Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 22:15, реферат
Дін - адамзат тарихымен бірге жасап келе жатқан, өлмейтін, көнермейтін, мәңгілікке жетелейтін қастерлі де қасиетті ұғым, бүкіл әлемге ортақ құндылық. Адам ата алейһиссаламнан бастау алатын алғашқы адамдардың бойында да сана мен сезім, махаббат пен мейірім, ар-намыс пен ұждан және адамгершілік ізгі қасиеттер сияқты дінге, құдіретке, жаратушыға деген жоғары сенім болған. Осылайша, есте жоқ ықылым замандардан бері сенім - жүрекпен, дін - адаммен бірге өмір сүріп келеді. Бұл тұжырымды бүгінде ғылыми зерттеулер де қуаттап отыр.