Девианттық мінез-құлық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2012 в 00:48, доклад

Описание

Ал, тар мағынасында қалыптасқан құқықтық және өнегелік ережелерді тек белінен басып, аттап өту деп түсініледі. Мүндай девиантты мінез-құлық әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеп соқтырады. Ол конформизмге қарама-қарсы. Девиантты мінез-құлық әлеуметтік себептері қоғамның мәдени құндылықтары мен оларға қол жет- кізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдарының арасындағы алшақтықта (Р.Мертон), әлеуметтік құндылықтардың, ережелердің, қатынастардың әлсіздігі мен қарама-қайшылықтығында (Э.Дюркгейм). Девиантты мінез-құлыққа жауап ретінде қоғам немесе әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып, өз мүшелерін ондай қылықтары үшін жазалайды

Работа состоит из  1 файл

Девианттық мінез.doc

— 123.50 Кб (Скачать документ)

Девиантты қылығы бар жеткіншек келесі ерекшеліктерге ие:

-         жағымсыз психикалық күштеме.

-         тәуекелділікке жоғары дайындық.

-         жоғары агрессивтілік.

Девиантты қылықтың келесі топтамасын ұсынуға болады:

Психикалық денсаулық нормасынан ауытқушылық, яғни адамда анық немесе тұйық түрдегі психопатологияның бар болуы (бұл топқа астениктер, шизоидтар, эпилептоидтарды) қосуға болады.

Әлеуметтік патологияның әртүрлі формаларында көрінетін – ішімдікке салыну, есірткі қабылдау, жезөкшелік және т.б. адамгершілік нормалардан ауытқушылық кейде қылмыс формасында да көрінеді. Жеткіншектерді құрметтеу, оларға көмектесу, өзін – өзі бағалау сезімін дамыту және қажетті деңгейде пайдалы кеңестер беру – жас тұлғасының жақсы адам қатарына қосылуына көмектесер еді. Жеткіншектерден жақсы қылық талап ететін болсақ, ол онымен жақсы болмайды. Керісінше оған жақсы жағдай, адал қарым – қатынас жасайтын болсақ, онда ол жағымсыз әсерге қарсы тұра алады.

Девиантты мінез – құлықтың екі формасын бөлуге болады.

1. Психикалық-денсаулық себебінен ауытқушылық;

2. Әлеуметтік, адамгершілік, құқықтық нормалардан ауытқушылық.

Осының екінші формасы қазіргі кезде көптеп кездеседі. Олар алкоголизм, наркомания, агрессия, заңға қарсы әрекет жасау және т.б. түрде көрінеді.

Қорытындылай келе, девиантты қылықты жеткіншекті қазіргі таңда үйде ата-ана, мектепте ұстаздар және психолог жіті қадағалап , бақылауда ұстауымыз қажет. Мектептегі балалардың бойынан осындай қылықтар байқалған кезде, көп көңіл бөліп қолға алуымыз керек. Мұндар девиантты қылық ана құрсағында жатқанда-ақ тап болады. Бала көтеріп жүргенде аналар мейлінше ашуланбай, іштей әр нәрсеге күйзелмей өзін сабырлы, мейірімді ұстай білсе, мұндай балалардың дүниеге келуінің алдын алуға болар еді. Бала-адамның бауыр еті, жүрекжарды қуанышы емес пе? Сондықтан да өмірде әлі бұғанасы қатайып, буыны бекімеген жас жеткіншектердің болашағына күл шашпай, өмірі жарқын өтуіне өз үлесімізді қоса білейік. Өз тамырымызға өзіміз балта шаппайық және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екенімізді ұмытпайық.

Тағам арқылы мінез-құлықты анықтау

1. Тәттіні ұнататындар – стресті игере алатын іскер, мақсат-мүддесі айқын адамдар. Олардың милары ақаусыз жұмыс істейді.

Алайда бұл семіздік пен сусамырға алып келеді.

2. Ет жегіштер – резоноперлер, мейірімсіздер деп те есептеледі. Олар өз мақсаттарына жету үшін неден болса да тайынбайды. Отбасында мазасыз, күдікшіл.

Қонышынан басып өмір сүремін деп арпалысып жүріп миокард, инфаркт, жүрек талмасына, инсультқа, бүйрек пен қуық тас байлануына ұрынады, олардың өмірлері қысқа.

3. Ұн тағамдары мен ұннан дайындалған әшекейлі оны – мұныларды сүйсініп жейтіндер өзгеге жамандық жасамайды. Құлшынысы кем, болбырлау келеді. Жұрттың әрекеттерін талқылап отыруға бейім. Жұмыс орнын көп өзгертеді. Отбасында момақан, үйдегілердің айтып жатқан сын-ескертпелерін жүре тыңдайды.

Жүйкелері ауырады, депрессияға ұшырайды, жыныс ақауларына бейім.

4. Таптыра бермейтін экзотикалық тағамдар мен ащы тұздықтар, дәмдеуіштерге әуестер – ақылсыз, ұшқалақ, кірпияз, өтірікке бейім келеді. Сын көтермейді, өкпешіл, фантастикалық кітаптар оқиды, саяхатшыл. Достыққа өнімсіз. Жақсы басшы емес. Оған қаншама ақша құйылып жатқанымен сусып қолында тұрмайды.

Мұндай кісілердің көбінесе сүйектері сынады.

5. Тамақүсті бір рөмке шарап ұрттап, темекі шегіп, шынтақтарын стол үстіне кеңінен тастап жайылып отыратындар өмір рахатына батқандар және бұлар өркөкірек. Тіршілік ләззатына емін-еркін сіңіп, қонышынан басып, бұның бәрі солай болуға тиісті деп ұғынатындар. Олардың отбасында күн құрғатпай шаң-шұң. Балалары жабыңқы өмір сүреді. 6. Дастарқанға не үшін отырғанын ұмытып кететін, ол есіне түскенде әр нәрседен сәл-пәл алып жейтіндер, керісінше, ауызы әңгімеден босамайтындар - өзін-өзі сүйетін тыраштар. Өзінен гөрі кәсібін көбірек ардақ тұтады. Бұлардың ішінде көркемөнер өкілдері көп. Олардың ерлі-зайыптылық өмірі: «Болса болар, болмаса қояр».

7. Картоп жегіштер – флегматиктер, жатыпішерлер, бірақ қолға алған істері өнімді. Бірден шешім қабылдамайды. Бір мәселені шешсе, ол тиянақты. Салиқалы мәнді кітаптар оқиды, философиялық ой айтудан да қашпайды. Ғылыми теледидарларды көреді. Картопшылардың басты аурулары: подагра, тас байлану науқастары, остеохондроз.

8. Бәрін де жей беретіндер жан-жақты келеді. Олар еңбекқор. Балаларын да солай тәрбиелейді. Ұзақ өмір сүреді, ауырса тез жазылып кетеді. Тек олардың арасында аяқ-асты өліп қалатындар көп кездеседі.

Біздің әрқайсымыз күн сайын әр түрлі әлеуметтік жағымсыз мінез - құлықтың пайда болуымен кездесеміз: агрессия, қатыгездік, зиянды әдеттер, заңға қарсы іс әрекеттер және т.б. Сонда бірталай сұрақ туындайды. Осындай мінез- құлықтың себебі қандай? Адамың өзіне және маңындағыларға да зиян тигізуіне не апарады?

Девианты мінез құлық-қоғамда ресми дәстүрлі қалыптасқан заңға және нормаларға сәйкеспейтін мінез-құлық. Девианттық мінез-құлық ішкілікке салыну, қараусыз қалу, нашақорлық, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстар және басқада формаларда көрінеді.

Девиантық мінез- құлық психологтарды, дәрігерлерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, социология, философия мамандарын толғандырады. Сондықтан, бұл мәселенің ведомствоаралық талқылаудың себебі осында.

2009 жылдың 11 желтоқсанында Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Қарағанды қаласының әкімдігі жанында кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқығын қорғау комиссиямен бірлесіп Қарағанды қаласының маслихат мәжіліс залында «Жалпы білім беретін мектептерде девиантты мінез-құлықты балалармен алдын алу жұмысын жүргізу» тақырыбында Дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелдің жұмысына балалардың құқықтарын қорғау, ішкі істер департаменттерінін, білім басқармасының, білім беру мамандарының және мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтының, «Облыстық балалар психоневрологиялық диспансері» ҚМҚК, «Облыстық наркологиялық диспансері» ҚМҚК, Қарағанды қаласының білім басқармасының өкілдері, Қарағанды қаласының ІІБ КТІЖТ кәмелетке толмағандардың істері жөнінде аға инспекторлары, жалпы білім беретін мектептер директорларының тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары қатысты.

 

Дөңгелек үстел қатысушылардың басты назарында келесі тақырыптар талқыланды:

-девиантты мінез- құлық деген не;

- девиантты мінез-құлық балалармен алдын алу жұмысын ұйымдастыруында комиссияның ролі;

- девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің психологиялық проблемасы;

-тәрбиеге қиын бағынатын жасөспірімдердің психологиялық және биологиялық факторлары, сонымен қатар әр түрлі ауруларға тап болған балалар мінез-құлқының бұзулуы;

- жасөспірімдердің өмірінде девианттық құбылыстары;

- кәмелетке толмағандардың құқыққа қарсы мінез-құлық;

-жалпы білім беретін мектептерде девиантты мінез-құлқы жасөспіріммен жұмыс ұйымдастырылуы;

Дөңгелек үстел қортындысы бойынша дайындалған ұсыныстар жалпы білім беретін мектептерде девиантты мінез-құлқы балалармен алдын алу жұмысты өткізту үшін мүдделі мемлекеттік органдарға және ұйымдарға жолданады.

Адам ағзасы баска тірі ағзалар сиякты өзінің биологиялық қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылады. Осы арқылы ағза өзінің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтап отырады. Адам ағзасы өз қажетін қанағаттандыру үшін үнемі тамақтанады, тыныс алады және т.б. Соған байланысты өседі, дамиды жөне тіршілігін жалғастырады. Адам қоғамдағы өз мінез-құлығы аркылы әлеуметтік және рухани қажетін қанағаттандырады. Мұндай қажеттіктерге еңбек етуі, білім алуы, шығармашылық жүмысы, білгенін баскаларға үйретуі және т.б. жатады. Адам өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін міндетті түрде алдына мақсат қояды. ішкі сезімге беріліп, ойлайды, қиялданады, есіне түсіреді. Мұның бәрі әр адамның жеке ішкі сезімі арқылы миында алдын ала бейнеленеді. Бұлар адамның психикасына тән қасиеттер. И. М. Сеченов адам психикасы мен жоғары жүйке қызметінің рефлекстік сипатының ұқсастығына ерекше мән берді. Психология ғылымының физиологиямен өте тығыз байланысты екенін атап көрсетті.

 

Әрбір адам белгілі бір өлеуметтік ортада тіршілік ететіндіктен, сол ортаның тыныс-тіршілігімен санасады. Адам қоғамда басқа адамдармен қарым-қатынас жасамай, өмір сүре алмайды. Отбасында, ұжымда, қоғамда тіршілік етіп, сол аркылы психикасы қалыптасады. Осын- дай қарым-қатынастың нәтижесінде өрбір адам жеке түлға ретінде өмір сүреді. Адамның психикасының қалыптасуында сөздің де маңызы зор. Өз қажетін қанағаттандыру максатында қалыптасқан күрделі психикалық және физиологиялық үдерістер жиынтығы – мінез-құлықты білдіреді.

Декарт Рене

Адамның мінез-қүлығын және жануарлардың мінез-қылығын зерттейтін ғылымды этология (гр. «еtһоs» – мінез, «logos» – ілім) дейді. Рефлекс — жүйке кызметінің негізі, оның түрлері. Адам денесіндегі барлык тіршілік үдерістердің тікелей жүйке жүйесінің басқаруымен жүретіні өздеріңе белгілі (жүйке жүйесін, рефлексті естеріңе түсіріңдер). Ағзага сыртқы және ішкі ортаның өзгерістері тітіркендіргіш ретінде өсер етіп, рефлекс пайда болады. Рефлекс аркылы ағза үнемі өзгеріп түратын сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделеді. ішкі мүшелермен мүшелер жүйелері қызметтерінің үйлесімді жүруі рефлекс арқылы реттеледі. Рефлекс кезінде үлкен ми сыңарларының қыртысында сырткы жөне ішкі ортадан келетін тітіркендіргіштердің өсері талданады. Рефлекс үғымын ғылымға алғаш рет енгізген француз ғалымы – Р.Декарт (1596-1650).

Рефлекстерді шығу тегіне сәйкес шартсыз жөне шартты рефлекстер деп екі топка бөледі. Шартсыз рефлекс орталык жүйке жүйесінің төменгі бөлімдері (жұлын, сопақша, ортаңғы ми, мишық) аркылы жүзеге асады. Алдыңғы мидың үлкен ми сыңарлары алып тасталған жануарларда шартсыз рефлекс сақталады. Шартсыз рефлекстер адамның жасына сәйкес үнемі өзгеріп отырады. Туа пайда болған ретті тізбек арқылы бірімен-бірі байланысқан шартсыз рефлекстер жиынтығы – түйсік – инстинкт (лат. «instictus» – түйсіну) деп аталады. Түйсік – едәуір күрделі мінез-құлықтың бір түрі. Түйсік көбінесе топтасып тіршілік ететін бунақденелілерде де айқын байқалады. Түйсік арқылы ағзаның ішкі ортасының қажеті қанағаттандырылады.

Жаңа туған нәрестенің алғаш рет анасын емуі – тағамдық шарт сыз рефлекске жатады. Көзге бір затты жақындатқанда көзді жұму – қорғаныштық шартсыз рефлекс. Сәбиге таные емес затты көрсеткенде соған карай басы мен көзін бұруы – бағдарлаушы шартсыз рефлекс. Шартсыз рефлекстер арқылы ағзаның ішкі ортасының түрактылығы қамтамасыз етіледі. Ішкі мүшелер мен мүшелер жүйесінің кызметі үйлесімді түрде жүреді.

Шартты рефлекстер

 

Шартты рефлекстер. Ми қыртысында шартты рефлексті жүзеге асыратын жүйке – рефлекс орталықтары орналасады. Жүйке орталығы мен жүйкелер арасында шеңбер түрінде үнемі байланыстар болып тұрады. Шартты рефлекстер кезінде ми қыртысы мен мидың басқа бөлімдерінің арасында уақытша байланыстар түзіледі. Шартты рефлекстер – ағза мінез-құлығының ең қарапайым көрінісі. Шартты рефлекстер бірімен-бірі белгілі бір реттілікпен жүзеге асатын бірнеше кезеңдерден түрады. Шартты рефлекстер аркылы адам тамағын табуға, кауіпті жағдайлардан қорғануға әрекет жасайды. Мүның бәрі де жоғары жүйке қызметі аркылы жүзеге асады.

Жоғары жүйке кызметінің күрделенуі

 

Жоғары жүйке кызметінің күрделенуі сөздің пайда болуымен тікелей байланысты. Адамның мінез-құлығы негізінен екі түрлі жағдайларға байланысты қалыптасады. Біріншіден — ағзаның ішкі қажетін қанағаттандыру. Екіншіден – сыртқы орта жағдайларына бейімделу. Мидың және жүйке жүйесінің баска бөлімдерінің қызметі рефлекстер түрінде жүзеге асады, яғни рефлекстік сипатта болады. Ми қыртысының рефлекстік қызметін ғылыми түрғыда түсіндірген орыс ғалымы – И.М.Сеченов (1829-1905). Ол «Мидың рефлекстері» (1863) еңбегінде рефлекс ұғымына жан-жақты анықтама берді. Ғалым алғаш рет біздің саналы жөне санасыз әрекеттеріміздің бәрі рефлекстерге негізделгенін дәлелдеп берді. И. М. Сеченовтың пікірі бойынша, рефлекстер үш кезеңді қамтиды. Оның бірінші кезеңінде сыртқы тітіркендіргіштердің әсерінен сезім мүшелерінде қозу пайда болады. Екінші кезеңінде – мида қозу мен тежелу үдерістері жүреді. Осы үдерістердің нөтижесінде психикалық құбылыстар (түйсіну, сезу, т.б.) пайда болады. Үшінші кезеңінде – адамның мінез-құлығы әрекеттер арқылы көрініс табады. И.М.Сеченовтың зерттеулері мидың төменгі орталықтары, оның жоғары орталықтарының тікелей бақылауында жүретінін дәлелдеп берді. Ми қыртысындағы рефлекс орталықтары көптеген шартсыз рефлекстердің қызметін кейде тежеуі, кейде күшейтуі мүмкін.

 

Павлов Иван Петрович

Рефлекстер туралы ілімді одан әрі толыктырып дамытқан көрнекті орыс ғалымы И. П. Павлов (1849 – 1936) . Ол – жоғары жүйке қызметінің физиологиясы — мінез-қүлық туралы ғылымның негізін салушы ғалым. Ғалым мінез-құлықты зерттеуде шартты рефлекстердің қальпггасу әдістерін ашты. И.П.Павлов жоғары жүйке кызметі тікелей шартты рефлекстер жиынтығынан түратынын толық дәлелдеп берді.

Бірінішіден, шартты тітіркендіргіштің әсер ету уакыты шартсыз тітіркендіргіштердің өсерімен сәйкес келуі кажет. Мысалы, бұрын ет жеп көрмеген итке етті көрсетсе де иттің оған сілекейі бөлінбейді. Итке етті көрсетіп, артынша ет беруді бірнеше рет кайталаса, ет көріне салысымен сілекей бөліне бастайды.

Екіншіден, шартты тітіркендіргіштің өсері шартсыз тітіркендіргіштің алдында бірнеше рет кайталануы шарт. Қоңырау шалып, артынан итке тамак беруді бірнеше рет кайталаса, шартты рефлекс түзіледі.

Үшіншіден, шартты жөне шартсыз тітіркендіргіштердің әсер ету уакытын сәйкестендіріп, бірнеше рет кайталаганда да шартты рефлекс түзіледі.

Шартты рефлекстің қалыптасуы, шартты және шартсыз тітіркендіргіштерді қабылдайтын ми қыртысының екі орталығының арасындағы уакытша байланыска негізделген. Шартты тітіркендіргіштің әсерінен ми кыртысының бір жерінде козу ошағы пайда болады. Шартсыз тітіркендіргіштің әсерінен де ми қыртысының екінші жерінде қозу ошағы пайда болады. Ми қыртысындағы осы екі козу ошақтарының арасында уақытша байланыс түзіледі. Адам өмірінде көптеген шартты рефлекстер түзіледі. Мұның бәрі де біздің өмір сүруіміздің басты мәні болып саналады. Тіршіліктің бұл өмірлік мәні жеке адам үшін басты рөл атқарады, бірак бұл тұқым қуаламайды.

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиет

 

    ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6

    ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

    ↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7

 

 

 

 

 

 

 

 



Информация о работе Девианттық мінез-құлық