Баға құрылымы. Бағаны тұрақтандырудың модельдері. Қазақстан Республикасының баға жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 19:10, реферат

Описание

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы бері өзі қатарлы ТМД мемлекеттері арасында экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени салаларында көш басшы атанып келеді. Бұл еліміздің қай саласын алып қарасақ та халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жасалынып жатқан игі істер мен экономикалық жағдайды көтеруде алдыңғы қатарлы озық ойлар мен пайдалы қадамдар жасалынып жатқандығын көрсетеді.

Содержание

Кіріспе

І-Тарау. Баға құрылымы
1.1. Бағаның қалыптасуындағы теориялар
1.2. Бағаның мәні мен атқаратын қызметтері

ІІ-Тарау. Бағаны тұрақтандырудың модельдері
2.1. Бағаны мемлекеттік реттеу


ІІІ-Тарау. Қазақстан Республикасының баға жүйесі
3.1. Бағаны тұрақтандырудың Қазақстандық аспектілері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

реферат-баға.doc

— 88.00 Кб (Скачать документ)
 

Қазақстан Республикасының білім және ғылым  министрлігі 

Е.А. Бөкетов  атындағы Қарағанды мемлекеттік  университеті 
 

   экономика факультеті 

     «Маркетинг» кафедрасы 
 
 
 
 
 
 

БАҒАҚАЛЫПТАСТЫРУ 

пәні  бойынша 

РЕФЕРАТ 
 
 
 
 

      Тақырыбы: «Баға құрылымы. Бағаны тұрақтандырудың модельдері.

                                     Қазақстан Республикасының баға жүйесі»

   

      Дайындаған: Талғат Лайлә /3-курс, сырттай, туризм/

     

      Тексерген:     Дүйсембаев  Азамат Алдашович  
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қарағанды

                                                           2011 жыл 
     
     

Мазмұны: 
 

Кіріспе                                                                                                                                                                                                   
 

І-Тарау. Баға құрылымы 

    1.1. Бағаның қалыптасуындағы теориялар 

    1.2. Бағаның мәні мен атқаратын  қызметтері 
 

ІІ-Тарау. Бағаны тұрақтандырудың модельдері 

    2.1. Бағаны мемлекеттік реттеу 
 
 

ІІІ-Тарау. Қазақстан  Республикасының баға жүйесі 

    3.1. Бағаны тұрақтандырудың Қазақстандық аспектілері 
 

Қорытынды 
 

Пайдаланылған әдебиеттер 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы бері өзі қатарлы ТМД мемлекеттері арасында экономикалық, әлеуметтік, саяси  және мәдени салаларында көш басшы  атанып келеді. Бұл еліміздің қай саласын алып қарасақ та халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жасалынып жатқан игі істер мен экономикалық жағдайды көтеруде алдыңғы қатарлы озық ойлар мен пайдалы қадамдар жасалынып жатқандығын көрсетеді. 

Мемлекет өзінің ішкі экономикасын біршама тұрақтылықта дамытуда. Бағаны тұрақтандыру әр қашаан алдын ала өз жоспарлары арқылы есептелінетін елдің экономика саласындағы ұтымды қадамдарымен қамтамасыз етіледі. Осы орайда баға мен елдегі инфлиясия шараларының арасындағы байланыстарды жүйелі түрде шешу мен мемлекеттің игілігіне қызмет жасауын қадағалау негізгі бағыттардың біріне саналады. 

Бұл рефераттың мақсаты – Қазақстан Республикасының экономика саласындағы ерекшеліктер мен бағаны тұрақтандырудың математикалық модельдеу әдістерін талқылау, ондағы тиімді модельдеу әдістерін таңдап алу, мемлекеттің баға тұрақтылығын қалыптастырудағы, оны реттеудегі өзіндік ұстанымдарына тоқталу табылады. 

Реферат негізгі үш тараудан тұрады. 

Бірінші тарауда – баға құрылымы түсінігі, бағаның қалыптасу теориялары, бағаның негізгі қызметтеріне тоқталдық. 

Екінші  тарауда – толығымен бағаны тұрақтандырудың  Қазақстан республикасындағы модельдеу  үлгісіне, баға мен сұраныс, ұсыныс түсініктері арасындағы байланыстарға  арналды. 

Үшінші  тарау - Қазақстан Республикасының баға жүйесі мен ондағы модельдеудің жеке үлгілеріне назар аудардық. 
 
 
 
 

І-Тарау. Баға құрылымы 

1.1. Бағаның қалыптасуындағы  теориялар 

Экономикалық  теория классикалық мектебінің негізін  қалаушы Адам Смит пен Рикардоның ойынша, тауар құны оған жұмсалатын еңбектің мөлшерімен анықталады деп есептеген. Адам еңбегі тауар құнының субстанциясы, қайнар көзі. Сондықтан да классикалық мектептің өкілдері еңбектің құн теориясының негізін қалады. Оны кейіннен К.Маркс дамыта түсті. 

Егер  К.Маркс өзінің барлық зерттеуін тауардың еңбек құнын талдауға арналса, Батыс елдердегі экономикалық ойдың өкілдері: мейлі либерализм, неолиберализм, кейнстік, неокейнстік, радикализм – барлығы дерлік бағаның шығуын зерттеді. 

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Батыс пен Ресей экономикалық теория өкілдері ағылшын эеономисі Альфред Маршалл және ресей ғалымы М.И.Туган-Барановский құндық теорияны шекті пайдалылық теориясымен қосты. 

Осыдан, құн мен баға – ұқсас ұғымдар, алайда біркелкі, пара пар деп түсінуге болмайды. Құн тауар өндірісінің шығындарын көрсетеді, ал жекелеген тауардың бағасы нарықта байқалады және ол құннан ауытқуы мүмкін. Себебі оған сұраным мен ұсыным, пайдалылық, сиректік, сән, инфлияция және т.б. факторлар ықпал жасайды. Баға – тауар құнының ақшалай өлшемінің модификациясы. 

Ақша-несие  саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның  ішінде төлем балансын іске асырудағы  маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша – несие саясаты - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. 

Ақша  – несие саясаты Қазақстан  Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздыі ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен  қатар ақша массасы көлемінің  кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін. 

Ақша-несие  саясаты бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс  таңдай білуге, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы, төлем балансы  сұрақтарын шешуде банк үшін бірінші  реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиентін таңдаудағы біліктілігіне негізделеді. 
 

1.2. Бағаның мәні мен  атқаратын қызметтері 

Нарықтық  экономикада баға негізінен бес  қызмет атқарады. 

Есеп-қисап  қызметі. Бұл өнім өндіргенде қоғамдық қажетті еңбек шығыны процесінің өзгеруінде байқалады және әр түрлі өнімді өндіру қалай немен жүзеге асқанын көрсетеді. 

Ынталандыру қызметі. Бұл кезде баға өндіріс  тиімділігіне әсер етіп, өнім ассортиментін  жаңғыртуға, өнім сапасын арттыруға  күш салады. Бағаның осы қызметі біріншісімен етене байланысты. 

Бөлуші  реттеуші қызмет. Нарық жағдайында бағаның бөлуші қызметі сұраным  мен ұсынымды реттеу және тұтынушы мәртебесінің өзгеруі кезінде байқалады. 

Бағаның бұл қызметі нарықтың, тепе-теңдік сақтағанда, тұтыным мен өндірісті теңгергенде байқалады. 

Ақпараттық. Баға тұтынушыға сатушылар тарапынан  тауар ұсынымы туралы белгі береді және олар өз өнімі үшін қанша алғысы келетіндігін баяндайды. Екінші жағынан  сатушылар сатып алушылардың  төлем қабілеттігін немесе өндіріс ресурстарының қорын байқайды. 

Қазақстанда ТМД елдері бойынша банктік қызмет көрсету жүйесін әлемдік стандарттар  бойынша жүзеге асыруға және қаржы  экономикалық дағдарысқа қарсы тұруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін  төлем жүйесі (О.А. Жандосов пікірінше, нақты жағдайда есеп айырысуды жүргізетін ірі төлемдер жүйесі; әр жолғы төлемдер клиенттік аударымдар, карточкалық төлемдер және т.б. келесі күнге есеп айырысумен; бағалы қағаздар бойынша есеп айырысу, корпоративті қоса алғанда) әрекет етеді. 

Банк  функциясының ішкі нысаны – төлем айналымы бойынша әсері – банктердің халықаралық төлемдер және ақша аудару операцияларын жүргізуден тұрады, сондықтан аталған функция халықаралық құқық аясында қарастырылады. Төлем балансы төмендегідей тармақтардан құралады: 

1) ағымдағы операциялар: сауда, табыс қозғалысы, аударымдар (мемлекеттік және жеке тұлғалардың); 

2) капитал  қозғалысының балансы: ұзақ мерзімдік  инвестициялар - тікелей және  қоржындық, қысқа мерзімдік капиталдар  қозғалысы; 

3) тұрақтандырушы  тармақта қорларды қайта бағалау және қозғалысы, ХВҚ (халықаралық валюта қоры) қаражатын қолдану, басқа да қаржы көздері; 

4) қорлардың  соңғы өзгерісі: алтын, шетел валютасының,  несиелердің өзгерісі. 

Қазақстанда ақшалардың төлемдері және аударымдары  негізінен банктер арқылы жүзеге асырылады, сонымен бірге бұл қатынастар Қазақстан Республикасының банктік заңнамасымен реттеледі. Соның мысалы ретінде, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңы жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде банктік корреспонденттердің олардың банктік шоттары бойынша тапсырмасымен есеп айырысуды жүзеге асыру белгіленген және аударым операциялары банк операцияларын жатқызады. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңында Қазақстан Республикасында төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырудың тәртібін, жүйесін және нысанын айқындайды, ұйымдастырады, сондай-ақ Қазақстандық теңге мен банктер арасындағы аударымдардың уақытылы және кідіріссіз жүргізілуін қамтамассыз ететін төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне бақылауды жүзеге асырады, банктердің қолданылатын автоматтандырылған жүйелерінің сенімді әрі қауіпсіз болуын және банк ақпаратының қорғалуын қамтамасыз ету бойынша ең төменгі талаптарды белгілейді. 

Қазақстанда төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырудың тәсілдің заңнама актілермен және олардың негізінде қабылданған құқықтық актілермен, оның ішінде Қазақстан Ұлттық банкі актілерімен белгіленеді. Ақша төлемі мен аударымын Қазақстан Республикасынан аумағынан тыс жерде ұлттық валютамен де, шетелдік валютамен де жүзеге асыру кезінде, сондай ақ Қазақстан Республикасы аумағында валюталық заңнама талаптарын сақтаумен шетелдік валютамен ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру кезінде белгіленген нысандағы бланктерде ақша аударуға өтініш пайдаланылады, ол ақша аудару туралы қызмет көрсететін алушы банкке жөнелтушінің төлем тапсырмасы болып табылады. Ақшаны аудару өтінішіне банктің аталған өтінішті өңдеу не Қазақстан Республикасы заңнамасы талап ететін жағдайлар үшін оған қажетті деген жөнелтуші туралы қосымша мәліметтерді қосуға болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІ-Тарау. Бағаны тұрақтандырудың модельдері 

2.1. Бағаны мемлекеттік  реттеу 

Нарық жағдайында бағаны мемлекеттік реттеу белгілі бір жүйемен жүргізіледі: 

Үкімет  органдары тарапынан бағаларды  бақылап отыру. Оның мақсаты –  еңбек ақы мен зейнетақының жылма-жылғы  номинальды көтерілуінің индексін белгілеу үшін өмір сүру құнының өсуін, сонымен қатар, бағаның көтерілуі өндіріс шығындарына және ұлттық бәсекелестік қабілетіне қалай әсер ететінін анықтау. Бақылаумен орталық статистика басқармасы айналысады. 

Бағаға  жанама әсер ету. Оның мәні сыртқы саудада белгілі бір сандық және кедендік шектеулерді немесе алып тастауда, есеп нарқын өзгертуде, салықтардың түрін өзгертуде, ақша эмиссиясының мөлшерін көбейтуде немесе азайтуда тұр. 

Бағаны  белгілеу мен тұрақтандыру процестерінде  мемлекеттік араласу. Бұл арада әңгіме мемлекеттік органдар рұқсат беретін өндіріс шығындарын тым арттыру, яғни өзіндік құнға тым арттырылған амортизациялы шығындарды кіргізу және басқа қорларға аудару туралы болып отыр. 

Бағадағы  жетекшілік. Бұндай құбылыс тауарлар немесе қызметтерді өндіретін мемлекеттің үлесі едәуір салаларда байқалады. Бұндай жағдайларда мемлекеттік органдар тауарлар мен қызметтерді өндіруші фирмалармен келісім бойынша шартты баға белгілейді, кейін ол баға бүкіл өндіріс саласы үшін негізгі баға болып табылады. 

Бағаға  тікелей мемлекеттік әсер ету. Оны  жеке өндірушілердің шығындарын азайту үшін жұмсалатын мемлекеттік жәрдемақы  құрайды. 

Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық қатынастарын дамытуда орталықтандырылған валюта қорларын қалыптастыру және пайдалану арқылы сыртқы экономикалық байланыстарды қаржылық реттеу маңызды рөл атқарады. Сыртқы экономикалық қызметтің ырықтануы жағдайында валюта түсімдерінің негізгі көлемі кәсіпорындардың меншігінде болады. Алайда халықаралық қатынастарға мемлекеттің қатысуы және ұлттық валюта - теңгені нығайту үшін бүкіл ел ауқымында да, сондай-ақ Қазақстан Республикасы құрамындағы әкімшілік-аумақтық құрылымдар деңгейінде де орталықтандырылған валюта қорлары құрылады. Ұлттық валюталық жүйенің шегінде ХВҚ арқылы мемлекет аралық реттеу объектісі болып саналатын валютамен жасалатын операцияларға шек қою, яғни валюталық шектеу енгізілуде. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Баға құрылымы. Бағаны тұрақтандырудың модельдері. Қазақстан Республикасының баға жүйесі