Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2011 в 18:57, лекция
Еңбек ұйымдарының тыныс-тіршілігінің ең басты, әрі өзекті мәселелерінің бірі - басқару. Басқаруға әлеуметтану тұрғысынан қарасақ, онда мән-мағынасы жөнінен оның үш компонентерінің бір-бірінен ажырата бөліп көрсетуге болады. Олардың біріншісі - мақсатқа бағытталған басқару ықпалы, бұл басқарудың негізін, яғни өзегін құрайды.
Білім беру ұйымында БЖ-сін нәтижелі модельдеудің басқадай бір шарты
дәстүрлі де жаңаша жұмыс түрлерін жетілдіруге нық сеніммен қарау болып табылады. Басқару міндеттерін шешуде алқалық түрлер- соның ішінде педагогикалық, шағын және әдістемелік кеңестер, кеңестер, кеңесшілік, жас және алдыңғы қатарлы озық педагогикалық тәжірибелі мұғалімдер мектебі, психологиялық - педагогикалық семинарлар, проблемалық топтар, диагностикалық топтар, педагогикалық шеберханалар, теориялық семинарлар маңызды рөл атқарады. Бұл түрлер жеке құрылымдар болып табылмайтындығын, тұрақты немесе уақытша және алуан түрлі лауазым мен өкілеттік сипатта болатындығын, әр түрлі міндеттерді орындауды қамтамасыз ететіндігін анықтауды қажет деп есептейміз..
Басқару дамуы мен ПЖ қызметі әртүрлі әдістерді ұсынады (қызметтің, үрдістер мен нәтижелердің талдамасы; бірыңғай тәсілдерді жасап шығаруға арналған пікірталастарды талқылау; мақсатқа сәйкес болжау; тұжырымдамалық көрініс; өкілеттік топтар құру; күнтізбелік жоспарлау; дер кезінде оқыту; ұйымдастырылған қайта құру; жоба бойынша басқару; үрдістерді модельдеу, тәртіп пен іс- әрекеттер; теңеу мен салыстыру; өлшеу мен бағалау; сараптама; үрдісті түзету; мотивациялар жүйесін құру және т.б.). Сонымен қатар, өзіндік тәжірибені әзірлеу мен басқару модельдерін мақұлдап жинақтап қорыту, педагогикалық жүйенің біртұтас құрамды бөлігі ретінде, барлық белгіленген шарттардың орындалу қажеттілігі мен олардың кезеңділігін бірізділікті жүзеге асыру екендігін атап көрсетеміз.
Жоғарыда
қарастырылған шарттарды
Олай болса, біз тағы да басқару бағытын әзірлеу мен дамудың түбегейлі жоспарын жүзеге асыруда және ПЖ-ның қызмет етуін «сенімді» қамтамасыз етуде, БЖ-ң іс - әрекетті ұйымдастыратынын, түбегейлі мақсатқа жету жетістігін қамтамасыз ететіндігін, бірақ өзі түбегейлі жоспар бола алмайтынын айта кетеміз.
Моделдеу мәселесінің ғылыми - тәжірибелік зерттеулері, жалпы білім беретін орта мектептегі БЖ-ның қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету, алынған нәтижелердің теориялық негіздемесі, біздің модельдерді басқа да ББЖ-не таратудың талдамасы мен Алматы қаласындағы мектеп басшылары қызметін зерделеуде төмендегідей тұжырымды анықтады:
Біріншіден, қызмет ету аясы, қызмет ету сатысын тек жүйе ғана орындай алатындығын, егер де басқару тек жеке адамның мектепте тәртіпті сақтау әрекеті болып табылатын болса, онда қызмет ету боямаланып, көбіне басқару мекемесіне көрсету үшін жасандылық кейіп танытады;
Екіншіден,
педагогикалық қызметтің
Үшіншіден, БЖ-ның тиімділігі әсер ету мен өзара іс - қимыл жасаудың түбегейлі жоспарының үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Бұл жалпы бірін-бірі толықтырулары қажет;
Төртіншіден, мектепте БЖ-ның моделін әзірлеудің үлкен ғылыми - тәжірибелік маңызы бар. Дәлел үшін, белгілі қазақстандық ғалым Т.Т. Ғалиевтің пікірінен дәйексөз келтірсек: «Басқару жүйесі моделінің қалыптасу үрдісі мен тәжірибе жүзінде іске асырылуының аз зерттелгендігі тек әдіснамалық негізде ғана көрініс тауып қоймай, сонымен қатар, басқарудың тиімділігінен де көрінеді.
Басқару жүйесінің моделін әзірлеу БЖ-ны құруға, тиімділігін арттыру мен дамытуға бағытталған.
Идеологиялық
негіз құзырлы басқару болып табылады
– басшы педагогикалық қызметтің мақсатын
біледі, стратегияларды анықтауға және
ғылыми негізделген іс - әрекеттерді жүзеге
асыруға дайын. БЖ моделінің технологиялық
негізін жасау – жүйені жобалау немесе
жүйелі жобалау болып табылады. БЖ-ны дамыту
білім сапасының жоғарғы деңгейін қамтамасыз
етеді, яғни педагогикалық іс - әрекеттің
мақсатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Ұжымның түрлері.
Кәсіптік
мектептегі жұмыстар үшін ұжым және ұжым
мүшелерінің құрылымы туралы хабардар
болуы маңызды болмақ .
Алғаш ұжым – мұнда тәрбиеленушілер үнемі
іскерлік және тұлғааралық өзара әсерде
болады. Алғашқы ұжымның тұрақты және
уақытша түрлері бар. Дамыту немесе жетілдіруге
қатысты алғашқы ұжымды ұйымдасқан әр
түрлі жетілдіру қызметтері (сыныптар,
отрядтар, топтар); жетілдірудің бір ғана
түріне негізделуі (кружоктар, клубтар,
секциялар. т.б.); тұрғылықты жері бойынша
оның немесе басқа түрлері негізінде ұйымдасқан
жетілдіру іскерліктеріне ажыратуға болады.
Жас ерекшеліктеріне қарай алғашқы ұжым
құрамы бір жастағы адамдардан құралғандай,
әр жастағы да болуы мүмкін.
Ұжымды
басқару мүшелері.
Сәтті функцияланған оқушылар ұжымы оларды
ортақ мақсаттарына қарай бағыттап отыратын
ұжымның бас мүшелерін керек етеді. Ұжымның
басты ұйымы жиналыс болып табылады. Оперативті
тапсырмалардың орындалуы үшін староста
және профорг сайланады. Топтың бас мүшелері
осылар болады.
Старостаны жиналыста жақсы оқитын оқушылар
қатарынан сайлап, оны оқу орнының директорының
рұқсатымен бекітеді. Егер староста өзіне
жүктелген қызметті дұрыс орындай алмаса,
топ басқа старостаны талап ете алады.
Староста оқу ісі меңгерушісінің басшылығында
қызмет жасап, оған есеп беріп отырады.
Топ старостасы (топ жетекшісі): мұғалімдерге
сабақ өткізуді дайындауға көмектесуге,
оқушыларды ішкі тәртіпті сақтаумен қамтуға,
тәртіп бұзылған жағдайды топ жиналысында
мәлімдеуге, кезекшіні тағайындап, оның
өз міндетін атқаруын қадағалауға, топы
әр түрлі кружоктар мен спорттық секцияларға
қызықтыруға міндетті болып табылады.
Профоргпен бірге староста сынып оқушыларының
тәрбиесі туралы жиналыс өткізеді.
Белсенді топтардың қарастыратын мәселелері
төмендегілер: үлгерімді жоғарылату, нашар
оқушыларға көмектесу, экзаменге дайындық,
тәртіптің мықтылығы, мәдени шаралар жүргізу
т.б.
Белсенді топтардың жұмыстары әр түрлі
формада келеді. Олар: индивидуалды және
топтық инструтаж, кеңесулер және тәжірибе
алмасу семинарлары, т.б. Актив топтармен
жүйелі түрде жұмыс жасау керек: индивидуалды
кеңестерді активист жұмыстарын анализдеу;
оның топтағы нақты тіркелген жағдайының
тапсырмасын анықтау, кеңес рекомендацияларын
белсенді қабылданғандығын тексеру , өзі
үшін қандай қортыдылар жасады осыны барлығын
тексеру. Топ кеңестерінде оқудағы қорытындылар,
конференцияға дайындық,, шығармашылық
қабілет мәселелері т.б. қаралады.
Белсенді ұйымдастыру – бұл тұтасқан,
мықты оқушылар ұжымының ұйымдасуына
алғашқы қадам болмақ .Мұндай ұжымдардың
әрекеті тәрбиесіне де зор үлесін қосады.
Сапалы білім мен тәрбие алудағы басты
ролді оқушылардың өздері иеленуі тиіс.
Ұжымның жұмысын оның мүшелері жауапкершілікті
тек өздері үшін ғана емес жалпы ұжым үшін
де сезінетіндей етіп ұйымдастыру қажет.
Ұжым уақытша,
оқушылық, тәрбиелік бoлып бөлінед.
Уақытша ұжым - шектеулі уақытта құрылып,
берілгені уақыт көлемінде өз қызметн
атқарып, өмір сүруін тоқтады. Бұл ұжым
өзінің уақытша екеніне қарамастан тұлғааралық
қарым-қатынас пен уақытша ұжымдағы жұмыс
істеу деңгейі жоғары болуы мүмкін. Бұл
ойлары, қажеттіліктері бір жерден шыққан
оқушылар мен оқытушылар тарапынан жүзеге
асады.
Профессионалды оқу орнының ұжымы басқа
ұжымдардан өзінің оқыту жұмыстарымен
ерекшеленеді. Мұндай іскерліктің мақсаты
тек қана білім алу емес, сондай-ақ қабілеттілік,
кей жағдайда тіпті өнімі шығару болып
табылады. Аталмыш ұжымға қатынас спецификацияся
ондағы оқушылардың жас ерекшеліктерімен
және педагогикалық емес ұжым құрылымымен
анықталады. Топты басқару өндірістік
оқытудың шебері және сынып жетекшісінің
басшылығымен жүзеге асады.
Ұжым құрылымының нәтижесінің көрсеткішіне:
ортақ пікір білдіру мен талпыныс таныту
тұтастығы, мақсатқа жетудегі бірізділік
және табандылық, іскерлік және тұлғааралық
қарым-қатынасты қалыптастыру және сақтап
қалу шеберлігі жатады.
Тәрбиелік ұжым оның мүшелерінің өзін-өзі
тануына, дамытуына зор үлес қосады.
Оқыту ұйымы басқа әлеуметтік ұйымдарда
оқитындарға тәрбие әсерін ескере алмайда.
Олардың ішінде әншілер, суретшілер, спортшылар
т.б. маңызды орынды иеленеді.Ұйымдар өмір
сүру уақытымен (уақытша және тұрақты)
басқару формасымен
( формалды емес ұйымдар) , кәсіпкерлік
мазмұнымен ( қоғамдық – политикалық,
потриоттық, танымдық т.б.) классификацияланады.
Мұндай шағын ұйымдар оқушылар мен мұғалімдердің
бірігіп, жеке экономикалық мәселелерді
шешіп отыру үшін құрған топтары. Бос уақытқа
арналған ұйымдар оқушылардың сенімділігін
, мәнерлі сөйлеуін, қабілеттерін, адамдармен
қарым- қатынасын жасау мүмкіндіктерін
арттыруға көмектеседі.
Ұжым дамуын басқару.
Оқу орнында
педагог пен оқушы алдында тұрған тапсырмаларға
барлық оқушы өзінің қатынасын сезінетін
қалпын жасауы керек. Бұл жағдайда оқушылардың
өз ұжымын басқару басты орынды иеленбек.
Өзін басқарудың дамуы әлеуметтік қарым-қатынасты
сезінуге көмектеседі.
Өзін- өзі басқаруды түсінудің жаңа әдісі
оқушылардың әлеуметтік қалыптасу шарттарының
пайда болуын болжайды. Ал бұл ұжымдағы
күрделі мәселелерді шешуімен қамтамассыз
етеді. Оқушылар осындай күрделі мәселелерді
шешуге атсалысу барысында, өмірде кездесетін
қиындықты төтеп бере алатын қасиетке
ие болады. Басқарушылық проблемаларының
шешімін табу позициясы олардың бірлескен
іскерлікке деген қатынасына тәуелді
болады.
Оқушылардың өзін -өзі басқару – қоғамдық
маңызды мақсаттарға жету үшін өздігінен
жеке шешімдер қабылдауды дамытудағы
оқушылар ұжымындағы ұйымның формасы.
Өзін -өзі басқару ол оқушылардың таңдау
мен алға қойылған мәселелерді өзі шешім
қабылдайтын жағдайда ғана пайда болады.
Сонымен ұжымның дамуы мен қалыптасуында
шешім қабылдау ғана бастау болады.
.
Информация о работе Басқарудың ұйымдастыру құрылымы мен басқару нормасы