Білім беру әлеуметтануы, қазіргі әлеуметтанудың бағыты ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 09:23, доклад

Описание

Білім беру педагогика, психология, философия, тарих, экономика, әлеуметтану секілді ғылымдар қатарын зерттеудің объектісі мен пәні болып табылады. Олардың әрқайсысы өздеріне тән шекарасын зерттейді.

Работа состоит из  1 файл

Жайна.docx

— 20.78 Кб (Скачать документ)

Білім беру әлеуметтануы, қазіргі әлеуметтанудың бағыты ретінде

 

Білім беру педагогика, психология, философия, тарих, экономика, әлеуметтану  секілді ғылымдар қатарын зерттеудің объектісі мен пәні болып табылады. Олардың әрқайсысы өздеріне тән  шекарасын зерттейді. Білім беру әлеуметтануы – білім жүйесін  әлеуметтік институт ретінде және оның қоғаммен өзара әрекеттестігін зерттейтін ғылыми пән. Әлеуметтанудың мұндай ерекше саласының бөлініп шығуы білімнің тарихи ауыспалы жүйесіне және шартты дербестігіне, оларды тудырушы қоғамдық қатынастар шеңберінде қоғамның дамуы  мен қызмет етуіне белсенді әсер ете  алу қабілеттілігіне негізделген.

Білім беру әлеуметтануының пәні әлеуметтік институт ретінде білім (оның қоғамдағы қызметі мен басқа институттармен өзара байланысы), әлеуметтік ұйым ретіндегі оның мекемелері (мектеп, ЖОО, т.б.), сонымен қатар білім саласындағы әлеуметтік саясат болып табылады. Білім беру әлеуметтануы, сондай-ақ білім жүйесінің әлеуметтік институт ретінде қоғаммен және оның негізгі элементтерімен өзара әрекеттесулерін зерттейді: мысалы, қоғамдық өндіріс элементтері, экономикалық қатынастар элементтері, саяси жүйе элементтері, рухани өмір элементтері. Білім жүйесі мен оның жеке кіші жүйелер ішінде пайда болатын әлеуметтік мәселелерге (мектеп, кәсіби оқу орны), оқытушы мен оқушы арасындағы өзара қатынас, ұжым мен топ арасындағы қатынас, мектеп сыныптары ішіндегі қатынас саласындағы мәселелерге келетін болсақ, мұндай мәселелер білім беру әлеуметтануының саласы ретінде педагогика әлеуметтануын қалыптастырады.

Білім беру әлеуметтануының  өзіндік ерекше міндеттері бар:

  • Білім алудағы қажеттілікті зерттеу, қоғам өмірі мен жеке өмірдегі оның рөлін, түсініп, бағалау;
  • Олардың әлеуметтік маңыздылық астарындағы білім сапасын және деңгейін бағалау;
  • Қоғам мен білім алушылардың білімге қатынасы, оның әлеуметтік құндылықтарын зерттеу;
  • Әлеуметтік мәртебенің факторы ретінде білімнің рөлін көрсету;
  • Рухани қажеттіліктер мен мүдделер серпініне оның әсер ету деңгейін анықтау.

Білім беру әлеуметтануының  негізін М.Вебер және Э.Дюркгейм қалаған.

Олар білімнің әлеуметтік қызметтерін, оның экономикалық және саяси  процестермен байланысын, сонымен қатар  әлеуметтану көзқарасы бойынша  оқу орындары мен педагогикалық  процестерді зерттеді. Кейінірек  Т.Парсонс білімді қазіргі қоғамда  әлеуметтендіру институты ретінде  зерттеуді, оқу орындары мен оның элементтерін әлеуметтік жүйе ретінде  қарастыруды ұсынды (рөлдер мен нормалар жүйесі). Осы тұрғыдан алғанда мектептер, сыныптар, әлеуметтік психологиялық  орта, топтық процестер, жанжалдың шығу тегі, оқыту тәсілі, әлеуметметриялық құрылымдарға ие болатын білім алушылардың  бейресми топтары зерттеледі. Н.Гросс, Р.Будон, Р.Коллинс білім алушының әлеуметтік жағдайын, оның оқу жүйесіндегі  жетістіктерін сондай-ақ білім мен  әлеуметтік стратификацияның байланысын талдауға назар аударады.

Білім беру жүйесі – әлеуметтік институттың ең маңыздыларының бірі. Жеке адамның әлеуметтенуі – жеке адамдардың өзері өмір сүретін қоғамда  тиімді жұмыс істеу үшін өмір сүру арқылы сапасын дамыту процесі. Әлеуметтендіру мәдениеттің сабақтастығын, оның ұрпақтан-ұрпаққа  берілуін қамтамасыз етеді. Алғашқы  әлеуметтендіруді (баланың әлеуметтендіруі) алып жүруші агенттер болып отбасы табылады, әлеуметтендіру көбінесе стихиялы сипатта болады (саяси, заңдық, діни, БАҚ, т.б.). бұл жерде әлеуметтендіру басымдылығы бойынша мақсатты бағытталған  сипатта болады. Қазіргі қоғамда саналы әлеуметтенудің шешуші құралы білім жүйесі болып табылады. Олардың әрекет ету процесінде сонымен қатар әлеуметтену процесінің екі жақты қызметі туындайды – мәдениетті жеткізу және тұлғаның дамуы.

Білім тұлғаның дамуына, өзін-өзі көрсетуіне көмектеседі. Сонымен  бірге білім тәжірибелік және нышандық сипаттағы маңызды міндеттерінің  орындалуын қамтамасыз етіп, қоғам  үшін шешуші маңызды орын алады. Мәдениетті жеткізу қызметі дәстүрлі құндылықтарды арнайы емес тиісті білім беру жүйесінде сақтау және оларды жоғалтып алуын толағандыратын тарихи бағыт алу сана-сезім ашық көрінетін қоғамдарда көрініс береді. Білімнің бұл қызметінің жүзеге асуы гуманитарлық жиынтық пәндерінің – қоғам тарихының, тілдің, әдебиеттің, географияның, дін және философияның қолдауынан көрінеді.

Білім беру жүйесі қоғамның бірігуіне маңызды  үлес қосады. Қазіргі көптеген елдер әр түрлі этникалық, діни, нәсілдік топтармен сипатталады. Білім тарихы тағдырдың қауымдастық сезімін, осы біртұтас қоғам қатарына жататынын қалыптастыруға өзінің үлесін қосады және осындай топтардың ұлттық мәдени ерекшеліктерін сақтай отырып, мәдени ықпалдасу шеңберіндгі ортақ құндылықтарды, қалауларды, мұраттарды және ұмтылыстарды жасап шығаруға көмектеседі.

Білім беру өзінің құрылымы бар шағын жүйені көрсетеді. Негізгі элементтер ретінде әлеуметтік қауымдастық, әлеуметтік ұйым ретіндегі оқу-тәрбиелеу мекемесін (оқытушылар мен оқушылар) және әлеуметтің мәдени іс-әрекетінің түрі ретінде оқу процесін көрсетуге болады. Білім жүйесі мына принциптер бойынша құрылады, әрі бірнеше буындардан тұрады: мектепке дейінгі тәрбие беру жүйесі, жалпы білім беру мектебі, кәсіби-техникалық білім, жоғары оқу орыннан кейінгі кадрларды қайта даярлау мен біліктілікті жоғарылату жүйесі, т.б.

Мектепке дейінгі мекемелер. Мектепке дейінгі мекемелердің адам тәрбиесінің, оның еңбекқорлығы мен басқа қасиеттерінің негізін қалау процесінде маңызы зор. Қоғамның маңызды институттарының бірі ретінде мектепке дейінгі мекемелердің әлеуметтік қызметтерін былай бөліп көрсетуге болады:

  • Жас баланың тән және психологиялық денсаулығын қорғау және нығайту;
  • Балалардың білім алуға, жан-жақты дамуға және мектепке оқуға жалпы мәдени психологиялық құқығын жүзеге асыру;
  • Құрдастары ортасында әлеуметтік мінезін қалыптастыру (балалар ұжымында, қарым-қатынаста және белсенді өзара әрекеттесуде):
  • Қоршаған әлеуметтік орта мен отбасының даму мүмкіндігінің шектелген себебі бойынша дамуды айрылғандардың орнын толтыру;
  • Әйелдер мен балалардың тұлғалығын жетілдіру және қоғамдық еңбек үшін қолайлы жағдай жасау;
  • Мектепке дейінгі және келесі өмір барысында баланың тұлға болып қалыптасуы мүддесі үшін ата-анамен және үлкен адамдармен психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік-ағартушылық жұмыс.

Мектеп. Мектептегі оқытудың тек балалардың жартысын ғана қамтитын мектепке дейінгі тәрбиеден айырмашылығы баршаға ортақтығында. Барлық жастарға орта білім беру мекемесін бітіруге мүмкіндік пен кепілдік беріледі. Жастар орта білім алған соң еңбекке және қоғамдық-саяси өмірге араласады. Әлеуметтендіру институты ретінде мектептің рөлі әрқашан айтарлықтай жоғары болған, алайда индустриялы өндірісте ата-аналардың жұмыспен қамтылуы мен екі ұрпақтық отбасыдан қарапайым отбасыға өтуіне байланысты отбасының тәрбиелік рөлінің төмендеуі себебінен ол одан да ұлғая түседі.

Жалпы білім беру мектебін аяқтау жас бала үшін болашақта өмірлік  жолын, мамандығын, айналысатын іс-әрекетін таңдауды білдіреді. Мектеп бітірушісі осы нұсқалардың біреуіне тоқтала  отырып, кәсіби білімнің қандай да бір  түріне жоғары баға береді.

Кәсіби  техникалық білім өндірістің қажеттіліктерімен, жастарды өмірге жедел әрі тезірек енгізу нысанымен тікелей байланысты. Кәсіби-техникалық дайындық әр түрлі шығындарға қарамастан, білім алудағы маңызды арна болып қала береді. Білім беру әлеуметтануы үшін білім алушылардың білім себебі, оқытудың тиімділігі, оның мамандық жоғарылатудағы рөлі мен халық шаруашылығындағы мәселелерді шешудегі рөлі маңызды.

Жоғары  білім беруге келетін болсақ, әлеуметтану үшін жастарды оқыту түрлерінің әлеуметтік мәртебесін анықтау, болашақтағы ересек өмірдің мүмкіндігі мен рөліне баға беру, қоғамдағы субьективті талпыныс пен объективті қажеттілігінің сәйкестігі, дайындықтың сапасы мен тиімділігі маңызды.

Білім қоғамдық өмірдің барлық саласымен байланысты. Экономика  білім беру саласының материалдық  базасын анықтайды, оның мазмұнын пәндер құрылымы, мамандық және мамандану  тұрғысын, жоспарын негіздейді. Саяси  сала, сондай-ақ, білім жүйесіне тікелей  әрекет жасайды. Қоғамдағы режимге (демократиялық және тоталитарлық) және оның түрлеріне (ашық және жабық) байланысты білім беру жүйесінің  мазмұны мен оған сәйкес келетін  құрылымдары қалыптасады. Сонымен  бірге әлеуметтік-мәдени орта макро- және микро- деңгейде білім берудің  барлық жүйесіне әсер етеді. Бұл жерде  әңгіме қоғам мен отбасының өнегелі  және діни құндылықтары жайлы болып  отыр.

Қазақстандағы білім беру жүйесі қазір өзінің элементтері  мен буындарына қатысты негізгі  өзгерістерді бастан кешіруде. Мемлекеттік  оқу орындарымен бірге баламалы, жеке меншік оқу орындары пайда болды. Білімнің нұсқалық нысандарын таңдау мүмкіндігі кеңеюде. Дәстүрлі бұқаралық  мектеппен бірге бір бағыт  ұстанған сыныптар мен пәндерді тереңдетіп оқытатын лицейлер, гимназиялар, колледждер, мектептер пайда болып келеді. Тегін білім беру жүйесімен қатар, барлық буындарда бала-бақшадан университетке  дейін ақылы білім беру өмір сүріп  келеді.

Қазіргі жағдайда Қазақстанда  білім беру жүйесінің алдында  мазмұнды және құрылымдық-ұйымдастырушылық сипаттағы міндеттерді шешу мәселесі тұр. Мазмұнды көзқарас бойынша, құндылықтық  іргелілікті қалыптастыру, өзіне  жалпы адамзат мұратының үздік  үлгілерін және ұлттық тарихи-мәдени мұрасына ие принциптерді жанастыратын білім жүйесіндегі гуманитарлық білімнің базалық негіздерін дамыту және орнына келтіру қажет.

Білім беру мекемелерін зерттеу  пәні ресми және бейресми құрылым, балалар  мен жеткеншектер ұйымдарының ерекшеліктері, мұғалім мамандығының әлеуметтік-психологиялық  аспектідегі әлеуметтік мәртебесі, оқу ұжымындағы өзін-өзі басқару  мен басқарудың өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Білім беру әлеуметтануында  әлеуметтік саясат мәселелері үлкен  орын алады, оның негізгі міндеті  – білімнің әртүрлі қызметтерін  оңтайландыру, әр түрлі салада (өндірісте, ғылымда, мәдениетте, басқаруда) оның тиімділігін  арттыру. Сондай-ақ жалпы қоғам дамуындағы оның адам факторын белсенді етудегі  рөлі анық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының  білім және ғылым министрлігі

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Жаратылыстану-жағрафия факультеті

Ауыл шаруашылық кафедрасы

 

 

 

 

«Білім беру әлеуметтануы, қазіргі әлеуметтанудың бағыты ретінде»

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған:    Сейдахметова Ж. С.

                                                                                       А-09-1к тобының студенті

Тексерген: Бекмурзина А. Н.

 

 

 

 

Петропавл, 2013


Информация о работе Білім беру әлеуметтануы, қазіргі әлеуметтанудың бағыты ретінде