Хазирет Осман

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 15:55, реферат

Описание

Бір күні хазірет Осман Қағбаның жанынан өтіп бара жатып, мұсылмандықты қабылдаған хазірет Әбу Бәкірмен ұшырасып қалады. Әрі-беріден соң хазірет Әбу Бәкір Пайғамбарымызға Османды ертіп баруды жөн көрді. Хазірет Осман ел ішінде «Сенімді Мұхаммед» атанған ақырғы елшіні тәуір білетін. Өйткені, Османның нағашы әжесі Пайғамбарымыздың әкесінің бауыры болатын.

Работа состоит из  1 файл

Хазірет Осман.docx

— 25.09 Кб (Скачать документ)

– Жүгімен, жүз түйе менен  болсын, – дейді. Пайғамбарымыз риза болып тағы да кімнің көмекке келетінін  сұрады. Хазірет Осман тағы да:

– Жүгімен, жүз түйе тағы қостым, – дейді. Пайғамбарымыз тағы да күлімдеді. Бірақ әлі де жетіңкіремей тұрған. Енді кім, не қосады дегендей емеурін  білдірді. Осы кезде хазірет Осман  тағы да:

– Жүгімен, жүз түйені және қостым, – дейді. Осы кезде пайғамбарымыз:

– Бұдан кейін  істеген істерінен Осман есепке тартылмайды, – деді де, былай деп  дұға етті: «Аллаһым, жасаған және болашақта  жасайтын, жасырын және жария балық  нәрселерінен Османды кешір». Хазірет  Осман атаған дүниелерін әкеліп пайғамбарымызға  тапсырғанда, Аллаһтың елшісі көз жасынан  ерік беріп тағы да дұға етті: «Аллаһым, мен Османнан разымын, Сен де разы бол».

Ұхұд тауының сілкінісі 

Пайғамбарымыз бір күні Ұхұд тауының жотасына шықты. Жанында  Әбу Бәкір, Омар, Осман хазіреттер бар еді. Баурайына шыға бергенде тау сілкіне бастады. Осы кезде  пайғамбарымыз:

– Тоқтай ғой, Ұхұд. Қазір  сенің үстіңде бір пайғамбар, бір сыддық, екі шейіт бар, –  деді. Осы кезде сілкініс те тоқтап қалды. Жұрт Әбу Бәкірді Сыддық деп  танитын. Демек, екі шейіт деген  өзіміз екен ғой деп түйді Омар мен Осман.

Осы күнге дейін пайғамбар  айтқан әр сөз дәл келіп отырды. Демек, бұл сөз де күндердің күнінде  сөзсіз орындалатын еді.

 

Елші 

Мекке әлі де мүшріктердің қолында. Мұсылмандар мың бес  жүз адаммен Қағбаны тәуап  ету үшін Мәдинадан шыққан болатын. Қылыштан басқа қару асынбай арнайы Қағбаға келе жатқандықтарын білдірген. Меккеге бір күндік жол қалғанда қажылық киімдерін киіп сол жерге  қонды. Мұны естіген мүшріктер өлсек  те мұсылмандарды Меккеге кіргізбейміз деп тас-түйін дайындалып отырды. Пайғамбарымыз бұларға хазірет  Османды елші етіп жіберді. Өйткені  хазірет Османның Меккеде тірегі көп болатын. Осман аттанып кетісімен  мұсылмандар енді не болады екен деп  әліптің артын күтіп қала берді. «Жоқ дегенде, Османның өзіне тәуап  етуге рұқсат беретін шығар» деді бір сахаба. Сонда пайғамбарымыз: «Осман менсіз Қағбаны тәуап етпейді», – дейді.

Осман қалаға жетісімен тек  қана Қағбаны тәуап етіп кері қайтуға  рұқсат сұрады. Мүшріктер «өзің тәуап  ет те, қайта бер» деп отырып алды. Бұған Осман «пайғамбарсыз мен  де тәуап етпеймін» деді.

Меккеде осылай болып жатқанда мұсылмандарға қайдан шыққаны белгісіз, «Османды өлтіріпті» деген сыбыс  тарайды. Мұны естіген пайғамбарымыз  барлық мұсылмандардан ант қабылдайды. Сосын өзінің бір қолын екінші бір қолының үстіне қойып: «Мынау менің қолым, мынау Османның қолы. Өйткені, Осман Аллаһ пен пайғамбарының  не істеп жатқанын көріп тұр» дейді. Сахабалар пайғамбарымыздың Османға  деген кезекті бір құрметінің куәгерлері болды.

Артынша барлық қол жиналып  қалаға аттанды. Мұсылмандардың келе жатқанын көрген мүшріктер Османды қоя  берді де, келісімге келетіндерін айтты.

 

 

 

Ең ұтымды сауда

Мәдинада аштық етек ала бастаған. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілгелі тұрған шағында алыстан ұзын-сонар керуеннің қарасы көрінді. Бұл Османның керуені болатын. Қаланың сумаң қаққан қу саудагерлері керуенді ішке кіргізбей қала сыртынан саудаласпақ болып алдынан күтіп алды. Ойлары бидайды арзанға сатып алып, аш күзендей бүгілген халыққа қып-қызыл ақшаға сату. Бірақ хазірет Осман бұлармен саудаласып, бас қатырып жатпады. Сатпаймын деп кесіп айтты. Қулыққа әбден төселіп алған алыпсатарлар қанша ақша ұсынса да сендерден де көп беретін біреуге беремін деп қайтарып тастады. Бұрын-соңды мұндайды көрмеген саудагерлер шауып отырып халифа Әбу Бәкірге барды. Әңгіме төркінін алыстан орағытып әкеліп, «Халық аш отырғанда Осман бидайын сатпай отыр» деді. «Осман пайғамбарымыздың күйеу баласы, жұмақтағы көршісі, сендер оны дұрыс түсінбеген боларсыңдар» деді халифа. Бірақ мән-жайға қанықпақ болып Османға өзі барды. Рас, Осман «мен саудагерлерге сатпаймын одан да қымбат төлейтін адамға беремін» деп отыр екен. Сөйтсе, Османның айтып отырған біреуі бәріміздің Жаратушы Жаппар Иеміз Аллаһ тағала екен. Яғни, алып келген бар бидайын елге үлестіріп бермек ниеті бар көрінеді. Айтқанындай келісімен бар бидайды теңдей қылып елге үлестіріп, келген түйелерге дейін сойдырып, етін садақа етіп таратып жібереді. Мұны көрген халифа Әбу Бәкір дән риза болып көп-көп алғыс айтып, көрген мына бір түсін айтты:

– Түсімде пайғамбарымызды  көрдім. Әдемі киімдер киіп алған екен. Жүзінде қуаныш бар. Қолында бір шоқ гүл. Мен одан «Уа, Аллаһтың елшісі, қайдан келе жатырсыз?» деп сұрадым. «Османға барып келе жатырмын. Өте керемет садақа берді. Аллаһ ол садақасын қабыл етті», – деді ол.

Хазірет Осман бұған кәдімгідей қуанды. Өзінің Атымтайдай жомарттығымен пайғамбарымызды тағы бір рет қуантқан екен. Онсыз да пайғамбарымыз көзі тірісінде «Осман үмбетімнің ең қайырлысы және жомарты» деген болатын 

.


Информация о работе Хазирет Осман