Этнопедагогиканың алатын орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 17:31, лекция

Описание

Ұшы-қиырсыз жазира дала тұрғындары өздерiнiң сан ғасырлар бойғы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудiң бай тәжiрибесiн жинақтап, ұлттың өзiндiк салт-сана мен әдет-ғұрып, дәстүр рәсiмдерiн туғызды. Көшпелi халық өзi өмiр сұрген қоғамның әлеуметтiк-экономикалық жағдайына, мәдениетiне, тарихына орайлас жас буынға тәлiм-тәрбие берудiң айрықша талап-тiлектерiн дұниеге әкелдi. Мәселен, жас адамның жұртқа танымал моральдық-психологиялық өлшемi белгiлендi, оның мәнi “сегiз қырлы, бiр сырлы” шынайы, отаншыл, азамат тәрбиелеу едi. Мiне, осы қағида сан ғасырлық дала тұрғынадарына қойылатын моральдық талаптарды айқындады. Ол талаптар көшпелi мал шаруашылығын жете игеру, еңбек сүйгiштiк, қиыншылыққа төзе бiлу, ел намысын қорғау, жаудан бетi қайтпау, ата тегiн жадында сақтау, сөз асылын қадiрлеу, тапқырлық пен алғырлық, ат құлағында ойнау, ата салтын бұзбау (жасы үлкендi, ата-ананы сыйлау, құдайы қонақтың меселiн қайтармау, көршi хақын жемеу, қайырымды, iзгi жүректi, бауырмал болу т. б.). Осындай қоғамдық қатынастарды кiшкентайынан көрiп-бiлiп өскен адамдарда мүдделестiк, өмiрге көзқарастың сәйкестiгi кiсiлiк қарым-қатынаста айқындалып, жеке бастың бұра тартуына мүмкiндiк қалдырмаған, психологиялық жағынан “бiрауызды қауымдасқан жандар” үнемi өзiнiң рулық одағына етене сiңiскен салттар мен дәстүрлердi ұстанды. Ал бұл принцип ұлттық психология мен ұлт мәдениетiнiң сипатын айқындайтын факторлар болды.
Әр ұлттың өзiне тән тiршiлiк кәсiбi, тарихы мен мәдениетi бар. Ол мәдениет сөйлеу тiлiнен, ойлау жүйесiнен айқын көрiнiс табады. Сондай-ақ, ұлттық мәдени ерекшелiк сол халықтың өмiр сүру