Бексейіт Әбдезұлы Түлкиев

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 13:25, реферат

Описание

Бексейіт Әбдезұлы Түлкиев (22.1.1955, қазіргі Шымкент облысы Төлеби ауданы Қасқасу а. - 15.4. 1998, Алматы) - монументші, кескіндемеші. 1981 ж. Мәскеудегі жоғары көркем өнеркәсіп училищесін (бұрынғы Строганов училищесін) бітірді. Оның "3амандастар", "Әке", "Ата-баба жері", "Суретшінің түсі" (1983), "Әже", "Әкені майданға шығарып салу", Түсіру алаңы" (1984) секілді т.б. кескіндемелік туындылары танымал. Түлкиевтің кескіндемелік туындылары кезінде Бүкілодақтық және халықаралық көрмелерге койылып, жастар көрмесінің лауреаты және КСРО Халық шаруашылығы көрмесінің дипломанты (1989) болды. Ол бейнелеу өнері саласындағы шығармашылық енбегін спортпен де етене ұштастыра отырып, жастарды спортқа баулыды, өзі "қара белдіктің" шебері атанды.

Работа состоит из  1 файл

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті.docx

— 21.12 Кб (Скачать документ)

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті № 266 лицей

 

 

 

 

 

 

  Реферат

Тақырыбы: Бексейіт Әбдезұлы Түлкиев

 

 

 

Орындаған: Бақытжан Жақсы-Ай

Қабылдаған: Бейсенбаева Жамиға

                           

 

Бексейіт Әбдезұлы Түлкиев (22.1.1955, қазіргі Шымкент облысы Төлеби ауданы Қасқасу а. - 15.4. 1998, Алматы) - монументші, кескіндемеші. 1981 ж. Мәскеудегі жоғары көркем өнеркәсіп училищесін (бұрынғы Строганов училищесін) бітірді. Оның "3амандастар", "Әке", "Ата-баба жері", "Суретшінің түсі" (1983), "Әже", "Әкені майданға шығарып салу", Түсіру алаңы" (1984) секілді т.б. кескіндемелік туындылары танымал. Түлкиевтің кескіндемелік туындылары кезінде Бүкілодақтық және халықаралық көрмелерге койылып, жастар көрмесінің лауреаты және КСРО Халық шаруашылығы көрмесінің дипломанты (1989) болды. Ол бейнелеу өнері саласындағы шығармашылық енбегін спортпен де етене ұштастыра отырып, жастарды спортқа баулыды, өзі "қара белдіктің" шебері атанды.

Өнерімен өткенін бағалап, болашағын саралай білген  білегі мығым,  жүрегі нәзік суретшінің дүниеден озғанына он жыл толды. Бексейіт Түлкиев… бұл есімді естігенде елең етпейтін қазақ жоқ. Бірақ көбі оны  тек шығыс жекпе-жегінің шебері, таэквондоның майталманы екенін ғана қаперге алып, суретшілік  дарынымен  аса таныс емес. Бексейіт Түлкиев….  Қос өнердің саңлағы құпия  жағдайда көз жұмып, беймәлім жаналғыш қолынан мерт болған қазақ қабыландары  тізбегінің  алғашқы легінде кете барды….  Ажал оны   1998 жылы он төртінші сәуір күні Таугүл шағын  ауданындағы автотұраққа  көлігін  қоюға кірген сәтінде аңдып тұрыпты.  Қазақ деп соққан қайсар жүрекке  қан тілеген қара кездік ұрылып, қапыда кеткен азаматтың ақтық демі үзілді.  Алайда, атпал азамат аттан  ұшса атой салып, құн сұрай алмайтын бойкүйездігіміз бұл тұста да рухымызды дендеп Бексейіт ағаға  жоқшы бола алмадық. Сондықтан да қылмыстық істің  қозғалуынан  да  жабылуы тез болды. Әлі күнге  сол мінез… Саңлақ спортшынын жақын  шәкірттерінің айтуынша, спортшылык мінезіне тән сақтық пен ширақтықты серік еткен Бексейіт Әбдезұлы бейтаныс адамдарды жанына жуытпайтын.  Демек, өнер өлкесіндегі дарабоздың алдынан  қару тосқан Батыраштың  алыстан  келмегені шындық.

Түлкиевтің суреттеріне  зер салсаң әуелі сүйсінесің, одан соң қайран қаласың.    Игорь  Тальковтың «Мені көптің көзінше  өлтіреді және өлтірген адамды таба алмайды» – деген сөзі  амалсыздан қайта-қайта  ойыңа орала береді.   «Суретшінің  түсі», «Төбелес», «Өмір-күрес» сынды  картиналардың барлығы да суретшінің   өз жалауынын ерте жығыларырын сезгенін байқатады. Әсіресе, «Суретшінің түсі»  Түлкиевтің өмірін бастан аяқ баяндап шыққан. Тіпті, ажалына дейін.  Ал өзге екі туындысында  суретші  соңғы күнін  кенепке дәл түсіргендей…

Бексейіт Түлкиевтың "Өмір-күрес" картинасы

         Бексейіт Түлкиевтың  көркемсуреттегі  жетістіктеріне шығыс жекпе-жегініе  тән әбжілдік, ой ұшқырлығы үлкен  әсер еткені хақ. Суретші де  көзі тірісінде  берген сұхбаттарында   бойындағы қос өнердің бірін-бірі  толықтырып тұратынын жиі айтаудан  танбаушы еді. Бұндай ерекшелік  қылқалам шеберлері арасында  оқта-текті кездесіп тұрады. Мәселен  күн шыгыс елінің ғажап суретшісі  – Тесюсяй Сяраку. Жапон қылқалам  шеберінің таудай табыстарын  өнертанушылар оның халық театрында  актер болғандығымен байланыстырады. Өзі образға кіре білетін Т.Сяракудың  тасқа, ағашқа қашап салған  портреттері аса шынайы шығып,  кейіпкердің ішкі тебіреністерін  дәл сипаттайды. Ол  сахна саңлақтарының  театр төріндегі қайталнабас  болмыстары мен характерлерін  ақ қағазға сәтті түсіре білген. Ал, Бексейіт Түлкиев өте өнімді  жұмыс істеді. Таэквондодағы жылдамдығын  қолына қылқалам алғанда да  жоғалтпай, жекпе-жек өнеріндегі  қарсылас қадамын алдын ала  болжау тәсілін ұтымды пайдаланған.  Оның суреттерінің қайран қалдыратын  құпиясы мен қасіретінің сыры  осында.  Құрыштай шыныққан суретшінің  палитра мен мольбертіне жалынып,  ұзақ уақыт кенеп алдынан тапжылмайтын  қасиеті болғанын  1 жыл ішінде  «Ұлы көш» атты туындысын салып  шығуы айқындайды.   Тараз қаласында   тапжылмай жұмыс істеген дарын  иесіне  полотно-картинасын тамамдау  үшін  ішкі қуатымен үздіксіз  жаттығуның көмекші болғаны анық.  Әсілі сурет деген- сұлу әрі  нәзік өнердің иесі спорттыңда  сұлу түрін таңдаған. Әйтседе,  осы кербез  спорт та  сұңғыла  суретшіні өлім шеңгелінен  арашалап  қала алмады…

 Қазақ әдебиетінде  үлкен полотно жасаған екі  қаламгерді атауға болады. Бірі  – Мұхтар Әуезов. Алаш ар тұтқан  «Абай жолы» романы. Келесісі  сөз зергері – Жансүгірдің  Ілиясы, оның эпикалық сарындағы  «Құлагер» поэмасы. Ал қазақ  көркем суретінде бұндай үлкен  жетістікке жеткен екінің бірі  Бексейіт Түлкиев екені даусыз. Дарын иесі  «Ұлы көші»  арқылы  өзінің қайталанбас суретші екенін  мойындатып, Қастеев бастаған салқар  көштің сапында тұнғыш рет  көлемі жағынан ең үлкен картина  жазды. Тамыры түркіліктен тарқайтын   бүкіл Алаш тарихын қылқалам  мен бояу құдіретімен  кенепке  дәл түсіріп, өлмес мұра қалдырды. Әсілі, Бексейіт Әбдезұлы ана  құрсағынан суретші болып дүние есігін ашқан талант.Ол суретші болып өнер жолында қалыптаспаған тұлғалардың бірі. Сонымен қатар,Қасқасудан шыққан хас талант  бойындағы ұлтына деген сүйіспеншілік, құрмет бала кезінен байқалған.  Суретшінің ағасы, белгілі әдебиеттанушы – ғалым  Қансейіт Әбдезұлы өз естеліктерінде інісі жайлы былай деп сыр шертеді: «Бексейіт бала күнінен майлы бояу мен қылқаламға әуес болып өсті. Мектепте оқып жүрген кезінде 37-нің зобаланында атылған арыстарымыздың портретін үнемі салып отыратын. Олардың Алаш үшін аяулы болғандығын жаста болса балалық түйсігімен түсінетін. Соларды қадір тұтатын, қастерлейтін. Кейін сол еңбегі «Ұлы көш» туындысына отырғанда еш кеткен жоқ».

Тырнақ алды туындысы «Көкпар» арқылы-ақ  сурет атты сұлу әлемде алары барын аңғартқан Бексейіт Түлкиевтің туындылары неге елге кең  тарамаған? Отыз жасында қолына қалам  ұстап, 1885 жылы көрме ұйымдастырған  Анри Руссоның артынан айтақ қосқан «сыншы» қауым  небары жиырма жылдан кейін оны  сюрреализм  пірлерінің санатыны қосты емес пе?  Бірақ  ол құрметті сегіз жыл бұрын көз  жұмған Руссоның өзі көре алмады. Ықылымнан  мәдениетке өнерге ерекше көңіл бөлетін  француз халқы Руссоны әлі  күнге  төбелеріне көтеріп, ұлықтап  келеді.  Сұлулыққа, пәктікке  ғашық  адаммен үнсіз тілдесетін, шекарасы жоқ  өнердің өкілі  Анри аты  әлемдік арена төрінде жүр.  Ал, Бексейітке не құрмет көрсетілді?  Кейбір жиындардағы  жартымсыз жылы лебіздер, естеліктер ғана. Суретшінің лабороториясы толық зерттелмеді. «Құдық», «Зарыққан кісікиік», «Күтуде», «Мазасыз түн» философиялық картиналары  бір-бір зерттеу еңбектеріне татиды десек артық айтқандық болмас.

         Түлкиевтың таңғажайып туындылары  әлем болмаса да қазақ  назарына  жол тартатын уақыт әлде қашан  жеткен. Ұлттың жүрегінен орын  алса жаһан жүрегіне жол ашық.    Кенес кезінде  Репин картиналарын  кешенді түрде насихаттау жұмыстары  жүргені баршаға аян. Илья Ефимұлының  салғандары мектеп оқулықтарында  самсап тұратын. Жастар санасында  суретші есімі, туындысы сақталатын. Ал Бексейіттің тарихи тамыры  терең туындыларын  осы күні  неге пайдаланбасқа. Осындай жүйелі  жолмен Ә.Қастеев, Т.Тоғысбаев  сынды  тұлғаларымыздың  қазақ  үшін төгілген терін неге өтемеске.

 Енді «Суретші түсіне»  оралсақ.  Түлкиевтың жүріп өткен  тағдыр жолын көз алдыңызға  алып келетін  понарамалық  картина 1982 жылы салынған. Бар жоғы жиырма жеті жасында суретші қасіретке  толы келте ғұмырын кенепке түсіріп,   қараңғы тұсына сәуле құйған. Бексейітті  жақын білетіндер композициядан  суретшінің өмірін анық көреді.   Оң бұрышта жүзін теріс бұрған күйі сурет салып отырган қылқалам шебері дарынды ұлдың шабытты шақтарынан хабар береді. Ал айналасындағы  жалаңаш бикеш – жолдан адастырар әзәзіл образ.  Ол тұста ай-күні жетіп отырған ана да бар. Бексейіт ұғымында тұтасқан Отан-ана, Жер-ана сынды пайымдардың жиынтығы. Ал суретшінің етегін ала қара қалпақ пен ұзын,  қара  плащ киген біреу отыр. Ол кім? Суретші нені сипаттағысы келді? Бұл Мұстафа қазасына қайғырған Бексейіттің өзі ме әлде автотұрақ алдынан тосып алған ажалы ма? Соңғысы болса Есенинді есінен адастырған қара адам  Түлкиевті де төңіректегені де…   

         Сонымен қатар, бұл картинада  тарихтан сыр шертетін көне  шаһар,  ғарышкер болуды армандаған  бейкүнә перзент  өз орнын  сәтті тапқан.  Суретшінің  хроникалық  тізбегі өмір заңдылығымен –  кебін оранған мәйіті бар   табытпен  тәмамдалады. Айтпақшы,  әріректе бір құс ұшып барады  екен-ау. «Суретші түсі» понарамалық  картинансының  соңғы нүктесі   бұлт торлаған күнге қарай  қанат қаққан құс. Бұл бақыт  құсынан гөрі топырақ тартқан  денеден шыққан ЖАНҒА ұқсайды.  Тағы бір айта кететіні суретші  бұл шығармасында тек қара  бояу қолданған.  Тағдырын торлаған  қасірет бояуын суретшінің таңдауында  үлкен сыр жатыр. Туындыны көріп  отырып, саф  дарын иелерінің  барлығына Алла Тағаланың   ерекеше қасиет, алдын болжай  білетін әулиелік дарытатынын  түйсігіңмен сезесің. Мұқағали  Мақатаевтың:     

         Өзімнің есебімде,

         Мен биыл қырықтың бесеуінде.

         Ұмыт болып есебің өсегіңде,

         Ұйықтап кетсем болғаны төсегімде

          Қырықтың бесеуінде…

дегенін жолдарына  қайран қала қарағандар  «Суретшінің түсі»  барын да білуі керек. Бұл ұлыларға ортақ үндестік болар.

    P.S Түлкиевтің  жаны құс болып күнге самғап  кеткелі он жыл өтседе, қазақ  халқы төл перзентін жадынан  шығарған емес. Оның өлімі жайлы  болжамдар да көп. Белгісіз ақпарат көздеріне сүйенсек Бексейіт өлімі Мұстафа Өзтүріктің түсініксіз ажалымен байланысты. Я болмаса, ғажап суреткерді «мафия» деген заманауи атауға ие болған балталы топтың басшылары бақилық етті деген сөз бар. Бір анығы, қара кісінің қанжары қанданған он жыл бұрынғы қанды түннің ақ қарасы тек бір тәңірге ғана аян. Ал сізбен біз сияқты Құдай құлдарына суретші өлімі жұмбақ  ТҮС  күйінде қала бермек…


Информация о работе Бексейіт Әбдезұлы Түлкиев