Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2012 в 19:11, реферат

Описание

1. Осы Ережеге сәйкес (бұдан әрі - Ереже) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мен бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат алу үшін жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшылары қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) мынадай құжаттарды тапсырады:

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 19.40 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі  
Мекен-жай: Қазақстан Республикасы  
050000, Алматы қ. Әйтеке би көш. 67 
тел: 7 (3272) 788–104 
Web-сайт: www.afn.kz

1. Осы Ережеге сәйкес (бұдан әрі  - Ереже) жинақтаушы зейнетақы  қорларының зейнетақы жарналарын  тарту және зейнетақы төлемдерін  жүзеге асыру мен бағалы қағаздар  рыногындағы қызметті жүзеге  асыру Әділет органдарында мемлекеттік  тіркеуге рұқсат алу үшін жинақтаушы  зейнетақы қорларының құрылтайшылары  қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын  реттеуді және қадағалауды жүзеге  асыратын мемлекеттік уәкілетті  органға (бұдан әрі - уәкілетті  орган) мынадай құжаттарды тапсырады:

а) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рұқсат алуға арналған өтінішті;

б) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі құрылтай құжаттарды төрт данада (түпнұсқа және нотариатта куәландырылған үш көшірме);

в) осы Ереженің 2 және 3-қосымшаларына  сәйкес нысан бойынша жасалған құрылтайшылар (заңды және жеке тұлғалар) туралы мәліметтерді, оған мынадай құжаттарды қоса береді (құрылтайшы заңды тұлғалар үшін): 

соңғы екі қаржы жыл бойынша  және соңғы тоқсанның аяғындағы  құрылтайшының қаржылық есебін; 

соңғы аяқталған қаржы жылындағы  құрылтайшының қаржылық есебін тексеру  нәтижелері туралы аудиторлық есепті; 
құрылтайшылардың бағалы қағаз ұстаушыларының тізілім жүйесінен уәкілетті органға рұқсат алуға құжаттарды берген күннің алдындағы күні оның дауыс беретін акцияларының бес және одан астам пайызына ие болған тұлғалар көрсетілген үзіндіні; 

жинақтаушы зейнетақы қорын  құру туралы құрылтай жиналысы хаттамасының (жалғыз құрылтайшының шешімінің) көшірмесін; 
г) қызметінің стратегиясын, қызметінің бағыты мен масштабын, қаржы перспективаларын (бюджет, есеп айырысу балансы, алғашқы үш қаржылық (операциялық) жылдағы кірістер мен шығыстар шоты, маркетинг жоспары, еңбек ресурстарын тарту жоспары) ашып көрсететін жинақтаушы зейнетақы қордың бизнес-жоспарын;

2. Жинақтаушы зейнетақы қоры  зейнетақы жарналарын тарту және  зейнетақы төлемдерін жүзеге  асыру жөніндегі қызметті жүзеге  асыруға лицензия алу үшін  уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

а) Ереженің 8-қосымшасына сәйкес лицензия беру туралы өтінішті;

б) акциялар шығарылымының мемлекеттік  тіркелгендігін растайтын құжаттың көшірмесін;

в) «Жинақтаушы зейнетақы қорларының жарғылық капиталы туралы» Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банктің 2003 жылғы 21 наурыздағы № 96 қаулысымен белгіленген жарғылық капиталдың барынша төмен мөлшерін төлегенін растайтын төлем құжаттарының (төлем тапсырмасы, кассалық кіріс ордері) көшірмесін;

г) Жарғының нотариалды заңдастырылған көшірмесі және заңды тұлға ретінде  мемлекеттік тіркелгендігі туралы куәлік;

д) нотариально заверенная копия  свидетельства о постановке заявителя  на учет в налоговом органе;

е) документ, подтверждающий уплату в  бюджет лицензионного сбора за право  занятия отдельными видами деятельности;

ж) зейнетақы қорының зейнетақы  ережесін екі данада (ереженің бір  данасы келісілгендігі туралы белгісі  бар лицензияны берген кезде қайтарылады);

з) активтері инвестициялық басқаруда  болатын жинақтаушы зейнетақы қорының  директорлар кеңесі бекіткен және Қазақстан  Республикасының барлық аумағында  он бес мыңнан кем емес тиражымен  таратылатын мерзімді баспа басылымдарында жарияланған инвестициялау объектісінің тізбесін, мақсатын, стратегиясын, зейнетақы  активтеріне қатысты инвестициялық  қызметтің талаптарын және шектеулерін, хеджирлеу және әртараптандырудың  талаптарын айқындайтын жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық  декларациясын;

и) жинақтаушы зейнетақы қорының  есеп саясатын;

к) есепке алумен және құжат айналымымен  қамтамасыз етуге бақылау жасау  тәртібін өзіне жатқызатын жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне  ішкі бақылау ережесін;

л) жинақтаушы зейнетақы қорының  ұйымдық құрылымын;

м)үй-жайдың, ұйымдық техниканың, телекоммуникациялық  жабдықтың бар екендігін растайтын  құжаттарды;

н) 9-қосымшасына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларының автоматтандырылған ақпарат жүйесін құруға және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың орындалуын растайтын құжаттарды;

о) бухгалтерлік баланс, кіріс және шығыс туралы есеп, ақша қаражатының  қозғалысы туралы есеп, бағалы қағаздардың  бастапқы рыногында сатып алынған (аталған талап Қазақстан Республикасы Үкіметі жағынан акционерлерге  таралмайды) жинақтаушы зейнетақы қорының  акцияларына төлем жасауға ақша енгізудің алдындағы соңғы айдың  аяғына жинақтаушы зейнетақы қорының  заңды тұлға - акционерлерінің капиталындағы  қозғалысы туралы есепті ұсынады.

3. Бағалы қағаздар рыногында  қызметті жүзеге асыруға лицензия  алу үшін жинақтаушы зейнетақы  қоры мынадай құжаттарды ұсынады:

а) Ереженің 10-қосымшасына сәйкес нысан  бойынша лицензия беру туралы өтінішті;

б) қызметтің жекелеген түрімен  айналысу құқығы үшін бюджетке лицензия алымының төленгендігін растайтын  құжат;

г) бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыруға қатысатын филиалдардың (осындайлар болған жағдайда) тізімін  және сондай филиалдар туралы ережелердің  нотариатта куәландырылған көшірмелерін;

д) құжаттарды берген күннің алдындағы  күндегі жағдай бойынша осы Ереженің 2, 3-қосымшаларына сәйкес акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтерді (қаржылық қызмет көрсету бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды  тұлғаларға - жинақтаушы зейнетақы  қорының ірі қатысушылары туралы мәліметтер);

е)қызметкерлердің фамилиясы, аты  және болған жағдайда әкесінің аты, олардың  атқаратын лауазымы көрсетіле отырып, штаттық кестенің көшірмесін;

ж)бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыру бойынша міндет жүктелетін құрылымдық бөлімшелер туралы ережені;

з) ішкі аудит қызметі туралы ереже;

и)құрамы туралы мәліметтерді (зейнетақы  активтерін басқару бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға үміттенетін  жинақтаушы зейнетақы қорына) қоса отырып, инвестициялық комитет туралы ережені;

к)жинақтаушы зейнетақы қорының  Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарға және өзге де құрал-жабдыққа қойылатын талаптарды орындағанын растайтын құжаттарды;

л) жинақтаушы зейнетақы қорының  бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алу  мақсатын, қызметтің негізгі бағыттарын және өтініш беруші бағдарға алған  рыноктың сегментін, қызмет көрсету  түрлерін, маркетинг жоспарын, жинақтаушы зейнетақы қорының кәсіби қызметімен байланысты тәуекелдер мен оларды азайту тәсілдерін, қаржылық перспективаларын (есеп айырысу балансы, алғашқы үш қаржылық (операциялық жылға) кірістер мен шығыстардың есебі), еңбек  ресурстарын тарту жоспарын ашатын бизнес-жоспарды.

1.Жинақтаушы зейнетақы қорына  бағалы қағаздар рыногында қызметті  жүзеге асыру құқығына лицензия  алудың талаптары мыналар болып  табылады:

1) уәкілетті орган жинақтаушы  зейнетақы қоры үшін белгілеген  пруденциалдық нормативтерді бағалы  қағаздар рыногындағы қызметті  жүзеге асыру үшін лицензия  алуға өтініш берген күн алдындағы  үш жүйелі күнтізбелік айдан  кем емес кезеңде сақтауы;

2) органның жинақтаушы зейнетақы  қорына бағалы қағаздар рыногындағы  қызметті жүзеге асыру үшін  лицензияны алуға өтініш берген  күн алдындағы үш жүйелі айдан  кем емес кезеңде қолданылған  санкцияларының болмауы.

2. Бағалы қағаздар рыногындағы  қызметті жүзеге асыру үшін  уәкілетті органның лицензиясы  бар жинақтаушы зейнетақы қоры  үшін бағалы қағаздар рыногындағы  қызметтің қосымша түрін жүзеге  асыру үшін лицензияны алу  шарттары болып мыналар табылады:

1) уәкілетті органның жинақтаушы  зейнетақы қоры үшін белгілеген  пруденциалдық нормативтерді бағалы  қағаздар рыногында қызметті  жүзеге асыруға лицензия алуға  өтініш берген күн алдындағы  үш жүйелі күнтізбелік айдан  кем емес кезеңде сақтауы; 

2) уәкілетті органның бағалы  қағаздар рыногында қызметті  жүзеге асыратын заңды тұлғалар  үшін белгілеген пруденциалдық  нормативтерді лицензия беру  туралы өтініш берген күн алдындағы  үш жүйелі күнтізбелік айдан  кем емес кезеңде сақтауы және  бағалы қағаздар рыногында қосымша  қызметті жүзеге асыруға лицензия  алу үшін өтініш берген күн  алдындағы үш жүйелі ай ішінде  жинақтаушы зейнетақы қорына  қатысты санкцияның болмауы.

Жинақтаушы зейнетақы қоры бағалы қағаздар рыногындағы қызметтің  екі түрін жүзеге асыруға лицензиялар  алған жағдайда, жинақтаушы зейнетақы  қоры сонымен қоса Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңның 55-бабының талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының  ірі қатысушысы сипаттарына келетін  тұлға уәкілетті органға осы  қордың ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге  рұқсат алу үшін осы Ереженің 1-тармағында аталған құжаттармен бірге бір  уақытта Зейнетақымен қамсыздандыру  туралы Заңның 36-1-бабында көзделген құжаттарды ұсынады.

Лицензияны алу кезінде жинақтаушы зейнетақы қорларын басқарушы қызметкерлері  Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын  және қаржы ұйымдарын реттеу мен  қадағалау агенттігімен келісілген болуы тиіс.

1.Жарғылық капиталдың барынша  төмен мөлшері (төленген):

а) ашық жинақтаушы зейнетақы қоры үшін - 250.000.000 (екі жүз елу миллион  теңгеден) кем емес;

б) корпоративті жинақтаушы зейнетақы  қорлары үшін 100.000.000 (жүз миллион) теңгеден кем емес.

2. зейнетақы активтерін инвестициялық  басқару бойынша қызметті жүзеге  асыру үшін лицензия алу үшін  жинақтаушы зейнетақы қорларының  жарық көрген (төленген) жарғылық  капиталдарының ең төмен мөлшері:

а) ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары  үшін 500.000.000 (бес жүз мың миллион) теңгеден кем емес;

б) корпоративті жинақтаушы зейнетақы  қорлары үшін 300.000.000 (үш жүз миллион) теңгеден кем емес. 
 Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорларын әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат алу үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган сұратқан соңғы қосымша ақпаратты немесе құжатты ұсынған күннен бастап үш ай ішінде, бірақ өтінішті алған күннен бастап алты айдан асырмай қарайды.

30 жұмы күні;

брокерлік қызмет үшін 30 АЕК;

диллерлік қызмет үшін 30 АЕК; 
зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызмет үшін 30 АЕК 
Зейнетақы салымдарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қызметі үшін 10 АЕК 


Информация о работе Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі