Қазақстан Республикасында вирустық гепатит ауруы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 16:12, реферат

Описание

Елімізде жіті вирустық гепатиттердің арасында А вирустық гепатит ауруы кең тараған. Ресми статистикалық деректер бойынша вирустық гепатит ауруының жалпы саны 80 – 85 пайызды құрайды. А вирусты гепатит бірінші рет 1973 жылы ашылған. Бүгiнгi таңда медицина мамандары гепатиттiң бес түрiн, яғни «Гепатит А», «Гепатит Б», «Гепатит С», «Гепатит Д», «Гепатит Е» анықтаған. Ең қауiптiсi – «Гепатит С». Оның ішінде А гепатиті – 10–15, В гепатиті – 2 – 2,5, С және типтелмейтін гепатит -1,4–6,5 пайызды құраған.

Работа состоит из  1 файл

Социология.doc

— 46.00 Кб (Скачать документ)

            қазақстан республикасының білім жӘне ғылым министрлігі 

қарағанды мемлекеттік техникалық университеті 

      ПКОҚӨ кафедрасы
 
 
 
 
 
 
 
 

          

              РЕФЕРАТ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                                                          

                                                   Қабылдаған: 

                                                                               Орындаған: ГД- 09-1 тобының

                                                                                         студенті Ибрахимова А.Е

                                                                                                                                   
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қарағанды 2011

Қазақстан Республикасында  вирустық гепатит  ауруы. 
 

     Зерттеудің көкейкестігі: Бүгінгі таңда дүниежүзінде және еліміздің денсаулық сақтау саласында вирустық гепатит ауруы өзекті өткір проблемалардың бірі болып саналады.

     Қазақстан вирустық гепатит ауруының таралуы жағынан жоғары эндемиялы өңірге жатады. Жыл сайын гепатит ауруымен 13-тен 30 мыңға дейін адамдар сырқатқа ұшырайды. 2007 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында вирустық гепатит ауруы жоғары деңгейге көтерілген.

      Елімізде жіті вирустық гепатиттердің арасында А вирустық гепатит ауруы кең тараған. Ресми статистикалық деректер бойынша вирустық гепатит ауруының жалпы саны 80 – 85 пайызды құрайды. А вирусты гепатит бірінші рет 1973 жылы ашылған. Бүгiнгi таңда медицина мамандары гепатиттiң бес түрiн, яғни «Гепатит А», «Гепатит Б», «Гепатит С», «Гепатит Д», «Гепатит Е» анықтаған. Ең қауiптiсi – «Гепатит С». Оның ішінде А гепатиті – 10–15, В гепатиті – 2 – 2,5, С және типтелмейтін гепатит -1,4–6,5 пайызды құраған.

     Аурудың кең таралуының негізгі себебі: халықтың таза ауыз сумен қамтамасыз етілмеуі. Вирустық гепатит ауруы су жүйесінің құбырлары мен құрылыстары жағдайына және ауыз суының көлемі мен сапасына тікелей байланысты. Елімізде қалалардың ауыз су құбырларына техникалық қызмет көрсету және дезинфекциялау мәселелері оң шешілген болса, ал ауылдық елді мекендерде су құбырлары арнайы қызметтің көрсетілмеуінен қиындыққа белшеден батып отыр.

    Көптеген қалаларда базарлардың ретсіз бой көтеруі және тамақ өнімдерін кез – келген жерде сату аурудың өршуіне бірден-бір факторы болып есептеледі.

    Дәрiгерлердiң түсiндiруiнше, аталған вирус көбiнесе донорлық қан құю кезiнде, қан алмастыру және медициналық ине-құралдардың таза болмауынан, сондай-ақ ауырып жүрген анадан балаға жұғады.

     Зерттеудің нысаны: Гепотит ауруының алдын-алу шаралары.

       Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің эпидемиялық кезеңде вирустық гепатит ауруын болдырмау үшін арнайы қаулы қабылдады.

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі халық арасында вирустық гепатиттердің алдын-алу шараларын кең көлемде іске асыруда.

-  халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етілуі, тамақ өнімдерін өндіру мен сату кезінде санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің сақталуы, жалпы орта білім беретін орындар мен балабақшаларда, емдеу – алдын – алу және басқа да ұйымдар мен мекемелерде санитарлық-гигиеналық және эпидемиялық талаптардың орындалуы, халықтың санитарлық-гигиеналық жағдайының жақсаруы, халықтың салауаттылығын арттыру мақсатында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізуіне көп көңіл бөлінеді.

      Зерттеу мақсаты: Вирустық гепатиттердің алдын алу мақсаты. Медициналық ұйымдарды жеткілікті көлемде бірреттік бұйымдармен қамтамасыз ету шаралары. Донорлық қанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында салалық бағдарлама жасалып және қазіргі таңда келісім шаралары іске асу.

    Сондай-ақ, Қазақстанда гепатит ауруын алдын алу мақсатында жаңа туған нәрестелер, медициналық қызметкерлер вакциналық емдеу әдісі жүргізіледі. Вакциналау әдісі 6 ай ішінде 2 рет өткізіледі.

      Зерттеу міндеті:

  • республика тұрғындарының бұл ауру түріне қарсы тұру деңгейін анықтау;
  • гепатитпен күреске байланысты «antiВируС» шұғыл шараларын қолға алу;
  • гепотит ауруының халық арасында төмендеу не өсу қарқынын анықтау.
  • гепатит вирустары жайлы ақпаратты тұрғындар арасында кеңiнен таратып, оның мәнi мен зардабы жөнiнде мәлiмет беру
 
 
 

                                                Анкета

     

    Өзің таңдаған жауаптың астын сыз. 

  1. Виристуқ  гепотит бұл қандай ауру екенін білесіз бе?

                Иә          Жоқ      Билмеимін 

  1. Аурудың кең таралуының негізгі  себебтерін білесіз  бе?

             Иә          Жоқ        Билмеймін 

  1. Жыл сайын гепотит  ауруымен қанша адам аурады?

             Иә          Жоқ        Билмеймін 

    4. Вирустық гепотит  ауруының елімізде қанша түрі белгілі?

             Иә          Жоқ        Билмеймін 

  1. Вирустық  гепотит ауруының ең қауіпті түрі қандай?

             Иә          Жоқ        Билмеймін 

  1. Гепатит ауруын алдын алу  шаралары қандай?

             Иә          Жоқ        Билмеймін 

  1. А вирусты гепатит  алғаш рет ұай  жылы ашылған?

              Иә          Жоқ        Билмеймін 

  1. Гепотит ауруының өршуінің негізгі  факторлары қандай?

             Иә          Жоқ        Билмеймін 

  1.  Вирустық гепотит ауруының ең қауіпсіз түрі қандай?

             Иә          Жоқ        Билмеймін

 

  1. Гепатитке қарсы медициналық шаралар?

             Иә          Жоқ        Билмеймін

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Қазақстан Республикасында вирустық гепатит ауруы