Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 09:00, реферат
Тәуелсіздікті алған кезден бастап-ақ Қазақстанның жоғарғы басшылығы Ресеймен тату көршілік қатынастарды орнату қажеттігі туралы қорытындыға келді. Әңгіме шын мәнінде жаңа тарихи жағдайларда екі мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастың үлгісін жасау туралы еді. Басқаша сөзбен айтсақ, Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясында Ресеймен ынтымақтастыққа бірінші дәрежелі назар аударылады. Қазақстанның пікірі бойынша, екі мемлекеттің әл-ауқаты көп жағдайда халықтар арасында қалыптасқан байланыстардың сақталуына, экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың оң әлеуметінің нығайтылуына, қазіргі бар қарым-қатынасты кең ауқымды ынтымақтастыққа, үдемелі мемлекет аралық кооперацияға айналдыруға байланысты.
Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығына жол ашатын көптеген факторлар бар.
ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ
Тәуелсіздікті
алған кезден бастап-ақ Қазақстанның
жоғарғы басшылығы Ресеймен тату
көршілік қатынастарды орнату қажеттігі
туралы қорытындыға келді. Әңгіме шын
мәнінде жаңа тарихи жағдайларда
екі мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастың
үлгісін жасау туралы еді. Басқаша сөзбен
айтсақ, Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясында
Ресеймен ынтымақтастыққа бірінші дәрежелі
назар аударылады. Қазақстанның пікірі
бойынша, екі мемлекеттің әл-ауқаты көп
жағдайда халықтар арасында қалыптасқан
байланыстардың сақталуына, экономикалық,
ғылыми-техникалық және гуманитарлық
ынтымақтастықтың оң әлеуметінің нығайтылуына,
қазіргі бар қарым-қатынасты кең ауқымды
ынтымақтастыққа, үдемелі мемлекет аралық
кооперацияға айналдыруға байланысты.
Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығына
жол ашатын көптеген факторлар бар. Бұл
ортақ тарих, 7 мың км-ге ұзақтыққа созылатын
ортақ шекара, ортақ тіл және ұқсас діл.
Сондықтан тату көршілік пен тең құқықты
ынтымақтастықтан басқа қандай да бір
өзге саясат екі мемлекеттің түбірлі мүдделеріне
қайшы келеді.
Оның үстіне екі елдің өзара іс-қимылының
терең қатпарлы факторлары Астана мен
Мәскеудің көптеген көкейтесті халықаралық
проблемаларға көзқарастарының жақындығын
айқындайды. Мұның өзі ғаламдық және аймақтық
қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған
сыртқы саяси өзара іс-қимылға, бастамаларды
екі жақты қолдауға жәрдемдеседі. Халықаралық
сахнадағы ынтымақтастық өзара қарым-қатынастың
сапалы жаңа деңгейіне – стратегиялық
әріптестік деңгейіне көтерілуге мүмкіндік
береді, бұл дегеніміз екі мемлекет басшыларының
тұрақты байланыстарын қоса алғанда, барлық
деңгейлердегі жан-жақты байланыстарды
білдіреді.
Отандық және шетелдік тарихнамада Қазақстан-Ресей
қарым-қатынастарын кезеңдерге бөлу мәселесіне
қатысты бірнеше көзқарастар бар. Біздің
көзқарасымызша төмендегідей кезеңдерге
бөліп көрсету орынды секілді:
1. Мемлекетаралық қатынастардың құқықтық
негіздерін қалыптастыру (1991 ж. тамыз –
1992 ж. мамыр);
2. Саяси экономикалық және әскери салаларда
екі жақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары
мен нысандарын белгілеу (1992 ж. мамыр –
1994 ж. соңы);
3. ТМД шеңберіндегі интеграциялық процестер
арнасында екі жақты ынтымақтастықты
кеңейту және тереңдету (1995 ж. бастап осы
уақытқа дейін).
Бірінші кезеңде тараптардың күш-жігері
шарттық-құқықтық құжатты әзірлеуге бағытталды.
Мұндай құжат екі жаңа мемлекеттер арасындағы
өзара қарым-қатынастардың негізгі принциптерін
айқындайды. Президенттер Н. Назарбаев
пен Б. Ельцин 1992 ж. 25 мамырда Қазақстан
Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы
Достық, ынтымақтастық және өзара көмек
туралы шартқа қол қойды. Бұл құжатта КСРО
ыдырағаннан кейін болған іргелік өзгерістер
және екі мемлекеттің қарым-қатынасы сапалы
жаңа геосаяси деңгейге көтерілгені көрініс
тапты. Шарт екі жақты ынтымақтастықтың
берік құқықтық негізін қалап, Қазақстан
мен Ресейдің ресми мемлекетаралық өзара
қарым-қатынасының жаңа бетін ашты.
Шартта Қазақстан мен Ресей тарихи қалыптасқан
байланыстарды негізге ала отырып, өздерінің
қарым-қатынастарын Одақтас мемлекеттер
ретінде құратыны айтылады. Екі жақты
қатынастар мемлекеттк егемендікті, аумақтық
тұтастықты және қазіргі шекаралардың
мызғымастығын өзара құрмет тұтуды, дауларды
бейбіт жолмен шешуді және қысым жасаудың
экономикалық және өзге де тәсілдеріне
жол бермеуді, тең құқылықты және бір-бірінің
ішкі істеріне араласпауды, адам құқығын
сақтауды, сондай-ақ негізгі бостандықтарды,
міндеттемелерін адал ниетпен орындауды
қоса алғанда, күш қолданбау және күш қолдану
қауіпін туғызудан бас тарту принциптеріне
негізделеді.
1994 ж. наурызда болған, Қазақстан Президентінің
Ресей Федерациясына жасаған тұңғыш мемлекеттік
сапары екі жақты қарым-қатынасты кеңейту
мен тереңдетуде елеулі роль ойнады, оның
барысында 22 ірі ауқымды құжаттарға қол
қойылды. Олардың ішінде экономикалық
ынтымақтастық пен интеграцияны одан
әрі тереңдету туралы шартты бөліп көрсету
қажет. Осы құжатқа сәйкес Тараптар экономикалық
интеграцияны қамтамасыз етуде, ортақ
рынокты қалыптастыруда, шаруашылық заңнамаларын
жақындастыруда өзара тығыз үйлестіру
ісін жүзеге асыру туралы уағдаласты.
Сол сапарда бір-бірінің аумағында тұрақты
тұратын, Қазақстан мен Ресей азаматтарының
азаматтығы мен құқықтық мәртебесіне
байланысты мәселелерді шешудің негізгі
принциптері туралы меморандумға, Байқоңыр
ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі принциптері
мен шарттары туралы келісімге қол қойылды.
Осы келісімдер тату көршілік рухындағы
ынтымақтастықты дамытуда төтенше маңыз
алды. Осыған байланысты Азаматтық және
Байқоңыр ғарыш айлағының мәртебесіне
байланысты құжаттарды айырықша бөліп
көрсету қажет. Қол жеткізілген уағдаластықтардың
әлемдік практикада ұқсас нұсқалары жоқ.
КСРО ыдырауынан туындаған күрделі проблемаларды
шешу екі жақты қатынастардың ерекше достық
сипатына, олардың тұрақтылығына және
болжай білуге болатындығына байланысты.
Байқоңыр ғарыш айлағының мәртебесіне
қатысты құжаттардың тарихи маңызы ТМД
аумағында болған оқиғалардың тұрғысында
осы күндері айырықша көзге түседі. Қара
теңіз әскери флоты бойынша Ресей мен
Украинаның тайталасы, Әзірбайжан мен
Армения арасындағы жанжал, Кавказдағы
жағдай – мұның бәрі жоғары деңгейде қабылданған,
жалға алу шарты мен ғарыш айлағын бірлесіп
пайдалану туралы саяси шешімнің ұтымдылығын
көрсетеді ( жыл сайын 115 млн. доллар). Қазақстан
мен Ресейдің ғана емес, бүкіл адамзаттың
игілігі болып табылатын Байқоңыр ғарыш
айлағының мәртебесі жөнінде басқаша
шешім қабылдануы мүмкін емес еді. Қалай
болғанда да осы күрделі проблемаға өзгеше
көзқарас екі елдің ұзақ мерзімді мүдделеріне
қайшы келіп, әлемдік космонавтиканың
болашағына қатысты қолайсыздық туғызатыны
айдан анық.
Бірқатар құжаттар екі жақты ынтымақтастықтың
әскери-саяси аспектілерін қозғады, олар:
Қазақстан Республикасының аумағында
уақытша орналасқан стратегиялық ядролық
күштер туралы келісім, әскери ынтымақтастық
туралы шарт; Семей сынақ алаңы жабылғанға
дейін онда қаланған, ядролық құрылғыны
бөлшектеу жөніндегі әскери-техникалық
ынтымақтастық туралы келісім, сондай-ақ
әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері
жөніндегі өзге де құжаттар. Екі елдің
мәдени-гуманитарлық байланыстарына да
үлкен назар аударылды.
Тараптар үкіметтік деңгейде қаржы-өнеркәсіптік
топтар құрудың негізгі принциптері туралы
келісімге қол қойды. Тап осы 1994 жылғы
наурызда екі елдің арасындағы экономикалық
ынтымақтастыққа қозғау салынды, дегенмен
кейінірек қаржы-өнеркәсіп топтары олардан
талап етілетін рольді ойнай алған жоқ.
Ал екі елдің үкіметтері арасындағы кеден
ісіндегі ынтымақтастық пен өзара көмек
көрсету туралы келісім Кеден Одағын құру
ісіндегі алғашқы қадам болатын.
1994 жылғы наурыздағы жоғары деңгейдегі
Қазақстан-Ресей кездесуі мемелекетаралық
қатынастардың серпінді дамуына қатысты
берік шарттық базаны құруға әкелді. Шын
мәнінде мемлекеттер басшыларының келіссөздері
экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық
және мәдени-гуманитарлық салалардағы
тығыз интеграцияның жаңа кезеңін ашты.
Бұдан бөлінбейтін еуразиялық кеңістікте
ғасырлар бойы тұрып жатқан екі ел халықтарының
достық пен өзара тиімді іс-қимылдың әлеуетін
сақтауға және еселеуге деген ұмтылысы
көрінді.
1995 жылы Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы
жемісті түрде дамуын жалғастырды. Жыл
ішінде Қазақстан мен Ресейдің Президенттерінің
екі кездесуі өтті. Жоғарғы деңгейдегі
келіссөздер барысында проблемалардың
кең ауқымы қаралды және саяси, ғылыми-техникалық
және мәдени-гуманитарлық салалардағы
тығыз интеграцияның жаңа кезеңін ашты.
Бұдан бөлінбейтін еуразиялық кеңістікте
ғасырлар бойы тұрып жатқан ел халықтарының
достық пен өзара тиімді іс-қимылдың әлеуетін
сақтауға және еселеуге деген ұмтылысы
көрінді.
1995 жылы Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы
жемісті түрде дамуын жалғастырды. Жыл
ішінде Қазақстан мен Ресей Президенттерінің
екі кездесуі өтті. Жоғары деңгейдегі
келіссөздер барысында проблемалардың
кең ауқымы қаралды және саяси сондай-ақ
экономикалық сипаттағы маңызды құжаттарға
қол қойылды.
1995 жылғы 20 қаңтарда екі елдің Президенттері
аса маңызды үш құжатқа қол қойды, олар:
Ресей-Қазақстан ынтымақтастығын кеңейту
және тереңдету туралы декларация; Ресей
Федерациясының аумағында тұрақты тұратын
Қазақстан Республикасы азаматтарының
және Қазақстан Республикасының аумағында
тұратын Ресей Федерциясы азаматтарының
құқықтық мәртебесі туралы шарт; Ресей
Федерециясына тұрақты тұру үшін келген
Қазақстан азаматтарының және Қазақстан
Республикасына тұрақты тұру үшін келген
Ресей Федерациясы азаматтарының азаматтық
алуының жеңілдетілген тәртібі туралы
келісім.
Азаматтық мәселелерін реттейтін құжаттар
айрықша назар аударуды қажет етеді. Келіссөздер
процесі басталғаннан кейін бастап Ресей
тарапы қосарланған азаматтық тұжырымдамасын
тануды және оны іс жүзінде екі жақты қарым-қатынастарда
қолдануды талап етті. Қазақстан тарапы
біздің елімізде қосарланған азаматтықты
қоданудың орынсыздығы туралы өз дәлелдерін
келтірді. Түпкі нәтижесінде үкіметтік
деңгейде азаматтық алудың жеңілдетілген
тәртібі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Осындай жолмен тұңғыш рет әлемдік практикада
тиісті елдердің азаматтығын алу үшін
мейлінше қолайлы жағдайлар туғызу туралы
мәмілелер жасалды. Басқаша сөзбен айтсақ,
Ресей азаматтығын алғысы келген қазақстандық
азаматтар мұны күрделі бюрократиялық
рәсімдерді аттап өтіп, оның ішінде Мемлекеттер
Басшыларына өтініш жазбастан істей алады.
Азаматтардың құқытық мәртебесі туралы
шарт сондай-ақ бі елді екінші елдің аумағында
тұрақты тұратын азаматтары үшін олардың
заңды құқықтарына қысым жасамастан қолайлы
жағдайлар туғызуды көздейді.
Мұндай келісімдер тараптардың шынайы
ынтымақтастыққа және тату көршілікке
өзара ұмтылысының нәтижесінде мүмкін
болды.
Ресей басшысының 1996 жылғы сәуірдегі Қазақстанға
сапары Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарында
қол жеткізілген сапалы жаңа деңгейдің
жарқын айғағына айналды. Н.Назарбаев
пен Б. Ельцин Каспий проблемаларына айрықша
мән берді. Кездесудің қорытындылары бойынша
Мемлекеттер басшылары Каспий теңізін
пайдалану жөніндегі ынтымақтастық туралы
бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Ол құжатта
жаңа саяси жағдайларда Каспий проблемаларын
әділетті түрде шешудің аймақтағы бейбітшілік
пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде шешуші
маңызы болатындығы атап көрсетілді. Тараптар
Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы
мәселені шешуде және теңіздің минерелдық,
биологиялық ресурстарын пайдалануда
тығыз ынтымақтасуға уағдаласты. Сөз болып
отырған уақытта Теңіз кен орнынан Новороссийскіге
дейін мұнай құбырының құрылысын салу
туралы (Каспий құбыр желісі концорциумының
жобасы) түпкілікті шешім қабылданды.
Содан кейін екі жыл бойы Қазақстан және
Ресей тараптары жоғары саяси деңгейде
қарқынды келіссөздер жүргізді Келіссөздерде
Қазақстан мен Ресейдің өзара іс-қимылына
үздіксіз сипат беруге, екі жақты ынтымақтастықтың
қарқыны мен көлемін ұлғайтуға айрықша
назар аударылды.
Осы бағыттағы күш-жігер табысты аяқталды.
ХХІ ғасырға бағдарланған мәңгілік достық
пен одақтастық туралы декларацияға қол
қойылды. Бұл құжаттың үлкен саяси мәні
бар. Екі жақты қарым-қатынастардың тарихында
бұрын-соңды болмаған осы құжатқа 1998 жылғы
6 шілдеде қол қойылып, Қазақстан мен Ресейдің
басшылары екі мемлекет те мәңгілік достық
байланыстармен сипатталатын әріптестер
және одақтастар болып табылатынын қуаттады.
Н.Назарбаетың туған күнінде өткізілген
жоғары дегейдегі кездесудің айрықша
жемісті болғанын атап өту керек. Осы 6
шілде күні Каспий жөніндегі келіссөздер
процесінде жаңа тұрпатты жаңалық болды.
Президенттер жер қойнауын пайдалануға
арналған егенменді құқытарын жүзеге
асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік
бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге
қол қойды. Тараптар теңіздің түбі бойынша
жетілдірілген орта сызықты жүргізу туралы
принципті уағдалысқа қол жеткізді.
Қазақстан Ресей қарым-қатынастарының
тағы бір жемісі ретінде РФ Президенті
Б.Ельциннің 1998 жылғы 12 қазанда Алматыға
жасаған мемлекеттік сапарының қорытындыларын
айтуға болады, оның нәтижесінде 1998-2007
жылдарға арналған экононмикалық ынтымастық
туралы кең ауқымды шартқа қол қойылды,
осы құжатты іске асыру жөнінде нақты
іс-шаралардың бағдарламасы жасалады.Бұл
құжат экономиканың нақты секторының
негізгі салаларындағы өндірістік инвестициялық,
ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытудың
нақты бағыттары мен үйлестіруші тетіктерін
белгілейді.Шаруашылық жүргізуші субьектілердің
арасында яғни тікелей экономикалық деңгейде
байланыстарды кеңейтуді көздейді