Девиациялық мінез – құлықтың формалары және аномия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 15:35, реферат

Описание

Девиациялық мінез – құлықтың формалары. Аномия туралы түсінік. Девиацияның себептері мен онымен күресу жолдары.

Работа состоит из  1 файл

Социология семестровка Нурс 2.26.docx

— 36.33 Кб (Скачать документ)

«Өзiн-өзi өлтiру» деген еңбегiнде Дюркгейм эгоистiк, альтуристiк және аномиялық суицидтердiң түлерiн атап өтедi. Соңғысы дәстүрлi шектеу нормалары шайқалған кезде ырықсыз құмарлықтан туындайды делiнедi. Шектелмеген тiлектер орындалмаған жағдайда адамдарда шешiмi жоқ тұйық дағдарыстар пайда болады.

Аномия ұғымын қазiргi социологияда әpi қарай дамытқан американдық ғалым Р. Мертон (1910). Ол аномия мәселесін ауытқушылық әрекетпен байланысты қарастырады. Мұндай әрекет ұлғалық мақсаттарға заңды құралдармен жете алмайтын жағдайларда қалыптасады. Нақтылы мәдени жүйеде туындайтын мүдделер үстемдік етіп тұрған басқарушы және реттеуші тетіктерге қайшы келуі мүмкін. Аномия әсіресе, өтпелі қоғамдарда жиі кездеседі. Бұрынғы әдетке айналған бағдарлар жаңа талаптарға сәйкес құндылықтармен жылдам ауыстырыла бермейді. Мұндай қайшылықтар тұлғалар санасында ауытқушылық туғызуы мүмкін.

 

3). Девиацияның  себептері мен онымен күресу  жолдары.

Девиантты мінез-құлықтың себебі, негізгі көзі неде?

Осы мәселемен айналысып отырған  қазақстандық ғалымдар мінез-құлықтағы өзгерістердің аймақтық, жастық, кәсіптік, әлеуметтік-таптық сияқты заңдылықтарын ашып берді. Сондай-ақ, зерттеушілердің көпшілігі әлеуметтік бастаманың кез-келген саналы мінез-құлықта басым болатынына, оның жеке тұлға құрылымындағы биологиялық элементтермен терең өріліп жататыны жөніндегі пікірді қолдауда.

Әлеуметтік қайшылықтар қылмыс, нашақорлық, маскүнемдік, жезөкшелік сияқты келеңсіз құбылыстарға әкеледі. Мінез-құлықтағы ауытқулардың тұрақсыздығы экономикалық, демографиялық, әлеуметтік, мәдениеттік жағдайларға да байланысты. Мінез – құлық тұрақсыздың негізі – кедейшілік және жұмыссыздық.

Жұмыссыздықтың себептері:

- экононмиканың дамуына байланысты  жаңа технология пайда болып, артық

жұмыс күшінің қысқаруы;

- экономиканың құлдырауына немесе  депрессияға байланысты жұмыспен

қамтамасыз  етушілер барлық ресурстарды, соның  ішінде еңбек ресурстарын

қысқартуға  мәжбүр болуы;

- үкімет пен кәсіподақтың жалақыны көбейту саясатына байланысты ,

өндіріс тоқырауға ұшырап, жұмыс күшінің қажет етілмеуі;

- кейбір өнеркәсіптердің экономика саласындағы маусымдық өзгерістер;

- Тұрғындардың демократиялық құрылымының өзгеруі; яғни жұмысқа

қабілетті адамдардың санасының өсіп, жұмыс орындарының азаюы.

Жұмыссыздықтың аталған себептеріне қарай, оның төмендегідей формасы бар:

1) фрикциондық жұмыссыздық – (фрикцион–француз  тілінен– келіспеушілік

деген сөзден шыққан ) адамдардың бір жұмыстан екінші жұмысқа, бір орыннан екінші орынға ауысып отыруынан пайда болады;

2) Құрылымдық жұмыссыздық – технологияның  жаңаруына байланысты тауар рыногында ескі тауардың орнын жаңа тауар басып, ескілері керексіз болып қалады. Осыған байланысты өндіріс орындары шығаратын өкімдерін қайта қарауға мәжбүр балады, соның нәтижесінде көптеген жұмысшылар жұмыссыз қалады.

3) Маусымдық жұмыссыздық – ауыл  шаруашылығы мен құрылыс орындарында көптеген жұмыс маусымға байланысты ұйымдастырылды. Мысалы: көктемде егіс барысында жұмысшы көп қажет болса, қыста егін егілмейді, сондықтан жұмысшы қажет емес.

4) Циклдік жұмыссыздық – тауарға  деген сұрныс пен соған байланысты атқарылатын қызметтің арасыцндағы қарама- қайшылықтарға байланысты.

5) Жасырын жұмыссыздық – бұл  отандық экономикаға тән құбылыс.Экономикалық тоқырауға байланысты өндіріс орындары уақытша

өндіріс шығарылмайды, сол себептен жұмысшыларджы еріксіз демалысқа жібереді, немесе жұмыс уақытын қысқартады. Бұл нақты жұмыссыздық ретінде ешқандай жерде тіркелмейді.

Жоғары айтылып отырған жұмыссыздықтың себептері мен формалары

адамдардың  әлеуметтік жағдайын төмендетеді. Соның салдарынан отбасындағы ұрыс – керіс, тұрақсыздық жағдайлар пайда болады.

Мінез құлықтағы тұрақсыздықтың тағы бір себебі - әлеуметтік патология.

Әлеуметтік патологияға: психологиялық аура; алкоголизм; наркомания;

тұрғындардың генетикалық фондының әлсіреуі жатады. Алкоголизмге байланысты мәселен Ресейде жылына адам басына шаққанда 1 адам 20 литр

арақ  ішсе, Қазақстанда соның жартысын құрайды. Ал өмірінде ең құрығанда 1 рет наркотикті қабылдаған адам 11%% – н- 15 % ға дейінгі көрсеткішті көрсетеді.

Ұзақ жылдар бойы нашақорлық біздің елімізде тек батыстық өмірге жататын құбылыс ретінде есептелді. Қазір нашақорлықтың құбылыс ретінде

қалыптасқанын ешкім жоққа шығара алмайды және оның жеке адамдар мен

бүтіндей  қоғамға қаншалықты зардап әкелетінін түсінеді. Әлеуметтік зерттеулер нәтижелері нашақорлардың көп бөлігі белгілі бір дәрежеде өздеріне төнген қауіпті сезініп, өз құмарлығына сындарлы көзбен қарайтындығын көрсетті. Мәселен сауалнамаға жауап бергендердің 12 пайызы нашаның өлтіретін күшін сезінсе, 66,5 пайызы нашаға қарсы екенін білдірді. Наша қабылдағаннан кейін болатын қозуды, көңіл-күйдің көтерілуін

тәжірибесіздіктен және білімсіздіктен бұл зат өз денсакулығына игілікті әсер етті деп қабылдайды. Бірақ белгілі бір кезеңде денсаулығы мен психикасы бұзыла бастағанда, көптеген нашақорлар оны алда не күтіп тұрғанын саналы

түрде сезіне бастағанымен, бұл әдеттен  бас тартуға шамасы жетпейді.

Ғылымда девиантты мінез-құлықты кең мағынада және шағын тар мағынада қарастырады.

Тар мағынада алғанда, девиантты мінез-құлық қылмыстық жазалауға

жатпайтын, яғни құқық бұзушылық болып есептелмейтін  ауытқулар ретінде

түсіндірілсе, кең мағынада алғанда девиантты мінез-құлық құқыққа қарсы формалар ретінде түсіндіріледі. Бұдан, адамның өзін-өзі өлтіруін – девиация

деп атайтын болса, ал біреуді өлтіруін қылмыс деп атайды.

Кейінгі кезде Қазақстанда «заңды ұрылар» деген ұғым пайда болды, олар қылмыстық топтар арасындағы қарым-қатынасты реттейді. Наркобизнес, спирт контрабандасы, ұрланған машинаны сату өркендеп, жезөкшелік қалыпты құбылысқа айналды.

Қылмыс бұзудың арта түсуіне  маскүнемдік әсерін тигізуде. Статистика көрсеткендей, ауыр жағдайдағы бұзақылық, зорлаудың 90 пайызы, басқа қылмыстардың 40 пайызы маскүнемдікке байланысты болып отыр. Кісі өлтіру, ұрлық, қарақшылық шабуыл жасау, ауыр зақым тигізудің 70 пайызын адамдар мас күйінде жасаса, ажырасудың 50 пайызға жуығы маскүнемдікке

байланысты.

Мінез-құлықтың ауытқуы девиацияның әр түрлі формалары арасындағы өзара байланыстың заңдылығы сияқты қаралады. Мысалы, суицидті (өмірін қиюға ұмтылу) мінез-құлық пен әлеуметтік ауытқулардың басқа формаларымен, мысалы, маскүнемдікпен байланысты екенінде сөз жоқ. Сот экспертизасы көрсеткендей, 68 пайыз ерлер мен 31 пайыз әйелдер мас болуы салдарынан өз өмірлерін қиған.

Девиацияның барлық формаларының көрінуі экономикалық, демографиялық, мәдени және басқа да көптеген факторларға да байланысты болады. Бүгінде бұл мәселе ТМД елдерінде аса шиеленісіп отыр, өйткені мұнда қоғамдық өмірдің барлық салаларында айтарлықтай өзгерістер болып, бұрынғы мінез-құлық нормалары құнсызданып отыр. Әрекеттің бұрынғы тәсілдері нәтиже бермеуде.

Күтілетін нәтиже мен шын нәтиженің арасындағы айырмашылық қоғама шиеленіс туғызып, адамдардың өз мінез-құлқының моделін өзгертуге дайын болуын, сөйтіп қалыптасқан нормадан шығуына итермелеп отыр. Әлеуметтік, экономикалық жағдай шиеленіскен жағдайда нормалардың өзі де өзгеріске түсуде. Кейде мәдени шектеулер іске аспай, әлеуметтік бақылаудың барлық жүйесі бәсеңсуде.

Осылайша құқық бұзушылық –  бұл қоғамдық өмір туғызып отырған өмірлік кикілжіңдер, сәтсіздіктер, әлеуметтік драмалар мен трагедиялардың бейнесі.

Қылмыс – адамзат кесклінің  бейнесі. Оны бүгінге дейін бір  де бір қоғам құрта алмай келеді.

Жеке тұлға аймағына жататын  деликвентті мінез-құлықтың себептеріне, оны қалыптастырып, қылмысқа итермелейтін сыртқы жағдайлар сияқты, аз көңіл бөлініп отырған жоқ. Сондықтан құқық социологиясы адамның жеке тұлғасына байланысты мәселелерге назар аударады.

Мәселені зерттеушілер заңды мойындайтын  азаматтардың ішкі әлемімен салыстырғанды заң бұзушының өзіндік ішкі әлемінің болатындығын мойындайды. Заң бұзушының ішкі әлемі қандай?

Күтілетін нәтиже мен шын нәтиженің арасындағы айырмашылық қоғамда шиеленіс туғызып, адамдардың өз мінез-құлқының моделін өзгертуге дайын болуын, сөйтіп қалыптасқан нормадан шығуына итермелеп отыр. Әлеуметтік, экономикалық жағдай шиеленіскен жағдайда нормалардың өзі де өзгеріске түсуде. Кейде мәдени шектеулер іске аспай, әлеуметтік бақылаудың барлық жүйесі бәсеңсуде.

Қылмыс пен сол қылмысты жасаушы  заң бұзушының өмірлік мақсаты мен тарихының арасында байланыс бар. Бұл байланыстың мазмұны мынада: кез-келген формадағы қылмыстық іс қылмыскердің басқа адамдарға қатысын

білдіреді, ол қылмыскердің ерте кезден араласқан қатынастар жүйесінің нәтижесі болып саналатын өмірлік ұстанымын бейнелейді.

Социологиялық зерттеулер барысында  заңды тыңдайтын азаматтардың

құқықтық  мінез-құлығының себептері мен мақсаттарын, сондай-ақ заңгерлер

«құқық  бұзушы» деп танитын тұлғалардың құқықтық сана сезімінің деңгейі

зерттеліп, ғалымдар «құқық бұзушыны» девиантты (ауытқыған), немесе, делинквентті (қылмыстық) мінез-құлығы бар тұлға деп таниды.

Девиантты мінез-құлықтың мәнін түсінудің басты шарты ретінде «норма» ұғымы енеді. Әлеуметтік норма – нақты қоғамда тарихи қалыптасқан жеке адамның, әлеуметтік топтың немесе ұйымдардың рұқсат етілген мінез-құлық шаралары. Әлеуметтік нормалардың негізі құқықтық заңдарда, мораль мен этикетте және т.б. жатыр.

Көптеген жағдайларда ауытқыған мінез-құлық әлеуметтік санкцияға жатады. Тәртіп бұзуға, адамдар арасындағы қатынасқа (өтірік, дөрекілік т.б.)

байланысты  девиацияның әлсіз және кездейсоқ  формаларын қоғамдық пікір

тіркейді  және әрекетке қатысушылардың өз арасында жағдайға байланысты

түзетулер енгізіледі. Девиацияның тұрақты  формаларын жазалау әдістері мен

құралдары ауытқулардың қауіптілік деңгейіне байланысты анықтап қарастырады. Мұнда девиация қоғамдық орын мен отбасындағы дөрекіліктен

бастап, адам өлтіруге дейінгі кең мағынадағы әлеуметтік құбылыс екендігі ескеріледі.

Қазіргі таңда әлеуметтік педагогика ғылым ретінде мінез-құлықтағы

ауытқудың бірнеше бағыттарын қарастырады:

1. Қоғам қойып отырған мақсат  пен сол мақсатқа жету құралдарының бір- біріне сай болмауы;

2. Жанжал теориясына байланысты мәдени мінез-құлықтағы адамдар бұзақылар ортасында ауытқыған мінез-құлықты адам болып есептелінеді.

3. Логотерапия негізін жасаған  австриялық психолог – теоретик Виктор Франклдың өмірден күдер үзген адамдар мәселесін шешу теориясы. Оның

теориясы  табиғатқа, адамға, адам дамуындағы нормалар мен ауытқулар, оны

түзету  жолдары мен әдістеріне арналған.

4. Я.И. Глинцкийдің көзқарасы оның ойынша мінез-құлықтағы ауытқу қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы теңсіздікке байланысты (байлар мен кедейлер);

5. Қоғамда адамның өз мүмкіндігі мен қабілетіне қарай өз орнын таба алмауына байланысты ресми емес топтарға қосылуы.

Девиацияның тұрақты формаларын жазалау  әдістері мен құралдары ауытқулардың қауіптілік деңгейіне байланысты анықтап қарастырады.

 

 

Әдебиеттер  тізімі

1. Гилинский Я.И. Социология девиантного  поведения как специальная социологическая  теория //Социс. – 1991. – № 4.

2. Добреньков В.И., Кравченко А.И.  Социология. Социальная структура  и социальная стратификация. –  М.: Инфра, 2000.

3. Дюркгейм М.Э. Самоубийство. Социологический этюд. – М., 1994.

4. Карабаев Ш.К. Әлеуметтану негіздері:  Оқу құралы. – Алматы: Экономика  баспасы, 2007.

5. Қазымбетова Д.К. // ҚазҰу хабаршысы.  Психология және социология сериясы.  Жастардың жат қылықтарының профилактикасы  мен күресу жолдары. – Алматы, 2005.

6. Коэн А.К. Отклоняющееся поведение и контроль над ним: Американская социология. – М., 1978. – С. 288 – 296.

7. Ланцова Л.А., Шурупова М.Ф. Социологическая теория девиантного поведения //Социально-политический журнал. – 1993. – № 4.

8. Мертон Р. Социальная структура  и аномия: Социология преступности. – М., 1966.

9. Мотивационная регуляция деятельности  и поведения личности. – М., 1988.

10. Рахметов Қ.Ж., Болатов А.Н., Исмағамбетова З.Н. Социология. – Алматы, 2001.

11. Социология. Оқулық. – Алматы, 2002.

12. Тұрғынбаев Ә.Х. Социология. – Алматы, 2001.

13. Шәмшәтұлы И., Дәкенов М., Дәуіт  Д., Күнхожаев Н. Әлеуметтану. –  Алматы, 1999.

Информация о работе Девиациялық мінез – құлықтың формалары және аномия