Қазақстан Республикасындағы неке және отбасы: жалпы сипаттамасы. Отбасылық қарым қатынастардың құқықтық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 13:08, творческая работа

Описание

Отбасы құқығы- некеге тұру шарттары мен тәртібін, некені тоқтату және оны жарамсыз деп айқындайтын, отбасы мүшелері арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін құқықтың дербес саласы.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1.Неке және отбасы ұғымы
2.2. Некеге тұру және бұзу
2.3. Неке мен отбасын қорғау
2.4. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
2.5. Алимент
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

kykyk.ppt

— 1.67 Мб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының  Деңсаулық сақтау министрлігі

Семей Мемлекеттік Медицина  Университеті 

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ  ПӘНДЕР  КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

СӨЖ

Пән: Құқық негіздері

Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы неке және отбасы: жалпы сипаттамасы. Отбасылық қарым~қатынастардың құқықтық негіздері

 

Орындаған: Атантаева А. С.

ЖМФ, 108 топ

Тексерген: Мукушев С.Б.

 

Семей 2011

 

 

 

 

ЖОСПАР:

 

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім

     2.1.Неке және отбасы ұғымы

2.2. Некеге тұру және бұзу

2.3. Неке мен отбасын қорғау

2.4. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері

2.5. Алимент

3.  Қорытынды

4. Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

Кіріспе

 

 Отбасы құқығы- некеге тұру шарттары мен тәртібін, некені тоқтату және оны жарамсыз деп айқындайтын, отбасы мүшелері арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін құқықтың дербес саласы.

  • жылы Қазақстан Республикасының “Неке және отбасы туралы“  заңына сәйкес: отбасы дегеніміз- бұл некеден, туыстықтан, дүниеге бала әкеліп оны тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын өзара жәрдесдесуге тиісті адамдар тобы.

Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады.

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы отбасы құқығының қайнар көзі Қазақстан 

Республикасының 1998 жылы 17 желтоқсандағы  “Неке және отбасы туралы ” Заңы болып табылады.

 

7 бөлімнен

 

29 тараудан

 

213 баптан тұрады.

 

 

 

 

 

Осы Заңда пайдаланылатын 

негiзгi ұғымдар

 

1) неке - ерлi-зайыптылар арасындағы мүлiктiк  және мүлiктiк  емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгiленген тәртiппен тараптардың ерiктi және толық келiсiмi жағдайында жасалған еркек пен әйелдiң  арасындағы тең құқықты одақ

 

отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиiстi адамдар тобы;

 

неке жасы - адамның некеге тұру құқығына жеткендегi жасы;

 балалық шақ - кәмелетке толмаған адамдардың құқықтық жай-күйi;

 мүлiктiң шарттық режимi - ерлi-зайыптылардың және олардың осы некеден туған балаларының неке шартымен белгiленген меншiгiнiң режимi;

 суррогат ана шарты - балалы болуды қалайтын адамдар мен бойға бала бiтiрудiң

 

 

 

 

Туыстық қатынастарда,некенің  болуы, бала, бала асырап алу, т.б.

Негіздер отбасының ең  басты белгілері. Ешкім де отбасыны  біріктірілмейді, оның негізі туыстық, сүйіспеншілік сезімдерінен басталады. Әлеуметтік институт ретінде  отбасы қоғамда бірқатар қызметтер  атқарады. Олар:

  • Отбасы мүшелерінің өзара көмек көрсету қызметі;
  • Өмірге ұрпақ әкелу қызметі

 Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады. Егер кәмелетке толған балалары ата – анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе – бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата – анасыз бірге тұрып, бір – біріне қамқорлық жасайтын болса – бұл да отбасы.

 

 

 

 

«Азаматтық неке» ұғымы 1580 жылы 

Нидерланды елінде қалыптасқан. Кейін

 1791 жылы Францияға, 1836 жылы Англияға, 1875 жылы Германияға, 1917 жылы Ресейге тараған. Енді міне біздің елдің есігін қағып тұр.

 

Бұл некенің өзгешелігі  мемлекеттiк органның тiркеуiнен  де өтпейдi, Қазақстан Республикасының  “Неке және отбасы туралы”  Заңында ол туралы ешқандай  түсiнiктеме берiлмеген. Сол себепті  заң өкiлдерi мұны әзірге “бейресми  некелесу” деп  қабылдап отыр.

 

 

Жалған 

неке-

отбасының құру 

ниетінсіз және 

ерлі-зайыптылар арасында  ешқандай құқықтар мен міндеттер  туындат

пайтын, бірақ заң жүзінде  құрылған неке.  

 

 

 

 

Қазақстанда мемекеттік  АХАТ органында тіркелген неке  ғана танылады. Қазақстанда некеге  тұрған кезде отбасылық қатынастарда  әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тілдік  немесе қай дінді ұстанатындығына  қарай азаматтардың құқығын шектеудің  кез келген түрлеріне тыйым  салынады. Ерлі – зайыптылар қатынастарына  туыстарының араласуына жол берілмейді.

 

Егер неке тіркелмесе  де, бірақ еркек пен әйел бірге  тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып  жатса, мұны да отбасы деп айтуға  болады. Егер кәмелетке толған  балалары ата – анасымен бірге  тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық  көмек көрсетсе – бұл да  отбасы. Егер кәмелетке толған  ағалары мен қарындастары ата  – анасыз бірге тұрып, бір –  біріне қамқорлық жасайтын болса  – бұл да отбасы.

 

 

 

 

Толық отбасында ата – анасы, балалары және әдетте, әкесі жағынан да шешесі жағынан да аға ұрпақ өкілдері – атасы мен әжесі болады.

 

   Толық емес отбасы балалардың ата – анасының біреуінің ғана болуымен сипатталады. Соның өзінде балалардың ата – аналары ажырасқан болса, балалары соның қарамағында қалған ата – анаға екінші жағы балаларды және еңбекке жарамсыз ерлі – зайыптыны бағып – қағу үшін алимент төлейді. Егер ерлі – зайыптылардың біреуі қайтыс болып, екіншісінің қарамағында кәмелетке толмаған балалары қалса, онда оған мемлекет жәрдемақы ретінде материалдық көмек көрсетеді. Сөйтіп, толық және толық емес отбасы да тең жағдайда заң және мемлекетарқыы қорғалады.

 

 

 

Отбасы

 

толық

 

Толық емес

 

 

 

 

Неке мен отбасын

 қорғау

 

юрисдикциялық

 

бейюрисдикциялық.

 

отбасының құқығы бұзылған 

немесе дауланатын құқықты

 қорғау жөніндегі өкілетті мемлекеттік

органдарды қатыстыру  арқылы 

жүзеге асырылады.

Бұлар сот, прокурор, азаматтық 

хал актілерін тіркеу 

(АХАТ) органдары, қамкоршылык 

органдары, ішкі істер  органы.

 

 

отбасының құқықтары мен  мүдделерін қорғау жөніндегі  азаматтар мен ұйымдардың іс-әрекеттері. Азаматтар бұл әрекеттерді мемлекеттік  органдардан көмектесуді өтінбей-ақ  өздері іске асырады. Мұндай іс-әрекеттерді  — кұқығын өзі қорғау деп  атайды. Мысалы, құқығы бұзылған  баланың ата-анасы тәртіп бұзушы  баланың ата-анасымен кеңесіп, оған  кешірім сұрауға ұсыныс жасайды  және т.б.

 

 

 

 

Сот арқылы қорғау — отбасы құқығын қорғаудың бір түрі болып табылады. Бұл істе прокуратура, ішкі істер органдары, АХАТ органдары, тәрбиелік мекемелер, атқарушы органдар — әкімдіктер үлкен рөл атқарады. Мысалы, әкімдіктер ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау шараларын қолға алуға, ондай балаларды есепке алуды ұйымдастырып, оларды отбасыларға орналастыруға көмек көрсетуге міндетті. Ішкі істер органдары баланы күштеп тартып алуға, сондай-ақ алимент төлеуден жалтарып жүрген адамдарды іздестіруге байланысты шешімдерді күштеп орындауға қатысулары мүмкін.

 

 

 

 

 

Отбасы құқығы бойынша неке — бұл «ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ» .

 Некені занды түрде рәсімдеу дегеніміз оны азаматтық хал актілеріндегі жазу органдарында тіркеу болып табылады. Белгілі бір тәртіппен тіркелген некенің ғана құқықтық күші болады. Бұл ереже неке-отбасы зандарының негіздерінін бірі болып табылады («Неке және отбасы туралы» Заңның 2-бабының 3-тармағы).

 

 

 

 

Некеге тұру некеге  тұрушы ері мен әйелдің өзара  ерікті келісімі және олардың  неке жасына жету болып табылады. Егер неке күш көрсету, алдау, қорқыту жолымен қиылған болса, онда ол жарамсыз деп танылуы  мүмкін.

Біздің заңымызға сәйкес  неке жасы – 18 жас. АХАТ органдары  дәлелді себептері болған жағдайда  неке жасын екі жылдан аспайтын  мерзімге төмендете алады. Неке  жасына жетпеген адамдардың некеге  тұруына ата – аналарының келісімі  бойынша ғана рұқсат етіледі. Жүктілік немесе баланың тууы, әскери қызметке шақырылуы, кәмелетке  толмағандардың нақты отбасын  құруы дәлелді себептердің қатарына  жатады.

 

 

 

 

 Некелік шарт деп –  некеге тұратын адамдардың немесе ерлі – зайыптылардың некеде тұрғандағы немесе оны бұзған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісімдері танылады. Некелік шарт міндетті түрде жазбаша жасалуы және нотариуспен куәландырылуы қажет.

Некелік шартты некені тіркегенге  дейін, сондай – ақ некеде  тұрған кез келген уақытта жасасуға болады. Некелік шарттың субъектілері не ерлі – зайыптылар, не некеге енді тұруға әзірленіп жатқан адамдар болуы мүмкін (күйеу мен қалыңдық). Ерлі – зайыптылар, яғни АХАТ органдарында тіркелмеген, бірақ бірге тұратын және бір – біріне қамқорлық көрсететін адамдар некелік шарт жасаса алмайды

 Мемлекеттік және қоғамдық мүдделер тұрғысынан алғанда да, ерлі\зайыптылардың және олардың балаларының жеке және мүліктік мүддесін қорғау жөнінен де некені тіркеу қажет. Тіркеу кезінде некені қию шарттарының сақталғандығы тексеріледі.

 

 

 

 

 

Некеге түру үшін заңда  белгіленген шарттарды (9-11 баптар) сақтау  қажет. Оның біріншісіне мыналар  жатады: некеге тұратын еркек  пен әйелдің өзара ерікті келісімі  және олардың неке жасына жетуі.

Некеге тұратын адамдардың  өзара келісімі некеге тұрудың  шарты ретінде еркек пен әйелдің  ерікті және еркін одағы болып  табылатын неке мәнінен туындайды. Осы шарт біреудің мәжбүр етуімен  болатын неке одағына заң мен  бермейтінің көрсетеді.

“Неке және отбасы туралы“  Заңның 10 –бабында азаматтық хал актілеріне жазу органдары некеге тұруды мемлекеттік тіркеу орындарында дәлелді себептері болған жағдайда неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендету мүмкіндігі ( некеге тұрушылардың өздерінің және олардың ата –аналарының, немесе қорғаншылардың келісімімен) көзделген.

Белгіленген неке жасын  кемітудің қажеттілігіне келетін  болсақ, мұндай жағдай неке жасына  толмаған , бірақ іс жүзінде некеге тұрғандары үшін, әйелдің аяғы ауырлығы мен баласы тууы үшін жасалады.

 

 

 

 

Некеге тұруға кедергі жасайтын қолайсыз  жағдайлардың, немесе басқада себептердің болатындығы “Неке және отбасы туралы“  Заңның 11–бабында  қарастырылған. Осы бапқа сәйкес мына тараптағы адамдардың некеге 

тұруына тыйым салынады:

1)  біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың

2)  тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың (ата-аналар мен балалардың, атасының, әжесінің және немерелерінің), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы-сіңілілердің (аға-қарындастардың); 

3)  асырап алушылар мен асырап алғандардың; 

4)  біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп

 таныған адамдардың арасында

жол берілмейді.

 

 

 

 

 

 

Некені бұзу үшін мынадай үш шарттың болуы қажет:

  • АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың некені бұзу жөніндегі өзара келісімі;
  • кәмелетке толмаған балаларының болмауы;
  • бір – біріне мүліктік және өзге де талаптарының болмауы.

 

 

 

Некені 

тоқтататын 

оқиғалар 

қатарына 

мыналар жатады:

 

 

 

ерінің 

Қайтыс

 болуы;

 

соттың 

ерлі – 

зайыптылардың 

біреуін өлді 

деп жариялауы

 

некенің 

Бұзылуы

 (ажырасу).

 

 

 

 

 

Заңмен белгіленген шарттар  бұзылған жағдайда неке жарамсыз  деп танылады. Сондай-ақ жалған неке(“Неке және отбасы туралы“  Заңның 24–бабы) жарамсыз деп танылады.

 

 

 

 

 

 

Некенің жарамсыздығы 

 

 

 

 

 

некеге тұрушылардың 

өзара келісімі болмаған;

 

 

неке жасына жетпеген

 адаммен некелескен;

 

 

іс-әрекетке 

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы неке және отбасы: жалпы сипаттамасы. Отбасылық қарым қатынастардың құқықтық негіздері