Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2011 в 19:18, реферат
Нарықтық механизмнің негізгі элементтерінің бірі – баға. Нарықтық баға өндірушілердің және тұтынушылардың өз арасындағы бәсеке нәтижесінде қалыптасады. Бұған бәсекеден басқа да көптеген факторлар әсер етеді. Жалпы нарық бағасына нарыққа қатысушылардың бәрі де әр түрлі деңгейде тәуелді болады, әсіресе сұраным мен ұсыным нарықтық баға әсерінен қалыпты жағдайдан тез ауытқиды. Сондықтан да нарықтық бағаның құрылуын, қалыптасуын және оның ауытқу заңдылықтарын біліп отыру, әр фирманың табысты тұрақты алуына және өндіріс бағытын жетілдіруге негіз бола алады. Міне, әр салада, әр сферада және әр тауар түрі бойынша бағаның құрылуының маңызы мен маңыздылығы осында десек, артық айтқандық емес.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытып айтатын болсақ, коммерциялық маркетинг саласында тауар бағасының құрылуына қолданылатын әдістер. Маркетингтік баға құрылуында қолданылатын әдістерінің көбінің негізіне шығындар және ағымдағы баға деңгейі алынады.
Коммерциялық негізде тауар асортименттерін талдау және өндірілетін өнімдердің бәсекелестік қабілеттерін анықтау кәсіпорынның мүмкіндіктерін зерттеуде айырықша орын алады. Бұл бағыттағы маркетингтік зерттеу фирманың жалпы тауарлық номенклатурасында (өндірістік бағдарламасында) тауар топтарының позицияларын анықтаумен байланысты. Осы мақсатпен тауарлардың топтары, түрлері және үлгілері бойынша шығарылатын бұйымдардың номенклатурасы жасалады.
Тауардың бәсеке қабілеттілігі түсінігі – барынша ауқымды және сан қырлы. Бұл көрсеткіш кешенді сипатқа ие және элеметтердің үш тобынан тұрады: техникалық, экономикалық және әлеуметтік – ұйымдастырушылық.
Тауарды маркетингтік тұрғыдан ұсыну келесі элементтерден құралады: жарнама немесе жарнамалық компания; өткізудің кейінге қалдырылуы; икемді баға саясаты; жұртшылықпен байланыс.
Техникалық параметрлер неғұрлым қатал. Оған техникалық параметрлердің өзгері шекараларын анықтайтын стандарттар, ережелер, заң актілері жатады. Экономикалық параметрлер – тауарды өндіруге кететін шығындар, баға тасымалдауға, орнатуға, жөндеуге, пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге, қызметкерлерді оқытуға кететін шығындар көрсеткіштерімен берілген. Бұл жерде мынаны есте ұстау қажет: барлық қызмет етуі кезіндегі сатып алушылар үшін, тұтыну бағасы ең төмен болатын тауарлар барынша бәсеке қабілетті болып саналады.
Тауар ассортименттерін маркетингтік зерттеулер фирманың нарықтағы стратегиясын жасаудағы негізгі бағыттарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.