жиналған әйелдерді біріктірді, бірақ, олардың ойы бірдей — тек қана өз елордасын өркендетуге көмек көрсету ғана.
«Астана-Бәйтерек»
клубында барлығы 20 әйел, биыл клубқа 7 жыл
толады. Қазіргі заманғы әйелдердің жаңа әлеуметтік
имиджін елордада құру негізгі мақсаттары
болып табылады. Олардың қызметінің басымдылығы салауатты
өмір салтын насихаттау; халықтың аз қамтылған қатарына
мәдени іс-шаралар мен қайырымдылық акциясын
өткізу; әйел кәсіпкерлігіне көмек көрсету;
әйелдердің жұмыссыздығы
«Біз үлкен істерге кіріспейміз, бірақ кіші істі — үлкен сүйіспеншілікпен атқарамыз» — дәл осы ұранды әйелдер клубы бастама ретінде алды.
«Жібек» ең жас клуб — биылғы жылы 5 жыл толады. Құрамында: елші, депутаттар, бизнеспен айналысатын әйелдер. Клубтың ұраны «Бәріміз бірігіп, көп істі атқарамыз».
Көптеген Еуропалық экономикалық қоғамдастық елдерінде жұмыссыздық деңгейі әйелдер арасында ерлерге қарағанда жоғары. Оның ең жоғары деңгейі Польшада: әйелдерде – 15,7%, ерлерде – 12,7%, ең төмен деңгейі: Эстонияда әйелдерде – 3,7%, Данияда ерлерде – 3,1% болды. Анықтама үшін: 2006 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстанда әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 8,8%, ерлер арасында – 6,2% құрады.
2010 жылы облыстағы экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 380 мың адамды құраса, олардың жартысы әйелдер.
Жұртшылықтың жұмысбастылығын іріктеп зерттеу деректері бойынша жалдамалы жұмыскерлердің басым көпшілігін ер адамдар (51), өз бетінше қамтылғандардың көпшілігін (54%) әйелдер құрайды. Жұмыссыздар құрылымында әйелдер (53%) басым. Әйелдерде жұмыссыздық деңгейі 5,5%, ерлерде 6,1%-ды құрады.
«Әйелдер» қамтылатын салалар дәстүрдегідей денсаулық сақтау, білім беру, сауда, қонақ үй және мейрамханалық бизнес болып табылады. Бұл салалардағы әйелдердің үлес салмағы 63%-дан 83%-ға дейін ауытқиды. Құрылыста (5%), ауылшаруашылығында (26), көлікте және қоймалауда (35%) әйелдер барынша аз қамтылған. Мемлекеттік басқару органдарында қамтылғандардың жартысына жуығы адамзаттың нәзік бөлігінің өкілдері болып табылады.
Орташа облыс бойынша әйелдердің жалақысы ер адамдардың жалақысынан 15% төмен.
2010
жылы әйелдердің еңбекақысы 2009 жылмен
салыстырғанда 15%-ға артып, 47,2 мың
теңгеге дейін жетті. Ал
11,1
мың басшыдан 4,8 адам – әйелдер
(43%), сонда әйел басшылардың
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі