Автор работы: v*******@bk.ru, 28 Ноября 2011 в 15:52, научная работа
Отбасы - сыйластық , жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. Оның да іргесі – берік, берекесі – биік болу керек. Береке-бірлік болғанда ғана жарасымды тірлік болмақ. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, ізгілік - өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет – ғұрыптарға сүйенеді.
I бөлім.
1.Зерттеудің тақырыбы: Ажырасу мәселелері
2.Зерттеу обьектісі: Отбасы
3. Мақсаты: Ажырасудың көбейуінің себептерін ашу және отбасын негізгі құндылық ретінде күшейту жолдарын іздестіру.
4. Міндеттері:
1. Қазіргі қоғамдағы ажырасудың орнын белгілеу
2. Ажырасудың негізгі себептері
3. Ажырасудың алдын алу шараларын табу.
5. Кезеңдері:
I Әлеуметтік ізденісті дайындау
II Әлеуметтік ізденісті өткізу
III Әлеуметтік ізденісті қорытындылау
6. Жұмыс гипотезасы:
II бөлім. Сауалнама
III бөлім. Қорытынды диаграмма
I бөлім.
1.Зерттеудің тақырыбы: Ажырасу мәселелері
2.Зерттеу обьектісі: Отбасы
3. Мақсаты: Ажырасудың көбейуінің себептерін ашу және отбасын негізгі құндылық ретінде күшейту жолдарын іздестіру.
4. Міндеттері:
1. Қазіргі қоғамдағы ажырасудың орнын белгілеу
2. Ажырасудың негізгі себептері
3. Ажырасудың алдын алу шараларын табу.
5. Кезеңдері:
I Әлеуметтік ізденісті дайындау
II Әлеуметтік ізденісті өткізу
III Әлеуметтік ізденісті қорытындылау
6. Жұмыс гипотезасы:
II
бөлім. Сауалнама
III
бөлім. Қорытынды диаграмма
Отбасы - сыйластық
, жарастық орнаған орта, кішкентай
Отан.
Оның да іргесі – берік, берекесі – биік
болу керек. Береке-бірлік болғанда ғана
жарасымды тірлік болмақ. Отбасындағы қатынастар,
негізінен, адамгершілік, ізгілік - өнегелік
нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара
құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және
имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық
өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер
мен әдет – ғұрыптарға сүйенеді.
Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет.
Ерлі – зайыптылардың жеке және мүліктік құқытық қатынастарының тоқтатылуын некенің тоқтатылуы деп түсінеді. Неке заңда айқындалған білгілі бір оқиғаардың тууына байланысты немесе ерлі – зайыптылардың біреуінің не екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады. Некені тоқтататын оқиғалардың бірі ажырасу.Ажырасу арқылы некенің тоқтатылуы, АХАТ органдары немесе сотта заңда белгіленген тәртіп бойынша іске асырылуы мүмкін.Ажырасу үшін мынадай үш шарттың болуы қажет:
Сауалнама үлгісі
Құрметті респондент!
Сізді сауалнама сұрақтарына жауап беруге шақырамын. Бұл сауалнама «Ажырасу» бойынша серіктестер арасында туындайтын мәселелерді зерделеу мақсатында өткізіліп отырған «Ажырасу» тақырыбындағы әлеуметтік зерттеудің бір бөлігі.
Сіздің бұл мәселеге деген көзқарасыңыз біз үшін маңызды.
Сауалнаманы толтыру тәртібі:
1.Сұрақтарды және оған берілген жауаптарды мұқият оқыңыз.
2.
Сұрақтың сіз таңдаған дұрыс жауабының
торкөзіне кез келген белгі қоюыңызға
болады.
Сізге
зерттеуге қатысқаныңыз
үшін алғыс білдіреміз!
Ия
Жоқ
2.Ажырасу арқылы некеңіз тоқтатылды ма?
Ия
Жоқ
некеде тұрмағанмын
3.Сіздің ойыңызша ажырасудың негізгі себебі неде?
Жастардың бір-бірін жақсы танымай жатып бас қосуы
Әлеуметтік жағдайы (баспананың болмауы)
Нәрестенің болмауы
4. Ажырасудың қоғамда жиілеп кетуіне байланысты оған назар аудармайтын болдық. Тіпті, «бұл өмір заңдылығы» деп, оған оң қабақ танытып жүргендер де бар көрінеді. Осы пікірді дұрыс деп ойлайсыз ба?
Дұрыс
Дұрыс емес
5. Қазіргі кезде интернетті ажырасуға әкеліп соғатын себептерге жатқызуға бола ма?
Негізгі себептердің бірі
Себеп емес
6. Сіздің ойыңызша, егер ерлі-зайыпыларда ортақ бала болса, бірақ соңғы уақытта дәм-тұзы жараспай жатса, онда ажырасу «...»
Тиімді шешім
Тиімді емес, бірақ мүмкін
Шектен тыс жағдайда ғана шешім
7. Ажырасу балалардың психологиясының бұзылуына әкеліп соғады ма?
ия жоқ
8. Жүйке ауруының салдарынан іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған жұбайлардын біреуінен некені бұзу жөнінде оның келісімін алу мүмкін ба?
мүмкін мүмкін емес
9.Соңғы уақытта ажырасып
Мамандардың көмегіне жүгіну керек.
Уақытша азаматтық некеде тұрып көру керек.
10. Ажырасудың жақсы жақтары бар ма деп ойлайсыз ба?
ия жоқ
Жасыңызды көрсетіңіз:
Жынысыңыз:
Сауалнама
сұрақтарына жауап
бергеніңізге рахмет!
Әлеуметтік бағдарлама нәтижелері
Сауалнамаға 18-23 жас аралығындағы 30 студет қатысты.
Жыныстық белгісі бойынша респонденттер саны
Респонденттердің
ойынша ажырасудың негізгі себебі ретінде
нәрестенің болмауы (52%) деп қарастырады.
Ал қалғандары әлеуметтік жағдайы (33%)
және жастардың бірін-бірі жақсы танымай
жатып қосылатындар (15%) деп есептейді
екен.
Ажырасудың қоғамда жиілеп кетуіне байланысты оған назар аудармайтын болдық. Тіпті, «бұл өмір заңдылығы» деп, оған оң қабақ танытып жүргендер де бар көрінеді. Осы пікірді дұрыс деп ойлайсыз ба? Деген сұраққа сауалнамаға қатысқандардың көбісі осы пікірді қолдамады. Мен де қолдамаймын себебі, ажырасу- жаңа он жылдықтың кемші тұсы деп есептеймін. Бұрындары «бәленшенің баласы ажырасыпты» деген сөз – бір ауылдың арына түскен дақ еді. Ал қазіргі таңда бұл ешкімге де жаңалық емес, ешкім мән беріп қарамайды да. Өйткені екінің бірі ажырасып жатыр, бұған қоғамның еті үйренген.
Қазіргі кезде интернетті ажырасуға әкеліп соғатын себеп ретінде қарастыруға болады ма? Деген сауалға респондеттердің көбісі (77%) себеп ретінде қарастырмайды екен. Ал қалғаны (23%)себеп қатарына жатқызады екен.
Сіздің ойыңызша, егер ерлі-зайыпыларда ортақ бала болса, бірақ соңғы уақытта дәм-тұзы жараспай жатса, онда ажырасу... «Шектен тыс жағдайда ғана шешім» деп респонденттердің 85%, ал қалған 15% «тиімді емес, бірақ мүмкін» деген жауаптарды таңдады.
Ажырасу баланың
психологиясына кері әсерін тигізеді
ме? Деген сауалға респанденттердің барлығы
(92%) келісті десе де болады. «Жоқ» деп
жауап бергендер (8%).
Сауалнамаға қатысқандардың
басым бөлігі (75%) ажырасудың алдын алу
үшін мамандардың көмегіне жүгіну керек
деп есептейді.Уақытша азаматтық некеде
тұрып көру деген ұсынысты қолдағандар
да (25%) бар екен.
Респонденттердің
89% ажырасудың жақсы жақтары болу мүмкін
емес, деп жауап берді. Ал 11% жақсы жақтары
бар деп ойлайды екен.
Жүргізілген сауалнаманың негізінде жасалған әлеуметтік бағдарлама төмендегі жұмыс гипотезасын анықтауға мүмкіндік берді.
Студенттер ажырасу мәселесін осы заманның басты кемшілігі деген оймен келіседі. Ажырасуға түрткі болатын себептерді тудырмау үшін, яғни, алдын алу шараларын қолдану керек деп есептейді.