Қазақстанда социологиялық
көзқарастардың қалыптасу негіздері
Социологияның ғылым
ретінде пайда болуына алдымен
әлеуметтік-саяси және социологиялық
идеяларды қалыптастыратын әлеуметтік
ойдың даму кезеңі негіз болған.
Социологиялық ой қоғам, оның өзара
байланыстары, әлеуметтік қатынастар,
әлеуметтік шынайылықтың теориялық
конструкциясының құрылымы туралы көзқарастардың,
ұғымдардың жиынтығын білдіреді, ол
белгілі бір тарихи уақыт ішінде
белгілі бір әлеуметтік-саяси
және экономикалық жағдайларда қалыптасады.
Ол заңдардың, механизмдердің, зерттеу
амалдарының айқын ресмиленген
және қатаң жүйесін қалыптастырудың
негізі болып табылады.
Батыстың социологиялық
тұжырымдамаларының қалыптасуы мен
дамуы ерекшелігі бірқатар теорияларда
көрініс табатын өнеркәсіптік капиталистік
қоғам дамуының тарихи кезеңдерімен
байланысты. Ресейде социология "ұлттық
өзіндік сана нысанына”, "ресейтануға”
айналды. Социологиялық ойды зерттеушілер
жазғанындай, орыс социологы (әлеуметтік
философы) "жалпы қоғамды”, "жалпы
әлеуметті” және т.б. сирек зерттеген,
ол Ресейді зерттеген, тіпті абстрактілі
ұғымдарды қолданған кезде де
бұл оның тарапынан "таза ғылымға”
жасалған саналы немесе еріксіз құрмет
болатын, ал іс жүзінде ол не Ресейді,
не жалпы әлемді тұтасымен қарастырған
болатын [1, 255-б.]. Орыстың социологиялық
ойы "өзіндік зерттеумен”, "өзіндік
рефлексиямен” сипатталады - бұл
оны идеялық және рухани жағынан
қазақ ағартушылығымен және қазақстандық
ойшылдардың әлеуметтік-саяси ілімдерімен
жақындастыра түседі.
Қазақстанда әлеуметтік ойдың
қалыптасуы қазақ халқының қоғамдық
және әлеуметтік болмысының, дүниетанымының,
әлеуметтік құндылықтар жүйелерінің
айрықша нысандарына байланысты
өзіндік ерекшеліктері бар. ХІХ
ғасырдағы - ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік
және әлеуметтік-саяси ілімдер қалыптасуының
объективті шарттары мынадай факторлар
болды: 1. рухани көтерілу - мәдениет, тарих,
жаратылыстану, әдебиет өркендеді,
сондай-ақ халықтың саяси және әлеуметтік
санасы сапалық жаңа деңгейге көтерілгені
атап өтілді; 2. әлеуметтік-саяси даму
- Қазақстандағы патшалық отаршылдық саясат
әкімшілік, сот нормалары арқылы қоғамдық
құрылымның дәстүрлік нысанының өзгеруіне
әкеп соқты.
ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстанның
қоғамдық ойында қазақ ағартушылығы
қалыптасты, оның жарқын өкілдері Шоқан
Уәлиханов (1835 - 65), Абай Құнанбаев (1845 -
1904), Ыбырай Алтынсарин (1841 - 89) болды. Қазақ
ағартушылығының философиялық мұрасы
Қазақстан ғылымында кеңінен
зерттелген, онда қазақ ағарту ісінің
екі кезеңі қарастырылады:
1. Классикалық кезең - Ш.Уәлихановтан,
А.Құнанбаевтан және Ы.Алтынсариннен бастау
алады;
2. Дамыған ағарту ісі кезеңі. Оның
өкілдері М.Сералин, С.Торайғыров (1893 -
1920), С.Дөнентаев [2].
Белгілі ғалым С.Зиманов
ағарту ісінің даму процесі кезең-кезеңімен
өтеді: білім беруді насихаттаудан
бастап саяси бостандықты талап
етуге және оған қол жеткізу үшін
күресуді талап етуге дейін деп
жазады. Сонымен қатар, ағарту ісіне
баға бере отырып, зерттеушілер қандай
да бір ұлттық "негізде” пайда
болған кез келген ағарту идеологиясы
өзінің мәні бойынша интернационалдық
болып табылады, себебі ең алдымен
ұлттық емес, әлеуметтік және ұлттықтан
жоғары проблемаларды, яғни буржуазиялық
қоғамдық қатынастардың қалыптасу
дәуіріндегі түбегейлі әлеуметтік
проблемаларды күн тәртібіне
қояды деп жазады. ХІХ ғасырдағы
қазақ ойшылдарының қызметі жалпы
ағартушылық, әлеуметтік проблемаларды
өз елінің экономикалық, әлеуметтік-саяси
және рухани жағдайлары арқылы шешуге
бағытталды [2, 10-б.].
Ағарту философиясына
тән белгі бұқара халықты білімге,
білім беруге, мәдениетке, озат идеяларды
қабылдауға және т.б. жұмылдыру болып
табылады. Сол кездегі қоғамдық ой
алдында тұрған басты мәселе қоғамның
әлеуметтік прогресі және оны дамыту
проблемалары болды. Ағартудың әлеуметтік
философиясында қоғамдық қатынастардың
даму деңгейі, меншік нысандары, қоғамның
әлеуметтік құрылымы, таптар және қоғамның
таптық жіктелуі, әлеуметтік теңсіздіктер
және оны жоюдың жолдары, мемлекет және
мемлекеттік басқару нысандары,
отбасы және қоғам, қоғам және жеке
тұлға туралы мәселелер, сондай-ақ оқыту,
тәрбие және педагогика мәселелері қамтылған
[3, 75-б.]. Сонымен қатар, билік пен
басқарудың айрықша құзырлығын, қоғамның
саяси ұйымын және ондағы режимді
талқылай отырып, ағарту ісі қоғамның
сезімтал тұстарын қозғамай тұра алмайды
және мемлекеттік билікке сөзсіз
қарсы келеді. Егер де ол мемлекеттік
биліктің қызметіне ықпал етуге
ұмтылса, онда ол оған оппозицияда болады
[4, 8-б.].
Қазақстандағы социологиялық
көзқарастардың қалыптасу процесі
Батыс Еуропада социологияның ғылым
ретінде қалыптасуымен қатар
жүрді. Қазақ ойшылдарының теориялық
мұраларын шартты түрде үш бағытқа
бөлуге болады. Бірінші бағыт Ыбырай
Алтынсариннің, Шәкерім Құдайбердиевтің,
Ахмет Байтұрсыновтың (1873 - 1938) білім
(білім беру) социологиясы саласындағы
еңбектерімен және қызметімен байланысты.
Олар білімді, оның әлеуметтік маңыздылығы
мен құндылығын насихаттауды мақсат
етті. Ыбырай Алтынсарин бұл проблемаға
адам жасының психологиясы мен әлеуметтік
педагогика тұрғысынан қарады.
Қазақстанда
социологиялық көзқарастардың қалыптасу
негіздері
Социологияның
ғылым ретінде пайда болуына
алдымен әлеуметтік-саяси және социологиялық
идеяларды қалыптастыратын әлеуметтік
ойдың даму кезеңі негіз болған.
Социологиялық ой қоғам, оның өзара
байланыстары, әлеуметтік қатынастар,
әлеуметтік шынайылықтың теориялық
конструкциясының құрылымы туралы көзқарастардың,
ұғымдардың жиынтығын білдіреді, ол
белгілі бір тарихи уақыт ішінде
белгілі бір әлеуметтік-саяси
және экономикалық жағдайларда қалыптасады.
Ол заңдардың, механизмдердің, зерттеу
амалдарының айқын ресмиленген
және қатаң жүйесін қалыптастырудың
негізі болып табылады.
Батыстың социологиялық
тұжырымдамаларының қалыптасуы мен
дамуы ерекшелігі бірқатар теорияларда
көрініс табатын өнеркәсіптік капиталистік
қоғам дамуының тарихи кезеңдерімен
байланысты. Ресейде социология "ұлттық
өзіндік сана нысанына”, "ресейтануға”
айналды. Социологиялық ойды зерттеушілер
жазғанындай, орыс социологы (әлеуметтік
философы) "жалпы қоғамды”, "жалпы
әлеуметті” және т.б. сирек зерттеген,
ол Ресейді зерттеген, тіпті абстрактілі
ұғымдарды қолданған кезде де
бұл оның тарапынан "таза ғылымға”
жасалған саналы немесе еріксіз құрмет
болатын, ал іс жүзінде ол не Ресейді,
не жалпы әлемді тұтасымен қарастырған
болатын [1, 255-б.]. Орыстың социологиялық
ойы "өзіндік зерттеумен”, "өзіндік
рефлексиямен” сипатталады - бұл
оны идеялық және рухани жағынан
қазақ ағартушылығымен және қазақстандық
ойшылдардың әлеуметтік-саяси ілімдерімен
жақындастыра түседі.
Қазақстанда әлеуметтік
ойдың қалыптасуы қазақ халқының
қоғамдық және әлеуметтік болмысының,
дүниетанымының, әлеуметтік құндылықтар
жүйелерінің айрықша нысандарына
байланысты өзіндік ерекшеліктері
бар. ХІХ ғасырдағы - ХХ ғасырдың басындағы
әлеуметтік және әлеуметтік-саяси ілімдер
қалыптасуының объективті шарттары
мынадай факторлар болды: 1. рухани
көтерілу - мәдениет, тарих, жаратылыстану,
әдебиет өркендеді, сондай-ақ халықтың
саяси және әлеуметтік санасы сапалық
жаңа деңгейге көтерілгені атап өтілді;
2. әлеуметтік-саяси даму - Қазақстандағы
патшалық отаршылдық саясат әкімшілік,
сот нормалары арқылы қоғамдық құрылымның
дәстүрлік нысанының өзгеруіне әкеп соқты.
ХІХ ғасырдың аяғында
Қазақстанның қоғамдық ойында қазақ
ағартушылығы қалыптасты, оның жарқын
өкілдері Шоқан Уәлиханов (1835 - 65), Абай
Құнанбаев (1845 - 1904), Ыбырай Алтынсарин
(1841 - 89) болды. Қазақ ағартушылығының
философиялық мұрасы Қазақстан ғылымында
кеңінен зерттелген, онда қазақ ағарту
ісінің екі кезеңі қарастырылады:
1. Классикалық кезең
- Ш.Уәлихановтан, А.Құнанбаевтан және
Ы.Алтынсариннен бастау алады;
2. Дамыған ағарту ісі
кезеңі. Оның өкілдері М.Сералин, С.Торайғыров
(1893 - 1920), С.Дөнентаев [2].
Белгілі ғалым С.Зиманов
ағарту ісінің даму процесі кезең-кезеңімен
өтеді: білім беруді насихаттаудан
бастап саяси бостандықты талап
етуге және оған қол жеткізу үшін
күресуді талап етуге дейін деп
жазады. Сонымен қатар, ағарту ісіне
баға бере отырып, зерттеушілер қандай
да бір ұлттық "негізде” пайда
болған кез келген ағарту идеологиясы
өзінің мәні бойынша интернационалдық
болып табылады, себебі ең алдымен
ұлттық емес, әлеуметтік және ұлттықтан
жоғары проблемаларды, яғни буржуазиялық
қоғамдық қатынастардың қалыптасу
дәуіріндегі түбегейлі әлеуметтік
проблемаларды күн тәртібіне
қояды деп жазады. ХІХ ғасырдағы
қазақ ойшылдарының қызметі жалпы
ағартушылық, әлеуметтік проблемаларды
өз елінің экономикалық, әлеуметтік-саяси
және рухани жағдайлары арқылы шешуге
бағытталды [
Тақырып. Қоғам және оның
жүйесі
Негізгі мақсаты: Қоғамның адамдар үшін,
әлем үшін маңызын түсіндіру, қоғамдық
сананы тағы да нақтылау.
Негізгі түсініктер: қоғам, қоғамдық сана,
қоғам құрылымы, ашық қоғам, құндылықтық
аспект.
1. Қоғамды зерттеудің методологиялық
негізі.
2. Қоғам туралы әр – түрлі көз қарастар,
тұжырымдар.
3. Қоғамның тарихи типтері, қозғаушы күштері.
4. Қоғамның жүйесі туралы түсінік.
Қоғам, адам және қоғамдық қатынастар
туралы ой – пікірлер, идеялар мен ұғымдар
алғашқы қауымдық қоғам дәуірінде – ақ
қалыптаса бастаған. Адамдардың алдында
қоғам деген не, ол қалай пайда болады,
ол қалай дамиды, дамудың көздері мен қозғаушы
күштері неде қоғамды құбылыстар мен процестердің
байланысы қандай, өзара әсер, себеб, қарым
– қатынастар заңдылықтары бар ма деген
және басқа да көптеген сұрақтар, ой –
пікірлермен идеялар туады.
Қоғамдық құбылыстарды процестерді, тарихты
танып білуге, өзгертуде философия тарихында
материализммен идиолизмнің арасында
ұдайы қарама – қарсы күрес болып келді.
Қоғамның ілгерлеп дамуы, таптардың пайда
болуы, ой еңбегімен дене еңбегінің бөлінуі,
еңбекші бұқараны қанаудың күшейюі қойғам
туралы ой пікірлерді, идеяларды одан
әрі дамыта, тереңдете түсті. Қоғамдық
өмірге, оның дамуына байланысты көз қараста
бұрын идеолизм үстемдік етіп келді. Оның
үш түрлі себебтері бар тарихты ғылыми
тұрғыдан түсіндіру белгілі бір нақтылы
объективтік жағдайлар талабына байланысты
туындаған соның рухани нәтежесі еді.
Ол қоғамның, философияның, ғылымның жаңа
практикалық талабына сәйкес өмірге ойдың
жетістіктеріне сүйену арқылы, соның жалғасы
ретінде және ғылым, практика жаңалықтарына
сүйене отырып, солардың талабына сай
қалыптаса бастады.
Тарихты объективтік тұрғыдан түсіну
өзінен бұрынғы алдыңғы қатарлы қоғамдық
ойдың жәй жалғасы емес, қоғам тану тарихындағы
мүлдем жаңа сапалы кезең. Тарихқа объективтік
көз қарастың қалыптасуы табиғатты да,
қоғамды да қамтитын біртұтас ғылыми –
философиялық дүниетанымдық негіз болды.
Қоғамды ғылыми принциптер негізінде
зерттеу нәтижесінде оның даму заңдылықтарын
ашу барысында әлеуметтік тану саясаттану
ілімдері дүниеге келді. Ол ғылымдар адамзат
тарихин түсіндірудің кілтің, көзін қоғамның
материалдық – экономикалық қатынастар
жүйесінен шығарып, оны жан – жатқы терең
талап дәлелдеді.
Қоғам заңдары бадырайып көрініп тұрмайды,оларды
тікелей байқау, көру, бақылау арқылы қабылдау
өте қиын. Осы себебті қоғам заңдарын терең
танып – білу арқылы пайдалану онай емес,
ол көп күш жұмсап, зерттеуді керек етеді.
Олар абстрактілі ойлау арқылы белгілі
болады.
Қоғамды ғылыми тұрғыдан түсінудің басты
өзгешелігі – ол алуан түрлі қоғамды қатынастардың
байланыстардың ішінен ең бастысын –
материалдық - өндірістік қатынастарды
бөліп алады.
Қоғамдық болмыс – адам өмірінің, оның
іс - әрекетінің қажетті шарты және қайнар
көзі. Адам өзінің жасампаздық күш – қуатымен
табиғи мүмкіндіктерді шындыққа айналдыру
арқылы болмысты өзгертіп отырады. Қоғамдық
болмыс – адамзат тарихының даму кезеңдеріндегі
әлемметтік практиканың нәтижесі.
Қоғамда тұрлі қатынастар бар. Олардың
негізіне алғанда марериалдық және идеологиялық
қатынастар болып екіге бөлінеді. Материалдық
қатынастар адам санасынан тыс, ой елегінен
өтпей – ақ қалыптаса береді. Оған жататындарды
ең алдымен табиғатты адам арқылы өңдеу
деп айтады.
Қоғамды қатынастардың екінші бір тобы
– идеологиялық қатынастар оларға адамды
адам арқылы өндеу жатады. Олар саяси,
құқылық, марольдық, діни, эстетикалық
философиялық қатынастар болып бөлінеді.
Нағыз демократиялық қоғам адамдар бостандығынан,
еркіндігінен көрінеді. Бірақ бостандық
ойға келгенді жасау емес, қоғам болған
соң белгілі тәртіп болады.
Демократияның бір көрінісі либерализм.
Ол адам құқығы деген ұранды желеу етіп
адам не істесе де берікті болу керек дейді.
Қоғам дамуындағы ерекше заңдар әр – бір
жеке – экономикалық формациялардың өзіне
тән ерекшелігін көрсетеді.
Қоғамды бір тұрас, тірі әлеуметтік организм
деп қараудың негізгі шарты – барлық дәуірлердің
әлеуметтік – экономикалық даму типологиясын
құру, яғни қоғамдық – экономикалық фармация
туралы қғымды тұжырымдауды қажет етті.
Сондықтан тарихты әлеуметтік философия
тұрғысына пайымдау, талдау әдісін – біз
қоғамдық құылыстардың жалпы теориясымен
методологиясы дейміз. Айта кеу керек,
қоғамды басқа да толып жатқан нақтылы
ғылымдар (әдебиет, заң, тарих, саяси экономия,
саясаттану, әлеуметтану, т.б.) зерттейді.
Материалистік философия ілімдерінде
адамзат қоғамы ешқашан өзгермейтік, әрқашан
өзіне тән құбылыс ретінде қаралып келді.
Қоғамдық құбылыстар кездейсоқ, оларға
ешқандай заңдылық жоқ деп санаған, не
биологиялық заңдылықтарды қоғам өміріне
қолданған реттер де кездесті.
Қоғамның тарихи үлгілері бір – бірінен
материалдық игілікті өндіру тәсілі арқылы
ажыратылады ал қоғамның формацияның
саналық ерекшелігі ондағы өндірістік
қатынастарға байланысты болады.
Әр бір қоғамдық формацияның негізінде
белгілі бір өндіріс тәсілі болады. Өндірс
тәсілінің алмасуы қоғамдық формацияның
ауысуына бастайды.
Қоғамның қозғаушы күштері туралы мәселенің
принципті маңызы бар, Өйткені бұл проблеманы
шеше отырып, біз қоғамның ілгері дауының
басты қозғаушысы, оның жүргізушісі кім,
адамдардың саналы жасампаздық қызметінің
басты ынталандырушысы неде, олардың көріністері
қандай деген сұрақтарға жауап іздейміз.
Қоғам дамуының объективті қозғаушы кұштері
өздерін терең түсінуді, білуді қажет
етеді сондықтан олар өздерінің идеологтарын
қалыптастырады.
Қоғамның данму процесі, оның жоғары қарай
ілгері басуы қозғаушы күштер, қайшылықтар,
қарама қарсы күрестер, әлеуметтік өзгерістердің
қарқымды секірістері арқылы жүзеге асырылынатын.
Бұл арада қозғаушы күштер болып белгілі
бір әлеуметтік топтын жыйынтығы да шығады.
Бұлар қоғам дамуының прогресшіл мүдделеріне
сәйкес нақтылы – тарихи жағдайларға
байланысты толғағы пісіп – жетілген
қайшылықтарды шешуге бағытталған.
Марериалдық – экономикалық мүдделерден
басқа рухани мүддерлерде бар. Рухани
мүдделер қоғамның эстетикалық адамгершілік
діни мүдделері – оның білімге мәдениетке,
оқуға үмтылуы.
Мүдделердің өзгеру негізіне объективті
болмыс және адамның материалдық дүниеде
өмір сүруі, адам мен қоғамдағы өзгеру
барысының бейнесі жатады. Бір мүдделерді
қанағаттандыру қоғам дамуында жаңа мүдделерді
туғызады. Саондықтан мүдделердің де жоғарлау,
өрлеу заңы тарихтың қозғаушы кұшіне енеді.
Қоғамдық болмыс жағдайлары мен мүдделері
арасындағы қайшылықтарды шешуде адамдардың
ынта – ықыласы, көз қарастары жүзеге
асырылады. |
Скачать/Жүктеу
Категория: Әлеуметтану,
Саясаттану, Мәдениеттану | Добавил: erdeeen |
Просмотров: 584 | Загрузок: 121 | Рейтинг: 5.0/1 |